Мемлекеттік басқарудың нысандары мен тәсілдерінің ұғымы, және түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 08:32, курсовая работа

Описание работы

Қолданылып жүрген заңдарда «құқық қорғау органдары» деген ұғым жоқ. Практикада қалыптасқан және нормативтік құжаттар мен нормативтік емес сипаттағы әртүрлі құжаттарда қолданылатын бұл ұғым әдетте қылмыстарға және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізетін мемлекеттік органдар үшін жалпылама болып табылады.

Содержание

. Кіріспе
Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау
органдары туралы жалпы түсініктеме....................................................3-6
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазақстан Республикасының соттар..............................................6-18
Сот билігінің ұғымы.
Сот төрелігі және оның принциптері.
Сот жүйесінің негізгі буыны және орта буыны.
2. Сотта және аралық соттарда азаматтық істерді қарау
және шешу......................................................................................19-32
Азаматтық сот жүргізудің жалпы сипаттамасы.
Аралық сот қызметінің тәртібі және оның шаруашылық дауларды шешудегі рөлі.
ІІІ. Қорытынды.....................................................................................32-36
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................37

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау.docx

— 84.47 Кб (Скачать)

Сот мәжілісінің дайындық бөлігінде процеске қатысушылар мен куәлердің келуі тексеріледі, сот құрамы жарияланып, түсіндіріледі, сот іске қатысушы адамдардың құздаухатын және арыздарын шешеді.

Істі  қарау негізінде төрағалық етушіні  немесе халық заседателінің баяндамасымен  басталады. Содан кейін төрағалық  етуші талапкерден өз талаптарын колдай ма, жауапкер талапкердің талабын  мойындай ма және тараптар істі бейбіт келісіммен аяқтауға келісе ме деген сұрақтарға жауап алады. Бүдан кейін сот талапкер мен жауапкердің, іске қатысушы басқа адамдардың түсініктемелерін тыңдайды, куәлерден жауап алады, жазбаша және заттай айғақтарды тексеріп, сарапшылардың қорытындысын тыңдайды.

Сот жарыссөзі іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сөздерінен тұрады. Жарыссөз бен прокурордың қорытындысынан кейін сот шешім қабылдау үшін кеңесетін бөлмеге кетеді. Сот шешімін оған қол қойылғаннан кейін төраға немесе халық заседателі хабарлайды. Жоғарғы Соттан басқа соттардың шешімінің бәріне тараптардың немесе іске қатысушы басқа адамдардың кассациалық тәртіппен шағым жасауына болады.

Сот шешімі заңды күшіне енгеннен бастап азаматтық процестің соңғы сатысы - сот шешімін орындау басталады. Азаматтардың, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың мүдделерін заңмен қорғаудың, құқық қорғаудың маңызды кепілдігі сот шешімдерін дер кезінде және тиісінше орындау болып табылады. Сондықтан заңда белгіленген тәртіпті өз еркімен орындамаған жағдайда мемлекеттік мәжбүрлік - сот орындаушылары арқылы өндіріп алу шарасы қолданылуы мүмкін.

Сот шешімін  орындау өндіріп алу үшін сот  беретін орындау қағазы - барлық борышқорлар үшін міндетті құжат заңды күшіне енуімен қамтамасыз етіледі. Қазіргі кезеңдегі жағдайларда өзекті мәселелердің бірі айырбас қарым-қатынасын одан әрі дамыту, шаруашылық байланыстарының сенімділігін күшейту, материалдық және ақша ресурстарының айналымын жақсарту, айналым қорларының жүрісін шапшаңдату болып табылады. Ал осыдан жаңа мазмұнға сәйкес тауар-ақша қатынастарын толық пайдалану қажеттігі туындайды. Бұл жағдайда шаруашылық істері жөніндегі алқа қызметінің манызы арта түседі.

Шаруашылық  істері жөніндегі алқа экономикалық қарым-қатынастардың аумағында туындаған  дауларды шешуде және өз құзыретінің  шеңберінде оларды басқару процесіндегі сот билігінің дербес, тәуелсіз органы болып табылады. Өз қызметін Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 1 ақпандағы "Төрелік сот туралы" және "Шаруашылық дауларын Қазақстан Республикасының төрелік соттарының шешу тәртібі туралы" заңдарының, сондай-ақ халықаралық және басқа шарттардың (келісімдердің), республика аумағында әрекет ететін басқа да заңдардың негізінде жүзеге асырады.

Шаруашылық  істері жөніндегі алкалар қызметінің негізгі принциптері заңды қалтқысыз орындау, дауларды қарағанда тараптардың теңдігін сақтау болып табылады.

Шаруашылық  істері жөніндегі алқалардың міндеттеріне мыналар жатады: кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың құқықтарын шаруашылық дауларын шешу жолымен қамтамасыз ету, бұл жағдайда олар кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың шарттық міндеттемелерін орындай отырып, заңды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында оларға белсенді ықпал жасауды; шаруашылық дауларын шешу барысында заңды біркелкі және дұрыс қолдануды қамтамасыз етуді; халық шаруашылығында шарттық және талапкерлік жұмыстарды жақсартуға ықпал жасау; шаруашылық қызметінде жершілдік және ведомстволық көріністерімен күресті жүзеге асыру. Бұл мақсаттарда заң немесе шарттар белгілеген тапсырмаларды және шарттық міндеттемелерді орындау барысында мемлекеттік тәртіптің бұзылғаны үшін мүліктік жауапкершіліктің өлшемдерін бірыңғайлы сипатта қолданылуы тиіс.

Шаруашылық  істер жөніндегі алқалардың маңызды  міндеттері шаруашылық қызметін реттеудегі құқықтық жетілдіруге бағытталган шараларды ұсынып, жүзеге асыруды талдау, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың шаруашылық қызметіндегі заңдылықтың бұзылуын ескерту болып табылады. Осыған байланысты оларға шарттарды жасау және міндеттемелерді орындау барысында, сондай-ақ шаруашылық дауларын төрелік талқыға дейінгі реттеудің барысында министрліктерде, мемлекеттік комитеттерде, ведомстволарда, кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда заңдылықты қолдану тәжірибесі жүктелген.

Қазақстан Республикасында шаруашылық істер  жөніндегі алқа Жоғарғы Соттың органы болып саналады. Төменгі шаруашылық істер жөніндегі алқа облыстық және оған теңестірілген соттың органы. Жоғарғы Соттың шаруашылық істер жөніндегі алқасы барлық шаруашылық істер жөніндегі алқалардың қызметін ұйымдастыру, жетілдіру үшін және олардың жағдайлары үшін жауап береді.

Оның  құзыретіне сондай-ақ шаруашылық істер  жөніндегі алқалардың шешімдерінің заңдылығын қадағалауды белгіленген  тәртіппен жүзеге асыру, шаруашылық қызметіндегі мәселелер бойынша  келісімдер жасағанда туындайтын министрліктердің, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволардың  арасындағы көзқарас айырмашылықтарын шешу кіреді. Шаруашылық дауларын шешу барысында және оларды төрелік реттеуге дейінгі істерін шешу барысында  қолданылатын мәселелер бойынша  шаруашылық істер жөніндегі алқалар  және басқа да мемлекеттік басқару  органдары үшін міндетті нұсқауларды өз құзыреті шеңберінде басып шығару да кіреді.

Жоғарғы Соттың шаруашылық істер жөніндегі  алқасы қоғамдық маңызы күшті шаруашылық қызметіндегі заңдылықтардың бұзылуына ескерту жасау мәселелеріне тікелей кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда қатаң түрде назар аударады; кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың шаруашылық кызметіндегі заң бұзушылықты, мемлекеттік тәртіпті бұзушылықты және кемшіліктерді түзеу мақсатындағы ұсыныстарды талқылайды; заң бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептерін анықтау және жөндеу жолына назар аударады; шаруашылық заңдарын насихаттайды және т.б. Бұл мәселелер бойынша тиісті органдарға заңдылықтың бұзылғандығы байқалғаны жөнінде, оларды түзету жолдары туралы, кінәлы адамдарды жауапқа тарту немесе олар келтірген материалдық залалды өндіріп алу жөнінде жеке ұсыныстар жолдайды. Бұл ұйым басшылары ұсыныстарды қарап, қабылданған шаралар туралы белгіленген мерзім ішінде шаруашылық істер жөніндегі алқаға хабарлауға міндетті.

Шаруашылық  істер жөніндегі алқаға меншік нысанына, ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, мемлекеттік басқару органдарының жергілікті өкілді органдарының, банктердің, біріккен кәсіпорындардың, шетелдік заңды тұлғалардың, салық инспекцияларының және басқа органдардың қатысуымен ұйымдар арасындағы даулар бойынша істер ведомстволық тәуелді болып келеді.

Шаруашылық  істер жөніндегі алқалар сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының және басқару органдарының, ұйымдардың жоғарғы тұрған органдарының өз құзыреттеріне сәйкес келмейтін, иә болмаса, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын, заңдылық бұзылған актілерін толық немесе ішінара жарамсыз деп тану жөніндегі өтініштерді қарайды.

Шаруашылық  істер жөніндегі алқаларға ведомстволық тұрғыдан мыналар тәуелді емес:

1. Егерде  заңда немесе тараптардың келісімінде басқадай жағдай арнайы көзделмеген болса, екі тарап үшін де міндетті шарттарды жасауда негізделмеген даулар;

2. Стандарттарды және техникалық жағдайларды келісу барысында туындайтын даулар;

3. Өнімге, сондай-ақ көрсетілген қызметке (орындалған жұмыстарға) белгіленетін  бағалар мен тарифтер жөніндегі  даулар;

4. Басқа  сот органдарының құзыретіне  жататын өзге де даулар ("Қазақстан  Республикасының Төрелік соттарының шаруашылық дауларын шешу тәртібі туралы" Заңының 14-бабы).

Шаруашылық  істер жөніндегі алқалар арасындағы ведомствоға тәуелді шаруашылық дауларын шектеу былайша жүзеге асырылады: аса маңызды дауларды Жоғарғы Сот шешеді. Ол өзіне ведомстволық тәуелді даулардың шеңберінде кез келген дауды өз өндірісіне қабылдап, қарауға немесе өз бастамасы бойынша іс қозғауға құқылы.

Облыстық  және оған теңестірілген шаруашылық істер жөніндегі алқалары өз құқықтарының шеңберінде кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оларға тәуелді бөлімшелер арасындағы шаруашылық дауларын шешеді.

Шаруашылық шарттарын жасау, өзгерту және бұзу барысындағы дауларды шаруашылық істер жөніндегі алқа кәсіпорынның, мекеменің, жеткізуші ұйымның, жалдаушының немесе қызмет көрсетушінің тұрған жері бойынша, ал шаруашылық шарттарын орындау брысында туған дауларды жауапкердің тұрған жері бойынша қарайды.

Шаруашылық  істер жөніндегі алқалар мүдделі  ұйымдардың арыздары бойынша, мемлекеттік  және басқа да ұйымдардың, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасарларының, облыс, қала прокурорларының, я болмаса, олардың орынбасарларының арыздары бойынша іс қозғайды.

Жалпы мемлекеттік  мүдделерге залал келтірілген жағдайда, шаруашылық істер жөніндегі алқалар  өз бастамалары бойынша іс қозғауға құқықты.

Тараптар  өз қарым-қатынастарын ерікті түрде реттеу шаралары қабылданғаннан кейін ғана дау шаруашылық істер жөніндегі алқаның шешіміне берілуі мүмкін. Алайда, соттың бастамасымен немесе прокурордың талабымен істі қозғау тараптардың көрсетілген шараларды қабылдауына қатыссыз жүргізіледі.

Талап қою  арызы "Қазақстан Республикасы шаруашылық істер жөніндегі алқаның шаруашылық дауларын шешу тәртібі туралы" Заңында белгіленген нысан бойынша беріледі. Шаруашылық істер жөніндегі алқалар тәуелсіз, тек заңға ғана бағынады.

Дауларды  шешу ұйымдардың бағыныштылығы, тұрған жері және меншік нысанына қарамастан, заң мен сот алдында теңдігі негізінде жариялы түрде жүзеге асырылады. Шаруашылық істер жөніндегі алқаларда іс қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Жоғарғы шаруашылық істер жөніндегі алқада дауларды шешу алқаның бір немесе үш судьясының құрамында, ал облыстық және оған теңестірілген шаруашылық істері жөніндегі алқада, қағида бойынша бір судья аркылы жүргізіледі.

Шаруашылық  істер жөніндегі алқалық процесте тараптар - талапкер және жауапкер, үшінші адамдар, прокурор, процесте міндеттемелер жүктелетін мемлекеттік және басқа органдардың өкілдері, сондай-ақ актілерді жарамсыз деп мойындау туралы істер бойынша өтініш берушілер қатысады.

Талап қою  арызы "Қазақстан Республикасының шаруашылық істер жөніндегі алқаның шаруашылық дауларын шешу тәртібі туралы "Заңының 67-76-баптарына сәйкес ресімделеді.

Өтінішті  қарауға қабылдау туралы мәселені судья  жеке өзі шешеді. Егерде шаруашылық істер жөніндегі алқаның шешіміне жатпайтын болса, сондай-ақ тараптар өз дауларын Аралық соттың шешіміне беруге келіссе немесе бұндай даулар бойынша заңға сәйкес жауапкер бола алмайтын ұйымдарға ұсынылса, онда талап қою арызын қабылдаудан бас тартылуы мүмкін.

Егерде  талап қою арызына қол қою  құқығы жоқ, не болмаса, лауазымдық жағдайы көрсетілмеген адам қол қойса немесе өтініште тараптардың атауы, олардың пошталық мекен-жайы көрсетілмесе, мемлекеттік баж салығын төлегені туралы дәлелдер ұсынылмаса, сондай-ақ заңда көрсетілген басқа да негіздер бойынша судья талап-арызын қарамай, қайтара алады. Судья талап-арызды оның түскен уақытынан бергі бес күннен кешіктірмей қайтаруы керек.

Істі  соттық талқыға салу дайындығына судьяның іс материалдарын отырыстың қарауына дайындау әрекеттері, іс бойынша жұмыс жүргізуді қозғау, сондай-ақ талап-арызды қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдану әрекеттері кіреді. Істі талқылау іске қатысушы адамдарды құлағдар ете отырып, сот отырысында жүргізіледі. Отырыста талапкер мен жауапкердің өкілдері, сарапшы және отырысқа қатысушы басқа адамдар тындалады.

Қорыта  келе, бұл мемлекеттік биліктің дербес тармағы болып табылады, омы республика атынан сот қана жүзеге асыра алады. Сот билігі азаматтардың, олардың бірлестіктерінің құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін Конституиияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқыктык актілердін, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету үшін құрылады.

Сонымен, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, сот азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Ал осының өзі соттар Қазақстан Республикасының азаматы еместердің, шетелдік азаматтардың азаматтығы жоқ адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғаумен байланысты істерді қарамайды деген сөз бе? Егер Конституцияда, заңдар мен халықаралық шарттарда өзге бір ескерту айтылмаған болса, республикада тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар республика азаматтарына белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, соларға белгіленген міндеттерді атқарады.

Конституцияда әрбір адамның құқықтары мен бостандықтары сот арқылы қорғалады деп тура көрсетілген. Бұл жерде Қазақстан азаматтығына байланысты еместігі айқын аңғарылады. Кейбір жағдайда Конституция Қазақстан Республикасының азаматы емес адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне байланысты мәселелерді караудың басқа да тәртіптерін белгілейді. Мысалы, шетелдік діни бірлестіктердің қызметі Республиканың тиісті мемлекеттік органдарымен келісім бойынша жүзеге асырылады. Демек, мұндай жағдайда мәселе сот арқылы емес, әкімшілік жолымен шешіледі. Шетелдік азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғаудың сот арқылы емес, өзгеше әдістері де болуы мүмкін. Мемлекеттік органдардың құқықтары мен заңды мүдделерін азаматтар, шетелдік азаматтар, басқа мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер бұзуы мүмкін, ондай жағдайда оларды соттар қорғайды. Мәселен, мемлекеттік органдардың жұмысына қоғамдық бірлестіктердің араласуына Конституция тыйым салады. Осындай араласу болған жағдайда мемлекеттік органдар өз құқықтары мен мүдделерін сот арқылы қорғауға хақылы.

Информация о работе Мемлекеттік басқарудың нысандары мен тәсілдерінің ұғымы, және түрлері