Мемлекеттік басқарудың нысандары мен тәсілдерінің ұғымы, және түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 08:32, курсовая работа

Описание работы

Қолданылып жүрген заңдарда «құқық қорғау органдары» деген ұғым жоқ. Практикада қалыптасқан және нормативтік құжаттар мен нормативтік емес сипаттағы әртүрлі құжаттарда қолданылатын бұл ұғым әдетте қылмыстарға және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізетін мемлекеттік органдар үшін жалпылама болып табылады.

Содержание

. Кіріспе
Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау
органдары туралы жалпы түсініктеме....................................................3-6
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазақстан Республикасының соттар..............................................6-18
Сот билігінің ұғымы.
Сот төрелігі және оның принциптері.
Сот жүйесінің негізгі буыны және орта буыны.
2. Сотта және аралық соттарда азаматтық істерді қарау
және шешу......................................................................................19-32
Азаматтық сот жүргізудің жалпы сипаттамасы.
Аралық сот қызметінің тәртібі және оның шаруашылық дауларды шешудегі рөлі.
ІІІ. Қорытынды.....................................................................................32-36
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................37

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау.docx

— 84.47 Кб (Скачать)

7. Сот  төрелігінің кінәсіздік презумпциясы принципін ерекше атап өту керек. Оның мәні адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Өздерінің құзыретіне және алдарына қойылған міндеттері мен мақсаттарына сәйкес орналасқан соттар жиынтығы сот жүйесін құрады. Қазақстан Республикасы Конституциясы 75-бабының 3 және 4 тармақтарына және "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы заңның 3-бабына сәйкес, республикадағы сот жүйесін Жоғарғы Сот және жергілікті соттар құрайды.

Жергілікті соттарға жататындар:

1) облыстық және соған теңестірілген соттар (Астана және республикалық мәні бар қалалардың соттары, әскерлердің Әскери соты);

2) аудандық (қалалық) соттар, біріккен күштердің (гарнизондардың, құрамалардың, армиялардың) әскери соттары.

Ешқандай  орган, лауазымды немесе өзге адам сот міндетін мойнына алуға хақысы жоқ. Қандай да бір атаумен арнаулы төтенше соттарды құруға жол берілмейді.

Республикада соттардың мамандандырылуы және осы мақсатпен: экономикалық, салықтық, әкімшілік және өзге де мамандандырылған соттардың құрылуы мүмкін.

Сот жүйесін  мынадай тұтастық сипаттайды:

сот төрелігінің конституциялық принциптері;

заңдарда  бекітілген сот ісін жүргізу нысандарында сот билігін жүзеге асыру;

соттардың бірыңғай заңдар қолдануы;

соттарды  құрудың тәртібі;

заңды күшіне енген сот шешімдерінің бүкіл Республика аумағында орындалу жүйесі;

барлық  соттарды республикалық бюджет есебінен қаржыландыру.

Сот жүйесін шартты түрде үш буынға бөлуге болады:

1) негізгі (аудандық, қалалық соттар, гарнизондардың, құрамалардың, армиялардың әскери соттары);

2) орта (облыстық  соттар, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың соттары, әскерлердің әскери соттары);

3) жоғары (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты). Сот буыны ұғымынан айыра қарауды қажет ететін сот инстанциясы ұғымы да бар. Сот жүйесінің буындары ұйымдық құрылым принциптерін сипаттайды, ал сот инстанциялары (бағыныштылық сатылары) шешілетін міндеттердің өзіндік ерекшелігін, өкілеттілік аумағы мен сипатын, сондай-ақ сот ісін жүргізудің соған тән ерекшеліктерін даралайды. Сот инстанциясы деген ұгымды сот істерін шешумен байланысты (істің мәні бойынша шешім қабылдау немесе осы шешімнің заңдылығы мен негізділігін тексеру) қандай да бір сот функциясын атқаратын сот деп түсінген жөн.

Бірінші инстанция соты деп қарайтын және сол іс бойынша нақты шешім қабылдайтын сотты айтады. Ондай сот аудандық, облыстық немесе Жоғарғы сот болуы мүмкін.

Екінші инстанция соты деп бірінші инстанция соты қабылдаған сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексеретін сотты айтады (апелляциялық инстанция).

Апелляциялық инстанция деп, бірінші инстанция сотының заңды күшіне енген үкімдеріне, шешімдеріне және қаулыларына апелляциялық шағымдар және наразылықтар бойынша істер қарайтын екінші инстанция сотын айтады.

Бұлардан басқа қадағалау инстанциясы бар - ол алдыңғы сот инстанцияларының заңды күшіне енген сот шешімдеріне шағымдар немесе прокурорлық наразылықтар бойынша қадағалау ретінде іс қарайтын сот.

Сот жүйесінде  сот төрелігін атқаруда негізгі салмақ негізгі буынға - аудандық (қалалық) және әскери соттарға түседі. Олар азаматтық және қылмыстық істердің көпшілігін, әкімшілік құқық бұзушылық материалдарын және басқаларын қарайды.

Мәселен олар заң бойынша жоғары тұрған соттардың қарауына жатқызылған істерді қоспағанда, бірінші инстанция бойынша қаралатын істердің бәрін қарайды.

Негізгі буынның соттары істерді жеке өзі қарайды.

Ауданда, қалада (ауданның бағынысындағы қалаларды қоспағанда) қалалық ауданда аудандық (қалалық) сотты сот әкімшілігі жөніндегі Комитеттің Жоғарғы Сот Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады және таратады. Президент бірнеше аудандарға және қалаларға бір сот құра алады. Аудандық соттарда сот учаскелер құрылуы мүмкін.

Аудандық (қалалық) сот төрағадан және тұрақты судьялардан тұрады. Егер штат бойынша ауданға (қалаға) бір ғана судья тиісті болса, ол сонымен қатар төрағаның (бірқұрамды сот) өкілеттігін де қоса атқарады. Судьялардың жалпы санын Президент ҚР-сы Жоғарғы Сотының жанындағы әкімшілігі жөніндегі комитеттің ұсынысы бойынша белгілейді. Сот учаскесінде судьялардың жұмысына аға судья басшылық етеді.

Аудандық (қалалық) соттың төрағасы судьяның және сот буыны басшысының міндеттерін қоса атқарады.

Аудандық  соттың төрағасы уақытша қызметте болмаған жағдайда, оның міндетін атқару осы сот төрағасының өкімімен осы сот судьяларының біріне жүктеледі (заңның 9 бабының 2 тармағы).

Судьялардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін аудандық сотта кеңсе құрылады, оның штат санын сот төрағасының келісімі бойынша облыс соттарының әкімшілігі белгілейді (заңның 7 бабының 2 тармағы). Бұлардан басқа облыс соттарының әкімшілігі тағайындайтын сот отырыстарының хатшылары, сот орындаушылары, сот приставтары сот қызметкерлері болып саналады.

Облыстық  соттар және оларға теңестірілген астананың және республикалық маңызы бар қалалардың соттары, Қазақстан Республикасы әскерлерінің Әскери соты орта буын соттары болып есептеледі. Олар бірінші, апелляциялық және қадағалау инстанцияларының соттары ретінде әрекет етеді, сонымен бірге, олар заңмен белгіленген жағдайларда, жаңадан ашылған жағдаяттар бойынша қылмыстық істерді қарайды.

Бірінші инстанция соты ретінде олар, мәселен, аса ауыр жағдайда кісі өлтіру, геноцид, мемлекетке опасыздық жасау, террорлық, баскесерлік, жаппай тәртіпсіздік туралы қылмыстық істерді, сондай-ақ өз қалаулары бойынша неғұрлым күрделі және маңызды азаматтық істерді қарайды.

Мұнымен қоса, орта буындағы соттар заңды тұлғалар арасындағы экономикалық дауларды қарайды.

Орта  буын соттары апелляциялық тәртіппен  қылмыстық және азаматтық істер бойынша шағымдар мен наразылықтарға байланысты негізгі буын соттары қараған істерді қарайды.

Бұл соттар қадағалау инстанциясы ретінде заңды күшіне енген сот қаулыларының заңдылығы мен негізділігін тексереді, жаңа ашылған жағдаяттар бойынша істерді қайта қарайды.

Мұнымен қоса, орта буын соттары сот статистикасын жүргізеді және талдайды, сот практикасын зерттейді, қорытындылайды, өзіне заңмен берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Орта  буын соттарын сот әкімшілігі жөніндегі Комитеттің ҚР-сы Жоғарғы Соты Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Республика Президенті құрады және таратады. Облыстық соттар судьяларының жалпы санын ҚР-ның Президенті бекітеді.

Орта  буын соттары төрағадан, сот алқасы төрағаларынан және судьялардан құралады. Қадағалау алқасы қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот алқалары соттың жалпы отырысы.

Облыстық  соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы мен қылмыстық істер жөніндегі алқасын - алқалар төрағалары, ал қадағалау алқасын сот төрағасы басқарады. Әрбір алқадағы судьялар саны сот төрағасының ұсынысы бойынша жалпы отырыста белгіленеді.

Қадағалау алқасы осы соттың жалпы отырысыңда жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшілік даусымен жыл сайын сайланатын судьяларынан тұрады.

Қадағалау алқасы шағымдар мен наразылықтар, сондай-ақ жаңа ашылған мән-жайлар бойынша қадағалау тәртібімен істер қарайды.

Орта  буынның сот төрағасы судья болып есептеледі және соттың жұмысын ұйымдастырады.

Орта  буын соттарының аппараттары негізгі буын соттарының аппараттарына ұқсас.

Жоғарғы сот – сот жүйесінің жоғары буыны болып табылады.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы юрисдикция соттарының қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген іс жүргізуді нысындарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелерін бойынша түсіндірмелер береді.

Жоғарғы сот төрағадан, сот алқалары төрағаларынан және судьялардан тұрады.

Жоғарғы соттың органдары:

1) Қадағалау алқасы;

2) азаматтық  істер жөніндегі алқа;

3) қылмыстық істер жөніндегі алқа;

4) соттың жалпы отырысы.

1) алқа  құрамының санын белгілейді және қадағалау алқасының құрамына судьялар сайлайды;

2) сот  практикасын зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша республика соттарының сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;

3) сот  практикасында заңдардың қолданылу мәселелері бойынша түсіндірмелер беретін нормативтік қаулылар қабылдайды;

4) Жоғарғы сот алқалары төрағаларының және уәкілетті орган басшысынын хабарламасын тыңдайды;

5) Қазақстан Республикасы Конституциясының 47-бабының 2 тармағында көзделген жағдайда қорытынды береді;

6) облыстық  сот төрағасы мен облыстық сот алқасының төрағасы мен судьясы қызметінің бос орнына кандидатураларды талқылайды және тиісінше қорытындылар береді;

7) Жоғаргы  Сот Төрағасының ұсынуы бойынша жалпы отырыс хатшысын және ғылыми-консультациялық кеңестің құралын бекітеді;

8) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Жалпы отырыс оған Жоғарғы Сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып табылады.

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы мен қылмыстық істер жөніндегі алқасын - алқа төрағалары, ал қадағалау алқасын Жоғарғы Соттың Төрағасы басқарады. Әр алқадағы судьялар саны Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысымен соттың жалпы отырысында белгіленеді. Қадағалау алқасы Жоғарғы Соттың отырысында жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшілік даусымен жыл сайын сайланатын судьяларынан тұрады. Азаматтық істер жөніндегі алқа және қылмыстық істер жөніндегі алқа соттың жалпы отырысында талқылағаннан кейін дербес құрамын Жоғарғы Сот Төрағасы белгілейтін судьялардан тұрады.

Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-консультативтік кеңес құрылады. Ол сот практикасының, Жоғарғы Сот Пленумы нормативтік қаулылары жобасының және өзге де құжаттардың практикасын зерттеу мен жинақтауға байланысты материалдарды дайындауды қамтамасыз етуге арналған кеңесші орган болып есептеледі.

Жоғарғы Соттың өз аппараты бар, ол консультанттарды, инспекторларды, сот алқаларының хатшыларын қамтитын бөлімдерден тұрады.

Судьялар  Қазақстан республикасында сот билігін жүзеге асырушылар болып табылады. Оларға конституциялық тәртіппен сот төрелігін атқару жөнінде кең өкілеттіктер берілген.

Судьялардың қызметі билік өкілеттіктерін іске асырумен байланысты болғандықтан, ол лауазым кандидаттарына жоғары талаптар қойылады. Мәселен, заң бойынша аудандық (қалалық) сотқа тек мыналар ғана судья бола алады:

Қазақстан Республикасының азаматтары:

атына кір  келтірмеген, беделді азаматтар;

25 жасқа толғандар;

заңгерлік жоғары білімі барлар;

заңгерлік мамандығы бойынша кемінде 2 жылдық стажы барлар;

біліктілік  емтиханын ойдағыдай тапсырғандар және әділет біліктілік алқасының ұсынымын алғандар.

Бұған қоса, мыналар жоғары тұрған соттың судьялары бола алады.

Мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс стажы бар, оның екі жылын әдеттегідей, әділет, прокуратура, анықтау және тергеу органдарында судья болып істеген заңгер;

біліктілік  емтиханын тапсырған және Жоғарғы Сот Кеңесінің ұсынымын алғандар.

Әскери соттың судьясы, сонымен қатар, әскери қызметкер болуға тиіс.

Жас мөлшері Конституцияға сәйкес белгіленеді және 60 жастан аспауы керек. Ерекше жағдайларда бұл мерзім 5 жылдан аспайтын уақытқа ұзартылуы мүмкін.

Жоғарғы Соттың, сот алқаларының төрағаларын және Жоғарғы Сот судьяларын Республика Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Президенттің ұсынуы бойынша Сенат сайлайды.

Облыстық  және оларға теңестірілген соттардың, сот алқаларының төрағаларын және осы соттардың судьяларын Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша Президент тағайындайды. Сот учаскелерінің төрағаларын, аға судьяларын және басқа соттардың судьяларын Президент тағайындайды.

Заң судьялар үшін белгілі шектеулер белгілейді. Мәселен, олардың мыналарға құқығы жоқ:

депутат болуға;

ғылыми-оқытушылық немесе өзге де шығармашылық қызметтерді есептемегенде, басқа ақылы қызмет атқаруға;

кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға;

коммерциялық  ұйымдардың басшы органының немесе бақылау кеңесінің құрамына енуге;

партия, кәсіптік одақтар мүшесі болуға;

қандай  да бір саяси партияны қолдауға немесе оған қарсы шығуға.

Судьяның  өкілеттігін тоқтата тұруды, оны қызметтен босатуды және тәртіптік жауапқа тартуды заң толық реттейді. Мұндайда баламалық қарастырылмайды. Осыған орай, әртүрлі оқуға және өзінше түсіндіруге жол бермеу мақсатында, бұл үшін қарастырылған барлық негіздер барынша айқын дәйектелген. Нормаларды рәсімдеудегі мұндай көзқарас судьялардың тәуелсіздік кепілдігін күшейте түседі.

Информация о работе Мемлекеттік басқарудың нысандары мен тәсілдерінің ұғымы, және түрлері