Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2012 в 13:46, курсовая работа
Аймақтық саясаттың мәні мен міндеттері және оларды жүзеге асырудың өзіндік механизмдері бар . Макро экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі бола отырып, аймақтық саясат әрбір аймақтың экономикасының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тиімділігін көтеруді өзінің басты мақсаты етіп қояды. Қойылған мақсатқа жету үшін, әрине, міндеттердің қойылуы шарт. Олардың қатарына: мемлекет пен жекелеген аймақтардың мүдделерін үйлестіру, аймақтық дамудың әрекетті механизмін жасақтау, сонымен қатар аймақтың ресурстық, ғылыми, еңбек әлеуетін барынша пайдалану жатады.
Кіріспе.....................................................................................................3
І Қазіргі кезеңдегі аймақтық саясатты жүргізудегі мемлекеттің ролі
1.1. Мемлекеттің аймақтық саясатты жүргізудегі теориялық аспектілері................................................................................................................4
1.2. Аймақтық саясатты жоспарлаудың негізгі көрсеткіштері мен әдістері......................................................................................................................8
ІІ Нарық жағдайындағы аймақтық саясатты басқарудың қаржылық ресурстарын қалыптастыру
2.1.Қ.Р. аймақтарының қаржылық ресурстарын қалыптастыру және оларды басқару....................................................................................................................15
2.2. Мемлекеттің аймақтық саясатты жүзеге асыру барысында индустриялды-инновациялық стратегияны қолдану...................................................................19
ІІІ Қазақстандағы аймақтық саясатты жүргізудің еркшеліктері мен оны жетілдіру жолдары
3.1. Қ.Р-да аймақтық саясатты жүргізу жолдары мен дамыту бағыттары...............................................................................................................24
3.2. Қ.Р. аймақтарды әлеуметтік әкономикалық жағынан бөлістіру және оны дамыту....................................................................................................................27
Қорытынды..........................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................32
Аталған шешімін табуы қажет проблемалармен қатар ел өнеркәсібінің қазіргі кейбір көрсеткіштерінің келеңсіз керіністерінен де деректер келтіргенді жөн санаймыз. ЖІӨ-нің 1 долларына электр энергиясының жұмсалу деңгейі бойынша, сондай-ақ экономика салаларындағы еңбек өнімділігі бойынша еліміз кейбір индустриялық дамыған елдерден 7-10 еседен астам артта қалып отыр. 2001 жылдың басында негізгі құралдардың тозу дәрежесі орта есеппен 29 пайыз құрады. Бірқатар салаларда негізгі кұралдардың нақты тозуы 50 пайыздан астам деңгейге жақындауда. Негізгі құралдар кұрылымында аса тозғандары — машиналар мен жабдықтар. Олардың тозу дэрежесі 2000 жылы 42,1 пайыз құрады. Көлік кұралдары - 41, ғимараттар 36,5 пайызға тозған. Мұнай өндіру және металдарды өндірумен байланысты емес салаларда жабдықтың тозу дәрежесі соңғы үиі жылда 45 пайыздан 62 пайызга дейін жеткен. Өңдеуші енеркәсіп кәсіпорындарында толықтай тозған машиналардың, жабдықтардың және көлік құралдарының үлес салмағы 12 пайызға жетті. Мұның барлығы да сайып келгенде, ел экономикасының бәсекеге түсу қабілетінің төмендеуіне алып келеді.
Бағдарламада индустриялық-инновациялық саясаттың басымдылықтары жан-жақты қарастырылған. Әлеуетті бәсекеге қабілетті, соның ішінде экономиканың шикізаттық емес бағыттағы салаларында жұмыс істейтін экспортқа бағдарланған өндірістерді құру және дамыту индустриялық-инновациялык саясаттың басымдықтары болып табылады.
Индустриялық-инновациялық
стратегияны енгізудің тиімді тәсілдерінің
бірі - бұл бір аумақта орналасқан және
түпкі өнім өндіру шеңберінде өзара технологиялық
байланысқа ие болған
кәсіпорындардың интеграциялануы мен
кооперациялануы. Бұл
осы салаға материалдық, қаржылық және
санаткерлік ресурстар құйылуының қуатты факторлары
болып табылады. Экономика-
ны дамытудың мұндай инновациялық тәсілі
кластер қағидасын
пайдалану негізінде жүзеге асырылады
және оның мақсаты
интеграцияға кіруші кәсіпорындардың
бәсекеге қабілеттілігін
жоғарылату болып табылады. Қазіргі кезде
Қазақстанда машина жасау саласында,
металлургияда, химия мен экономиканың
басқа да салаларында кластер нышаны байқалуда.
Мысалы, олардың ең үлкені Павлодар-Екібастұз
отын-энергетика кешенінде жүзеге асырылып
отыр. Дегенмен, қазіргі кезде кептеген
отандық кәсіпорындардың бәсекелестік
қабілеттілігі төмен болып, әлемдік нарықтағы
бәсекелестікті айтпағанда, Қазақстан
ішіндегі ұлттық компаниялармен кластерлік
(мысалы, оларды қосалқы бөлшектермен
қамтамасыз ету, техникалық қызмет көрсету
және т.б.) сипатта жұмыс істей алуға мүмкіндіктері
шектеулі.
Мұнай экспорттаушы елдердің барлығын
дерлік өз эконо-
микасын әртараптандыру проблемасы алаңдатады.
Ол елдер
соңғы онжылдықта мұнай экспорттаудан
алынатын табысты
қайта бөлу есебінен экономиканың өндірістік
құрылымын же-
тілдіру жөніндегі шараларды іске асыруда.
Осымен бір мезгілде
дамыған елдер экономикасынан кіріс
алу мақсатында басқа
елдерге капитал экспорттау жұмысы жүргізілуде.
Қазақстанда
мұнай-газ өнеркәсібіне жылдан жылға көбейіп
келе жатқан
инвестициялар көлемі экономика құрылымын
әртараптандыруға
қолайлы жағдай туғызуда. Осыған байланысты
Каспий теңізінің
Қазақстандық секторын игеру индустрияны
дамытудың қозғау-
шы күші бола алады. Онда көмірсутектерінің
жалпы қоры 8,0
млрд. тоннаны құрайтынын ескерсек, Қазақстанда
отын-энергетика кешенінің дамуы алдағы
уақытта аталмыш сектордың экономиканың
барлық салалары мен тұрмыста пайдаланатын
полимерлік бұйымдардьң шамамен 200 түрін
шығаруға мүмкіндік жасайды. Сонымен бірге
металлургиялық қалдықтар мен кең қалдықтарын
ұқсату жөніндегі жаңа технологияларды
енгізу орта мерзімді болашақта қосылған
құны жоғары өнім алуға мүмкіндік береді.
Индустриялық-инновациялық стратегияға сәйкес өңдеуші саланы дамытудың алғашқы шаралары жүзеге асырыла бастады. Атап айтқанда, жоғары технологиялық және ғылыми өндірістерді құру жобаларын дамыту, оларды қаржыландыру, сырттан инвестиция тартуға негізделген инвестициялық, инновациялық қорлар, Даму банкі, Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру корпорациясы сияқты даму институттары құрылды. Даму банкі құрылғалы бері жалпы құны 400 млн. АҚШ доллары тұратын 35 инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды жүзеге асыруға қатысты. Ендігі кезекте жаңа өнім түрі мен сапасына жасалған сараптамадан өткен жобалар қаржыландырыла бастамақ. Осы орайда отандық инновациялық жобалардың нарық «кеңістігіндегі» бәсекелестікке төтеп беруі үшін қатаң талаптар қойылып, оларды мемлекеттен емес, даму институттары арқылы ғана инвестициялау қарастырылды. Қазақстандық мамандар мұндай шешімге 1979 жылы Филиппин үкіметінің елде жаңа мүмкіндіктерді туғызу мақсатында толық талданбаған «ірі индустриялық жобаларды» қаржыландыруда еш нәтиже шығара алмау тәжірибесі негізінде келді.Стратегияны іске асыруға арналған инвестициялық сипаттағы тікелей шығындардың болжанатын көлемі жылына 1,2 млрд. АҚШ долларын, мемлекеттік шығындарының құны 2002 жылдың бағасы бойынша жылына 260 млн. АҚШ долларын кұрайды. Стратегияны іске асырудан күтілетін нәтижелер де анықталған. Атап айтқанда, экономиканың өсу қарқыны жылына кемінде 8,8-9,2 пайыз көлемінде болады, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖІӨ көлемі шамамен 3,5-3,8 есе өседі, сонымен қатар, өңдеуші өнеркәсіптің орташа жылдық өсу қарқыны 8-8,4 пайызға дейін, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігі кемінде 3 есе өседі жэне ЖІӨ-нің энергияны қажет етуі екі есеге төмендейді деп күтілуде. Стратегияны жүзеге асыру ЖІӨ құрамындағы тауар өндірісінің үлес салмағын 2015 жылы 46,5 пайыздан 50-52 пайызға дейін өсіруге, ЖІӨ құрылымындағы ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтің үлес салмағын 2000 жылғы 0,9 пайыздан 2015 жылы 1,5-1,7 пайызға дейін көтеруге жағдай жасайды.
Индустриялық стратегияның негізгі
міндеттерінің бірі -аймақтық және
халықаралық ауқымдағы
ІІІ Қазақстандағы аймақтық саясатты жүргізудің еркшеліктері мен оны жетілдіру жолдары
3.1. Қ.Р. аймақтық саясатты
жүргізу жолдары мен даму
Мемлекеттің даму
барысында аймақтық және
1. Өңірдің әлеуметтік жағы және адам факторының басым роль атқаруы;
2. Аймақтардың өзара
3. Еңбек ресурсының қозғалысының күшеюі;
4. Аймақтардың өндіріс құрылымы мен инфрақұрылымының күрделене түсуі мен халықтық маңызының артуы.
Аймақ дегеніміз бірнеше елді-мекеннен тұратын мемлекет территориясын бір бөлігін құрайтын және мемлекеттің мүддесін көтеруге негізделген қоғамдық құру мен басқаруды атаймыз. Аймақтың ролінің күшеюі, біріншіден, мемлекет пен аймақтар арасында басқару функциясын қайта бөлуді, қайта қарастыруды, екіншіден, мемлеекеттік территориялық басқару мен жергілікті өзін-өзі басқарудың ең ұтымды үйлесімін көздейді. Бұл жағдай Қазақстанға да тән, себебі мемлекеттік тәуелсіздік құру экологиялық дамыған аймақсыз кеңейтілген әлеуметтік инфрақұрылымсыз мүмкін емес.
Аймақтық экономика – экономиканың өндіріс салаларымен кәсіпорындарды ел аумағының жекелеген өңірлеріне ұтымды орындардың өнімді өткізу аймақтары қалыптастыруды көздейтін сала. Мемлекеттің аймақтық саясаттың негізгі көрсеткіші болып өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық бостандығы және шығармашылық іскерлігі есептеледі. Аймақтар мен шаруашылық бірліктердің өзін-өзі дамытудың міндетті түрдегі келесілер болады:
Әрбір мемлеекетте екі түрлі территориялық құралдар бар:
Аймақтық және жергілікті билік органдары қаражаттың негізгі 3 кіріс көзі бар:
2. Мемлекеттік аймақтық саясаттың мақсаттары күрделі әрі көп қырлы болады. Қазақстанның даму басымдықтары көзқарасы бойынша маңыздылары мыналар болады:
1. Қазақстандық мемлекеттік
әлеуметтік-экономикалық
2. Жеке әлеуметтік топтардың
өмір сүру деңгейінде
3. Аймақтарда әлеуметтік
бағытталған нарықтық
4. Қазақстанның түрлі аймақтағы тұрғындардың өмір сүру деңгейін жоғарлату;
5. Қазақстан Республикасының
барлық халықтарының
Мемлекеттік аймақтық саясаттың
негізгі мәні орталық билік органын
тәуелді болу және «мемлекеттің асырауы
тиіс» идеологиясынан арылу, Қазақстан
аймақтарының әлеуметтік-мәдени және
ғылыми-технологиялық дамуына
Мемлекеттік аймақтық саясаттың міндеттері алдын-ала қойылған мақсаттармен шартталады және келесі іс-шараларды жүзеге асырады:
3. Мемлекеттік аймақтық
бағдарламалар әлеуметтік
4. 1995 жылдың ақпан айының
басында «1995 жылдағы Қазақстан
Республикасының әлеуметтік
Аймақтық саясаттың мәні: мемлекеттің аймақтық саясатын қалыптастыруды түрлі аудан халықтың өмір сүру деңгейімен сапасын теңестіру аса маңызды. Осы мүдделер қазіргі жағдайларда ең қажетті шешімді қабылдауды қажет етіп отыр. Өйткені тұрғындар тығыздығы қалалық және ауылдық тұрғындардың ара-қатынасы, олардың кірістерінің бір жанға шапқандығы деңгейлері, ТБИ жұмыссыздығының саны және тағы басқа көрсеткіштерге байланысты Қазақстанның аумақтық әкімшілік аудандары бір-бірінен өзгеше. Жұмыссыздар саны бойынша республика облыстарының үлес салмағы 1,8 % Қарағанды облысы, 20,3% Оңтүстік Қазақстан облысы құрайды. Бұл облыстардағы халық кірісінің бір адамға шаққандағы максимум деңгейі, минимум деңгейі 4 есе үлкен. Қазіргі кезде өнеркәсіп өнімінің 40 % жуығы 3 облыстың үлесіне ие: Атырау, Қарағнады, Павлодар.
2.Аймақтық саясат
Информация о работе Аймақтық саясат мемлекеттің жалпы саясатының құрамдас бөлігі