Натуральные консервы из овощей

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 21:27, доклад

Описание работы

Пестицидтердің микотоксинднрдің,радионуклеидтердің және ауыр металдардың жіберілетін мөлшері;лизофильді аэробты және факультативті анаэробты микроорганизмнің сандық көлемі бойынша микробиологиялық көрсеткіштері ішек таяқшасының тобы үшін(БГКП ком-формалар)S.Aureus,патогенді микроорганизмдер,сонын ішінде сальмокеллалар,ашытқылар және зеңді саңырауқұлақтар;органалептикалық және физико - химиялық көрсеткіштері ҚР СТ - 985-95 сәйкес өнімдер лабораторияларда анықталады."Сынау протаколы"тәрізді сынау қорытындылары жазылады.

Работа содержит 1 файл

лекция безопасность пп.docx

— 114.75 Кб (Скачать)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын  негізгі уғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар  пайдаланылады:

  1. тамак өнімдерінің кауіпсіздігі - белгіленген жарамдылық мерзімі ішінде тамақ өнімдерін пайдалану мен (немесе) сақтаудың адамдар өмірі, денсаулығы үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тамақ өнімдерінің ерекшелігі;
  2. биологиялык жұғымды коспалар - жеке қолдануға немесе тамақ өнімдерінің құрамына енгізуге арналған табиғи (табиғи заттармен бірдей) биологиялық жұғымды заттар;
  1. генетикалык түрлендірілген көздер - гендік инженерия әдістерін қолдана отырып, өсімдіктен және (немесе) малдан алынған шикізат пен өнімдер;
  1. дайындау күні - тамақ өнімін дайындаудың технологиялық процесі аяқталған күн;
  2. орама жасау күні - тамақ өнімін тұтыну ыдысына салу күні;
  1. тамак өнімдерін, тамак енімдерімен байланыста болатын материалдар мен бұйымдарды бірдейлендіру - белгілі бір тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың нормативтік, техникалық құжаттардың талаптарына сәйкестігін белгілейтін рәсім;
  1. тамак өнімдерінің сапасы - тамақ өнімдерінің нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестік деңгейін көрсететін, олардың тұтынылу ерекшеліктерінің жиынтығы;
  1. таңбалау - тамақ өнімін дайындаушы тұтыну ьідысына (орамаға), этикеткаға, жапсырмаға, қосымша параққа, стикерге түсіретін ақпарат;
  1. тамак өнімдерімен байланыста болатын материалдар мен бұйымдар (бұдан әрі -материалдар мен бұйымдар) - тамақ өнімдерін дайындау, өндіру, орау, сақтау, тасымалдау, өткізу және пайдалану үшін қолданылатын материалдар мен бұйымдар, соның ішінде көлік, технологиялық жабдықтар, аспаптар мен қондырғылар, ыдыс, ыдыс-аяқ, асханалық керек-жарақтар;

 

  1. сапасыз және ңауіпті тамаң өнімдері - тұтынылуы (пайдаланылуы) адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп келтіруі мүмкін немесе қауіп келтіретін тамақ өнімдері;
  1. нормативтік кұжаттар - тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігінің талаптарын белгілейтін халықаралық, мемлекетаралық, мемлекеттік стандарттар, техникалық жағдайлар, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар және гигиеналық нормативтер, ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) ережелер мен фитосанитарлық нормативтер;
  1. тамак онімдерініҢг материалдар мен бұйымдардың айналымы - тамақ өнімдерін, материалдар мен бұйымдарды дайындау, әзірлеу, өндіру, сатып алу, импорт пен экспорт сақтау, тасымалдау мен өткізу, сауда және тамақтандыру саласында қызметтер көрсету, сондай-ақ сапасыз және қауіпті тамақ өнімдерін, материалдар мен бұйымдарды кәдеге жарату немесе жою;
  2. байытылған (фортификацияланған) тамак өнімдері - тамақтың құндылығын арттыру үшін бір немесе одан да көп қажетті ингредиенттер (витаминдер, минералдар, белоктар, амин немесе май қышқылдары) және тамақ өнімдерінде бастапқыда болмаған немесе өндіру мен сақтау процесінде жоғалтылған, сондай-ақ аурулардың алдын алу мақсатында енгізілген басқа да заттар қосылған кез келген тамақ өнімдері;
  3. тамак коспалары - тамақ өнімдеріне оларды дайындау және өндіру процесінде белгілі бір қасиеттер сіңіру және (немесе) олардың сапасын сақтау мақсатында арнайы енгізілетін табиғи және жасанды заттар мен олардың қосындылары;
  4. тамак өнімдері - адам тамақ ретінде пайдаланатын табиғи немесе өңделген түрдегі өнімдер, соның ішінде балаларға арналған, диеталық тағам өнімдері, шөлмекке құйылған ауыз су, алкоголь өнімі, сағыз, алкогольсіз сусындар, тағамдық және биологиялық жұғымды қоспалар;
  1. енімнің тағамдык кұндылығы - адамның қажетті заттар мен энергияға деген физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыратын тамақ өнімі қасиеттерінің жиынтығы;
  1. балалар тағамы өнімдері - он төрт жасқа дейінгі балалардың тамақтануына арналған және бала организмінің физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес келетін тамақ өнімдері;
  1. жарамдылык мерзімі - тамақ өнімі мақсаты бойынша пайдалану үшін жарамды дел есептелетін уақыт кезең;
  1. сактау мерзімі - белгіленген сақтау талаптары орындалған жағдайда тамақенімнң

нормативтік құжаттарда көрсетілген барлық қасиеттері сақталатын уақыт кезеңі;

  1. тамаң өнімдеріне, материалдар мен бүйымдарға техникалык күжаттама - өнімнің тіршілік циклінің әрбір сатысында тікелей пайдглану үшін қажетті және жеткілікті құжаттар жиынтығы (бұдан әрі - техникалық құжаттама);
  2. тамак енімдерін, материалдар мен буйымдарды кәдеге жарату - сапасыз және қауіпті тамақ өнімдерін, материалдар мен бұйымдарды олардың әуелде жаратылған және әдеттегі қолданылатын мақсатынан өзгеше мақсаттарға пайдалану;
  3. жалған тамаң өнімдері, материалдар мен бүйымдар - көрінеу және қасақана өзгертілген (қолдан жасалған) және (немесе) олар туралы ақпарат керінеу сенімсіз немесе толық емес болып табылатын жасырын қасиеттері мен сапасы бар тамақ өнімдері, материалдар мен бұйымдар;
  1. тамак өнімдерін сараптау - тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін анықтау, тұтынылу қасиеттерін, тамақтық және энергетикалық құндылығын сипаттайтын ерекшеліктерін бағалау;
  1. тамак өнімінің энергетикалык күндылығы - физиологиялық функцияларды қамтамасыз ететін тамақ өнімдерінен адам организмінде бөлінетін қуаттың мөлшері.

2-бап. Қазаңстан  Республикасының тамак өнімдерінің  сапасы мен ңауіпсіздігін камтамасыз ету саласындағы заңдары

  1. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
  2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзге ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

3-бап. Тамаң  өнімдерінің, материалдар мен  бүйымдардың айналымы

  1. Нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетін және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өткен өнімдер, материалдар мен бұйымдар айналымда бола алады.
  2. Мынадай:

 

  1. нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін;
  2. оларды сараптау кезінде табылған сапасыздықтың айқын белгілері бар;
  3. олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын, шығу тегін растайтын құжаттары жоқ;
  4. берілген ақпаратқа сәйкес келмейтін;
  5. белгіленген жарамдылық мерзімдері жоқ (жарамдылық мерзімдерін белгілеу міндетті болып табылатын тамақ өнімдері, материалдар мен бұйымдар үшін) немесе жарамдылық мерзімдері өтіп кеткен;
  6. нормативтік құжаттарда көзделген мәліметтерді қамтитын таңбалауы жоқ;
  7. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өтпеген тамақ өнімдері, материалдар мен бұйымдар айналымда бола алмайды.

4-бап. Тамаң  өнімдерінің, материалдар мен  бүйымдардың сапасы мен кауіпсіздігін ңамтамасыз ету

Тамақ өнімдерінің, материалдар мен  бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігі:

  1. тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік реттеу шараларын қолдану;
  2. тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың айналымы жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың тамақ өнімдеріне, материалдар мен бұйымдарға және олардың айналымының шарттарына нормативтік құжаттардың талаптарын орындау бойынша ұйымдық, агрохимиялық, ветеринариялық, технологиялық, инженерлік-техникалық санитарлық-эпидемияға қарсы (алдын алу) және фитосанитарлық іс-шараларды өткізуі;
  3. тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігіне, нормативтік құжаттарға сәйкес олардың айналымының шарттарын сақтауға өндірістік бақылау жүргізу;
  1. міндетті сертификаттауға жататын тамақ өнімдерін, материалдар мен бұйымдарды сертификаттау;
  1. санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу;
  2. сапаны басқарудың прогрессивті жүйелерін енгізу арқылы қамтамасыз етіледі.

5-бап. Тамаң  өнімдерінің ,материалдар мен  бұйымдардың сапасы мен ңауіпсіздігі туралы аңпарат

1. Тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың айналымы жөніндегі қызметті жүзеге 
асыратын жеке және заңды тұлғалар тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен 
қауіпсіздігі туралы: сатып алушыларға және (немесе) тұтынушыларға; бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға толық және дұрыс ақпарат беруге міндетті.

2. Стандарттау, метрология және сертификаттау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, ветеринария және фитосанитария саласындағы уәкілетті органдар өз құзыреті 
шегінде жеке және заңды тұлғаларды:

тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың  сапасы мен қауіпсіздігі;

тамақ өнімдерінің, материалдар  мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігіне талаптар белгілейтін нормативтік құжаттар;

тамақ өнімдерін, материалдар мен бұйымдарды мемлекеттік тіркеу;

тамақ өнімдерінің, материалдар  мен бұйымдардың нормативтік  құжаттардың талаптарына сәйкестігін растау туралы;

сапасыз және қауіпті тамақ  өнімдерін, материалдар мен бұйымдарды сатудың алдын алу жөніндегі шаралар туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

2-тарау. Тамаң өнімдерінің,  материалдар мен бұйымдардың сапасы мен ңауіпсіздігін ңамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік

реттеу

6-бап. Тамаң  енімдерінің, материалдар мен  бұйымдардың сапасы мен ңауіпсіздігін ңамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік нормалау

  1. Тамақ өнімдерінің (соның ішінде тағамдық және биологиялық жұғымды қоспалардың), материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігіне, орауға, таңбалауға, өндірістік бақылауға, олардың өнімге техникалық құжаттамаларының сәйкестігін бағалауына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілерімен, нормативтік құжаттармен белгіленеді.
  1. Тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың айналымы бойынша қауіпсіздікке қойылатын талаптар тиісті санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен, нормалармен және гигиеналық нормативтермен белгіленеді.
  1. Ет, балық, құс, жұмыртқа және малдан алынатын басқа да шикізатты дайындау, сақтау, тасымалдау, өңдеу және өткізу кезіндегі сапа мен қауіпсіздікке қойылатын талаптар ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) ережелермен, санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен, нормалармен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді, ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) ережелерді және фитосанитарлық нормативтерді тиісінше стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, ветеринариялық және фитосанитарлық қадағалау саласындағы уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бекітеді.
  1. Тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарымен, санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен және нормалармен, гигиеналық нормативтермен, ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) ережелермен және фитосанитарлық нормативтермен белгіленген сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптар тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың айналымы жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады.

 

7-бап. Тамаң өнімдерін,  материалдар мен бүйымдарды мемлекеттік  тіркеу

  1. Өндіріске алғаш енгізілетін және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тағамдық және биологиялық жұғымды қоспалар, генетикалық түрлендірілген көздер, балалар тағамы өнімдері, сумен және тағам өнімдерімен байланыста болатын бояғыштар, материалдар мен бұйымдар мемлекеттік тіркеуге жатады.
  2. Өндіріске алғаш енгізілетін және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар тағамы өнімдерін, тағамдық және биологиялық жұғымды қоспаларды мемлекеттік тіркеу халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізілуге тиіс.
  3. Мемлекеттік тіркеу:

 

  1. дайындаушы (жеткізуші) беретін және тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың нормативтік құжаттардың, оларды дайындау немесе жеткізу шарттарының талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың сараптамасын, сондай-ақ өткізілген сынау нәтижелерін;
  2. Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат берілген заттар мен өнімдерді, олар туралы, оларды дайындаушылар (жеткізушілер) туралы ақпаратты Мемлекеттік тізілімге енгізуді қамтиды.

Информация о работе Натуральные консервы из овощей