Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2013 в 15:07, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған 2008 жылғы «Қазақстан Республикасының басты міндеті – халықтың әл – ауқатын арттыру» атты Жолдауында «Құқық қолдану және құқық тәжірибесін нығайту» бөлімінде: ашық, демократиялық қоғамның іргетасын дәйекті нығайта отырып, біз демократия мен құқық тәртібі –ажырағысыз ұғымдар екенін, бірінсіз бірі өмір сүре алмайтынын есте сақтауымыз керек. Сондықтан да азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын пәрменді жүйе қажет, сондықтан негізгі міндет - өзіне тән ұлттық бірегейлігі мен әлеуметтік әділеттілігімен бірге бүкіл халықтың экономикалық жағдайымен тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды құру» деп көрсеткендей анықталатын, Қазақстан Республикасының саяси жүйесіндегі күрделі өзгерістерді құрумен байланыстырды.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. САТЫП АЛУ-САТУДЫҢ ШАРТЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1.1 Сатып алу-сату шартының ұғымы, пәні және элементтері...........................5
1.2 Сатып алу-сату шартының тараптары және олардың жауапкершіліктері.................................................................................................12
2. САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ
2.1 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты
2.2 Тауар жеткізілімі шарты және келісімшарт жасасу шарты........................15
2.3 Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты ...........................................................22
2.4 Энергиямен жабдықтау шарты .....................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:...........................................30
Кәсіпорынды сату шарты бойынша сатушы тұтас алғанда кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алушының меншігіне беруге міндеттенеді, бұған сатушы басқа тұлғаларға беруге құкығы болмайтын құқықтар мен міндеттер косылмайды.
Кәсіпорынды сату шартының элементтері.
Кәсіпорынды сатып алу-сату шартының тараптары болып, сатушы және сатып алушы келеді, оларға азаматтық-құқықтық қатынастардың кез келген субъектілері -жеке және заңды тұлғалар жатады. Кәсіпорын кәсіпкерлік мақсаттарда пайдаланатын мүліктік кешен болатындығы осы құқықтық қатынастар қатысушыларының құрамына белгілі әсерін тигізу керек. Мысалы, жалпы тәртіп бойынша коммерциялық емес заңды тұлға кәсіпорын сатып алушы болып келмеуі керек.
Бұрын заңнамада кәсіпорынды
сатып алушылар бір немесе өзге субъектілерге
қатысты тікелей шектеу қойылмаған
еді. Қазір бірқатар жағдайларда
Қазақстан Республикасының
Кәсіпорынды мемлекет мүлкіне
айналдыру жағдайында, мемлекет кәсіпорынды
сатып алушы рөлінде болуы
мүмкін. Осы жағдайда азаматтық құқықтар
мен міндеттер күрделі заңдық
құрамнан пайда болады. Теориялық
көзқарастан мемлекеттік
Кәсіпорынды сату шартының нысанасы (заты) сатып алу-сату шарттарындай кәсіпорынды сату шартының нысанасы оның елеулі жағдайы болады. Олар негізінде нысана (кәсіпорынды сату шартында) анықтамайтын тәртіптердің кейбір ерекшеліктері бар. Кәсіпорын күрделі зат болып табылғандықтан, оған ҚР АҚ 121-6абында көзделген күрделі зат құрамын анықтаудың тәртібі қолданылады. Шарттың тараптары қандай мүлік кәсіпорынның құрамына кіретіндігін өздері белгілеуге құқылы. Бірақ ақырын (анықтау нәтижесінде) мүлік кейбір заттар алынғанына қарамастан кешен болып қала беруі керек. Кәсіпорын дегеніміз - жұмыс істеп тұрған өндіріс, немесе ол кішкентай жөндеуден жинақтаудан кейін және т.б. жұмысқа қосылуы мүмкін болады. Егер тараптар жасалған сұрыптау нәтижесінде заттардың жиынтығы бөлшектенген мүлікке айналып кетсе, онда оған сатып алу-сатудың жалпы нормаларын қолдануға болады.
2.4 Энергиямен жабдықтау шарты
Энергиямен жабдықтау шартының мәні, түсінігі. Шарт көне құқықтық құрылымның бірі. Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын бұзушылықты білдіреді.
Шартты рим құқығы үш түрлі мағынада: құқық қатынастарының туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең соңында тиісті құқтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады.
Шарт туралы мұндай көзқарастар
нақты іс жүзінде Қазақстан Республикасы
Азаматтық кодекстің 378-бабына сәйкес, екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады. Мұндай айқындама шарт-мәмілені меңзейді. Сондықтанда, осы баптың 2-тармағы мәміле нормаларына мынадай сілтеме жасайды: "шартқа екі жақты және көп жақты мәмілелер туралы ережелер қолданылады". Сонымен бірге, "мәміле" ұғымы "шартқа" қарағанда кең, өйткені, мәміле бір жақты болуы мүмкін.
Шарттан туындайтын міндеттемелерге, Азаматтық кодекстің тиісті баптарында шарттардың кейбір түрлеріне арналған ережелерінде өзгеше көзделмегендіктен, міндеттемелер жөніндегі жалпы ережелер қолданылады. Мысалы, шарттан (бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнінен өзгеше туындамаса, жалпы шарттардың ережелері қолданылады.
2. Шарт еркіндігі. Азаматтық
заңның негізгі бастауларының
бірі Азаматтық кодекс
Азаматтық кодекстің 380-бабына сәйкес азаматтық құқықтың субъектісі шарт жасауда еркін болады. Ол атап айтқанда:
4) шартқа белгілі бір не басқа жағдайларды өзінің қалауынша енгізу.
Тараптар заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алады. Ең бастысы, ол заңға қайшы келмесе болғаны (АК-тің 380-бабының 2-тармағы).
Энергетикалық кәсіпорындар өндіретін электр және жылу энергияларын пайдалану ретсіз (тәртіпсіз) мазмұнда болды, үлкен қаражат (құндылықтар) бақылаусыз шашылды, ешкім де бұл үшін жауапкершілікті көтермеді, табиғи ресурстарға, энергияға зор шығын келтірілді. Қазіргі уақытта да жағдай қалаулыдан алыс, кейбір жағдайларда мәселелер ұлғая түсті. Сондықтан энергиямен жабдықтау шартының, жоғарыда қарастырылған келісімшарт шартындағы сияқты өзінің мәнділігі пайда болып тұр.
Әрине, энергиямен жабдықтау шарты барлық мәселе (қауіптерден) құтқара алады деп айтуға қиын. Бірақ энергияны өндіру және пайдаланумен байланысты пайда болған қатынастардың мінезіне олар тауарлы-ақшалы болып келетінін айқындау, осы мінезіне артықшылық беру тұтынушыларда да, өндірушілерде де оны ысырап етудің анық себептерінің болмауына әсер етуде.
Бұл шарттың негізгі
белгіленуі-энергияны
Энергия тұтынылатын және тектік сипаттармен анықталатын болып табылады. Заттарды жіктеудің осы негіздері оның сипаттамасын анықтайтын болып келеді.
Эңергиямен жабдықтау шарты көрсетілген ерекшеліктерді иемденетін (электр және жылу энергиялары) заттарды өткізуді (сатып алу-сатуды) реттейтін шарт.
Ұқсастық бойынша ол энергияны қамтамасыз ететін заттарды, мысалы, табиғи газды, мұнайды, мұнай өнімдерін жеткізу қатынастарына да қолданымды болып келеді, байланысты болады.
Бұдан басқа, ол сумен жабдықтау бойынша және кейбір қатынастарды да реттей алады.
Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентте (тұтынушыға) жалғанған желі арқылы энергия беруге міндеттенеді, ал абонент алынған энегия үшін ақы төлеуте, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген режимін сақтауға, өзінің қарауындағы энергетика желілісін пайдалану қауіпсіздігін және энергияны тұтынуға байлананысты пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтардың ақаусыздығын қамтамасыз етуге міндеттенеді (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 482-бабы).
Энергия айналымы ерекшелігінің түбінде екі себеп жатыр:
Біріншіден, энергия тек шектеулі уақытқа сақталынады. Осыған байланысты энергияны өндіру, бөлу және тарату бір-біріне өзара тығыз байланысты, бұл шарт бойынша екі тараптың міндеттері мен құқықтарын бөлуге өз әсерін тигізеді.
Екіншіден, энергияны тарату қазіргі жағдайда курделі болып табылатын жабдықтар көмегімен қалыптасады. Энергиямен жабдықтау ұйымдарда инженерлік коммуникацияның, бақылау өлшеу аспаптарының, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құралдардың болуы міндетті.
Қазақстанда электр энергиясын беру басқа ұйымдар иелігіндегі желілер бойынша қалыптасуы мүмкін. 1998 жылдың 12 қарашасындағы №23-ші Қазақстан Республикасының табиғи монополияны реттеу және бәсекені қорғау бойынша Комитет пен 1998 жылдың 20 қарашасындағы № 239 Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің бұйрығының бекітілген электр энергиясын аймақтық және жергілікті деңгейдегі электр желілері бойынша тарату Ережесінде электр желісі компаниясының түсінігі енгізілген. Осыған байланысты энергияны тарату кезінде энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен энергия жүйесі компаниясының арасында келісім-шарт қатынастары қосымша қалыптасады. [22]
Электрмен жабдықтау шарты консенсуалды, екі жақты, өтемді (ақылы) болып табылады. Заңнамалық анықтамаға сәйкес (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 4» бабының 2-тармағы) ол қатынастарды энергияның қандай нарығында қамтамасыз еткеніне қарамастан (көтерме немесе бөлшек сауда) энергиямен жабдықтау шарты жариялы болып келеді. Жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасы энергиямен жабдықтау қатынасының ерекшелігі (энергия өндірушілерінің және электр желілері иелерінің бөлек тұлға болуы энергиясын бөлумен байланысты сатып алу-сатудың электр қатынасы ғана емес, сонымен бірге электр энергиясының желісіне байланысты қызмет көрсету бойынша қатынастар пайда болатынына әкелді. Бұл - электр желісі компаниясына жасалған желілер бойынша электр энергиясын өткізу шарты.
Энергиямен жабдықтау шарттың нысаны. Тұтынушыларды энергиямен жабдықтау энергиямен жабдықтау шарты негізінде қалыптасады. Бұл шарттың нысаны мәміле нысанына қатысты жалпы ережелерге бағынады. Кәсіпкерлік қызмет объектілері арасындағы энергиямен жабдықтау шарты жай жазбаша нысанда бекітілуі мүмкін. Тұрмыстық тұтыну шарты бойынша нысанда бекітілуі мүмкін, тұтынушы электр энергиясын пайдалану, және электр құралдары мен электр желілерінің пайдалану техникалық жағдайын сақтау ережелерімен танысуы. Келісімшартта бекіту айғағы ретінде аталған шарттың келтірілген есеп кітапшасын алу қажет. [23]
Энергиямен жабдықтау ресурсы шартының мазмұны. Сатушының құқығы мен міндеттері. Сатушы (энергиямен жабдықтаушы ұйым) абонентке энергия беруге міндетті. Бұл міндет жеткізілетін энергияның саны (қуаты), сапасы, сонымен бірге оны тарату тәртібі бойынша сұраныс арқылы нақтылынады. Жеткізілетін энергия саны электр энергиясын турмыстық тұтыну үшін тапсырмаған жағдайда мәнді болады, мұндай жағдайда ол тікелей шартпен анықталады.
Энергиямен жабдықтаушы ұйыммен берілген және абонентпен қабылданған энергия саны оның нақты тұтынуымен сәйкес анықталады.
Анықтау есеп аспаптарына сәйкес, ал ол болмағанда есептеу жолымен жүргізіледі. Шарт бойынша берілетін электр энергиясын есепке алу үшін аталған құқықтық қатынастарға, сонымен бірге элсктр желісі компаниясының қатысуының маңызы бар. Электр энергиясын аймактық немесе жергілікті деңгейдегі желі арқылы жеткізудің нақты көлемі электр желісі компаниясының электр желісінің тепе-теңдік тиістілігі шекарасында коммерциялық аспаптар есебінен көрсеткіштерімен бекітілуі қажет. Қосымша келісімсіз жіберілген ауытқу тауар жеткізілімінің шарттық мөлшерінен айлық тұтынудың нақты колеміне ± 5%-ке дейін есептеледі.
Энергиямен жабдықтау
шарты бойынша энергияны
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, зерттеу жұмысын қорыта келе, сатып алу-сату шартының мәнін, құқықтық сипаттамасын және өзекті мәселелерін қарастырдық.
Сатып алу-сату шартының субъектілері ретінде азаматтық құқық субъектілері, яғни жеке тұлға, заңды тұлға, әкімшілік аумақтық бірлестіктер, мемлекет әрекет ете алады. Сатып алу-сатудың қандай шарты жасалатынына қарап кәсіпкерлік немесе кәсіпкерлік емес, бөлшек сатып алу-сату шарты немесе мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін жекешелендіру, олардың қатысушылар құрамы да өзгереді. Басқа да жағдайларда қатысушылар құрамының ерекшелігі сатып алу-сату шарттарының жекелеген түрлері бойынша төменде қарастырылатын болады. Мұнда тек барынша маңызды (қағиданы) жағдайларды атап өтеміз. Арнайы құқықтық қабілетті иемденетін заңды тұлғалар сатып алу-сату бойынша қатынасқа тек арнайы (жарғылық) құқықтық қабілеттілік шеңберінде қатыса алады, яғни бұл жерде әңгіме қандай да бір оның жалпы шеңбері туралы жүрмейді, құқықтық қабілеттілік көлемі әрбір жекелеген құқықтық қатынаста нақтылануы қажет.
Сатып алушының негізгі міндеті тауарды қабылдап алу жэне ақысын төлеуі болып табылады. Сатып алушының тауарды қабылдауы, ол жағынан тауарды беру және алу үшін қажетті шараларды қамтиды.. Бірінші кезекте сатып алушы тауарды қабылдап алу үшін алдын-ала жағдай жасауы қажет. Тауар тасымалдануға тиісті болса, сатып алушы жүкті тиеп жіберу үшін қажетті мәліметтерді -атушыға хабарлауға міндетті (егер тауарды сатушы жеткізетін болса). Ал, кейбір жағдайда сатып алушы тауарды өндірістен немесе сатушының қоймасынан алып кетуді ұйымдастыруы қажет. Бұл шара сатып алушы сатушының тауарды сақтайтын жерін білген кезде қолданылуы керек.
Егер сатып алу-сату шартында өзгеше кезделмесе, сатушының сатып алушыға тауар беру міндеті;
1) егер шартта
тауарды жеткізіп беру бойынша
сатушының міндеті көзделсе, сатып
алушыға немесе ол атаған
2) егер тауар
сол тауар орналасқан жерде
сатып алушыға немесе ол