Мемлекеттік басқарудың нысандары мен тәсілдерінің ұғымы, және түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 08:32, курсовая работа

Описание работы

Қолданылып жүрген заңдарда «құқық қорғау органдары» деген ұғым жоқ. Практикада қалыптасқан және нормативтік құжаттар мен нормативтік емес сипаттағы әртүрлі құжаттарда қолданылатын бұл ұғым әдетте қылмыстарға және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізетін мемлекеттік органдар үшін жалпылама болып табылады.

Содержание

. Кіріспе
Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау
органдары туралы жалпы түсініктеме....................................................3-6
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазақстан Республикасының соттар..............................................6-18
Сот билігінің ұғымы.
Сот төрелігі және оның принциптері.
Сот жүйесінің негізгі буыны және орта буыны.
2. Сотта және аралық соттарда азаматтық істерді қарау
және шешу......................................................................................19-32
Азаматтық сот жүргізудің жалпы сипаттамасы.
Аралық сот қызметінің тәртібі және оның шаруашылық дауларды шешудегі рөлі.
ІІІ. Қорытынды.....................................................................................32-36
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................37

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау.docx

— 84.47 Кб (Скачать)

Конституция сотқа өз нормаларының өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету міндетін жүктейді. Сот ең алдымен Конституцияның орындалуын қамтамасыз етуге тиіс. Бұл міндетті сот әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырады. Маңызды тәсілдердін бірі - нақты қылмыстық, азаматтық және басқа істерді қараған кезде Конституция нормаларын тікелей қолдану болып табылады. Сот төрелігін жүзеге асырғанда қолданылып жүрген құқық нормаларының мәніне баға береді.

Конституциялық  бұл ереже соттарды іске қатысушы адамдардың сұрануы бойынша олардың  өз ана тілінде мәлімдемелер жасау, түсініктер мен куәліктер беру, сотта  сөз сөйлеуін қамтамасыз етуге міндеттейді.

Сот билігі Конституция, заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актілер, халықаралық шарттар негізінде туындайтын істер мен даулардың барлығына тарайды. Бұл конституциялық ереженің мәнісі - сотта арыз айту үшін қандай нормативтік құқықтық актілер заңдық негіз бола алады дегенді білдіреді. Бірінші орында Конституция тұрады, оның құқықтық нормалары біреудің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа арыз айтуына негіз бола алады. Сөйтіп Конституциядан туыңдайтын тиянақты нұсқау – оның нормаларында тікелей ықпал ететін күш болады, сондықтан соттар нақты істерді қарағанда сол нормаларды тікелей қолдана алады.

Сот билігі азаматтық, қылмыстық және сот жүргізудің заңда белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Өзге нысандарға, атап айтқанда, әкімшілік істер бойынша сот жүргізу жатады. Кейбір әкімшілік құқықтардың бұзылуы сотта қаралады. Соттың шешімдері, үкімдері, өзге де қаулылары, сондай-ақ олардың заңды бұйрықтары, талаптары, тапсырмалары және басқа үндеулері барлық мемлекеттік органдар үшін, барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар үшін, лауазымды тұлғалар, азаматтар, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар үшін орындауға міндетті болып саналады. Сот шешімдерін орындамау заңды бұзушылық және сотты құрметтемеушілік деп саналады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйымның лауазымды тұлғасы соттың үкімін немесе шешімін орындаудан бас тартқан жағдайда оған қылмыстық жауапкершілік белгіленген.

Конституция мемлекеттің бірыңғай сот жүйесі болуын көздейді. Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі Жоғаргы Сот пен жергілікті соттардан құралады. Жергілікті соттарға жататындар: заңмен құрылған облыстық және соларға теңестірілген соттар (Алматы қалалық соты, жауынгерлердің Әскери соты), аудандық (қалалық) соттар. Қандай атаумен болса да арнаулы және төтенше соттар құруға Конституция тыйым салады. 20-30-жылдары кеңес өкіметі арнаулы органдар құрып, оларға төтенше өкілеттіктер берген болатын. Конституцияға қарсы сондай органдар заңды асқан дөрекілікпен бұзып, жазықсыз адамдарды негізсіз жазаға тартты. Нақ осы сияқты құбылыстарды болғызбас үшін Конституция арнаулы және төтенше соттар құруға тыйым салады.

Бірақ бұл мамандандырылған соттар құруға болмайды деген сөз емес. Президенттің конституциялык заң күші бар «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы» Жарлығы мамандандырылған соттардың құрылуына жол береді. Шаруашылық, салық, отбасы, әкімшілік, сауда істері жөнінде, кәмелетке толмаған жастар ісі т.б. жөнінде мамандандырылған соттар құрылуы мүмкін.

Сот төрелігін  заңдарға сәйкестеп және заңдардың негізінде тек қана соттар жүзеге асырады. Ешқандай басқа орган, ешқандай басқа лауазымды тұлға соттың қызметін өз міндетіне ала алмайды. Сондай-ақ әркімнің өздігінен билеп-төстеуіне, өздігінен жаза қолдануына заңмен тыйым салынады. Сот төрелігін жүзеге асыру өкілеттігі тек қана судьяда болады. Сот лауазымына талапкер азаматтарда «мінсіз абырой» болуға тиіс. Бұл - моральдық сипаты бар және өте дұрыс талап. Өйткені судья әлдеқандай бір ұйымдастырушылық жұмыс атқарып жүрген мемлекет қызметшісі емес. Ол азаматтарға, органдар мен ұйымдарға заңды қолданғанда, олардың жағдайына, тағдырына қатысы бар мәселелерді шешеді. Сонымен қатар ол жеке бір мемлекеттік органның атынан емес, мемлекеттің атынан сөйлейді. Қазақстан Республикасында судьялар тәуелсіз және ауыстырылмайды. Судьялардың тәуелсіздігі мен ауыстырылмайтындығы мынадай сәттерден көрінеді. Сот төрелігін жүзеге асырғанда, яғни істерді қарағанда, судьялар тәуелсіз болады. Олар тек қана Конституция мен заңның ережелеріне, ңормаларына бағынуға тиіс. Сот төрелігін жүзеге асыруға ешкімнің араласуға және судьяға әлдеқандай бір ықпал етуге хақысы жоқ. Егер ондай қылықтар (судьяның ісіне араласу) байқалатын болса, онда кінәлі адам заң жолымен жауапкершілікке тартылады. Судья қаралған немесе қаралып жатқан істер жөнінде ешкімге ешқандай түсінік беруге міндетгі емес. Бірде-бір лауазымды тұлғаның белгілі бір шешім жөнінде судьядан түсінік талап етуге немесе нұсқау беруге хақысы жоқ. Судьяның сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі қызметі бұқаралық ақпарат құралдарының араласуынан да  қорғалады; сот төрелігін жүзеге асыру барысында олардың судьяға қысым жасауға, өздерінің хабарларында соттағы тергеу ісінің нәтижелері жөнінде жорамал айтуға немесе шешім не үкім заңды күшіне енгенге дейін өзге бір тәсілдермен сотқа ықпал жасауға хақылары жоқ.

Конституция судьяларға ешкімнің қол сұға алмайтынына кепілдік береді. Судьяны қамауға алуға, оны әкімшілік орындарына алып баруға, оған сот тәртібімен істелетін әкімшілік шараларды қолдануға болмайды. Президенттің келісімінсіз судьяны қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайды.

Жоғарғы соттың төрағасы, Жоғарғы соттың судьялары  Парламент Сенатының келісімінсіз қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Судьялар қылмыс үстінде ұсталса  немесе ауыр қылмыс жасаған болса, Президент пен Сенаттың келісімінсіз-ақ қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Судья жөніндегі қылмыстық істі тек кана Республиканың Бас прокуроры қозғай алады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Алексеев. Теория права. 1994.
  2. Закон РК. Алматы. 1999.
  3. Бекбергенова И.А. Правоохранительные системы. 2000.
  4. Булгакова Д.А. Заң әдебиеті. 2004.
  5. Давид Рене, Жорре-Спинози Камилла. Основные правовые системы современности. 198.
  6. Жолмухамбетов. Сот реформасы. Заман туралы. //Халық Кеңесі. 1993ж. 
  7. Излев Ю.В. Лошка для юристов. 2001.
  8. Кереев Д. Закон и правосудие. 2000.
  9. Кудрявцев. Социальные отношения. 1989.
  10. Мәдиев Қ. Сот әділдігі судьяға сый. 1996.
  11. Омарханұлы Қ. Сот үкімі қалай жазылуы керек? 1985.
  12. Омиров И. Заң. 2006.
  13. Пиголкина. Язык закона. 1990.
  14. Поздеев. Құқық пен қазылық тарихындағы тұлғалар. Алматы, 1996.
  15. Столяренко А.И. Юридическая педагогика. 2000.
  16. Шахвастова И. Защита прав граждан Казахстана. 2000.

 

 

 




Информация о работе Мемлекеттік басқарудың нысандары мен тәсілдерінің ұғымы, және түрлері