Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2013 в 15:07, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған 2008 жылғы «Қазақстан Республикасының басты міндеті – халықтың әл – ауқатын арттыру» атты Жолдауында «Құқық қолдану және құқық тәжірибесін нығайту» бөлімінде: ашық, демократиялық қоғамның іргетасын дәйекті нығайта отырып, біз демократия мен құқық тәртібі –ажырағысыз ұғымдар екенін, бірінсіз бірі өмір сүре алмайтынын есте сақтауымыз керек. Сондықтан да азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын пәрменді жүйе қажет, сондықтан негізгі міндет - өзіне тән ұлттық бірегейлігі мен әлеуметтік әділеттілігімен бірге бүкіл халықтың экономикалық жағдайымен тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды құру» деп көрсеткендей анықталатын, Қазақстан Республикасының саяси жүйесіндегі күрделі өзгерістерді құрумен байланыстырды.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. САТЫП АЛУ-САТУДЫҢ ШАРТЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1.1 Сатып алу-сату шартының ұғымы, пәні және элементтері...........................5
1.2 Сатып алу-сату шартының тараптары және олардың жауапкершіліктері.................................................................................................12
2. САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ
2.1 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты
2.2 Тауар жеткізілімі шарты және келісімшарт жасасу шарты........................15
2.3 Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты ...........................................................22
2.4 Энергиямен жабдықтау шарты .....................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:...........................................30
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ.......................
1. САТЫП АЛУ-САТУДЫҢ ШАРТЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1.1 Сатып алу-сату шартының ұғымы,
1.2 Сатып алу-сату шартының
2. САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ
2.1 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты
2.2 Тауар жеткізілімі шарты және келісімшарт
жасасу шарты........................
2.3 Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты ..............................
2.4 Энергиямен жабдықтау шарты ..............................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:.......................
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Конституция оның ең жоғарғы құндылығы адам, адамның өмірі, құқығы мен бостандығы деп ерекше атап өтті. Мұның өзі қоғамдағы көп жақты, көп сатылы қарым – қатынастарды реттеудің негізгі құралы ретінде саяси сана мен саяси мәдениеттің арта түсуіне жол ашты.[1]
Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған 2008 жылғы «Қазақстан Республикасының басты міндеті – халықтың әл – ауқатын арттыру» атты Жолдауында «Құқық қолдану және құқық тәжірибесін нығайту» бөлімінде: ашық, демократиялық қоғамның іргетасын дәйекті нығайта отырып, біз демократия мен құқық тәртібі –ажырағысыз ұғымдар екенін, бірінсіз бірі өмір сүре алмайтынын есте сақтауымыз керек. Сондықтан да азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын пәрменді жүйе қажет, сондықтан негізгі міндет - өзіне тән ұлттық бірегейлігі мен әлеуметтік әділеттілігімен бірге бүкіл халықтың экономикалық жағдайымен тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды құру» деп көрсеткендей анықталатын, Қазақстан Республикасының саяси жүйесіндегі күрделі өзгерістерді құрумен байланыстырды.[2]
Сатып алу-сату шарты бұл мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет ететін азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелігі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді.
Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа сияқты көзқарас дәстүрлі болып табылады. ҚР АК 270-бабының 3-ші тармағына сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкіншілігі жоққа шығарылмайды.[3]
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406-бабына сәйкес: Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті. Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.
Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел басқаруына өтеді. Сонымен қатар, меншік құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе әкімшілік аумақтық бірлестікте пайда болады. Бұл мемлекеттік меншік нысанына негізделген заңды тұлғалар тек шартты бөлініп шығарылады деген пікірге әкелуі мүмкін. Бірақ бұл (заңды тұлға құру) мүлікті бірнеше мақсатта оқшаулау үшін маңызды. Кейде осы жеке меншікке негізделген заңды тұлғаларға да қатысты.
Сатып алу-сату
шартын меншікке жеке
Кейде сатып алу-сату шарттарын жасағанда ақылылық ережесінен ауытқу да болуы мүмкін (сондықтан тек жартылай ақылылық туралы айтуға болатын шығар). Аталған мәмілелер өзінің заңдық табиғаты бойынша шартты мәмілелер бола алады. Мысалы, егер сауда кәсіпорны мыңыншы сатып алушыға ірі жеңілдік жасаймын деп жарияласа (мәміле осы жөніндегі шартпен жасалса).
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 1996 жылғы 25 шілдедегі «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы» № 7 нормативтік қаулысында тек «Тұтынушылар туралы» заңмен реттелетін құқықтық қатынастардың белгілері ғана атап көрсетілген. [7]
Жұмыстың мақсаты. Сатып алу-сату шартының түрлерін азаматтық құқық бойынша зерттеу барысында мәліметтер жинақтап, тақырыптың мәнін ашу.
Жұмыстың міндеттері. Жұмыс мақсатына байланысты диплом жұмысына мынадай міндеттер қойылды:
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1. САТЫП АЛУ-САТУДЫҢ ШАРТЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1.1 Сатып алу-сату
шартының ұғымы, пәні және
Сатып алу-сату шарты бұл - мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әркайсысының ерекшелігі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егер біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсақ ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережелері ұзақ даму жолынан еткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.
Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа сияқты көзқарас дәстүрлі болып табылады. ҚР АК 270-бабының 3-ші тармағына сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкіншілігі жоққа шығарылмайды.[8]
Қазақстан Республикасының аумағындағы ҚСР Одағының және республикалардың Азаматтық заңдары негіздерінің 1991 жылы күшіне енгізілуіне байланысты аталған шарт мүлікті сатып алушы тарабының меншігіне, толық шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына беретін болып қарастырылады.
Мұндай шешімді екі тұрғыда қарастыруға болады.
Біріншіден, мемлекеттік кәсіпорын, мекеме қатысуымен сатып алу-сату шартын онда мемлекет аталған субъектілердің мүлікті оның меншігіне алуға келісімін берген шарт ретінде бағалауға болады, осымен бірге мемлекет аталған субъектілерде тиісті заттық құқықтар пайда болуына қарсы емес деп табу мүмкін. Екіншіден, аталған заттық құқықтар мемлекеттік меншікке негізделетін заңды тұлғалар меншік иелері ретінде мүлікті сатып ала алуы үшін көлемі бойынша жеткілікті екенін болжауға болады. Осы көзқарасты қолдасақ, онда осындай мүмкіншіліктер меншік иесінен басқа өзге де заттық құқықтар ислерінде, мысалы, мүлікті сенімгерлікпен басқарушылар да бола алатынын айта аламыз.
Осы екі көзқарастар сырттай тек теориялық тұрғыда болып келгеніне қарамастан, оларды одан әрі негіздеу мемлекеттік және оның құрған заңды тұлғаларының қарым-қатынастарының тәжірибелік мәселелерін шешуге мүмкіншілік бере алады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406-бабына сәйкес: Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараудың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті "Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.
Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел басқаруына өтеді. Сонымен қатар, меншік құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе әкімшілік аумақтық бірлестікте пайда болады. Бұл мемлекеттік меншік нысанына негізделген заңды тұлғалар тек шартты бөлініп шығарылады деген пікірге әкелуі мүмкін. Бірақ бұл (заңды тұлға құру) мүлікті бірнеше мақсатта оқшаулау үшін маңызды. Кейде осы жеке меншікке негізделген заңды тұлғаларға да қатысты. Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса, онда сатып алынған мүлікке жедел басқару құқығы пайда болатыны анық. [9]
Атап өтілгендей, сатып алу-сату шарты мүлікті беру бойынша барлық қатынастарды қамтиды. Ертеректе бөлек болған тауар жеткізілімі, келісімшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазір сатып алу-сату шартының түр түрлері болып бағаланады. Бұдан баска, бөлшектеп сатып алу-сату шарты, кәсіпорынды сату шарты қарастырылған. Біздің заңнамада Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінің екінші бөлімінде бекітілген қозғалмайтын мүлікті сатып алу-сату туралы жалпы нормалар жоқ. Біздің ойымызша, болашақта тауар айналымының кеңеюіне байланысты біздің азаматтық заңнамада да айтылғандай нормалар қажет болады.
Сатып алу-сату шартын меншікке
жеке сипаттармен анықталатын
Бағалы қағаздарды және
валюталық құндылықтарды сатып
алу-сатуда, егер заңнама оларды сатып
алу-сату үшін арнайы ережелер қарастырмаса,
жалпы ережелер қолданылады. Сонымен
бірге бөлшектеп сатып алу-
Шарттың өзін сипаттауға көшейік. Сатып алу-сату консенсуалды шарт болып табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты жасалған) болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі (жасалған сәтінде орындалатын шарттың болуы) бұл ережені өзгертпейді.
Сатып алу-сату шарты — ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңі болып келмейді, бірақ шартта кіріптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөніндегі міндетті нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мінезін (тепе-тең айырбас ретіндегі) ескеру кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың құқықтарын қорғау негізінде болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл мемлекеттік мүліктік мүдделерді неше түрлі алаяқтықтардан қорғау үшін де қажет.
Кейде сатып алу-сату шарттарын жасағанда ақылылық ережесінен ауытқу да болуы мүмкін (сондықтан тек жартылай ақылылық туралы айтуға болатын шығар). Аталған мәмілелер озық заңдық табиғаты бойынша шартты мәмілелер бола алады. Мысалы, егер сауда кәсіпорны мыңыншы сатып алушыға ірі жеңілдік жасаймын деп жарияласа (мәміле осы жөніндегі шартпен жасалса).
Бір біріне қарсы бағытталған екі тараптың субъективтік құқықтары мен міндеттері сатып алу-сату шартын өзара шарт ретінде сипаттауға мүмкіндік береді. Әңгіме шарттың мәнін құратын құқықтары мен міндеттері туралы болады. Құқықтар мен міндеттердің көмекші мөлшері екі жақтықтан ауытқу болуы да мүмкін.
Сатып алу-сату мүлік иесінің (басқа құқық иеленушінің өзгеруіне (ауысуына) әкеледі. Көрсетілген белгілер,сонымени қатар бұл шарттың ерекше мазмұны аталған шарттың мүлікті жалдау (аренда), мердігерлік, сыйға тарту және басқа да шарттардан елеулі түрде ерекшеленетіні туралы қорытынды жасауға мүмкіншілік береді. Дегенмен, сатып алу-сату шарты туралы нормалар жалпы мәнді де иемденеді. Мысалы, олар мердігерлік қатынастарды реттеуде де есепке алынуы қажет. Өз материалдарымен жұмысты орындайтын мердігер оның сатушы рөлінде болады. Басқа да азаматтық құқықтық қатынастар шеңберінде сатып алу-сату туралы нормаларды есепке алу қажет жағдайлар болуы мүмкін.
Басқа да құқықтық қатынастардағы сияқты, сатып алу-сату шартының элементтері болып біздің көзқарасымыз бойынша да субъект, объект және мазмұн болып табылады. Шарттар элементінде "оның тараптары, нысанасы, бағасы өтеулі шарттар да, мерзімі, нысаны мен мазмұны, яғни екі жақтың құқықтары мен міндеттері жатады" деген И.В. Елисеев және басқа да авторлардың пікіріне өзіміздің келіспеушілігімізді білдіреді. Мұндай көзқарас азаматтық құқықтың неғұрлым тұрақты теориялық ережесіне теріс ықпал етеді, түсінігінің шынайы мәнін жоғалтуға , әкеледі.
Сатып алу-сату қатынасын 3 мәнде белгілеуге болады.
Біріншіден, бұл - сатып алу-сатудын экономикалық қатынасы.