Апеляциялық іс жүргізу тәртібі

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 13:56, курсовая работа

Описание работы

Жоғарғы соттың пленумінің қаулысына "Азаматтық істерді кассациялық тәртіпте қайта қарауға тәжірибесі туралы" белгіленеді: кассациялық шағымдар мен наразылықтарды қарай отырып екінші инстанциялық соттар, соттың қаулылардың заңдылығы мен негізділігін тек көре отырып үлкен жүмыс атқарады және азаматтық құқық қатынастарда заңдылықгың нығайтылуына әділеттіктің орнатылуына ықпал етеді[4].

Содержание

КІРІСПЕ ..3

1 АПЕЛЛЯЦИЯЛЫК ІC ЖҮРГІЗУ ТАРИХЫ ..4
1.1 Апелляциялық институтының пайда болуы мен даму тарихы ..4
1.2 Қазіргі кездегі аппелляциялық институтының қайта жаңаруы...................6

2 АПЕЛЛЯЦИЯЛЫК ІC ЖҮРГІЗУ……………………………………...…..…10
2.1 Заңды күшіне еңбеген шешімдерге апелляциялық шағым беру
сатысының мәні мен маңызы ...10
2.2 Апелляциялық шағым беру мен наразылық құқығы ...13
2.3 Апелляциялық шағым беру құқығының субъектілері………………….....16
2.4 Сот шешіміне шағым беру мерзімі ...19

КОРЫТЫНДЫ ....20

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....21

Работа содержит 1 файл

Апеляциялық іс жургізу тәртібі.docx

— 79.31 Кб (Скачать)

Егер апелляциялық шағым беруге, наразылық білдіруте құқылы тұлға өткен мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш берсе, онда мұндай өтініш азаматтық іс жүргізу кодексінде көрсетілген негіздер бойынша қаралуға жатады (АІЖК 128 бап).

Аппеляциялық сатыдағы соттың шешімі кассациялық тәртіппен шағымдану мерзімі өткеннен кейін бар күшіне енеді[21].

Шағым беру құқығының объектісі - заңды  күшіне енбеген бірінші инстанция сотының шешімі.

Қазақстан Республикасының жоғарғы  сотының шешімінен басқа барлық соттардың шешіміне шағым беру мен наразылық көрсетуге болады. Сондай-ақ халық соттарының шешімдеріне мынадай жағым бойынша; сайлаушылар тізімінің дұрыс еместігіне және өкімшілік органдарының қаулылары мен лауазымды тұлғалардың әкімшілік шаралары тұралы қаулылары шағым беруге жатпайды. Шағым беру құқығының өзіндік объектісі болып соттың шешімі немесе шешім шығаруға негіз болған нақты мотивтер жатады.

Іс аппеляциялық жолмен тек аппеляциялық шағымдардың немесе аппеляциялық наразылықтын негізінде ғана қаралады.

Мысалы: Үлкен соманың төленгені  анықталмағандықган сот қаулылары бұзылды. Е. Рақымов Жылыой аудандық сотына талап арыз беріп, 1996 жылы "ПНГС" акционерлік қоғамының Президенті болып жұмыс жасап жүргенде, Алматы қаласындағы "Синтез" ЖШС-гі Акционерлік қоғамының бүрынғы жүргізушісі Амановтың атына "Ниссан-Патруль" автомашинасын алғанын, кейін 1997 жылғы 10 желтоқсанда "Синтез" ЖШС-нің кассасына 2660000 теңге ақшаны нақтылай төлеп, N-25 санды накладной бойынша оны өзінің жеке иелігіне сатып алғанын, соған қарамастан "ПНГС" АҚ-ы өзіне тиесілі автомашинаны бермей отырғанын айтқан. Сол автомашинаны оның меншігі деп танып, "ПНГС" АҚ-ның конкурстық өндірісінен алып беруді және машинаны заңсыз пайдаланғаны үшін 1000000 теңге мөлшерінде рухани залал өндіруді сұраған. Іс әр түрлі сот сатыларында бірнеше рет қаралған. Жылыой аудандық сотының 2000 жылғы 13 қырқұйектегі шешімімен "Ниссан-Патруль" автомашинасы Е. Рақымовтың мүлкі деп танылып, "Казкомсервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен алып беру бекітілген. "ПНГС" АҚ-ның конкурстық өндірісінен Рақымовтың пайдасына 10000 теңге мөлшерінде рухани залал, мемлекет пайдасына 363 теңге баж салығы өндірілген. Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының 2000 жылғы 1 қарашадағы үйғаруымен аталған аудандық сот шешімі өзгертіліп, оның "ПНГС" АҚ-ның конкурстық өндірісінен "Казкомсервис" ЖШС-ның пайдасына 1219056 теңге және 36572 теңге баж салығы өндірілген бөлігі бұзылып, істің осы бөлігі қараусыз, ал басқа бөлігі өзгеріссіз қаддырылған.

Акционерлік қоғамының конкурстық басқарушысы өзінің қадағалау шағымында Рақымов даулы автомашинаға ақша қаражатының төлегені туралы түбіртекті (квитанция) үсынған уақытта бұл автокөлік "Синтез" ЖШС-і меншігінде емес, "ПНГС" АҚ-ның меншігінде болғанын, Рақымов даулы автокөлікке ақша төлемегенін, сондықтан оның талап арызын қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған.

"Казкомсервис" ЖШС-нің өкілі  Р.Тәжімова өзінің қадағалау шағымында даулы автомашинаны "ПНГС" АҚ-нан заңды түрде сатып алғандарын көрсетіп, осы мәмілені орынды деп санаған. Олардың бұл дәлелдемелерін куаттайтын куәгерлер ретінде Аманов пен "Синтез" ЖШС-нің директоры Ақатаевтың сотқа қатысуларын қамтамасыз етпеген. Осы негізде сот қаулыларын бұзып, істі қайта қарауға жіберуді сүраған[22].

Жоғарғы Соттың азаматтық істер  жөніндегі алқасы төмендеіі негіздер бойынша сот қаулылары бұзылып, іс қайта қаралуға жолдануға жатады деген тұжырымға келді.

Республиканың 1998 жылғы істерді  жүргізу заңдары арқылы сот қаулыларына шағым берудің апелляциялық тәртібіне рұқсат етіледі, әйтсе де, апелляцияның өзі де өздігінен қысқартылған сияқты болып көрінеді. Мысалы, апелляциялық тәртіпте, бес мыңға дейінгі талап — арыздар бағасындағы айлық көрсеткіштер бойыншашаруашылықтағылар жөніндегі талаптар қаралады (мұндай істер бірен - саран ғана) [23].

Бірінші сатыдағы соттың "Ниссан-Патруль" автокөлігі Рақымовтың жеке иелігіндегі мүлкі деген қорытындыға келген себебі, ол "Синтез" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кассасына осы автокөліктің 2660000 теңге түратын құнын төлегендігіне сүйенген. Сот бұл қорытындысын іс қүжаттарына тіркелген 1997 жылғы 10 желтоқсандағы түбіртек (квитанция) мен N-25 накладнойды басшылыққа алып бекіткен.

Іс құжаттарына қарағанда "Синтез" ЖШС-гі өздерінің 1996, 1997 жылдардағы "ПНГС" АҚ-ның алдындағы берешектерін өтеу үшін, оларға даулы "Ниссан-Патруль" автокөлігін бергендері байқалады. Бірақ, шындығында бұл автокөлік С.Амановтың атына жазылып, "ПНГС" АҚ-ның балансына алынбаған.

Осы себепті "ПНГС" АҚ-ның конкурстық басқарышысы сотқа талап арыз түсіріп, "Ниссан-Патруль" автокөлігін СІАмановтан алып беруді сүраған. Сот мәжілісінде бұл даулы автокөлікті баж салығын аз төлеу үшін оның атына аударғанын айтып, автокөлікті "ПНГС" АҚ-на қайтарып беруге келіскен.

Осыған байланысты олардың арасында Жылыой аудандық сотының 1999 жылғы 16 тамыздағы үйғаруы мен бейбіт келісім бекітілген (істегі 13, 14 бет). Іс қүжштарына тіркелген "Синтез" ЖШС-нің хатында, Рақымовтың даулы автокөлігіне 2660000 теңге төлегендігі және оның сотқа тапсырған түбіртек (квитанция) пен N 25 накладной қүжштары шындыққа жатпайтындығын көрсеткен, оны Рақымовқа мұндай қүжаттарды бермегендігі мен түсіндірген (істегі 9 бет).

Сот бұл жағдайларға назар аудармаған.

Облыстық соттың азаматтық істер  жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы соттың "ПНГС" акционерлік қоғамының конкурстық өндірісінен "Казкомсервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдасына 1219056 теңге өндірілген бөлігін заңсыз деп тауып, талап арыздың бұл бөлігі қараусыз қалдырып, бұл тұжырымын "Казкомсервис" мекемесі сотқа ондай талап арыз бермеген деп негіздеген.

АІЖК-нің 332 бабы бойынша наразылық  келтіру құқығы істі қарауға қатысушы прокурорға тиесілі Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлармен олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары,өздерінің кұзіреті шегінде істі қарауға қатысуына қарамастан сот шешіміне наразылық келтіруге құқылы[24].

Бірақ, бұл сот тұжырымын да дұрыс  деп санауға болмайды.

Іс құжаттарына қарағанда, 1999 жылғы 19 қазанда "ПНГС" акционерлік қоғамының  конкурстық балама басқарушысы мен "Казкомсервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында N 20 келісім-шарты жасалған. Осы келісім-шарттың негізінде "Казкомсервис" ЖШС-гі "ПНГС" АҚ-ның бүрынғы жұмысшыларының 12189056 теңге алашақ еңбек ақыларын төлеуге міндеттеніп, ол уәдесін орындаған. Ол үшін "ПНГС" акционерлік қоғамының конкурстық балама басқарушысы, жұмысшылардың берешек еңбек ақыларын өтеу мақсатында кредиторлық комитет мүшелерінің келісімімен "Ниссан-Патруль" автомашинасын "Казкомсервис" ЖШС-не жоғарыда көрсетілген бағаға сатқан (істегі 37, 39 бет).

Бұл жағдайда 2660000 теңге тұратын "Ниссан-Патрулъ" автокөлігі жұмысшылардың 1219056 теңге жалақы бойынша берешектерін өтеуге жұмсалса, онда оның айырмасы 1440944 теңге қайда жұмсалғаны анықталмай қалған.

Бұл тұрғыда сот қаулыларын заңды  жәнеорынды деп тануға негіз жоқ. Сондықган олар бұзылып, іс қайта қарауға жолдануға жатады.

Істі қайта қараған кезде, жоғарыда көрсетілген кемшіліктер мен  қайшылықгарды жойып, тараптардың дәлелдемелерін толық және жан-жақты тексеріп, ол үшін С.Аманов пен ЖШС-тің директоры Б.Ақатаевті сотқа қатыстырып, іс бойынша өндірілген дәлелдерге сай заңды шешім қабылдау қажет. Жоғарыда көрсетілген жағдайларды ескере отырып, АІЖК-нің 398, 399 баптарын басшылыққа алған Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы Жылыой аудандық сотының 2000 жылғы 13 қыркүектегі шешімін және Атырау облыстық сот алқасының 2000 жылғы 1 қарашадағы ұйғаруын бұзып, істі сотта басқа судьяның қайта қарауына жолдады [21].

 

2.3 Аппеляциялық шағым беру құқығының субъектілері

 

Қазақстан Республикасының азаматтық  іс жүргізу көдексініп 3-бөлім, 40-тарау, 332-бабында көрсетілгендей, сот шешіміне аппелляциялық немесе аппеляциялық шағым жасау кұқығы іске қатысушы тараптар мен басқа да тұлғаларға тиесілі.

Апелляциялық шағымдану құқығы сотталушыға, жеке айыпталушыға, прокурорға, азаматтық талапкерге және азаматтық жауапкерге беріледі. Егер бірінші сатыдағы сот шешімдеріне шағымдану заңдық әрі фактілік негіздер, яғни құқықтарды қолдану және дәлелдерді бағалау мәселелері бойынша жасалған болса, онда аппеляциялық шағымдану тек қана заңдық негіздер бойынша рұқсат етіледі. Наразылық келтіру құқығы істі қарауға қатысушы прокурорға тиесілі. Қ.Р. Бас прокуроры мен оның орынбасарлары және оларға тенестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары өздерінің құдіреті шегінде істі қарауға қатысуына қарамастан сот шешіміне наразылық келтіруге құқылы (ҚР АІЖК 332бап, 3т.) .

Мысалы: Іс жүргізу нормаларын дұрыс  қолданбау салдары сот қаулыларын бұзуға негіз болды. "Қызылорда жолдары" АҚ-мы сотқа талап арыз түсіріп, онда 1999 жылғы 21 мамырдағы Қызылорда қалалық сотының шешімімен Құздеубаеваның құйеуі өндірістік апатқа ұшырауына байланысты жауапкер "Қызыл-орда жолдары" Акционерлік қоғамынан бір жылдық орташа айлығының он есе мөлшерінде, бір мәрте берілетін жәрдемақы өндіру жөніндегі азаматтық ісі қаралып, оның пайдасына 1012080 теңге өндірілген. Соттың осы шешімі толық орындалған. "Қызылорда жолдары" АҚ-ның белгілеушісі болып жұмыс істеген А. Құздебаев "Гидроузел" обектісін көркемдеу жұмысын атқарып жүрген кезде, N 3099 автоколонна көсіпорннының автоколік жүргізушісі О. Жүсіпов "Камаз - 551" маркалы автомашинасымен байқаусызда Құздеубаевты басып кетіп, ол жарақат Құздеубаевты басып кетіп, ол жарақат алу садцарынан қайтыс болған. Осы негізде "Қызылорда жолдары" АҚ-мы регрестік талап ретінде автоколонна кәсіпорнынан 1012080 теңге және заңды кеңес берген "Рух" компаниясына төлеңген 7500 теңге шығындарын өндіруді сұраған.

Қызылорда облыстық сотының азаматтық  істер жөніндегі сот алқасының 2000 жылғы 18 қазандағы үйғаруымен аталған қалалық соттың шешімі бұзылып, талап арыз қараусыз қалдырылған.

"Қызылорда жолдары" АҚ-ның  Президенті Б. Шоманов өзінің  наразылық арызында облыстық соттың шығарған үйғарымын бұзып, қалалық сот шешімін құшінде қалдыруды сүраған. Іс бойынша облыстық соттың алқасы материалдық заң нормаларын дұрыс қодцанбаған деп негіздеген.

Жоғарғы Соттың азаматтық істер  жөніндегі алқысы, осы іс бойынша қабылданған сот қаулылары төмендегі негіздер бойынша бұзылып, іс соттың қайта қарауына жолдануға жатады деген тұжырымға келді. Бірінші сатыдағы сот істі қараған кезде, N 3099 автоколонна кәсіпорны қатерлі жағдай туғызуына байланысты жауапты деп есептеп одан "Қызылорда жолдары". АҚ-ның пайдасына 1012080 теңге өндіру бекітілген.

Ал екінші сатыдағы сот іс бойынша  процессуалдық заңды өрескел бұзу орын алды деп тауып, бұл сот шешімін бұзып, оны былай негіздеген: "Рух" компаниясының президенті Н.Назаровтың өкілеттілігі жоқ болса да, N 3099 автоколонна мекемесіне жіберген наразылыққа талапкердің орнына қол қойған және осы наразылықты жауапкерге жібергендігін көрсететін байланыс тұбіргендігін көрсететін байланыс түбіртегінің (квитанция) іске түпнүсқасын тігудің орнына, оның көшірмесін тіркеген. N 3099 автоколонна мен "Қыран" ЖШС арасында қандай қатынас бар екені зерттелмеген деп көрсеткен.

Бірақ, облыстық соттың бұл дәлілдемелерін төмендегі негіздер бойынша орынды деп санауға жатпайды.

Адамдардың  біріне қатысты шағым беру, наразылық  білдіру басқа адамдарға қатысты үкімді (қаулыны) бұзу құқығын бермейді[24].

ҚР АҚ-ның 931-бабының 1-бөлігі (Қазақ  ССР АҚ 450 бабы) бойынша зиянды өтеу міндеті меншік құқығымен, шаруашылық жүргізу құқығымен немесе жедел басқару құқығымен немесе кез келген басқа заңды негізбен (мүліктік жалдау шарты, көлік қүралын басқару құқығына берілген сенімхат, көліктерді беру туралы қүзыретті органның өкімі арқылы және т.б.) жоғары қауіптілік көзін иеленуші заңды тұлғаға немесе азаматқа жүктелді [25].

Іс бойынша аңықталғанындай, 1996 жылы 17 мамырда "Қызылорда жолжары" АҚ-ы жол түзеу жүмыстарын жүргізген N 3099 автоколонна кәсіпорынның автоколік жүргізушісі Жүсіпов "Камаз - 5511" автоколігімен жол бойындағы жүмыс кезінде машинадағы топырақты төгіп жатып, көлікті артқа бергенде, жұмысшы Т. Құздебаев оң дөңгеліктің астында қалып ауыр жарақаттан қайтыс болған.

Осы істі қарау кезінде "Қызылорда  жолдары" АҚ-мы мен N 3099 автоколоннаның өзара қандай байланыста болған сот мәжілісінде зерттелмеген. Атап, айтқанда, автоколік қызметінің қауіпсіздік жағдайда жүмыс істеуіне кім міндетті екендігі аңықталмаған. Автоколік талапкердің мүлікті жалдау шарты, сенімхат арқылы, көлік беру туралы құзыретті органның өкім арқылы қолданысында болғандығы әлде тараптардың арасында мердегерлік немесе тасымалдау шартты негізінде қатынасқандығы анықталмаған. Ал бұл факт - жауапкершілік көтеретін субьектінің кім екенін анықтау үшін өте маңызды.

Тараптар және іске қатысушы басқа  да тұлгалар, сондай-ақ іске қатысуға тартылмаған, бірақ олардың құқықгары мен міндеттеріне қатысты сот шешім қабыддаған тұлғалар.

Екінші инстанция соты істі үш тұрақты судья құрамында қарайды және бірінші инстанция сотының заңды қүшіне еңбеген үкімнің, шешімінің не ұйғарымының заңдылығы мен негізділігін тексереді. Екінші инстанция соты заңда көрсетілген негіздерге сүйене отырып, шешімінің немесе үкімнің құшін жойған кезде істі қысқартуы, қылмыстық істі қосымша тергеуге жіберуі, сондай-ақ үкімнің немесе шешімнін құші толық жоймай-ақ, оларды белгілі бір шекте өзгертуі мүмкін.

"Рух" заң компаниясы "Қызылорда  жолдары" АҚ-мен құқықгық көмек көрсету жөнінде 1997 жылы қарашаны 10-нан бастап екі жақты келісім-шарттқа отырған. Осылған байланысты "Рух" заң компаниясы "Қызылорда" жолдарын кәсіпорнының барлық құқықгық жүмысын жүргізуді өз міндетіне алған ол жайында сот шешімінде көрсетілген және ол жөніндегі келісім шарт іс құжаттарына тіркелген (істегі 69-72, 87-88 бет). Мұндай жағдайда, Аппеляциялық сатының "Рух" компаниясының өкілеттілігі айқындалмағаны дегенін орынды деп санауға келмейді.

Информация о работе Апеляциялық іс жүргізу тәртібі