Мемлекеттік басқарудың нысандары мен тәсілдерінің ұғымы, және түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 08:32, курсовая работа

Описание работы

Қолданылып жүрген заңдарда «құқық қорғау органдары» деген ұғым жоқ. Практикада қалыптасқан және нормативтік құжаттар мен нормативтік емес сипаттағы әртүрлі құжаттарда қолданылатын бұл ұғым әдетте қылмыстарға және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізетін мемлекеттік органдар үшін жалпылама болып табылады.

Содержание

. Кіріспе
Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау
органдары туралы жалпы түсініктеме....................................................3-6
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазақстан Республикасының соттар..............................................6-18
Сот билігінің ұғымы.
Сот төрелігі және оның принциптері.
Сот жүйесінің негізгі буыны және орта буыны.
2. Сотта және аралық соттарда азаматтық істерді қарау
және шешу......................................................................................19-32
Азаматтық сот жүргізудің жалпы сипаттамасы.
Аралық сот қызметінің тәртібі және оның шаруашылық дауларды шешудегі рөлі.
ІІІ. Қорытынды.....................................................................................32-36
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................37

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау.docx

— 84.47 Кб (Скачать)

Мәселен, ''Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" заңның 33-бабына сәйкес, мына жағдайларда судъялардың өкілеттігі тоқтатыла тұрады:

1) қылмыс жасаған жерінде қолға түскен немесе ауыр қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылған жағдайда, судьяны күзетпен ұстауға немесе оны қылмыстық жауапқа тартуға немесе тұтқынға алуға келісім берілгенде;

2) судья  соттың шешімі бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларына ұйғарылған немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылғанда;

3) судья  сот шешімі бойынша үшті-күйлі жоғалды деп танылғанда;

4) судья  депутаттыққа кандидат болып тіркелгенде. Судья қызметінен босатылады (заңнын 34-бабы)

1) өз қалауы бойынша;

2) денсаулығына байланысты;

3) осы  судьяға айыптау үкімі заңды күшіне енгенде.

Судьялар  өз қызметінде есеп бермейді және бақылауға алынбайды, алайда заңда белгіленген жағдайларда олар тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Қазақстан Рсспубликасы Президентінің 1997 жылғы 12 қарашадағы Жарлығымен "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тәртіптік алқасы, облыстық және соларға теңестірілгсн тәртіптік алқалар туралы" Ереже бекітілді. Қазақстан Рсспубликасы Жоғарғы Сотының тәртіптік алқасы - облыстық және соларға теңестірілген тәртіптік алқалар Қазақстан Республикасының соттарына қатысты істерді қарайтын органдар болып табылады және оларға тәртіптік жаза белгілеуге құқылы. Тәртіптік алқалар өз қызметінде судьялардың сот төрелігін шығарудағы тәуелсіздік принципін ұстанады.

 

Сот органдары  құқық тәртібін нығайтуда үлкен  рөл атқарады, құқық бұзушылықпен белсенді түрде күрес жүргізіп, мемлекет пен азаматтардың мүддесін қорғайды. Өзінің барлық қызметінде адамдарды заңдарды бұлжымай сақтауға тәрбиелейді.

Сот органдары  қызметінің бір түрі міндеттердің үлкен  ауқымын орындайтын азаматтық сот  жүргізу ісі болып табылады. Ол міндеттерге қоғамдық және мемлекеттік  құрылысты қорғау шаруашылық пен жеке меншік жүйесін, саяси, еңбек, баспана және азаматтардың басқа да жеке әрі мүліктік мүдделерін қорғау мақсатындағы, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелердің, кооперативтердің, қоғамдық ұйымдардың заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау мақсатындағы азаматтық істерді шапшаң, дұрыс қарап шешу жатады.

Азаматтық сот төрелігі сот мәжілістерінде азаматтардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелердің, кооперативтер мен басқа да қоғамдық ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін қозғайтын даулар бойынша азаматтық істерді қарап, шешім шығаруды жүзеге асырады.

Азаматтық сот жүргізу ісінде әділетті заңдылықтың азаматтың сот арқылы қорғануы, заңдылықтың тек сот арқылы іске асуы, азаматтардың заң және сот алдында теңдігі, істі қараудағы алқалылық, соттардың тәуелсіздігі және олардың тек заңға ғана бағынуы, ұлттық тіл, сот жүргізудің жариялылығы тәрізді конституциялық негіздерге сүйену басты орында болады.

Сот арқылы қорғануға азаматтардың құқығының мәні кез келген адам және ұйым заңдық тәртіппен белгіленген субъективті құқығы, мүддесі бұзылып немесе аяққа тапталған жағдайда қорғану үшін сотқа өтініш беруіне болады. Тек қана сот қамтамасыз ететін сот төрелігі принципі дегеніміз: сот төрелігі соттың ерекше компетенциясы екендігін білдіреді. Бұл принциптің заңдылықты нығайтуға, нақтылы фактінің барлық жағдаяттарын дұрыс анықтауға, сөйтіп дәлелді шешім шығаруға зор маңызы бар. Конституцияның 75-бабында былай айтылған: Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Бұл айтылған Ереже заңдылықты нығайтуда, нақты деректі барлық жағдайда объективті түсіндіруді қамтамасыз етуде, ол жөнінде негізделген шешім шығаруда маңызды орынға ие.

Заң мен сот алдындағы азаматтардың теңдігі азаматтық істер бойынша сот төрелігін іске асыруда ешкімге де артықшылық берілмейтінін білдіреді. Шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайларына, нәсілдік ерекшелігі және ұлтына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге қатысына, кәсібінің тегі мен сипатына, тұрған орнына және басқа жағдаяттарға қарамастан, заң мен сот алдында барлық азаматтар тең. Бұл әрбір азамат заңмен бірдей қорғалады, оның алдындағы жауапкершілігі де бірдей, өз мүдделерін қорғауда бірдей процессуалдық өкілдіктерді пайдаланады дегенді білдіреді. Бұл принцип азаматтардын, құқықтарын толық қамтамасыз ету үшін маңызды болып табылады.

Істі қараудың алқалылығы дегеніміз - барлық соттарда ең төменгі сатыда азаматтық істерді қарау барысында туындайтын мәселелерді шешуде төрағалық етушімен тең құқықтарды пайдаланатын судья мен екі халық заседателінің болуымен тұжырымдалатын маңызды демократиялық принцип. Халық заседательдерінің істерді қарауға қатысуы өте маңызды: олар іс бойынша объективті шындықты айқындауда үлкен жәрдем жасайды, өздерінің өмірлік тәжірибелерін пайдаға асырады, өздері өкілдері болып табылатын ұжымның пікірі мен тілектерін ескереді, заңды да негізді шешім қабылдануына көмектеседі.

Құрамында соттың үш мүшесі бар істі бақылаушы  қайта қараушы түріндегі істер  алқалы түрде қаралады. Істі алқалы түрде қарау сот төрелігінің тәрбиелік мәнін көтеріп, соттың халықпен байланысын нығайтады.

Соттардың тәуелсіздігі және олардың  тек заңға бағынуы олардың сот төрелігін жүзеге асыруында көлденең адамдардың ықпалын, әсерін жоққа шығару деген сөз емес. Азаматтық істер заң негізінде ғана, істің барлық жағдаяттарын толық және объективті зерделей отырып, жан-жақты негізделген соттар мен халық заседательдерінің ішкі сезімінің негізінде шешіледі. Бұл принцип заңдылықты қатаң бақылауда үлкен маңызға ие.

Сот ісін жүргізудің ұлттық тіліне қатысты Азаматтық процессуалдық кодекстің 8-бабы азаматтық істер бойынша сот істері Қазақстанда қазақ тілінде, ал орыс немесе өзбек, ұйғыр ұлттары басым жерде орыс немесе өзбек, ұйғыр тілдерінде жүргізіледі деп белгіленген. Сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адамға ана тілінде мәлімдеме жасау, түсініктемелер және айғақтар беру, сотта ана тілінде сөйлеп, арыз жасау, сондай-ақ аудармашы қызметін пайдалану құқығы қамтамасыз етіледі.

Сот ісін жүргізудегі жариялылық - істі ашық қарау, яғни азаматтардың жалпы бұқарасының алдында қарау құқық бұзушылармен күресте азаматтардың белсенділігін нығайтуға ықпал жасап, тәрбиелік тұрғыдан әсер етіп қана қоймайды, сонымен бірге қабылданған шешім үшін сот құрамының жауапкершілігін күшейтуге, сөйтіп, сотты қоғамдық бақылауға ықпалын тигізеді.

Жабық сотты  жүргізуге іске қатысушы адамдардың жеке басына тән құпия сыры жария болуының алдын алу мақсатында, соттың себепті түрде анықтауы бойынша рұқсат етіледі (АПК, 9-бап).

Азаматтық сот жүргізу ісінің, сондай-ақ, заңдылық, тікелей қатысушылық, жарыспалылық, және т.б. принциптері бар.

Сот төрелігі дегеніміз - Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Жоғарғы Соттың, облыстық, қалалық соттардың, аудандық (қалалық) халық соттарының, сондай-ақ Қорғаныс министрілігі әскери трибуналдарының іс-әрекеттері.

Жоғарғы Сот республиканың Жоғарғы Сот  органы болып табылады және жергілікті соттардың қызметіне бақылау  жасайды. Ол өз ісін сот төрелігін  іске асыруда заңдарды дұрыс және бірыңғай қолдануды қамтамасыз етуге, азаматтарға тәрбиелік-профилактикалық ықпал жасауға жұмылдырады.

Жоғарғы Сот Жоғарғы Сот пленумы құрамында әрекет жасайды. Ол - соттық қадағалау тәртібінде іс қарау бойынша ең жоғарғы сот инстанциясы. Сондай-ақ жаңадан ашылған жағдаяттар бойынша соттарға басшылық түсініктемелер беруге құқылы; Азаматтық істер жөніндегі сот алқасы аса маңызды азаматтық істерді, қадағалау тәртібіндегі істерді және басқа мәселелерді бірінші инстанцияда қарайтын сот; аса маңызды қылмысты істерді, қадағалау тәртібіндегі істерді және басқа мәселелерді бірінші инстанцияда қарайтын Қылмысты істер жөніндегі сот алқасы; аса маңызды бірінші инстанциядағы істерді, әскери трибуналдардағы сот істерін, жоғары лауазым иелерінің қылмыстық істерін, қадағалау тәртібінің шағым жасау істерін және басқа мәселелерді қарайтын Әскери сот алқасы.

Республиканың Жоғарғы Сотында, сондай-ақ, істерді  қадағалау тәртібімен және басқа  мәселелерді қарайтын Төралқа болады.

Сот төрелігін  дұрыс жүзеге асыру үшін сот істеріне жататын азаматтық істердің санаттарын, сондай-ақ олардың соттылығын айқын  белгілеудің маңызы зор.

Азаматтық құқықтарды қорғау әр түрлі: сот, шаруашылық істер жөніндегі алқа және Аралық соттар, Жолдастық соттар және басқа да қоғамдық органдар арқылы іске асырылады.

Бұл органдардың арасындағы құзыреттерді шектеу азаматтық істерді шешудегі ведомстволық тәуелділік деп аталады.

Азаматтық процессуалдық кодекстің 15-бабында  белгіленгендей, егерде дауласушы жақтардың  біреуі жеке азамат, ұжымшар немесе ұжымшараралық ұйым болып табылса, азаматтық, отбасылық еңбек және басқадай құқық қатынастарынан туындайтын даулар бойынша азаматтық істер, сондай-ақ әкімшілік-құқықтық қатынастардан туындайтын жекелеген істер Қазақстан Республикасының соттарына ведомстволық тұрғыдан тәуелді болады. Мысалы, мемлекеттік және жергілікті салықтар мен алымдарды азаматтардан өндіріп алуға байланысты әкімшілік органдардың әрекетіне шағым жасау және т.б.

Соттылық дегеніміз - сот қарайтын істердің мәселесін шешуді ескере отырып, әрбір нақты азаматтық істегі заңдық белгілердің жиынтығы. Істің заңдық қасиеттеріне байланысты азаматтық істерді шешуде соттардың өз арасындағы сот жүйесі құқықтылығының көлемін, құзыретін шектейді (мысалы, облыстық халық соттарының арасында). Істі неғұрлым әділ шешу мақсатында талап-арызды жауапкердің тұратын жері бойынша сотқа ұсынып, қарау қабылданған.

Заң негізінде  тиісті құқықтары мен міндеттері бар адамдардың (тараптар, үшінші жақтағы  адамдар және прокурор) қатысуымен азаматтық сот жүргізу ісі  жүзеге асырыладьы Азаматтық процеске қатысушылар мемлекеттік басқару  органдары, кәсіподақтар, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, кооперативтік және қоғамдық ұйымдар немесе өзінің құқықгары мен басқа адамдардын заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа талап-арыз берген жекелеген азаматтар (мысалы, коммуналдық шаруашылық органдарының тұрғын алаңды бөлу ісіне байланысты қатысуы) бола алады. Іске қатысушы куә, сарапшы, аудармашылар процестегі мұндай қатысушылар бола алмайды. Олардың процестегі рөлі - сотқа жағдаятты түсіну барысына және дұрыс шешім шығару үшін көмек көрсету.

Азаматтық процесте тараптар ретінде талапкер және жауапкер шығады. Талапкер дегеніміз - өзінің азаматтық құқығын қорғауға байланысты сотқа жүгінген адам. Жауапкер - өзіне арналған талап арызға байланысты сотқа тартылушы адам.

АПК-нің 22-бабына сәйкес мемлекеттік кәсіпорындар, кооперативтік және заңды тұлға құқығына ие қоғамдық ұйымдар талапкер және жауапкер бола алады.

Тараптар  процесте құқықтың үлкен ауқымына ие. Талапкер де, жауапкер де бірдей процестік  құқықты пайдаланады. Олар істің материалдарымен танысуға, сот құрамы туралы арыз беруге, прокурорға, сарапшыға, аудармашыға жүгінуге, сотқа дәлелдер беруге, сот процесінің кез келген уақытында іске қатысушы басқа адамдарға, куәлерге, сарапшыларға сауалдар беруге құзырлы, мәлімдеме жасауға, сотқа ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге, сот талқылауындағы мәселелер бойынша өзінің дәлелдері мен болжамдарын келтіруге, соттың шешімі мен анықтамасына шағым беруге және заңда көзделген басқа да процестік әрекеттерге құқылы.

Заң тараптарды өздеріне тиесілі процессуалдық  құқықтарды адал пайдалануға міндеттейді (23-бап).

Үшінші  жақтағы адамдар сот процесіне  даулы мәселеге дербес талап қойған өз өтініштері бойынша қатысады. Бұл  жағдайда олар іске сот шешімінің  қаулысына дейін кірісіп, барлық құқықтарды пайдаланады және талапкердің барлық міндетгерін мойнына алады.

Сот шешім  шығарғанша тараптардың, прокурордың  немесе соттың ұсыныс жасап, бастама  білдіруімен талапкер жағында іске үшінші адам араласуы мүмкін. Сот өз бастамасы бойынша жұмысқа қайта орналастыру жөніндегі іс бойынша, атап айтқанда, өз өкімімен жұмыстан босату немесе басқа жұмысқа ауыстыру құбылысы жүргізілген лауазым иесінің жағында, яғни жауапкер жағында үшінші адамды іске тарта алады. Процеске қатысушысының процессуалды құқықтары мен міндеттері берілген лауазым иесін бұлайша тарту жұмысшылар мен қызметшілердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы мәселені соттың толық, объективті шешуіне әсер етіп қана қоймайды, сонымен бірге лауазым иесінің өзіне заңды қалай бұзғанын түсіндіруге ықпал жасайды. Түптеп келгенде, мұның бәрі осындай құқық бұзушылықтың алдын алу үшін маңызды. Республиканың бас прокуроры және оған бағынышты прокурорлар заңды барлық органдар мен азаматтардың дәл және біркелкі орындауын қадағалайды; талап қойып, процестің кез келген сатысында іске араласып кетуге құқылы. Заң прокурордың қатысуын міндеттейтін іс шеңберлерін белгілеген (мысалы, ата-аналық құқықтан айыру ісі бойынша).

Сот жүргізу ісін қозғауға негіз болатын талап-арыз беру, яғни талапкер өзінің құқықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуі болып табылады. Талап-арыз беру сотқа жазбаша нысанда арыз беру арқылы жасалады. Арызда соттың атауы, арыз беретін талапкердің аты-жөні, жауапкердің аты-жөні және олардың тұрғылықты мекендері, талапкер өз талабы мен дәлелдерін негізге алатын, талапкердің айтқанын тиянақтайтын жағдаяттар, талапкердің талабы, талап берудің бағасы көрсетілуі тиіс. 126-бапқа сәйкес басқа да мәселелер жазылады.

Екінші  тараптағылар заңды тәртіппен қарсы талап-арыз бергісі келген жағдайда, сот оларға ондай мүмкіндік беруге міндетті:

Талапкердің заңды мүдделерін қорғау мақсатында сот талапты қамтамасыз ету шараларын, атап айтқанда, жауапкерге тиесілі мүлікті немесе ақша сомасын тұтқындайды, осы бағытта заңда көзделген басқа әрекеттерді де жасайды.

Материалдар түскеннен кейін судья азаматтық істерді сот талқысына дайындайды. Ол біркелкі жасалады: талап-арыздың негізі бойынша талапкерді тергеу, қажетті жағдайда жауапкерді шақыру, одан іс жағдаяттарын анықтау; дауды шешу үшін Аралық немесе Жолдастық соттарға жүгіну жолдарын тараптарға түсіндіру, сот талқысына қатысуға прокурорды, куәлерді шақыру және т.б. мәселелерді шешеді (142-бап).

Информация о работе Мемлекеттік басқарудың нысандары мен тәсілдерінің ұғымы, және түрлері