Мемлекеттік басқарудың нысандары мен тәсілдерінің ұғымы, және түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 08:32, курсовая работа

Описание работы

Қолданылып жүрген заңдарда «құқық қорғау органдары» деген ұғым жоқ. Практикада қалыптасқан және нормативтік құжаттар мен нормативтік емес сипаттағы әртүрлі құжаттарда қолданылатын бұл ұғым әдетте қылмыстарға және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізетін мемлекеттік органдар үшін жалпылама болып табылады.

Содержание

. Кіріспе
Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау
органдары туралы жалпы түсініктеме....................................................3-6
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазақстан Республикасының соттар..............................................6-18
Сот билігінің ұғымы.
Сот төрелігі және оның принциптері.
Сот жүйесінің негізгі буыны және орта буыны.
2. Сотта және аралық соттарда азаматтық істерді қарау
және шешу......................................................................................19-32
Азаматтық сот жүргізудің жалпы сипаттамасы.
Аралық сот қызметінің тәртібі және оның шаруашылық дауларды шешудегі рөлі.
ІІІ. Қорытынды.....................................................................................32-36
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................37

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау.docx

— 84.47 Кб (Скачать)

 

 

Жоспар

 

І. Кіріспе 

Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау

органдары туралы жалпы түсініктеме....................................................3-6

ІІ. Негізгі бөлім 

  1. Қазақстан Республикасының соттар..............................................6-18
    1. Сот билігінің ұғымы.

        Сот төрелігі және оның принциптері.

    • Сот жүйесінің негізгі буыны және орта буыны.
  1. Сотта және аралық соттарда азаматтық істерді қарау

      және шешу......................................................................................19-32

    • Азаматтық сот жүргізудің жалпы сипаттамасы.

    • Аралық сот қызметінің тәртібі және оның шаруашылық дауларды шешудегі рөлі.

ІІІ. Қорытынды.....................................................................................32-36

Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................37

 

Қолданылып  жүрген заңдарда «құқық қорғау органдары» деген ұғым жоқ. Практикада қалыптасқан және нормативтік құжаттар мен нормативтік емес сипаттағы әртүрлі құжаттарда қолданылатын бұл ұғым әдетте қылмыстарға және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізетін мемлекеттік органдар үшін жалпылама болып табылады.

Құқық қорғау қызметін құқық қатынастары субъектілерінің санасы мен мінез-құлқына заң жүзінде ықпал ету шараларының көмегімен құқықтық нормаларды сақтау және дұрыс қолдану жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде заңға және белгіленген рәсімге сәйкес жүзеге асырылатын қоғамдық-пайдалы қызмет деп сипаттауға болады.

Құқық қорғау қызметіне тән белгілер:

құқық қорғау міндетінің болуы;

құқық қатынастарының субъектілеріне ықпал етудің арнаулы заңдық шараларын қолдану;

заңмен қатаң түрде регламенттеу;

белгіленген рәсім-іс жүргізу тәртібі болып табылады.

Белгілерін негізге ала отырып, құқық қорғау қызметін басқа қызмет түрлерінен ажыратуға болады. Мысалы, республикалық «Барлау» қызметінің негізгі міндеті - еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сыртқы барлауды ұйымдастыру мен жүргізу, сондықтан оның құқық қорғау қызметінің бірқатар белгілері (заң негізінде қызметті қатаң регламенттеу, билік сипатындағы өкілеттік беру) болғанымен де, ол құқық қорғау органы емес.

Құқық қорғау қызметінің мақсаты - құқықпен міндетті қорғау олардың қолданылу пәрменділігін қамтамасыз ету, нормаларды сақтау және олардың сақталмағаны үшін жауапкершілік шараларын қолдану. Міндеттер айқындалған соң оның негізгі бағыттары (нысандары):

конституциялық  бақылау;

сот төрелігі;

прокурорлық қадағалау;

әділет органдарының қызметі;

қылмыстық қудалау;

адвокатура  органдарының қызметі болып бөлінеді.

Конституциялық бақылау елдің бүкіл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының барлық заңдардан, заңдарға тәуелді және өзге де нормативтік құқықтық актілерден үстемдігін қамтамасыз ету болып табылады. Оны Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жүзеге асырады.

Сот төрелігі құқық қорғау қызметі жүйесіндегі іргелі негіз болып табылады. Ол құқық туралы даулардың көпшілігін шешуді, көптеген заңдық мәселелерді анықтауды қамтамасыз етеді, көбінесе заң жүзіндегі жауапкершілік шараларын қолдауға байланысты мәселелерде соңғы саты болады. Мысалы, алдын ала тергеу органдарының қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауапқа тартуы тек сот органдарында ғана қисынды аяқталады. Лауазымды адамдар мен заңды тұлғалардың әрекеттеріне сотқа шағым беріліп, дау айтылуы мүмкін.

Прокурорлық қадағалау да құқық қорғау қызметінің маңызды нысаны, өйткені ол Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәл әрі бірыңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен алдын ала тергеудің, әкімшілік және атқарушы іс жүргізудің заңдылығына жоғары дәрежеде қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.

Әділет органдарының қызметін, сөз жоқ, құқық қорғау қызметіне жатқызу керек, өйткені бұл органдар құқықтық нормалардың қалыпты жұмыс істеу режимін сақтау жөніндегі міндетті жүзеге асырады, қылмыстық істер жөніндегі сот шешімдерін орындау мәселелерін шеше отырып, сот төрелігі міндеттерін іске асыруға тікелей жәрдемдеседі. Олардың жекелеген қызметтері, бөлімшелері азаматтық құқықтар мен фактілерді куәландырумен (нотариаттың жылжымайтын мүлік агенттігінің, АХАЖ мекемелерінің азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу, заң жөнінде ақылы қызмет көрсетуді жүзеге асыру құқығын лицезиялау) айналысады.

Қылмыстық қудалау құқық бұзушылықтың әлеуметтік ең қауіпті түрлері - қылмыстарға қарсы күреске багытталған. Ол қылмыстарды табу мен ашу, оларды жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеу және оларды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі шараларды жүзеге асырудан көрінеді.

Адвокатуралық қызметі көмек сұраған азаматтар мен ұйымдарды білікті заң көмегін көрсету жолымен құқықтық қорғауды қамтамасыз етуге тиіс, ондай көмек, мысалы, сотта азаматтық және өзге де істер бойынша олардын мүдделерін білдіру, негізсіз қылмыстық қудалаудан қорғау және т.б. арқылы көрінуі мүмкін.

Құқық қорғау кызметі белгілі бір дәрежеде барлық құқық қолдану субъектілеріне тән, бірақ ол біреулер үшін негізгі, басқалар үшін екінші дәрежелі қызмет болып табылады. Құқық пен қоғамдық қатынастардың тұрақтылығына мүдделі мемлекет құқық қорғау үстемдік ететін, кейде бірден-бір міндеті болатын органдарды арнайы құрады. Мысалы, прокуратура заңдардың дәл әрі бірыңғай қолданылуын жоғары дәрежеде қадағалауды, қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық қудалауды жүзеге асырады, сот органдарында мемлекеттің мүделлерін білдіреді. Ал құқық қорғау шараларына қатысатын басқа органдар, айталық, Парламент немесе Үкімет олар сияқты емес, өйткені олардың негізгі міндеттері тиісінше заң шығарушылық және атқарушылық болып табылады. Демек, құқықтық нормалардың сақталу мен дұрыс қолданылу жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде арнаулы өкілеттік берілген, құқық қорғау міндеттері басым болатын органдарды құқық қорғау органдары деп түсіну керек. Мәселен, Конституциялық Қеңесті, сотты, прокуратураны, юстицияны, адвокатураны, қылмыстық қудалау органдарын құқық қорғау органдары мен мекемелеріне жатқызуға болады.

Егер  алғашқы бес мекеме дербес, тәуелсіз құрамалар болса анықтауды және жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын қызметтердің көпшілігі өз кезегінде құқық қорғау шеңберіне сыймайтын едәуір кең көлемді өкілеттік тобы бар басқа да мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері болып табылады.

Ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарын олардың құқық қорғау шараларымен айналысатын бөлімшелерінің басқа құрамалар арасында едәуір көп үлес салмағы бар деген пікірлер толығымен құқық қорғау органдарына жатқызуға болады.

Жалпы алғанда, құқық қорғау органдары ауқымының олардың құзыреті мен міндеттерінің үнемі өзгеріп отыратынын атап өткен жөн. Уақыт пен тәжірибе өз түзетулерін енгізіп отырады.

Қазақстанның 1995 жылғы 30 тамыздағы жаңа Конституциясының 3-бабы мемлекеттік биліктің біртұтастығын және оның заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына бөлінуін, сондай-ақ тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалана отырып, олардың өзара іс-қимыл жасауын бекітіп берді. Сол сәттен бастап сот билігін нығайту процесі шынайы көрініс таба бастады. Бұл тәуелсіз судьялар корпусының тәуелсіз болуына жағдай жасаудан, судьялар мен соттардың материалдық қамтамасыз етілуін арттырудан, сотты сыйламағаны үшін жауапкершілік белгілеуден, сот өкілеттігін айтарлықтай кеңейтуден айқын байқалды. Әсіресе азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығын шектеу қаупі бар жағдайларда, қылмыстарды іздестірумен және ашумен шұғылдануға жұмылдырылған құқық қорғау органдары әрекеттерінің заңдылығы мен негізділігін бақылауға соттар біртіндеп өкілеттік алуда. Мәселен, тұтқынға алу және күзетпен ұстау сотқа шағымдануы мүмкін (Қазақстан Рсспубликасы Конституциясының 16-бабы).

Сот билігі деп соттар жүзеге асыратын адамдардың мінез-құлқына және әлеуметтік процестерге ықпал ету мүмкіндігі мен қабілетін айтамыз.

Сот билігі Қазақстан Рсспубликасының атынан жүзеге асырылады және оның мақсат-міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету. Ол осылардың негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қатысты болады.

Соттар  шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады, оларды орындамау, сол сияқты сотты сыйламаудың өзге де көріністері заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады (Конституцияның 76-бабы, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы" 2000 ж. 25 желтоқсандағы заңның 1-бабы).

Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады (Конституцияның 76-бабы, заңның 1-бабы). Сот білігінің Қазақстандағы иелері құқық қорғау органдары пирамидасының жоғарғы сатысын айғақтайтын соттар болып саналады.

Құқық қорғау қызметінің жүйесінде сот төрелігі орталық орын алады. Оны соттар мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып және заңда белгіленген тәртіп пен рәсімді сақтай отырып, қылмыстық, азаматтық және өзге де істерді қарау мен шешу жөніндегі құқық қорғау қызметі деп түсіну керек.

Сот төрелігі конституциялық принциптерге - сот қызметін ұйымдастырудың және реттеудің мәні мен мазмұнын анықтайтын жалпы басшылық идеялары мен ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Оған  құқық қорғау қызметінің барлық жалпы принциптері жатады.

Бұған қоса, оның тек қана өзіне тән сапалары бар, мәселен:

1. Сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады.

(Қазақстан Республикасының Конституциясы 75-бабының 1 тармағы). Ол мыналардан көрініс табады:

соттардың айрықша юрисдикциясына жатқызылған істерді ешқандай басқа органдар қарай алмайды;

сот құзыретін, оның юрисдикциясының аясын, сот ісін жүргізуді жүзеге асырудың тәртібін заң белгілейді және оны ешкім өз бетінше өзгерте алмайды;

қандай  да бір атаумен төтенше немесе арнаулы соттарды құруға жол берілмейді;

адамды  қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп табуға тек соттың ғана құқығы бар;

қылмыстық жаза тағайындауға тек соттың ғана құқығы бар;

сот қаулыларын тек жоғары тұрған сот қана белгіленген тәртіп бойынша бұзуы мүмкін.

2. Судья сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады (Қазақстан Республикасы Конституциясы 77-бабының 1- және 2-тармақтары). Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Бұл принциптің мәні сотқа бөгде біреулердің араласуынсыз, қандай да бір қысымсыз немесс өзге де сырттан жасалатын ықпалсыз өз бетінше жауапты шешімдер қабылдауға шынайы мүмкіндік беретіндей жағдай туғызуға ұмтылу болып табылады.

3. Сот төрелігі тараптардың тартысы және тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылады. Қылмыстық қудалау, қорғау және қылмыстық істі сот арқылы шешу бір-бірінен бөлінген және әртүрлі органдар мен лауазымды адамдар арқылы жүзеге асырылады. Мұның азаматтық процестердегі тараптарға да бірдей қатысы бар. Сот құқық мүддесінен басқа біреулердің сойылын соқпайды және қандай да бір мүдделерді қолдамайды. Ол әділдік пен алалықсыз қағиданы сақтай отырып, тараптардың процессуалдық міндеттерін орындауына және өздеріне берілген құқықтарын жүзеге асыруларына жағдай жасайды. Тараптарға (айыптаушы мен қорғаушы, талап иесі мен жауап беруші) өз қөзқарастарын қорғайтындай бірдей мүмкіндіктер берілген. Олар дәлелдер тапсыру, қолдаухат беру, наразылық білдіру, дәлелдерді тексеруге қатысу және сотта сөз сөйлеу жөнінде бірдей құқықтарды пайдаланады. Сот олардың бірінші және наразылық шағымы, сот үкімін бұзу инстанциясы бойынша қаралатын істерге қатысу құқығын қамтамасыз етеді.

4. Қылмыстық  істер бойынша да, азаматтық істер бойынша да сот төрелігі сот актілерін қайта қарау мүмкіндігіне жол береді. Сот үкімі мен апелляциялық қадағалау тәртібімен немесе жаңадан ашылған айғақтар бойынша шағым бершуі және наразылық келтірілуі мүмкін.

5. Барлық  мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін сот төрелігі актісінің міндетті күші бар. Заңды күшіне енген сот қаулылары Қазақстан Республикасының барлық аумағында орындалуға тиіс.

6. Сот  төрелігін жүзеге асыруда судья мынадай ережелерді басшылыққа алады:

бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;

өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;

сотгт әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;

ешкім өзіне-өзі, жұбайыңа (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес;

қылмыстық заңды ұқсастығына қарап қолдануға жол берілмейді.

Информация о работе Мемлекеттік басқарудың нысандары мен тәсілдерінің ұғымы, және түрлері