Сатып алу сату шарты турлери

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2013 в 15:07, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған 2008 жылғы «Қазақстан Республикасының басты міндеті – халықтың әл – ауқатын арттыру» атты Жолдауында «Құқық қолдану және құқық тәжірибесін нығайту» бөлімінде: ашық, демократиялық қоғамның іргетасын дәйекті нығайта отырып, біз демократия мен құқық тәртібі –ажырағысыз ұғымдар екенін, бірінсіз бірі өмір сүре алмайтынын есте сақтауымыз керек. Сондықтан да азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын пәрменді жүйе қажет, сондықтан негізгі міндет - өзіне тән ұлттық бірегейлігі мен әлеуметтік әділеттілігімен бірге бүкіл халықтың экономикалық жағдайымен тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды құру» деп көрсеткендей анықталатын, Қазақстан Республикасының саяси жүйесіндегі күрделі өзгерістерді құрумен байланыстырды.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1. САТЫП АЛУ-САТУДЫҢ ШАРТЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

1.1 Сатып алу-сату шартының ұғымы, пәні және элементтері...........................5
1.2 Сатып алу-сату шартының тараптары және олардың жауапкершіліктері.................................................................................................12

2. САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ

2.1 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты
2.2 Тауар жеткізілімі шарты және келісімшарт жасасу шарты........................15
2.3 Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты ...........................................................22
2.4 Энергиямен жабдықтау шарты .....................................................................24

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:...........................................30

Работа содержит 1 файл

Сатып алу-сату шарты Қыдырова Әсел.doc

— 217.00 Кб (Скачать)

Екіншіден, бұл - адамдардың ой елегінен өткен және құқық нормаларымен бекітілген субъективтік идеологиялық қатынас. Ең соңында, сатып алу-сату шарты бұл - азаматтық құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтық реттеуден тәуелсіз тұрмыс етіп айырбастық материалдық қатынас ретінде аталған құқықтық реттеудің арқасында (көмегімен) құқықтық нысанға ие болады. Ол нысан    - құқықтық қатынас нысаны.

Шарт жағдайы, нысаны тұлғалардың белгілі бір әрекетін азаматтық-құқықтық шартқа айналдыруға, олардың құқықтары мен міндеттерін бекітуге мүмкіндік беретін заң техникасының тәсілдері болып келеді.

Сатып алу-сату шартының нысаны оның бағасына, субъектілеріне және заңдық, шарттық талаптарға сәйкес анықталады. Оған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 152-бабында бекітілген мәміле нысаны туралы жалпы ережелер қолданымды болып келеді.

Жүз айлық есептік  көрсеткіштен жоғары сомаға, сонымен бірге кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру барысында жасалатын мәмілелер, жасалған кезде орындалатындарын қоспағанда жазбаша нысан да жасалуы қажет. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шарттары мемлекеттік тіркеуге жатады. [10] Азаматтық кодекстің 494-бабы кәсіпорынның сатып алу-сату шартының бір құжатты құру жолымен, екі жақтың қол қоюымен жазбаша түрде жасалуын, оған: инвентаризация актісін, бухгалтерлік балансты, кәсіпорынның құны мен құрамы туралы тәуелсіз аудитор қорытындысының міндетті тіркелуін қарастырады. Олар басқа да қозғалмайтын мүлікті сату бойынша, шарттар сияқты мемлекеттік тіркеуге жатады және мемлекеттік тіркеу кезеңінен жасалған деп есептеледі.

Сатып алу-сату шартының субъектілері ретінде азаматтық құқық субъектілері, яғни жеке тұлға, заңды тұлға, әкімшілік аумақтық бірлестіктер, мемлекет әрекет ете алады. Сатып алу-сатудың қандай шарты жасалатынына қарап кәсіпкерлік немесе кәсіпкерлік емес, бөлшек сатып алу-сату шарты немесе мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін жекешелендіру, олардың қатысушылар құрамы да өзгереді. Басқа да жағдайларда қатысушылар құрамының ерекшелігі сатып алу-сату шарттарының жекелеген түрлері бойынша төменде қарастырылатын болады. Мұнда тек барынша маңызды (қағиданы) жағдайларды атап өтеміз. Арнайы құқықтық қабілетті иемденетін заңды тұлғалар сатып алу-сату бойынша қатынасқа тек арнайы (жарғылық) құқықтық қабілеттілік шеңберінде қатыса алады, яғни бұл жерде әңгіме қандай да бір оның жалпы шеңбері туралы жүрмейді, құқықтық қабілеттілік көлемі әрбір жекелеген құқықтық қатынаста нақтылануы қажет. Мысалы, шаруашылық жүргізу құқығында мүлкі бар мемлекеттік кәсіпорын, оның негізгі құралдарына жататын мүлікті, сонымен бірге акцияларын сатуға құқығы жоқ. (2002 жылдың 21 мамырындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік ережелері бойынша Қазақстан Республикасының заң актілеріне кейбір қосымшалар мен өзгерістер енгізу туралы Занының редакциясындағы Азаматтық кодекстің 200-бабының 2-ші тармағы. Егер мемлекеттік келісімшартқа отыруына қысқаша тоқталсақ, мыналарды атауға болады. Заңды түрде мемлекеттік құқық қабілеттілігі шектелмеген, бірақ, олармен жасалатын шарттардың мінезі, мазмұны мемлекет атқаратын экономикалық және басқа да функциялармен (қызметтермен) анықталады.         Жеке тұлғалардың сатып алу-сату шарттарын жасасу мүмкіншілігіне олардың құқық-әрекет қабілеттіктерінің көлемі әсері етеді. Мысалы, әрекет қабілеттілігі шектелген тұлғалар тек ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасай алады, ал басқа мәмілелерді жасауға олар өзінің қамқоршысының келісімі болғанда ғана құқылы.  Егер жүйелі түрде жүзеге  асырылатын  сауда-саттық қызметі туралы айтатын болсақ, онда жеке тұлға тек жеке кәсіпкер мәртебесіне иемденген соң ғана оны жүргізе алатынын ескерту керек немесе бұл қызмет коммерциялық заңды тұлғамен  жүргізілуі   мүмкін.   Негізінен, құқықтық   қатынас субъектілері болып, жеке басымен және мүлкімен оқшауланған, құқықтарға  ие   болатын  және  міндеттерді  көтеретін  тұлғалар табылады.  Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы басқа мемлекеттердің азаматтық құқығы сияқты құқықтық қатынастарда жеке тұлғалар қауымдастықтарының (жай серіктестіктердің) қатысуын да қарастырады, дегенмен бұл келтірілген анықтаманың дұрыстығына әсерін тигізбейді. [11]

Сатып алу-сату шартының нысанасы (объектісі). Құқықтық   қатынастың   объектісін материалды (заттық), заңды, идеологиялық қылып бөлу толық мөлшерде азаматтық-құқықтық шарттар үшін де жарамды болып табылады.

Сатып алу-сату шарты  өзінің ерекше нысанасына (затына), заңды және идсологиялық объектілеріне иемденеді.

Қазіргі жағдайда олардың  әрқайсысының мәні бірдей. Дегенмен, қазіргі өндірістің өсуі, тауарлардың алуан түрлілігі және оларды пайдалану мақсаттарының кеңеюі, сатып алынатын тауардың сатып алу-сату затына талаптардың жоғарылауына әкеледі, әсіресе, егер тауар кейбір ерекше мақсаттарға арналса. Келісімшарт нормаларында олардың барынша анық бекітілмеуі жаңылысуға немесе сатып алу-сату затындағы қателікке әкелуі мүмкін. Бөлшектеп сатып алу-сату шарттары жасалса, заң шығарушы сатылатын өнімнің сапасы, қауіпсіздігі бойынша талаптарды бекіте отырып, тұтынушы жағдайын барынша 'күшейтуге " әрекет етеді.

Заттар сатып алу-сату -шарты нысанасының барынша кең  тараған түрі болып табылады. Кез келген зат тектік немесе жеке сипаттар арқылы анықталған, жылжитын және жылжымайтын тауар болуы мүмкін.

Тектік заттарға келсек, олар қалған тауарлық массадан жекеленуі қажет екенін айта аламыз, сөйтіп олар жеке сипаттар арқылы анықталатын заттарға теңестіріледі және осындай түрінде сатып алу-сату шартының нысанасы бола алады. Егер әңгіме жекеленбеген тектік тауарды сату жөнінде болса, онда сатып алу-сату шартының нысанасы болып зат емес, мүліктік құқық келеді. Осындай жағдай сатып алу-сату шартының нысанасы болашақ заттар болып келгенде де орын алады.

Тауар әлі өндірілмеген немесе тауар табиғатта мүлдем жоқ. Батыс Еуропа елдеріпің сауда құқығы жүйесіндегі бұған қатысты үш түрлі көзқарас бар: біріншіден, кезкелген жағдайда сатушы шартта көрсетілген нысананы табыс етуді қамтамасыз етуге міндетті (ол табиғатта бар болғанмен теңестіріледі), егер шарттың орындалмауы дүлей күштер салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, ол шартты бұзушы болып саналады; екінші көзқарас бойынша, егер тауар сатушының әрекетіне байланыссыз себептер бойынша өз қалыптасуына иемденбесе, шарт нысананың болмауы "салдарынан тоқтатылады, ең соңында, егер сатып алушы өзіне белгілі себептермен тауардың қалай болса да жеткізілгеніне үміттенетін болса, онда шарт нысанасы тауар емес Сатып алушының үміті болып табылады.

Жоғарыдағы мысалдар нысана ерекшеленуінің негізгі мәнін  көрсету үшін келтіріліп отыр: шарт нысанасының сипаттамаларын алдымен, шарт орындалмауының, сатып алу-сату шарттары тиісті орындалмауының тәуекелі үйлесуіне, екі жақтың құқықтары мен міндеттеріне әсер етеді. Нысана ерекшелігі сонымен бірге сатып алу-сатуды жүзеге асыру тәртібіне де әсер етеді, мысалы, шетелдік сатып алу-сату Қазақстан Республикасының Валюталық реттеу туралы Заңына және оның орындалуы үшін қабылданған заңға тәуелді нормативтік актілерге сәйкес жүргізілетін болады.

Бағалы қағаздар айналымы Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар мен мәмілелерді тіркеу туралы" Заңдармен, сонымен бірге, заңға тәуелді нормативтік актілермен реттеледі. Азаматтық айналымда шектелген заттарды сатып алу-сату жекелеген заң актілері бекіткен ережелерді сақтаумен жүргізіледі, мысалы, Қазақстан Республикасының Қарудың жекелеген түрлерінің айналымы үшін мемлекеттік бақылау туралы " Заңымен т.б.

Күшінде болып келетін  ҚР Азаматтық кодексі 406-бабының 4 тармағында мүліктік құқықтар сатып алу-сату шартының нысанасы болып келуіне қатысты жалпы мәндегі норма бекітілген. Мүліктік құқықтарды беруге қатысты мәмілелер кең таралуды иемденеді, оларға тауар биржаларында жасалған, жекелеп алғанда оларға биржалық тауарлар жеткізілімі шартына немесе биржалық тауарлар қатынасындағы міндеттер мен құқықтарды болашақта өткізу, құқықтарды сату шарттары жатады. («Қазақстан Республикасы Президентінің Тауар биржалары туралы» заң күші бар Жарлығының 5-бабының I тармағы. Патенттік құқықтарды беруде нысанасы мүліктік құқық болып келетін сатып алу-сату шарттары жасалуына әкеледі.

Шарт заты (нысанасы) туралы келісім сатып алу-сату шартының бір ғана елеулі жағдайы болып  табылады.

Егер шарт тауарлардың  атауын және санын айқындауға мүмкіндік  берсе, нысанаға қатысты жағдай келісілген деп есептеледі. (407-бап 3-ші тармақ). Сатып алу-сату шартының бағасы дегеніміз, оны алуға сатып алушының немесе онымен көрсетілген үшінші тұлғаның құқығы бар, қарсылай ақша түріндегі қанағаттандыру. Ол Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 383-бабының 1-ші тармағында бекітілген шарт бойынша бағаны қалыптастыру бостандығына негізделеді. Тарифтер, баға белгілеу, ставкалар және т.б. заңдық актілерде қарастырылған жағдайларда уәкілді мемлекеттік органдармен орнатылады. Орталықтандырылған тәртіпте орнатылған баға белгілеу, тарифтерден кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өздері қойған бағаны, тарифтерін ажырату қажет.                                                                      

Монополистік қызмет субъектілерімен өткізілетін тауарларға баға орталықтандырылған тәртіппен қойылады. Мысалы: Қазақстан Республикасының аумағында табиғи монополияны реттеу бойынша «Қазақстан Республикасы Агенттік төрағасының 1999 жылдың 25 тамызында   бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындармен монопольді қалыптасатын қызметтерге бағаны реттеу Ережесі» сонымен бірге, 1998 жылдың 14 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының бәсекені қорғау және табиғи монополия субъектілерінің қызметтері мен жұмыстарына баға (тарифтер) енгізу, бекіту, қарастыру, ұсыну тәртібі туралы нұсқау қолданылады.[12] Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" заң күші бар Жарлығының 4(3 бабының 1-ші тармағы қазыналық кәсіпорындар мен өткізілетін тауар бағалары өкілетті органмен қойылатынын қарастырады.

Жарлықтың аталған бабының  екінші бөлігі 1999 жылдың 4 казанындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік кәсіпорын туралы "заң күші бар Жарлығына толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасы заңының редакциясында қазыналық кәсіпорындар мен монополиялық өнді-рілетін тауарларға бағаны мемлекеттік реттеуді қарастырады.

1999 жылдың 23 қазанындағы  Алкогольді өнімдерге минимальді  бағаны қалыптастыру туралы "Қазақстан  Республикасы Үкіметінің қаулысымен  алкогольді өнімге ең төменгі  шектегі баға қойылған.

Басым көпшілік жағдайларда  баға шартпен қарастырылады. Егер шарттың бағасы өзінде нақты келісілмесе және оның жағдайларымен анықталмаса, онда бұл шарттың жарамдылығына әсер етпейді. Мұндай жағдайда тауар бағасы бойынша әдетте қолданылатын талаптар есепке алынады, басқаша айтқанда, негіз ретінде тауардың нарықтық құны алынады. Баға тауар салмағына байланысты қойылса, егер шартта басқаша қарастырылса, ол таза салмақ бойынша анықталады.

Бұл сатып алушы үшін қолайлы ереже, әсіресе ыдыстың  салмағы үлкен немесе тауар қымбат болса және салмақтың кішігірім өзгеруі (көбеюі) тауардың елеулі қымбаттауына әкелсе.

Егер шарт тауар бағасы оны негіздейтін көрсеткішке  байланысты өзгертілуге жататынын  қарастырса, бірақ бағаны қайта қарау  тәсілі анықталмаса, баға шартты жасасу кезеңіндегі және тауарды беру бойынша міндетті орындау уақытындағы көрсеткіштердің өзара қатысуымен анықталады. Яғни тауарды оны өткізу кезеңінде өз құны көтерілуі немесе төмендеуіне қарай шарт бойынша оның бағасы тиісті дәрежеде көтерілуі немесе төмендеуі қажет. Біздің көзқарасымыз бойынша, осы, Азаматтық кодекстің 438-бабының 3-тармағында бекітілген ережелерде анықсыздық бар. Тауар бағасы шартты жасасқан кездегі көрсеткіштердің және шарт бойынша ұсынылатын тауарларды сақтандыру, тиеу, буып-түю, сатып алу, өндіру кезінде қалыптасатын олардың өзіндік құны (шығындар) қатысуының негізінде анықталуы керек. Осымен бірге Азаматтық кодексте сатушының мерзімді өткізіп алуынан сатып алушының мүдделерін қорғауға арналған норма да жетік емес деп табуға болады. Ол тек тауар құнын (бағасын) төмендетуді қарастыруы қажет, бірақ 438-баптың 3-ші тармағымен мәселе былайша шешілмеген. Сатып алу бағасын төлеудің мерзімін сатып алушы өткізіп алса, онда ол үшін баға тек көтерілу бағытында өзгеруі қажет. Өкінішке орай бұл да Азаматтық кодексте көрініс таппаған. Құқықтық қатынастар (шарттар) мазмұнын қарайық. Ол екі мәнде түсіндірілетінін айтқан жөн. Біріншіден, құқықтық қатынастар мазмұны бұл - құқықтық реттелетін қоғамдық қатынас. Сонымен бірге мазмұн деп екі жақтың құқықтары мен міндеттерін (заңды мазмұнды) қарастырады.

 

1.2 Сатып алу-сату  шартының тараптары және олардың  жауапкершіліктері

 

Сатып алушы үшінші тұлғалардың  құқықтары жүктелген тауарды  қабылдауға келіскен жағдайды қоспағанда, сатушы үшінші тұлғалардың кез-келген құқықтарынан тыс тауарды сатып  алушыға беруге міндетті (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 413 бабының, 1-тармағы). Бұл норма дәстүрлі "сатып алушы оларда меншік иесі болып келгісі келетін, шарттарға көбірек қолданымды. Ал мүліктік құқықтарды сату кезінде өз өзгешеліктері орын ала алады.

Кейбір жағдайларда  аталған талап орындалымсыз болуы  мүмкін. Мысалы, сатып алушы үлестік  құқықта болған мүлікті сатып  алады және оңашаланған үлеске өзіндік  пайдалану, иелену, билік ету құқығын  алады, алайда ортақ меншігінің тәртібіне  байланысты, мүлік құрамына жүктемелер кіреді. Егер сатудың пәні мүліктік құқық болса, (сонымен қатар меншік құқығынан өзге заттық құқық) жүктемелер вариапиясы сансыз болады. Айтылғанды   қорытатын   болсақ,   шарт   пәнінің   ерекшеліктері кейбір ауыртпалықтарды болжауға мүмкіншілік берді деі аламыз. Уақыт өтісімен бұл сұрақ соттық практика (тәжіриба және азаматтық құқықтың жүйесі (доктрина) үшін маңызді мәселе болып табылар демекпіз.

Сатушының тағы да бір  міндеті тауарды үшінші тұлғалардың  талаптануынан да босатып беру. Осы міндетті сатушы ол туралы білген жағдайларда ғана қолданылады. Болашақта талаптану заңды деп таныту керек, егер осы болмаса сатушы тауарды басқа тұлғалар талаптануынан босатып беру міндетін бұзбаған деп саналады. [14]

Тауарды салатын ыдыс және оны буып-түю. Тауарды салатын ыдыс және оны буып-түю талаптарын сатып алу-сату шарттарының жалпы ережелеріне кірістіру біздің азаматтық заңдарда жаңа болып табылады. Өзінің сыртқы көзге түспейтініне қарамастан, олар сатып алу-сатудың өркениеттілік қатынасынын қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Егер сатып алу-сату шарты қандай түріне қатысты екендігі белгіленбесе, олар тауарды салатын ыдыс және буып-түю мен байланысты даулы жағдайларды шешуге мүмкіндік береді.

Егер шартта өзгеше көзделмесе және міндеттеменің мәнінені немесе тауарлардың сипатынан туындамаса, сатушы сатып алушыға тауарды ыдысқа салып және (немесе) буып-түйіп беруге міндетті.

Егер шартта ыдыс пен буып-түюге  талаптар белгіленбесе тауар ол үшін арналған әдетті әдіспен, ыдысқа салынуы, буып түйілуі керек. Бұлай болмағанда - сақтау мен тасымалдаудың әдеттегі жағдайларында осы типтес тауарлардың сақталуын қамтамасыз ететін әдіспен ыдысқа салынып және (немесе) буып түйілуге тиіс. Ал егер тауар сақтаудың немесе тасымалдаудың қандай да ерекше жағдайларын талап етсе, онда ыдыс және буып-түю оларға сәйкес келуі керек.

Информация о работе Сатып алу сату шарты турлери