Сатып алу сату шарты турлери

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2013 в 15:07, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған 2008 жылғы «Қазақстан Республикасының басты міндеті – халықтың әл – ауқатын арттыру» атты Жолдауында «Құқық қолдану және құқық тәжірибесін нығайту» бөлімінде: ашық, демократиялық қоғамның іргетасын дәйекті нығайта отырып, біз демократия мен құқық тәртібі –ажырағысыз ұғымдар екенін, бірінсіз бірі өмір сүре алмайтынын есте сақтауымыз керек. Сондықтан да азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын пәрменді жүйе қажет, сондықтан негізгі міндет - өзіне тән ұлттық бірегейлігі мен әлеуметтік әділеттілігімен бірге бүкіл халықтың экономикалық жағдайымен тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды құру» деп көрсеткендей анықталатын, Қазақстан Республикасының саяси жүйесіндегі күрделі өзгерістерді құрумен байланыстырды.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1. САТЫП АЛУ-САТУДЫҢ ШАРТЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

1.1 Сатып алу-сату шартының ұғымы, пәні және элементтері...........................5
1.2 Сатып алу-сату шартының тараптары және олардың жауапкершіліктері.................................................................................................12

2. САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ

2.1 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты
2.2 Тауар жеткізілімі шарты және келісімшарт жасасу шарты........................15
2.3 Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты ...........................................................22
2.4 Энергиямен жабдықтау шарты .....................................................................24

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:...........................................30

Работа содержит 1 файл

Сатып алу-сату шарты Қыдырова Әсел.doc

— 217.00 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің тасымалдау туралы нормалары тасымал қатынасының барлығында қолданылады. Ал, егер тауар мемлекет қажеті үшін тасымалданса, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Мемлекеттік сатып алу туралы " Заңы мен оны орындауға арналған зандастырылған нормативті актілері бар. [17]

Тауар жеткізілімі  шартының жасау тәртібі және нысаны.  Тауар жеткізілімі шартының жасау тәртібі өзгешелігі болып табылады. Шарттың жобасын алған 20 күннің ішінде оны тарап, шарттың бір данасын екінші тарапқа береді. Тараптар шарттың жекелеген жағдайлары бойынша келіспеушілер пайда болған жағдайда шарт жасауды ұсынған және басқа тараптан  осы жағдайлар бойынша келісу туралы ұсыныс (келіспеушілікгер хаттамасын) алған тарап осы ұсынысты алған күннен  бастап отыз күн ішінде, егер өзге мерзім тараптармсн келісілген  болса, шарттың тиісті талаптарын келісу жөнінде шаралар қолдануға не басқа тарапты оны жасаудан бас тарту туралы  жазбаша турде хабарландыруға тиіс.                                         

Сонымен, акцентантпен қойылған ұсыныстарға жауап беру  мерзімі көбею жағынан қарастырылады. Өнім тапсыру туралы ереже бойынша ол 10 күнді қүрайды). Алғашқы оферентті шарт жасауға еріксіз көндіруге жол берілмейді онім тапсыру туралы ереже бойынша сатушының (өндірушінің ) шарт жасаудан  тартқан немесе келіспеген жағдайларға байланысты сұрақтарды  және келіспеушілікгерді шешу үшін сот тәртібі қарастырылған еді. Заңнамадағы осы шешім де азаматтық құқықтағы шартты еркіндігі қағидатының күшеюіне мүмкіншілік береді деп айта аламыз.                                                                                     

Тауар жеткізілімі  шартының нысаны-жазбаша. Шартты  жасау, өзгерту, бұзу немесе оның мерзімін ұзарту тараптары қойған келісім немесе хаттар, факстар, телеграммалар, телетайпрограммалар, радиограммалар арқылы жасалады.       

Тауар жеткізілімі шартында шарттың заты мен берілетін тауарлардың  санын анықтайтын жағдайларынан  басқа жеткізілетін тауарлардың  номенклатурасын (түр-түрін) бағасын  анықтайтын, жеткізу өнімнің сапасының жағдайлары да бекітілуі керек. Егер шартта осындай жағдайлар көзделмесе, екі тараптың біреуінің талабы бойынша шарт жасалмаған деп есептелінуі мүмкін. Осыған байланысты осы айтылған барлық жағдайлар тауар жеткізілмі шартының міндетті жағдайларына жатқызды

Шарттың қосымша жағдайлары болып өнімнің жеткізу тәртібі  мен мерзімдері, есеп айырысу тәртібі, шарттың қолданылды мерзімі, жыл  сайынғы спецификациялар туралы келісу тәртібі (ұзақ мерзімді шарттар  жасалған кезде). Олар қосымша жағдай болып аталғанға қарамастан, олардың әні басқа шарттарда қосымша жағдайларының әнінен шексіз биік. Олардың жоқ болуы даудың пайда болуына мүмкіндік береді, ал бұл шарттар тараптардың құқықтарының орындалуына кедергі жасайды. Тауар жеткізілімі шартында басқа да қосымша жағдайлар көзделуі мүмкін.                                                                               

Тауар жеткізілімі шарты  әрбір мерзімге жасалады: ай, тоқсан және басқа да ұзақ мерзімге.                                             

Егер шартта оның қолданылу мерзімі белгіленбесе және ол міндеттеменің мәнінен туындамаса, шарт бір жылға жасалған деп танылады. Бір жылдан астам мерзімге жасалған шарт ұзақ мерзімді деп аталады. Ұзақ мерзімді және бірқатар қысқа мерзімді шарттар бір субъектілер арасында жасалса, олар маңызы  жоғарғы нәтижелерге  әкеп соғады. Үзіліссіз екі жыл көлемінде және одан да  көп жылдарда күші бар шаруашылық байланыстар және одан мерзімді деп аталады және оны тауар беруші (өндіруші) нақты тәртіппен бұзуға құқығы жоқ. Осы тәртіп Қазақстан Республикасында орналасқан өндірушілермен (тауар берушілермен)   және ұзақ түрде орнатылған шаруашылық байланыстарға колданылады.

Шарттың жағдайларының  бәрін оның жүргізу кезеңдерінде алуға болады. Кейбір жағдайларда, ұзақ мерзімді шарттарда олар күнтізбелік жылға немесе одан да ұзақ, бірақ шарттар салған жалпы мерзімнен аз мерзімге келісіледі. Егер ұзақ мерзімді шартта берілуге тиіс тауардың саны немесе өзге де шарт талаптары бір жылға немесе барынша ұзақ мерзімге белгіленсе, шарттың қолданылу мерзімі біткенге дейін кейінгі кезендерге «жағдайлар бойынша тараптардың келісу тәртібі белгіленуге тиіс. Шартта келісу тәртібі болмаған жағдайда шарт тиісінше бір жылға немесе шарт талаптары келісілген ұзақ мерзімгс жасалған болып табылады.

Тауар жеткізілімі шартының элементтері. Тауар жеткізілімі шартының тараптары болып  кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын субъектілер болып келеді. Сатушы тауар беруші жағында тауар жеткізілімі шартында ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан әрбір коммерциялық заңды тұлғалар және заңды тұлға құрамаған  жеке мен ұжымдық кәсіпкерлер қатысады.

Тауар беруші коммерциялық емес заңды тұлға да бола алады. Ол өз қызметін коммерциялық емес заңды тұлғаның бір немесе өзге түрі үшін рұқсат етілген кәсіпкерлік қызмет шегінде жүргізеді. Сатып алушы болып тауарды өзіне (күнделікті) пайдалануға байланысты емес мақсатта алатын кез-келген субъектілер табылады. Мемлекет тауар жеткізілімі қатынастарында сатып алушы ретінде ғана қатыса алады.

Азаматтық айналымнан алынбаған  заттар тауар жеткізілімі шартының пәні болады. Тауар жеткізілімі шарты кейбір жағдайларда азаматтық айналымда шектелген мүлікті өтеулі түрде өткізуді көздейді. Қару-жарақ және айналымнан алынған басқа мүліктердің жеткізілуі азаматтық-құқықтық нормаларымен емес басқа құқықтық тетігімен реттеледі. Тауар жеткізілімінің пәні болып табылатын заттар тектік белгілерімен айқындалуы мүмкін , бірақ шарт орындалған кезінде олар басқа тауарлық массадан бөлініп жеке сипаттар арқылы анықталатын мүлікке (заттарға) теңестіріледі. Шарт пәні заты алғашқы шарт жасасқан кезде жеке сипаттарымен айқындалатын зат бола алады.              

Азаматтық құқықтық нормалары  тауар жеткізілімін қатынастардың  белгіленген кезінде, жалпы емес, ал арнайы сипаттауына жатады, тауар  жеткізілімін мәніне қарай айтуға болады  тауар жеткізілімі шартының пәні заттан басқа, мүліктік құқық  және азаматтық құқықтың объектілері бола алмайды.             

Тараптардың құқықтары  мен міндеттері. Сатушы тауарды берумен бірге сатып алушыға оның керек-жарақтарын, сондай ақ соған қатысты құжаттарды, келісілген көлемінде, түр-түрі  және жиынтықтылығына (жиынтығы) сәйкес, бекітілген сапасына  үшінші тұлғалардың кезкелген құқықтарынан тыс ыдысқа салып және (немесе) буып-түйіп беруге міндетті.

Сатушы шартта бекітілген өнімнің (тауардың) санын беру  міндетті, яғни тауар жеткізілімі шартында тауардың санының жалпы ережелері толық қолданылады. Жеткізілетін өнімнің саны жүк  тиеу вагондарының, контейнерлердің орнының санына байланысты шартты есептелуі мүмкін. Жеткізілетін өнімнің  саны белгіленгенде таразылаудың, өлшеудің туралығы байланысты тәжірибелік қиындықтар бар болып келеді. Үлкен  санында аз емес килограмдар ал кейбір кезде өнімнің тонналап жеткізілмейді немесе тауарлар санына сәйкес қабылдаған жағдайда, жүк тасымалдау құжаттарында белгіленген тауардым саны және сатып алушы алған тауарлардың саны араларында айырмашылық орын алады.                                                         

Сатушы шартпен келісілген өнім көлемін беруге байланысты міндетін қандай мөлшерде орындаған бағалағанда, табиғи азаюының, құрғап кетуінің және ұқсас жоғалуларын есепке алу үшін  бағытталған түзету коэффициенттерін қолданады. Жеткізілген тауардың көлеміндегі мүмкін болатын өзгерістер шартты  өзінде қарастырылуына болады. Басқа шешім, өткізілетін тауалар көлемін анықтаудың туралытын жоғарылатуда.                  

Тауар жеткізілімінің жекелеген  кезеңінде тауардың жетіспеуіне  жол берген тауар беруші жетіспейтін  тауарлар санын егер шартта өзгеше көзделмесе, шарттың қолданылу мерзіміндегі келесі кезеңде (кезевдерде) орнын толтыруға міндетті. Ұзақ мерзімді шарт бойынша жекелеген тауар жеткізілімі кеңінде кем берілген тауарлардың саны, егер шартта өзгеше көз- делмесе, тауарлардың жетіспеуіне жол берілген жыл ішіндегі келесі кезеңде (кезеңдерде) сатушымен (тауар берушімен) орнын толтырылуға тиіс (соған жол беріледі).                                      

Жеткізілетін   өнімнің   сапасы  стандарттарға,   техникалық       жағдайларға, үлгілерге, техникалық бейнелеуге немесе шарттың жағдайына сәйкес болуы керек. Тараптар шартта жеткізілетін  сапасына қойылатын талаптарды анықтауы керек. Егер '"шарттарда немесе техникалық жағдайларда кепілдік мерзімі бекітілмесе,  олар шартта анықталуы мүмкін.  Стандартпен немесе техникалық жағдайлармен қамтылғанга қарағанда, тараптар кепілдік мермізді көп ұзақты етіп орнатулары мүмкін. Жеткізілетін тауарлардың көлемі елеулі болғандығын, сапасыз тауарды берген жағдайларда сатып алушының құқықтарына байланысты Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 428-бабының барлық ережелерін пайдалану қолайсыз, бірақ, жағдайға байланысты олар тауар жеткізілімінің қатынастарына қарай жеке бөлшектеріне немесе элементтеріне пайдалануы мүмкін. [18]

Келісімшарт жасасу шарты. Келісімшарт жасасу шарты бойынша ауыл шаруашылық өнімін өндіруші өзі өсірген (өндірген) ауыл шаруашылық өнімін-ұқсату немесе сату үшін осындай өнімді сатып алуды жүзеге асыратын дайындаушы тұлғаға беруге міндеттенеді, ал дайындаушы оны қа-былдауға және ол үшін төлеуге міндеттенеді. Келісімшарт жасасу шарттың заңнамалық түсінігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 478-бабында берілген.

Келісімшарт жасасу шарты, тауар жеткізілім шартындай сипатталады, яғни ауыл шаруашылық өнімін дайындаушыға кәсіпкерлік қызметінің жүзеге асырылуы негізінде беріледі, сондықтан келісімшарт жасасу шарты өзінің сипаттамаларымен тауар жеткізілімі шартына жақын. Қазіргі жағдайларда ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірушілері оны бөлшек сауда жүйесі арқылы сирек өткізеді және өнімді өз бетімен қайта өңдеумен көбінесе шұғылданбайды. Оған себеп, көп нарық субъектілерінің мамандыруыньң деңгейі жоғарыланып кетті. Ауыл шаруашылық өндіруші өзіне танымал емес өзінің бағалымдары бар, онда «мен ұсынымның ара қатысы ұдайы өзгеріп тұратын, бәсекелік күрес дамыған сауда-саттық қызмет сапасында жағдайда болып қалуы мүмкін. Жөнге салынған сату жоғары, нарықты зерттеуді өткізу керек. Агрокәсіптік кешеншінің және жеке ауыл тауар өндірушілердің өте нашар жағдайда болғандықтан ол мүмкін емес, өнімді өтеуге және жинауға  жетпейді. [19]                                                                    

Келісімшарт жасасу шартының элементтері. Келісімшарт жасасу шартының тараптары ретінде, сатушы (өнім өндіруші) және өнім дайындаушы (контракт) болып, көбінесе кәсіпкерлер әрекет етеді. Кейбір жағдайларда, келісімшарт жасасу қатынастарында өкілетті органдар арқылы мемлекет те  қатыса алады.

Министрліктер, ведомстволар, мемлекеттік комитеттер ішкі қажеттіліктерің   қанағаттандыру   үшін   мемлекеттік   сатып   алу   арқылы   контрактанттар   бола   алады.   Жеке   тұлғаны  жағдайы  болмаса,  ол  контрактант  бола  алмайды.

Коммерциялық заңды  тұлғалардың құқық қабілеттілігі  арнайы емес, жалпы мінезде болып  келгесін, коммерциялық тұлғаның оның бөлімшелерінің бірі өсірген өнімді сатқаны жарғылық мақсаттарына қайшылық ретінде қаралмауы керек.

 

2.3  Кәсіпорынды  сатып алу-сату шарты 

 

Кәсіпорынды сатып алу-сату шартының түрі болып табылады. Оның мазмұнының ерекшелігі кәсіпорынның мүліктік кешен ретіндегі ерекшеліктеріне  байланысты болып (оған негізделіп) келеді. Кәсіпорынды сату тәртібі Қазақстан Республикасы АК 493-500-баптарында белгіленеді, одан басқа кәсіпорындарды сату қатынастарына жекешелендіру туралы заңнама қолданылады. Қазақстанда Жекешелендіру туралы Қазақстан Рес-публикасы Президентінің (заң күші бар) 23 желтоқсан, 1995 ж. Жарлығы және басқа да заңнама күшінде болып келеді. [20]

Кәсіпорын "түсінігі Қазақстан  Республикасының заңнамасында екі  мағынада қолданылады. Біріншіден, кәсіпорындар бұл мемлекет меншігі негізінде  құрылған заңды тұлғалар. Екіншіден, кәсіпорын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүліктік кешен, оның режимі ҚР АК 119-бабымен және өзге де заңнама нормаларымен анықталады. Айтылған азаматтық құқық объектісі заңды тұлғаның ұйымдастыру -құқықтық нысанасынан байланыссыз тұрмыс етуі мүмкін. Тіпті жеке, кәсіпкердің (заңды тұлғаны құрмай-ақ) кәсіпкерлік қызметті өзеге асыру үшін қолданатын мүлкі де кәсіпорын (мүліктік кешен) болып табылуы мүмкін.

Жекешелендіру объектілерін сату бойынша аукциондарды ұйымдастыру  және өткізу ережелеріндегі тәртіптеріне көз салса біз осыған растау таба аламыз. Аталмыш ережелерде жекешелендіру объектісі болып бірдей мемлекеттік кәсіпорын және мекеме (мүліктік кешендер) анықталған.

Біздің мақсатымызға азаматтық құқық объектісі ретінде  кәсіпорынды толық бағалау кірмейді. Оларға байланысты жасалатын шарттардың мазмұндарына әсерін тигізетін аспектілерін ғана қозғаймыз. Бірінші кезекте азаматтық құқық объектісі ретіндегі кәсіпорын құрамының күрделілігіне назар аударамыз. Сөзсіз, кәсіпорын бір күрделі зат есебінде азаматтық айналымды болады. Оған қатысты мәмілені жасау мүліктік кешен —кәсі-порынның барлық құрамдарының заңдық тағдырының өзгеруіне әкеліп соғады.

Сонымен қатар, осындай  кешенде бірлескен, мүліктің текті  құрамы, кәсіпорынды сату шарты мазмұнының ерекшелігінің бар екендігіне әсер етпеуі мүмкін емес. Сұрақты қиындатпай ескертейік, мысалы, затты және мүліктік құқықты  тәртібі оларға байланысты бірдей сатып алу-сату шарты жасалғанына қарамастан сәйкес келмеуі мүмкін. Кәсіпорын құрамына кіретін әрбір бөлек мүлікке тараптардың бөлек құқықтары мек міндеттері өзгешеленуі мүмкін. Сондықтан кәсіпорынды сату шартының мазмұнына да күрделі (полимерлік) болып келеді. Одан басқа кәсіпорын жылжымайтын мүлікке теңеледі. Осы себептен, оларға байланысты сатып алу-сату шарттары жылжымайтын мүліктің құқықтық тәртібі ескеріле отырып жасалады. Бұдан бұрын айтылғандай, республиканың азаматтық құқығын да жылжымайтын мүлікті сатып алу-сатуды тікелей реттейтін нормалар жоқ, сондықтан, кәсіпорынды сату шарттарын жасағанда осымен байланысты қиындықтар кездеседі. Талданылған құқықтық материалдың жаңалығы кәсіпорынды сатып алу шарты мазмұнын және барлық өзге ерекшеліктерін жан жақты зерттеуді талап етеді.

Кәсіпорынды сату шартынан басқа шарттарды айыру қажет. Солардың көмегі  арқылы  оған  басқа  құқықтар  бекітіледі. Мысалы: акцияларды сатып алған кезде акционерлік қоғамның мүліктің иесі ауыспайды, субъект (субъектілер) оларды алушы (алушылар) акционерлік қоғамның мүлігіне бақылау құқығына бола алады. 100 пайыз акцияларды сатып алған акционер акционерлік қоғамның құрылтайшысына теңестіріледі. Міндеттемелік құқықтар осы кездерде әр түрлі негіздерден пайда болады. Бірінші жағдайда, олар заңды тұлға құрылғаны салдарынан заңның тікелей нұсқауларына сәйкес пайда болады. Екінші жағдайда міндеттемелік құқықтар шаруашылық қызметтің (тиісті жолмен рәсімделген шарттардың) салдары.

Информация о работе Сатып алу сату шарты турлери