Сатып алу сату шарты турлери

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2013 в 15:07, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған 2008 жылғы «Қазақстан Республикасының басты міндеті – халықтың әл – ауқатын арттыру» атты Жолдауында «Құқық қолдану және құқық тәжірибесін нығайту» бөлімінде: ашық, демократиялық қоғамның іргетасын дәйекті нығайта отырып, біз демократия мен құқық тәртібі –ажырағысыз ұғымдар екенін, бірінсіз бірі өмір сүре алмайтынын есте сақтауымыз керек. Сондықтан да азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын пәрменді жүйе қажет, сондықтан негізгі міндет - өзіне тән ұлттық бірегейлігі мен әлеуметтік әділеттілігімен бірге бүкіл халықтың экономикалық жағдайымен тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды құру» деп көрсеткендей анықталатын, Қазақстан Республикасының саяси жүйесіндегі күрделі өзгерістерді құрумен байланыстырды.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1. САТЫП АЛУ-САТУДЫҢ ШАРТЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

1.1 Сатып алу-сату шартының ұғымы, пәні және элементтері...........................5
1.2 Сатып алу-сату шартының тараптары және олардың жауапкершіліктері.................................................................................................12

2. САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ

2.1 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты
2.2 Тауар жеткізілімі шарты және келісімшарт жасасу шарты........................15
2.3 Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты ...........................................................22
2.4 Энергиямен жабдықтау шарты .....................................................................24

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:...........................................30

Работа содержит 1 файл

Сатып алу-сату шарты Қыдырова Әсел.doc

— 217.00 Кб (Скачать)

Затты керек-жарақ қылып бағалау  тек оның және басты заттың   функционалды   тағайыңдалуларының   өзара   байланысынан негіздемейді. Азаматтық кодекстің 408-бабында сатушының керек-жарақтарды беруі бойынша міндеті бекітілгеніне қарамастан олар тұтынушыларға (сатып алушыларға) қиянат жасауға тырысады. Бұл реттерде олар сатушылар көп ретте Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі  122-бабының міндетті еместігіні (диспозитивті   екенін)   пайдаланады.   Қосымша   ақыға   аудионің техникаға қосалқы шнур, бұйым үшін қорғаныш жапқыш, оны күтіп баптауға арналған зат ұсынылады. Қосалқы (керек-жарақ) зат барлық жағдайда өздігінен атқаратын қызметі жоқ деген қатыптасқан түсінік қате болып саналады. Сондықтан қандай да болмасын тауардың керек-жарақтары оны мақсаттарда кедергісіз қолдану қажеттерімен анықталуы керек. Егер керек-қарақ тұтынылатын (тұтыну барысында өз қасиетін жоғалтатын болса) зат болса оның непзгі зат қызметін қамтамасыз ететін мерзім белгіленіп көрсетілуі тиіс. Тағы да айтатын бір нәрсе бар.

Тауармен (өніммен) бірге оның жиынтықтылығын қауіпсіздігін, сапасын, растайтын тұтыну тәртібін растайтын ж.б. құжаттар беріледі. Өнім сатып алушыға берілгенге дейін меншік шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқықтарын сатушы тауар берілгенге дейін оны сақтауға, нашарлауына бұзылуына) жол бермеуге міндетті. Осыған байланысты сатушы мүлікке немқұрайлы қарамауы және оны қасақана бүлдірмеуі керек. Сатушы осы міндетін тегін атқармайды. Егер екі тараптың келісімімен өзгеше қарастырылмаса, сатып алушы сатушыға оның тауарды сақтауға жұмсағанын өтейді.

Сатушының құқығы. Сатушының құқықтарына зат қабылдануын және сатып алу бағасын төлеуді талап ету құқықтары жатады. Әр міндеттемеге сәйкес келетін қарсы құқық бар. Сатып алушының шартпен бекітілген міндеттемелері сатушының басқа да құқығы барын ескереді.

Сатып алушының негізгі міндеті  тауарды қабылдап алу және ақысын төлеуі болып табылады. Сатып алушының тауарды қабылдауы, ол жағынан тауарды  беру және алу үшін қажетті шараларды қамтиды. Бірінші кезекте сатып алушы тауарды қабылдап алу үшін алдын-ала жағдай жасауы қажет. Тауар тасымалдануға тиісті болса, сатып алушы жүкіт тиеп жіберу үшін қажетті мәліметтерді сатушыға хабарлауға міндетті (егер тауарды сатушы жеткізетін болса). Ал, кейбір жағдайда сатып алушы тауарды өндірістен немесе сатушының қоймасынан алып кетуді ұйымдастыруы қажет. Бұл шара сатып алушы сатушының тауарды сақтайтын жерін білген кезде қолданылуы керек. Осы ереже халықаралық сауда саттықта кең қолданылады және Біріккен Ұлттар Ұйымының 1980 жылғы Тауарды халықаралық сатып алу-сату шарттары туралы "Конвенциясының 31-бабы б "тармағымен қарастырылған. Ол қазіргі жағдайда біздің кәсіпкерлердің ішкі қатынастарында да жиі қолданылып жүр. Сауда терминдерін талқылаудың халықаралық ережелерінде (Инкотермс) бекітілген іскерлік айналым әдет ғұрыптары осыған Е "байланысты ЕХ тобы ұсынған, мысалы, works (зауыттан), бұл ретте сатушы тауарды сатып алушыға өзінің қоймасынан табыс етеді. Егер жағдайлары қарастырылса (олардың қатарына ҒSА, ҒАS және ҒОВ жағдайлары кіреді), онда сатушы өнімді сатып алуды ұсынған тасымалдаушыға өзі әкеліп беруге міндетті.

Өнімді қабылдап алу шарттары заңнама  бекіткен нормалармен анықталуы  мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің қаулысымен 1994 жылы 9 қарашада бекітілген: Өнімді саны мен сапасына қарай қабылдап алу "нұсқауы.[15] Ол тауар жеткізілімі және тасымалдау шарттарын орындау кезінде қолданылады. Қабылдаудың ережелерін біз содан сои толығырақ қараймыз. Заңнамамен қатар қабылдау тәртібі тікелей шарттың өзімен де бекітілуі мүмкін. Ал егер де соған қатысты не заңнамалық не шарттық талаптар болмаса, сатушы тауарды беру және алу үшін әдетте керек болатын әрекеттерді жасайды.

Сатып алушы шартты бұзып затты  қабылдамаса, сатушыға оның затты қабылдауын талап етуге, болмаса шартты орындаушыдан бас тартуына болады. Сатушы сатып алушының іс-әрекеті нәтижесінде болған шығынын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 349-бабы 2-тармағы, 350-бабы бойынша өндіріп алуға құқылы.

Сатылатын тауарлар олар ретінде нотариат куәландыруды немесе мемлекеттік тіркеуді талап ететін шарттарды рәсімдеуі талап етсе, тауарға меншік құқығы пайда болуы  шартта нотариат куәландыруымен немесе мемлекеттік тіркеумен анықталады (ҚР АК 238-бабы 2-тармақ). Осымен бірге сатып алушыға тәуекелде ауысады.

Тауар жолда болу кезінде ол қайта  сатылса, іскерлік айналым әдет-ғұрыптармен  өзгешелік қарастырылмаса сол тауарға  қатысты кездейсоқ жойылу әлде кездейсоқ  бүлініп қаупі (тәуекелі) сатып алушыға  сатып алу-сату шарты жасалған сәттен өтеді. [16]

 

 

 

 

2.  САТЫП  АЛУ-САТУ ШАРТЫНЫҢ  ЖЕКЕЛЕГЕН  ТҮРЛЕРІ 

 

2.1 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты

 

Тауар сату жөніндегі  кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушыға  кәсiпкерлiк қызметке байланысты емес, әдетте жеке өзiне, отбасында, үйiнде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды беруге мiндеттенедi.  
      Бөлшектеп сатып алу-сату шарты жария болып табылады (осы Кодекстiң 387-бабы).      

 Егер заң актiлерiнде  немесе бөлшектеп сатып алу-сату шартында, соның iшiнде сатып алушы қосылатын (осы Кодекстiң 389-бабы) формулярлардың немесе өзге де стандарттық нысандардың талаптарында өзгеше белгiленбесе, сатушы сатып алушыға касса немесе тауар чегiн немесе тауарға ақы төленгенiн растайтын өзге де құжатты берген кезден бастап бөлшектеп сатып алу-сату шарты тиiстi нысанда жасалған болып есептеледi. Аталған құжаттардың сатып алушыда болмауы оны шарттың жасалғандығын және оның талаптарын растайтын куәлiк айғақтарға сүйену мүмкiндiгiнен айырмайды.

Тауардың көпшiлiкке  арналған офертасы. Тауарларды көруге қою, олардың үлгiлерiн көрсету немесе тауарлар сатылатын жерде сатылатын тауарлар туралы мәлiметтер (сипаттамалар, каталогтар, фотосуреттер және т.б.) беру, сатушы тиістi тауарлардың сатуға арналмағандығын айқын көрсеткен жағдайларды қоспағанда, бағаның және сатып алу-сату шартының басқа да елеулі талаптарының көрсетілгенiне қарамастан, көпшiлiкке арналған оферта болып танылады [6, 133 б].

Тауардың оның жарнамасында, каталогтарында, сондай-ақ тауар сатылмайтын жерлерде тауардың беймәлім адамдар тобына арналған және тауардың сатып алу-сату шартының елеулi талаптары болмаған басқа да сипаттамаларында көрсетiлген ұсынымы көпшiлiкке арналған оферта деп танылмайды.

Сатып алушыға тауар  туралы ақпарат беру. Сатушы сатуға ұсынылатын тауар туралы сатып алушыға қажетті және анық ақпарат беруге мiндеттi. Бұл ақпарат заң актiлерiнде белгiленген талаптарға және әдетте бөлшек саудада осындай ақпарат берудiң мазмұны мен әдiсiне қойылатын талаптарға сәйкес болуға тиiс.

Сатып алушы шарт жасалғанға дейiн, егер бұған тауардың сипатына байланысты тыйым салынбаса және бөлшек саудада  қабылданған ережелерге қайшы келмесе, тауарды көруге, өзiнiң қатысуымен тауардың қасиеттерiн тексерудi немесе оның пайдаланылуын көрсетудi талап етуге құқылы.  
       Сатып алушыға тауар туралы тиісті ақпарат алуға мүмкіндік бермеген сатушы тауардың оны сатып алушыға бергеннен кейін пайда болған, сатып алушы өзiнде ақпараттың болмауына байланысты туындағанын дәлелдеген кемшiлiктерi үшiн де жауап бередi.

 

Сатып алушының тауарды  белгiлi бiр мерзiмде қабылдап алуы туралы талап қойылған шарт     

1. Тараптар сатып алушының  тауарды шартта белгiленген мерзiмде  қабылдап алуы туралы талап  қойылған шарт жасасуы мүмкiн,  осы мерзiм iшiнде тауарды басқа сатып алушыға сатуға болмайды.      

2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, сатып алушының келмей қалуын  немесе шартта белгiленген мерзiмде  тауарды қабылдап алу үшiн өзге  де қажеттi әрекеттер жасалмауын  сатушы сатып алушының шартты  орындаудан бас тартуы ретiнде қарастыруы мүмкiн.      

3. Шартта белгiленген мерзiмде  сатып алушыға тауар берудi  қамтамасыз ету жөнiндегi сатушының  қосымша шығындары, егер заң  актiлерiнде немесе шартта өзгеше  көзделмесе, тауардың бағасына енгiзiледi.

Тауарларды  үлгiлерi бойынша сату.

1. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты  сатып алушының сатушы ұсынған  тауар үлгiсімен (оның сипаттамасымен, тауарлар каталогымен және т.б.) танысуы негiзiнде жасалуы мүмкiн.

2. Егер заң актiлерiнде немесе  шартта өзгеше көзделмесе, шартта  көрсетiлген жерге тауар жеткiзiлген кезден бастап, ал егер шартта тауар беретін орын белгіленбесе, азаматтың тұрғылықты жері немесе заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша сатып алушыға тауар жеткiзiлген кезден бастап шарт орындалған болып есептеледi.

3. Сатушы шартты орындау жөнiнде әрекет жасалуына байланысты қисынды шығындарды өтеген жағдайда сатып алушы тауар берiлгенге дейiн шартты орындаудан бас тартуға құқылы.

Автоматтарды пайдалана  отырып тауар сату     

1. Тауар сату автоматтарды  пайдалана отырып жүргiзiлген  жағдайларда автоматтардың иесi  сатып алушыларға тауар туралы (атауы, саны, бір тауардың бағасы  және т.б.), автоматқа орналастыру  арқылы тауардың сатушысы туралы  ақпарат жеткiзуге немесе сатып  алушыларға сатушының атауы (фирмалық атауы), оның орналасқан жерi, жұмыс режимi, сондай-ақ сатып алушының тауар алу үшiн жасайтын қажеттi әрекеттерi туралы өзге де әдiстермен мәлiметтер беруге мiндеттi [7, 231 б].

  1. Сатып алушы тауар алуға қажеттi әрекеттер жасаған кезден бастап шарт жасалған болып есептеледi.

Егер сатып алушыға  ақысы төленген тауар берiлмесе, сатушы тауардың сатып алушыға дереу  берiлуiн немесе оның сатып алушының сол тауар үшiн төлеген ақша сомасының қайтарылуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сатып алушыға тауар жеткiзiп беру туралы талап қойылатын шарт     

Сатып алушыға тауар жеткiзiп  беру туралы талап қойылып шарт жасалған жағдайларда сатушы тауарды сатып  алушы көрсеткен жерге шартта белгіленген мерзімде жеткізіп беруге міндетті.    

2. Егер заң актілерінде, шартта өзгеше көзделмесе немесе ол міндеттеменің мәнінен туындамаса, сатып алушыға, ал ол болмаған кезде - шарттың жасалғандығын немесе тауарды жеткізіп берудің ресімделуін куәландыратын түбіртекті немесе өзге бір құжатты көрсеткен кез келген адамға тауар табыс етілген кезден бастап сатушы шартты орындады деп есептеледі.

Тауардың бағасы және оған ақы төлеу     

1. Егер заң актілерінде  өзгеше көзделмесе немесе ол  міндеттеменің мәнінен туындамаса, сатып алушы шарт жасасу кезінде  сатушы жариялаған баға бойынша тауарға ақы төлеуге міндетті.  
      2. Шартта тауарға алдын ала ақы төлеу (осы Кодекстің 440-бабы) көзделген жағдайларда сатып алушының шартта белгіленген мерзімде тауарға ақы төлемеуі, егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, сатып алушының шартты орындаудан бас тартқаны деп танылады.  
      3. Тауарларды кредитке бөлшектеп сатып алу-сату, соның ішінде сатып алушының тауарларға төлемді бөліп-бөліп төлеу талабы қойылған шартына осы Кодекстің 441-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген ережелер қолданылмауға тиіс.  
      4. Сатып алушы тауарға ақыны бөліп-бөліп төлеудің шартта белгіленген кезеңі шегінде тауарға кез келген уақытта толық төлем жасауға құқылы.      

Сапасы лайықты тауарды  алмастыру     

1. Сатып алушы азық-түлікке жатпайтын тауар өзіне берілген кезден бастап он төрт күн ішінде, егер сатушы неғұрлым ұзақ мерзім жарияламаған болса, сатып алынған тауарды сату орнында немесе сатушы хабарлаған өзге де орындарда бағасында айырма болған жағдайда сатушымен қажетті қайта есеп айырыса отырып, мөлшері, нысаны, ауқымы, пішіні, түсі, жинақтылығы және т.б. бойынша соған ұқсас тауармен алмастырып алуға құқылы.  
      2. Сатушыда алмастыруға қажетті тауар болмаған жағдайда сатып алушы сатып алынған тауарды сатушыға қайтарып беруге және оған төленген ақша сомасын алуға құқылы.      

3. Егер тауар пайдаланылмай,  оның тұтыну қасиеттері сақталса  және оның сол сатушыдан сатып  алынғандығына дәлелдер болса,  сатып алушының тауарды алмастыру  немесе оны қайтару туралы  талаптары қанағаттандырылуға тиіс.  
      4. Осы бапта аталған негiздемелер бойынша алмастырылуға немесе қайтарылуға жатпайтын тауарлардың тiзбесi заңдарда белгiленген тәртiппен айқындалады.

 

2.2   Тауар  жеткізілімі шарты және келісімшарт  жасасу шарты

 

Тауар жеткізілімі  шартының ұғымы. Тауар жеткізілімі шарты бойынша кәсіпкер болып табылатын сатушы (тауар беруші) сатып алушыға өзі өндіретін немесе  сатып алатын тауарларды кәсіпкерлік қызметке немесе жеке  өзіне, отбасына, үй ішіне және сол сияқты өзге де пайдалану  байланысты емес өзге мақсаттарға пайдалану үшін келісілген мерзімде немесе мерзімдерде беруге міндеттенеді.                  

Тауар жеткізілімі шартының бөлшектеп сатып алу-сату шарттарынан  және қарапайым саттық (тұрмыстық) сатып  алу  сату шарттарынан түбегейлі  айырмашылығы бар. Тауар жеткізілімі шарты тауарлы-материалдық құндылықтарды экономика  кезкелген   салаларында   үлестіруге    (қайта   үлестіруге  мүмкіншілік  береді. Бұрын бұл шартқа жасанды түрде әкімшілік –жоспарлау мінез берілетін. Жеке заңнамалық шешімдер оны сатып алу-сату  шартының бөлек түрі ретінде қарастыруға әкелді. Осының  нәтижесінде тауар жеткізілімі шарты  әкімшілік- жоспарлы болып танылмайды.

Алайда оның функциялары  сол күйінде қалады. Өндірістің  жекелеген салаларын      орталықтандыру   күшеюіне   байланысты   оның      басқа  сатып  алу-сату шарттарынан  айырмашылығы  өсе  түседі.

Тауар жеткізілімі шарты  нарық субъектілеріне өндірілген, импортталған, экспортталған өнімдерді кез-келген бағытта тарату  мүмкіндігіне ие қылады. Оның көмегі арқылы өндіріс құралдары. өндіріске, қажет басқа тауар алынады, тауарлардың жекелеген топтары өндірушіден бөлшектеп сатушыларға дейін күйеленген нарық инфраструктурасына ауысады.

Тауар жеткізілімі шартының елеулі айырмашылықтарының бірі одан туындайтын құқықтық қатынастар ұзаққа созылатын болып келеді. Осыған байланысты ұзақ мерзімдер бойы шарт тараптары өнімді тиеп жіберіп, алып тұрады, тауар жеткізілімін жүзеге асыру үшін қажетті көптеген ұйымдық құқықтық шараларды қолданады.

Тауар жеткізілімі шартын құқықтық реттеудің қайнар көздеріне тікелей Азаматтық кодекс нормалары жатады. Олармен қатар маусымындағы № 536-қаулысы, Қазақстан Республикасының министрлер кабинетінің 1993 жылғы 8 шілдедегі № 481-түзету және қосымша енгізген қаулысы жұмыс істейді.

Информация о работе Сатып алу сату шарты турлери