Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 13:56, курсовая работа
Жоғарғы соттың пленумінің қаулысына "Азаматтық істерді кассациялық тәртіпте қайта қарауға тәжірибесі туралы" белгіленеді: кассациялық шағымдар мен наразылықтарды қарай отырып екінші инстанциялық соттар, соттың қаулылардың заңдылығы мен негізділігін тек көре отырып үлкен жүмыс атқарады және азаматтық құқық қатынастарда заңдылықгың нығайтылуына әділеттіктің орнатылуына ықпал етеді[4].
КІРІСПЕ ..3
1 АПЕЛЛЯЦИЯЛЫК ІC ЖҮРГІЗУ ТАРИХЫ ..4
1.1 Апелляциялық институтының пайда болуы мен даму тарихы ..4
1.2 Қазіргі кездегі аппелляциялық институтының қайта жаңаруы...................6
2 АПЕЛЛЯЦИЯЛЫК ІC ЖҮРГІЗУ……………………………………...…..…10
2.1 Заңды күшіне еңбеген шешімдерге апелляциялық шағым беру
сатысының мәні мен маңызы ...10
2.2 Апелляциялық шағым беру мен наразылық құқығы ...13
2.3 Апелляциялық шағым беру құқығының субъектілері………………….....16
2.4 Сот шешіміне шағым беру мерзімі ...19
КОРЫТЫНДЫ ....20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....21
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ..3
1 АПЕЛЛЯЦИЯЛЫК ІC ЖҮРГІЗУ ТАРИХЫ ..4
1.1 Апелляциялық институтының пайда болуы мен даму тарихы ..4
1.2 Қазіргі кездегі аппелляциялық институтының қайта жаңаруы...................6
2 АПЕЛЛЯЦИЯЛЫК ІC ЖҮРГІЗУ……………………………………...…..…10
2.1 Заңды күшіне еңбеген шешімдерге апелляциялық шағым беру
сатысының мәні мен маңызы ...10
2.2 Апелляциялық шағым беру мен наразылық құқығы ...13
2.3 Апелляциялық шағым беру құқығының субъектілері………………….....16
2.4 Сот шешіміне шағым беру мерзімі ...19
КОРЫТЫНДЫ ....20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....21
КІРІСПЕ
Жоғарғы соттың пленумінің қаулысына "Азаматтық істерді кассациялық тәртіпте қайта қарауға тәжірибесі туралы" белгіленеді: кассациялық шағымдар мен наразылықтарды қарай отырып екінші инстанциялық соттар, соттың қаулылардың заңдылығы мен негізділігін тек көре отырып үлкен жүмыс атқарады және азаматтық құқық қатынастарда заңдылықгың нығайтылуына әділеттіктің орнатылуына ықпал етеді[4].
Менің бұл тақырыпты таңдау себебім: қазіргі таңца I-инстанциялық соттардың қаулылары заңдылықтың өрескел бұзылуы, азаматтардың конституциялық құқығының шектелуі соттардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты істерді қараудан бұзылып жоғарғы тұрған сотпен қайта қаралуы орын алады. Өткен жылы республика бойынша Аппеляциялық және бақылау тәртібімен 6704 сот шешімі бұзылды және өзгертілді. Соның ішінде 2251 сот шешімі прокурорлардың араласуымен бұзылған және өзгертілген. Тек бас прокуратураның бақылау тәртібімен бір жыл ішінде соттардың 101 заңсыз шешіміне наразылық келтірілді. Оның 98-і қаралып, 88-і қанағаттандырылды. Бұзылған және өзгертілген сот шешімдері Шығыс Қазақстан облысы сотында қомақты болып отыр. Бұл облыста 514 шешім, Қарағанды облысында - 503, Маңғыстау облысында - 234, Солтүстік Қазақстан облысында - 303, Алматы қаласында - 359 шешім бұзылған және өзгертілген. Азаматтық істерді қараудың мерзімін сақгаудың жағдайы жақсармай отыр. 6241 істі қараудың белгіленген мерзімі бұзылған, 2415 істі қарау үш айдан артық уақытқа тоқтатылған. Ал кейбір азаматтық істер соттардың кінәсінен жылдар бойы сөзбүйдаға салынып, қақпақылға түсіп отырған.
Жоғарғы соттың шаруашылық істер бойынша алқасының жұмысын қанағаттанғысыз деуге болады. Тек өткен жылдың өзінде Жоғарғы соттың президиумы осы алқаның 25 қаулысын негізсіздігі үшін бұзған[5].
Осы жоғарыда келтірілген статистикалық мәліметтер негізінде сот жүйесінің екінші сатыдағы өкілеттігі шегінде бұл істердің қаралу тәртібіне тоқталайық.
1 АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ 1C ЖҮРГІЗУ ТАРИХЫ
1.1 Апелляциялық институтының пайда болуы мен даму тарихы
Апелляция институты өзінің жалпы негіздерін Ежелгі Рим мемлекетінің дамуы мен Батыс Европа елдерінің мемлекет және құқық негіздерінен тапты.
Ежелгі Рим мемлекетінің ертерек дамуы негізінде, орталық үкіметтің даму сатысында, сот шешіміне шағымдану сот жүйесінде болмады. Римде іс жүргізудің 2 кезеңі болды: біріншісі - "injure", екіншісі - "injudiko"[6]. Бұл кезеңдердің өз айырмашылықтары болды. Жоғарыдағы кезеңдерді "legis actiones" жүйесіне енгізді.
Апелляцияның әрмен қарай дамуы және жетілдірілуі Петрдің патшалығы тұсында жүзеге асырылды[7]. Уақыт өте бұл жүйенің іс жүргізу өндірісінің ынғайсыз болуы, жаңа қоғамдық экономикалық қатынастардың дамуына сәйкес келмеді.
Ибуция заңы мен Юлия заңдарының нәтижесінде, Римде іс жүргізу өндірісінің жаңа реформасына шағымдану институтының жаңа формуласы енгізіліп, анықгалды. Ежелгі Римде сот шешіміне шағымдану өтінішін апелляция (appellatio-шақыру) деп атады. Дәл осы уақытта б.э.д. III ғасырда шағымдану институты апелляция түрінде пайда болды.
Сот шешімдерін қайта қарау институты — 1864 жылғы сст реформасы аясында сот реформасының негізгі ережесі, үш бөліктен тұрады. Олар — сот өндірісі, азаматтық және қылмыстық сот өндірісі. Реформаның нөтижесі ретінде II Александр патша қабылдағак мынандай зан актілерін атап өтуге болады.
- Сот анықтамаларын құру
- Азаматтық сот өндірісінің жарғысы
- Қылмыстық сот өндірісінің жарғысы
- Халықаралық судьялар қолданатын жазалар туралы жарғысы[8].
Император Августың билік ету кезінде сот шешіміне шағымданып, іс барлық инстанциялардан өткен жағдайда іс императордан шешімді дұрыс шығарылмағандығын тексеру үшін өтініш ретінде жіберді. Бұл кезеңде бір іс бойынша, шағымды бірнеше рет беруге рұқсат еді. Император Юстианның кезеңіндс, апелляцияны бір іс бойынша екі рет қолдануға рұқсат етілді. Сот шешіміне шағымдану апелляциялық институт ретінде, Император юстианның патшалық ету кезеңінде шағымданудың негізгі тәсілі ретінде толығымен заң жүзінде бекітіліп (527-565 жж.) апелляцияның түрлерімен жоғарғы инстанцияға берілу мерзімдері анықталды.
Апелляциялық жүйе өзінің пайда болуымен көптеген мән-жайларды қиындатты. Мысалы: өндірістің тежелуін, шағымдануға баж салығы тағайындалып, оның қымбат болуы. Алайда бұл қиындықгар істің әділ шешілуіне кедергі жасай алмады. Ежелгі Рим мемлекетінде пайда болған апелляция институтының азаматтық іс жүргізу өндірісіндегі зандылықтары. Европа елдерінде де дамуға кең көлем алды.
1918 жыл 21 ақпанда жарияланған сот жөніндегі N 2 декрет ең алдымен соттың атын — жергілікті халық соты деп өзгертті және бұл соттардың ауыр қылмыстық істерді немесе азаматтық істерді кең ауқымды қарау үшін олардың өкілеттігін кеңейтуді мақсат етіп қойды. Сатылы кезеңце негізделген сот инстанцияларын құрып, сот жүйесін мынадай құрылымға ыңғайлады:
- Жергілікті халық соты
- Аймақгық сот
- Облыстық сот
- Жоғарғы бақылайтын сот[8].
Германияда XIV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың басында Рим құқығының нормалары ене бастады.
Апелляциялық іс жүргізудің тарихы сонау көне римдік құқықган бастау алады. Ол заңды құшіне енген сот шешімдерін қайта қарау сатысы ретінде жақсы таныс. С.И.Ожегов орыс тілі сөздігіне бұл терминге мынадай анықтама береді. "Апелляциялық істі қайта қарау мақсатымен жоғарғы сатыдағы сотқа шешім жөнінде шағымдану құқығы"[9, 98б.].
XIV ғасырдың өзінде дамушы қоғамды әдет-ғұрып құқықгары қанағаттандырмайды. Бұл жағдай соттық тәжірибеге Рим құқығынын толығымен енуіне мүмкіндік беріп, Германияда сот жүйесінде апелляция институты пайда болды.
Германияның 1877 ж. азаматтық іс жүргізу кодексінде апелляция сот шешіміне шағымданудың негізгі тәсілі болып қабылданды.
Францияда апелляция ұғымы XIII ғасырдың аяғында 1667 ж. шыкқан Ордоносовтың заңында апелляциялық шағымданудьі, судьялық өзіне емес, оның шығарған шешіміне шағым келтірілетіндігі бекітілді. Аппеляция инстанциясы 1664 жылғы Людовик указының негізі бойынша қүрылды. Сот шешіміне шағымдану тәсілінің Аппеляциялық (Француз тілінен kasser сөзі -бұзу) институты алғаш рет Францияда қолданылды. Осылайша Францияда сот шешіміне шағымдану тәсілінің Аппеляциялық және кейінгі апелляциялық институттары ұйымдастырылып, Францияның 1807 жылғы АІЖК-не заңды түрде енді [10, 27б.].
Ресейдің құқықгық жүйесін қарастыратын болсақ, ол үзақ уақыт өзіндік үлттық ерекшелігімен ерекшеленеді. XVIII ғасырдың басында Петр І-нің Ресей құқық жүйесіндегі реформасына, Батыс Европа елдерінің крдықгық жүйелері әсер етті. Апелляциялық институтының даму сатысы Петр І-нің патшалық құру кезеңінде болды. 1864 жылғы сот реформасы бойынша АІЖ Уставында соттың үш инстанциясы бекітілді. Уставтың түсіндірме жазбаларында инстанциялардың бірі апелляция инстанциясының қажеттілігі ерекше атап өтіліп, жаңа заң жобасына еңгізілген.
1917 жылғы революциядан кейін,
апелляция институты АІЖ өндірі
1.2 Қазіргі кездегі апелляциялық институтының қайта жаңаруы
Азаматтық іс жүргізу өндерісіне апелляция институтының енуіне қажетті мынадай негізгі себептері бар:
- Біріншіден, апелляция институты істі негізінен екінші рет қайта қарайтындықтан апелляция институты соттық қорғауға толық кепіл бола алады.
- Екіншіден, апелляция
жылдамдық пен дәлдікке кепіл. Бұған
себеп апелляция
институтының істі негізінен қарап, өз
бетінше жаңа шешім шығаруға құқығының болуы. Ал, Аппеляция
инстанциясы істі қарап шығып жаңа шешім шығару үшін
бірінші инстанцияға қайта жібереді.
- Үшіншіден, соттық қаулыларына апелляциялық шағымданудың енуі соттық практиканы жалпы жүйеге жинақталуына ықпал етеді және бірінші инстанцияны" соттық қате жібермеуінің алдын алады.
Республикада округтік сот жүйесін құрудың жақгастары бір мезгілде солардың апелляциялық соттар ролінде қарауды үсынуды және олардың пікірінше, сол арқылы сотта іс қараудың аралығы едәуір қысқартылды, демек бұзылған құқықгар мен бостандықгар қалпына келтірілді.
Сот қаулыларына апелляциялық шағымданудың қағидалары; жарыспалы және диспозитивті және осы қағидалар жеке тұлғаның бостандығын қамтамасыз етеді.
Жарыспалы қағидаға - азаматтық іс
жүргізудегі жақтардың
Диспозитивті қағидаға - іске қатысушы жақгардың біріншіден, іске қатысты материалдарын қолдану, екіншіден процессуалдық құқықгарды қолданады. Бұл қағида процестің қозғалуын анықтап, бір сатыдан келесі сатыға өтуін қадағалап реттейді. Апелляциялық өнгдірістің қағидалары: ауызша, жариялылық, коллегиялдық, зандылық, жақтардың процессуалдық тең құқықтығы, сот эділдігін тек соттық жүзеге асыруы, соттардың егемендігі мен олардың тек заңға ғана бағыныштылығы.
Қ.Р. Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының Ішенарлық мәжілісінде "Сот шешімдерінің тұрақгылығы қажет. Бірақ оны қолдан жасауға болмайды. Аппеляциялық тәртіппен қаралған істермен салыстырғанда қадағалау өндірісінде қаралған істердің көптігі алғашқысының мүмкіндігі толық пайдаланылмай отырған жоқ па деген сүрақтың туындауына итермелейді" [12], - деген болатын.
Апелляциянның мінездемелік сипатына мыналар жатады:
- Апелляциялық іс, жоғарғы сотқа қаралуға жіберіледі.
- Апелляцияны беру бірінші сот инстанциясының шығарған шешімінің дұрыс еместігіне негізделіп, шешім шығаруда заңды дұрыс қолданбағандығы және жақтардың материалды толық үсынбауының негізінде болады.
- Апелляциялық
сот, бірінші инстанциядағы
- Апелляцияға
әр іс бойынша бір
рет шағымдануға болады.
Апелляциялық шешім ең
соңғы шешуші шешім
болуы қажет және ол
барлық құдік пен үмітке
жол бермеуі
керек.
- Апелляциялық өндіріске
Азаматтық процессуалдық құқық теориясына апелляцияның екі түрі белгілі: толық апелляция және жартылай апелляция. Бірінші түрі: Франция, Италияда бекітілген, ал екіншісі Австрия, Германияда бекітілген.
Жартылай аппеляция дегеніміз - барлық бірінші инстанциядағы сот шешімдерінің, істегі жақтар ұсынған нақты мәліметтердің негізінде соттардың қайта қарауы. Жартылай аппеляциялық ережесі бойынша сот істі қарауда жаңа дөлелдемелермен фактілерге сүйенуге болмайды. Кейде маңызды фактілер ұсынылуы мүмкін. Заңда көрсетілген жағдайларда жаңа шешім шығару үшін соттық бірінші инстанциясына қайта жіберіледі.
Толық апелляция бойынша іске қатысушы
жақтағы
апелляциялық сотқа қаралған дәлелдерге
жаңа іске маңызды қажетті
дәлелдер ұсынылуы қажет [13]. Апелляцияның
мұндағы мақсаты, соттың
жіберілген қателіктері мен жақтардың
да ырқымен және ырқынсыз
жіберген қателіктерін түзету ғана емес,
толық апелляция ережесі
бойынша әрекеттенетін апелляциялық
соттар, апелляциялық
шағымдануды сотта қарау кезінде, істі соттың бірінші инстанциясына
жаңадан қарауға қайтаруға құқығы жоқ, апелляциялық
сот өзі шешім шығару керек.
Апелляциялық шағымданудың объектісі болып, соттың бірінші инстанциясының шешімі табылады. Шешім заңды құшіне енбеген болуы керек және де жақтардың көзқарасы бойынша апелляциялық шағымданушының өзіне ыңғайсыз салдары көрсетілуі керек. Апелляциялық шағымданудың объектісі туралы айтылғанда, кем бағалы істер жайында сұрақгар туындайды. Оған: талап бағасы жогары емес мүліктін даулардың шешімдері, апелляциялық шағымдану істерінің категориясына кіре ме деген жағдайлар.
Мысалы: Франция, Германия АІЖК-де апелляциялық шағымдану үшін талап сомасының мөлшері заңда көрсетілген мөлшерден төмен болған жағдайда апелляциялық шағым қабылданбайды. Занда бұл жағдайды "мемет" деп атайды.