Апеляциялық іс жүргізу тәртібі

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 13:56, курсовая работа

Описание работы

Жоғарғы соттың пленумінің қаулысына "Азаматтық істерді кассациялық тәртіпте қайта қарауға тәжірибесі туралы" белгіленеді: кассациялық шағымдар мен наразылықтарды қарай отырып екінші инстанциялық соттар, соттың қаулылардың заңдылығы мен негізділігін тек көре отырып үлкен жүмыс атқарады және азаматтық құқық қатынастарда заңдылықгың нығайтылуына әділеттіктің орнатылуына ықпал етеді[4].

Содержание

КІРІСПЕ ..3

1 АПЕЛЛЯЦИЯЛЫК ІC ЖҮРГІЗУ ТАРИХЫ ..4
1.1 Апелляциялық институтының пайда болуы мен даму тарихы ..4
1.2 Қазіргі кездегі аппелляциялық институтының қайта жаңаруы...................6

2 АПЕЛЛЯЦИЯЛЫК ІC ЖҮРГІЗУ……………………………………...…..…10
2.1 Заңды күшіне еңбеген шешімдерге апелляциялық шағым беру
сатысының мәні мен маңызы ...10
2.2 Апелляциялық шағым беру мен наразылық құқығы ...13
2.3 Апелляциялық шағым беру құқығының субъектілері………………….....16
2.4 Сот шешіміне шағым беру мерзімі ...19

КОРЫТЫНДЫ ....20

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....21

Работа содержит 1 файл

Апеляциялық іс жургізу тәртібі.docx

— 79.31 Кб (Скачать)

Заңда көрсетілген талап сомасының  анықтауда мынадай жағдайларға сүйенеді: біріншіден бұл категориядағы істердің ереже бойынша жай істердің болуы, екіншіден: істің тез шешілуі, үшіншіден: қаржы қатынасы бойынша, апелляциялық сотта істің жүргізілуінің ауыр болуы, төртіншіден - шағымдану шығындардың өндіріп алу соммасына жоғары болуы, бесіншіден - кем бағалы істердің апелляциялық соттарда алынып тасталуы, үлкен талап сомасы бар істерді шешу үшін, көбірек мүмкіншіліктер туындайды.

Апелляциялық шағымдану құқығының  субьектілеріне жақтар, яғни талапкер мен жауапкер. Апелляциялық шағымданудың басқа да субьектілері ретінде үшінші жақтар дау негізі бойынша талапкер коя алады (ҚРАІЖК-нің 332 бабы) [14]. Үшінші жақтар соттың бірінші инстанциясының мәжілісіне қатыспаса да, шағымдана алады. Апелляциялық шағымның субьектісіне жақтардың жоғары да көрсетілген қатысушылар мен үшінші жақтардың құқық қолданушылары да жатады. Іске қатысу үшін құқық қолданушылардың ереже бойынша нақты құжаттары болуы қажет және ол заң жүзінде расталуы керек. Сонымен қатар сот шешіміне апелляциялық шағымдану құқығын сот өкілдері де иемденеді. Бұл кұқық арнайы сенімхат арқылы жүзеге асырылады және бұл талаптардың заңды өкілдерге қатысы жоқ. Олар арнайы сенімхатсыз-ақ процессуалдық әрекеттерді соның ішінде шағымданудың апелляциялық тәртібін қолдана алады.

Апелляциялық шағымдану толық  немесе бір бөлігіне беріледі. Егер шағымдану бір бөлігіне ғана көрсетілетін болса, шағымды міндетті түрде қай бөлігіне берілетіндігі көрсетіледі. Апелляциялық шағымданудың соңғы сатысы болып мемлекеттік баж салығының төленуі. Осыған байланысты апелляциялық шағымдану кезінде мемлекеттік баж талап-арыз сомасынан жоғары немесе тең болуы керек [15].

Апелляциялық шағымданушы жоқ  занда көрсетілген ретте сотқа  депозит (кепіл) енгізу керек. Егер апелляциялық сот шағымды қанағаттандырса, кепіл енгізуші жақ қа қайтарылады. Егер шағым қанағаттандырылмаса, кепіл мемлекеттік қазынаға аударылады.

Жарыспалық қағидасына сәйкес дәлелдемелерді негізгі ауыртпалық жақтарда болуы қажет, өйткені мән-жайнын жақсы біледі. Сот сайыстану қағидасы бойынша дәлелдемелер жинамайды Егер апелляция толық болатын болса, онда апелляциялық сот инстанциясында соттың бірінші инстанциясында қаралған дәлелдемелерге қосымша жаңа дәлелдемелердің барлығы ұсынылады.

Соттың апелляциялық инстанциясының істерді қарау шегіне соттың бірінші инстанциясының шешімді тексеру жүргізетін аумағы жатады.

Апелляция инстанциясында іс қарау  нысанасы- Апелляциялық шаєымдар, наразылықтар бойынша апелляциялық сатыдаєы сот істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша істің нақты мән-жайы анықталуының, материалдық құқық нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуінің дұрыстығын, сондай-ақ істі қарау мен шешу кезінде азаматтық іс жүргізу заңы нормаларының сақталуын тексереді (347 бап) Соттың апелляциялық инстанциясы соттың бірінші инстанциясының шешімін тексеруде тиісті процессуалдық өкілеттілікке ие болады. Апелляциялық сот инстанциясында істі қарауды коллегиялды үш кәсіби судьялардың қатысуымен, ал кейбір жағдайларда судьяның қатысуымен қаралатындығын айтуға болады.

Апелляция - мен Аппеляциялық айырмашылығы, яғни апелляциялық сотта істің қаралу кезінде дәлелдемелер зерттеліп жаңа шешім шығарылады. Ал Аппеляциялық инстанцияда іс қарау кезінде жаңа дәледдемелер мен жағдайлар пайда болса, шешім құші жойылып іс соттың бірінші инстанциясына жаңадан қаралуы үшін жіберіледі. Сот апелляциялық тәртіп бойынша істі қарап шығып, өзінің қаулысы арқылы мынадай құқықгары бар:

- шешімді өзгеріссіз қалдыруға шағымды қанағаттандырмауға;

     - шешімнің немесе   толық бір  бөлігінің құшін жойып  соттың 
бірінші инстанциясына жаңадан қайта қарауға жіберуге;

- шешімнің     толық    немесе     бір  бөлігінің     құшін    жойып, 
өндірісті       іс       бойынша      тоқтатуға       немесе       арыздың 
қарастырмауға;

- іс бойынша жаңа шешім шығаруға құқығы,  өкілеттігі бар. 
        Сонымен апелляциялық сот инстанциясының қаулылары,   шешім және ұйғарым түрінде шығарылады екен. Шешім түрінде тек істі негізінен қарап, жаңа шешім шығарғанда; ал ұйғарым түрінде аппеляциялық инстанция істі бірінші инстанцияға қайтарған кезде, істі тоқтатқанда, бірінші инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырған жағдайда жеке шағымды қарастыру нәтижесінде, ұйғарым түрінде толтырылады.

 

2 АПЕЛЛЯЦИЯЛЫК 1C ЖҮРГІЗУ

 

 

2.1 Заңды күшіне еңбеген шешімдерге апелляциялық шағым беру

сатысының мәні мен маңызы

         

Мемлекет  басшысы тәуелсіз Қазақстанның алғашқы  күндерінен бастап құқықтық саясатты өзінің жеке бақылауына алды.

Осы бір  қиындығы көп жұмысқа нәтижесінде еліміздің негізгі заңдары (ҚР Конституциясы, Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық, Қылмыстық-атқару кодекстері және басқалары) қабылданған Құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы (1994 ж.) тұғыр болды. Өзін өзі толық ақтаған бұл тұғыр еліміздің құқықтық жүйесіндегі түбегейлі өзгерістерді бастаған, 2002 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты тұжырымдамасын өмірге әкелді. Оны іске асырудың басты міндеті құқықтық жүйені дамытудың негізгі бағыттарын айқындау ғана емес, сонымен бірге 2010 жылға дейінгі кезеңде әлеуметтік-экономикалық және саясат салаларындағы реформалармен құқықтық саясаттың үйлесімді жүргізілуін қамтамасыз ету болып табылды [16]. Тұжырымдама азаматтық процессуалдық заңнаманы одан әрі дамытуды көздейді. Осы мақсатта істердің соттылығын анықтаудың қазіргі қолданыстағы принципі ерекше субъектілік пәндік принциптеріне өзгертіліп, сот ісін жүргізу тәртібін жеңілдету саласы кеңейтілді, азаматтық істер бойынша басы артық жалаң іс жүргізу жойылатын болады. Азаматтық іс жүргізу заңнамасын жаңарту “диспозитивтік және жарыспалылық принциптеріне жаңа мазмұн қосатын” бағдарламалық талаптарға сай жүзеге асырылады, ол жеке-меншікке қол сұқпаушылықты, кәсіпкерлік қызметтің еркіндігін, азаматтық іс жүргізуге қатысушыларды мемлекеттің өз бетінше араласуынан қорғайтын диспозитивтік бастамалардың дамуын қамтамасыз етуге міндетті. Аталған принциптердің жаңа мазмұны өз кезегінде, соттың белсенді рөлі, объективті ақиқат, процессуалдық үнем сияқты принциптердің арақатынасы мен мазмұнын айқындап береді.

Заңды құшіне енбеген сот шешімдеріне  шағым беру мен қарсылық көрсету соттын қорғану және соттың заңды, негізді шешімдер шығаруының конституциялық құқықгарының жүзеге асырылуының бірден-бір нақты кепілі болып табылады. Бұл құқық, іс бойынша қандай да бір бұзушылықтың болған, я болмағанына байланысты болмайды. Сонымен бірге, кейбір жағдайларда сот ісінде қателіктер мен кемшіліктерге жол беріліп, соның нәтижесінде заң талаптары бұзылып, заңсыз және негізсіз шешімдер шығарылуына жол беріледі.

Заң, іске қатысушы тұлғаларға шағым  беру құқығын береді, ал прокурорға - заңды күшіне енбеген шешімдерге қарсылық білдіру құқығын беріп, оған сот шығарған шешімдердің заңды және негізді екендігін тексеруді екінші сатыдағы соттың қарауына береді[17, 3б.].

Шағым беру және қарсылық корсетумен азаматтық іс жүргізудің негізгі сатысы болып табылатын екінші инстанциядағы (аппеляциялық өндіріс) сотта іс қозғалады.

Апелляция институты - заңды құшіне енбеген сот шешімдерінің заңдылығы мен негізділігін тексеру бойынша екінші инстанциядағы сот қызметін қозғауды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.

Апелляциялық және кассациялық  іс жүргізу өзіменен бірге азаматтық іс жүргізудің бір сатысын ұсынады, олардың алдында азаматтық сот ісін жүргізудің мақсаттарымен қатар өздерінің айрықша мақсаттары бар.

Олардың ең басты мақсаты — заңдық құшіне енбеген сот шешімдерінің заңдылығы мен негізділігін тексеру.

Шағым беруді қарау кезінде екінші инстанциядағы сот, шағымды көрсетілген  байланысы болмай, өз бастамасымен сот шешімдерінің заңды және негізділігін тексеруге міндетті. Іс Аппеляциялық жолмен тек Аппеляциялық шағымдардың немесе Аппеляциялық наразылықтын негізінде ғана қаралады.

Мысалы, Жоғарғы сот қабылдауына  басына іс түскен адамдардың және келемін деушілердің діттеген адамдарына жолығу тәртібі арнайы жасалған кесте бойынша: Жоғарғы сотының төрағасы - дүйсенбі, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы -сейсенбі, шаруашылық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы -сәрсенбі, әскери істер жөніндегі сот алқасының төрағасы - бейсенбі, қылмыстық істер жөніндег сот алқасының төрағасы - жұма құндері қабылдайды .

Бұл лауазымды адамдар болмаған кезде қабылдауды Жоғарғы сот  төрағасының кеңесшілері мен сот алқалары төрағаларының бас кеңесшілері жүргізеді.

Ал, қабылдауға кіру тәртібі былай. Келуші сол қабылдау құні тәңертеңгі 9-бен 10-ның арасында Жоғарғы соттың өзі жолығам деген басшысының қабылдауына жазылады. Бұл жерде Жоғарғы сот төрағасына келуші егер оның шагымы Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты сот алқасының біреуінде бұрын қаралған жағдайда ғана кіре алатынын ескерген жөн.

Мекемеміздің азаматтарды қабылдауға жасалған сараптама келушілер санының бұрынғы жылдарға қарағанда едәуір өскенін және адамдардың ешбір шығындалмастан тегін заңды көмек пен кеңес алуға көп мүмкіншілік алып отырғанын көрсетіп берді. Мәселен, өткен жылы Жоғарғы сот төрағасының қабылдауында ғана 327 адам болып кетіпті. Ал, сот билігінің бас шаңырағына 800-ден астам адам ат ізін салған [17].

Тағы бір айтатын жәйт, кейбір шағымданушылар, әсіресе астанаға алыстан келушілер заң талаптарын жете білмегендіктен дұрыс арызданбайды. Сондықтан осыған назарларыңызды аудару қажет.

Іс жүргізу заңдарының талаптарына  сәйкес Жоғарғы сотқа тек қана процеске қатысушылар ғана шағымдана алады. Олар мыналар: азаматтық талапкерлер мен жауапкерлер, прокурор адвокат, тараптардың заңды өкілдері бар өкілдері. Бұдан басқа адамдардың арыз беруге құқығы жоқ.

Аппеляциялық сатыдағы сот істі мәні бойынша қарайтын болғандықтан оның үкімдері мен қаулыларына шағымдану кассациялық тәртіппен жүзеге асырылады.

2005 жылғы 18 ақпандағы халқына  жолдаған ҚР Президентінің "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты Жолдауында сот жүйесі мен азаматтардың құқығын қорғау реформасына ерекше көңіл бөліп отыр, "Сот өндірісін оңайлату, оның объективтілігін, сондай-ақ сот актілерінің тұрақтылығы мен уақытылы орындалуын қамтамасыз ету мен сот өндірісі шеңберінде және сот шешімдерін атқару кезеңінде азаматтар құқығына берілетін кепілдіктерді күшейту деп атап көрсетті"[18].

Сондай-ақ шағымда іс өндірісінде  қандай кемшіліктер жіберілгені және олардың шығарылған сот шешіміне қалай ықпал еткені анық көрсетілгені жөн, арызға шағым түсіріліп отырған сот шешімдері мен шағымдағы дәлелдердің негізділігін растайтын басқа да материаддардың көшірмесі қоса тіркелуі керек.

Жоғарғы сотқа жолданған арыздар  барған сайын көбейе түсуде. Өткен жылы 1997 жылға қарағанда олар екі есе артып 12 мыңнан асып жығылды. Бұл үрдістің осылай жалғаса беретінін жаңа жылдың алғашқы құндері-ақ дәлелдеп отыр. Бұл арада айтпағымыз мынау. Кейбіреулер тиянақгы жауап алғанына қарамастан "тисе терекке, тимесе бұтаққа" деп үсті-үстіне арыз тоғытуды әдетке айналдырып алған. Арыз санын молайтып отырғандар да солар [19, 23б.]. Мұндай адамдарға жоғарыда айтылған Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының 7-бабында жаңа дәлелдер не жаңа ашылған жәйттер келтірілмесе бұрын тексерілген мәселе бойынша қайталап түскен шағым қаралуға жатпайды деп нақты көрсетілгенін қадап айтқан жөн.

Екінші инстанция соты істі үш тұрақты судья құрамында қарайды және бірінші инстанция сотының заңды қүшіне еңбеген үкімнің, шешімінің не ұйғарымының заңдылығы мен негізділігін тексереді. Екінші инстанция соты заңда көрсетілген негіздерге сүйене отырып, шешімінің немесе үкімнің құшін жойған кезде істі қысқартуы, қылмыстық істі қосымша тергеуге жіберуі, сондай-ақ үкімнің немесе шешімнін құші толық жоймай-ақ, оларды белгілі бір шекте өзгертуі мүмкін.

Екінші инстанция соты белгілі  бір негізі болған жағдайда шешімнің құшін жойған немесе оларды өзгерткен ретте анықтамада төменгі сот жіберген қателерді көрсетеді, өз шешімін негіздейтін дэледцер келтіреді. 07.09.2009 жылғы, азаматтық іс №2-10867/09, 2-5632/09 бойынша шығарылған ұйғарым негізінде келесіні хабарлаймыз, яғни 04.09.2009 жылы «Автопарк» ЖШС бұрынғы жұмысшылары Н.Ермаханов, С.Елібаев жэне бір топ азаматтар болып облыс әкімі тарапына ашық хат дайындаған болатын. Хат мазмұнында шағымданушылар «Автопарк» ЖШС-мен облыстық әкімшілік арасында іріткі салып, сонымен қатар жалған ақпаратты таратты. Н.Ермахановпен оның өкілі Б.Ерманов 05.09.2009 ж. «Автопарк» ЖШС-не келіп өздерінің шарттарын баяндап «ауыз басар үшін» бес жарым миллион теңге талап етіп бір шама уақыттан кейін сол сомманың жартысына келісім берді, ал егер солардың талаптары орындалмаған жағдайында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Актөбеге іс-сапар мен келетін кезеңде шағымданушылар алдына транспоранттармен шығып, керек болса өздерін өртеп немесе басқа да іс - әрекеттер жасауға дейін баруға дайын екенін білдірді. Осындай тікелей шарттар қойылып жатырған соң «Автопарк»-ЖШС экімшілігі саяси және қоғамдық резонанстарды болдырмау мақсатымен, Н.Ермахановтың шарттарына амал жоқтан көніп бітімгершілік келісімге келуге мәжбүр болды. Осы жасалған келісім негізінде Н.Ермаханов барлық арызданушыларды тоқтатып жэне сыртқа ешқандай ақпаратты таратпау туралы сөз берген болатын, бірақ бір шама уақыттан кейін Бауыржан Ерманов (Н.Ермахановтың жэне С.Елібаевтың өкілі) өзінің қолымен «С.Елібаевтың атынан» деп тағы да қосымша талаптарын дайындап екі жарым миллион теңгеден астам ақшаны сұрап келді, осымен қоймай басқа арызданушыларға да миллиондаған соммаларды төлеттіремін деген ойын жеткізді, Н.Ермахановқа төлесеңдер қалған бэріне де төлеңдер деді. Сонда неге «Автопарк» ЖШС Н.Ермахановтың С.Елібаевтың және басқа арызданушылардың кезіндегі заңды түрінде алған еңбек ақыларын қайтадан төлеу  керек? 
        Жоғарыдағы белгіленіп кеткен жағдайларды ескере отырып «Автопарк» ЖШС соттан 07.09.09 ж. жасалған бітімгершілік келісімді бұзып Н.Ермахановқа қатысты азаматтық істі әрі қарай қарауын сұрады [20].

 

2.2 Аппеляциялық шағым беру мен наразылық құқығы

 

Сот шешіміне шағым беру және наразылық  көрсету қуқығына, заңды құшіне енбеген бірінші инстанция шешімін тексеру бойынша іс қозғау құқығына ие болған екінші инстанция құқығы жатады.

Іске қатысушы тұлғаларда шағым беру құқығы пайда болады, ал наразылық көрсету прокурорларда сот шешімі жарияланған соттан пайда болады. Сондай-ақ заң жүзінде бекітілген мерзім бойынша жүзеге асырылып отырады.

Информация о работе Апеляциялық іс жүргізу тәртібі