Аймақтық саясат мемлекеттің жалпы саясатының құрамдас бөлігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2012 в 13:46, курсовая работа

Описание работы

Аймақтық саясаттың мәні мен міндеттері және оларды жүзеге асырудың өзіндік механизмдері бар . Макро экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі бола отырып, аймақтық саясат әрбір аймақтың экономикасының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тиімділігін көтеруді өзінің басты мақсаты етіп қояды. Қойылған мақсатқа жету үшін, әрине, міндеттердің қойылуы шарт. Олардың қатарына: мемлекет пен жекелеген аймақтардың мүдделерін үйлестіру, аймақтық дамудың әрекетті механизмін жасақтау, сонымен қатар аймақтың ресурстық, ғылыми, еңбек әлеуетін барынша пайдалану жатады.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................3
І Қазіргі кезеңдегі аймақтық саясатты жүргізудегі мемлекеттің ролі

1.1. Мемлекеттің аймақтық саясатты жүргізудегі теориялық аспектілері................................................................................................................4
1.2. Аймақтық саясатты жоспарлаудың негізгі көрсеткіштері мен әдістері......................................................................................................................8
ІІ Нарық жағдайындағы аймақтық саясатты басқарудың қаржылық ресурстарын қалыптастыру
2.1.Қ.Р. аймақтарының қаржылық ресурстарын қалыптастыру және оларды басқару....................................................................................................................15
2.2. Мемлекеттің аймақтық саясатты жүзеге асыру барысында индустриялды-инновациялық стратегияны қолдану...................................................................19
ІІІ Қазақстандағы аймақтық саясатты жүргізудің еркшеліктері мен оны жетілдіру жолдары
3.1. Қ.Р-да аймақтық саясатты жүргізу жолдары мен дамыту бағыттары...............................................................................................................24
3.2. Қ.Р. аймақтарды әлеуметтік әкономикалық жағынан бөлістіру және оны дамыту....................................................................................................................27

Қорытынды..........................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................32

Работа содержит 1 файл

Аймақтық саясат мемлекеттің жалпы саясатының құрамдас бөлігі.docx

— 105.79 Кб (Скачать)

Облыстық бюджет, республикалық  маңызды қала, астана бюджеті салықтық және басқа да түсімдерден құралатын, облыстық, республикалық маңыздағы қала, астана деңгейіндегі жергілікті мемлекеттік органдардың, оларға бағынышты мекемелердің міндеттері мен функцияларын орындауды және сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қаржылық жағынан қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Ол сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктегі маслихат шешімімен бекітіледі.

Мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы өзара төлем операцияларын ескермегендегі олардың жиынтығы болып табылады.

         Сонымен, бюджет жүйесінің жұмыс істеуі әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара байлаңысына негізделген және оларды жасактау, қарау, бекіту, орындау, бақылау тәртібімен, сондай-ақ, республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.

Жеке аймақтар бюджеттеріне қаражаттардың  түсу көлемі мен құрылымына елдегі экономикалық жағдай; қаржы-бюджет саясаты , өндіріс дамуыньщ аймақтық деңгейі, оның құрылымы , инфляция қарқыны, бағаның өсуі және т.б. сан алуан факторлар әсер етеді.

Жергілікті  бюджеттердің құрылуының қазіргі механизмі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, арнайы бюджеттік және салықтық заңнамалардың нормативтік актілерімен, бюджет аясындағы мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару арасындағы өкілеттіліктер мен жауапкершіліктерді бөлуді анықтайтын басқа да заңдармен қамтамасыз етіледі. Жергілікті бюджеттердің табыстары мен шығыстарын қалыптастыру қағидалары жалпы бюджет жүйесін құру қағидаларына негізделген.

          Жергілікті атқарушы органдарға жүктелген міндеттерге сәйкес жергілікті бюджеттер арқылы жергілікті бағдарламалар, сонымен қатар онымен байланысты басқа да бағдарламалардың қаржыландырылуы жүзеге асырылады. Олардың қатарына келесілерді жатқызуға болады: қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жергілікті мемлекеттік басқару органдарын ұстау шығындарын қаржылындыру; білім беру мен денсаулық сақтауды; халықтың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыруды және заңды түрде бекітілген жеңілдіктерді жүзеге асыруды; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сумен қамтамасыз ету және инженерлік инфрақұрылымды; мәдениетті, спортты, туризмді және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарын; шағын және орта бизнесті дамытуды; жұмысбастылықты қамтамасыз етуді қаржыландыру және кезекті қаржылық жылға арналған бюджетте қарастырылған басқа да бағдарламаларды қамтамасыз ету. Мемлекеттік банктер арқылы қайтарымды негізде берілетін бюджеттік қаражаттар қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыруға арналады.

Табыстық түсімдердің  шектелуі жағдайында құрылымы мен құрылу әдістері нарыққа өткеннен бастап айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жергілікті бюджеттердің өзіндік табыстық базасының құрылуына ерекше көңіл бөлінеді. Ең алдымен, бұл нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында табыстарды алу көздерін, олардың деңгейлерін, жалпы қоғамдағы, сондай-ақ, жекелеген шаруашылық жүргізуші субъект пен азаматтардың тұтынулары мен жинақтарын реттеу үшін қолданылатын әдістерге қатысты. Бұл әдістер мемлекеттік билік органдарының барлық буындары мен жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық негізін құруда маңызды рөл атқарады.

Қазақстан Республикасының аймақтық бірегей бюджеті жергілікті бюджет бола отырып, елдің бюджет жүйесінің дербес буыны болып табылады.     Әр жыл сайын заңды түрде Қазақстанның республикалық бюджеті бекітіледі. Осы бюджет арқылы республика аумақтарында бюджеттік үрдіс және бюджеттік реттеу жүзеге асырылады. Жергілікті бюджеттер республикалық бюджет бекітілгеннен кейін, субвенциялар мен бюджеттік алып алулардың шамасы белгілі болғаннан соң барып бекітіледі.

Соңғы уақытта Қазақстан Республикасындағы  жергілікті бюджет түсімдерінің құралу тәртібін реттейтін заңнамаларға бірқатар өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер төмендегідей:

1. Жергілікті бюджеттердің кірістері:

  • салықтар, алымдар жэне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;
  • салыққа жатпайтын түсімдер;
  • капиталмен жасалған операциялардан түсетін түсімдер (коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіруден түсетін түсімдер және басқалары);
  1. Ресми трансферттер;
  1. Несиелер бойынша негізгі борыштарды өтеу.

 

  1. жылғы Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуын сипаттайтын деректеріне назар аударайық.
  2. жылдың 1 қаңтарына Республикалық бюджетке түскен түсімдер көлемі 722 млрд. теңгені құрады, бұл 2003 жылдың тиісті кезеңінің (565,3 млрд. теңге) деңгейінен 27,7% артық.

2003 жылдың тиісті кезеңімен (541,6 млрд. теңге) салыстырғанда несиелерді есепке алғандағы шығыстар 42%-ға өсті және2004 жылдың 1 қаңтарына 768,9 млрд. теңгені құрады. Бюджет- 
тің тапшьшығы 46,9 млрд. теңге деңгейінде анықталып отыр.

Есепті кезенде республикалық бюджеттің 89,9%-ын табыстар (соның ішінде салықтар - 93%) құрады. Түсімдер көлеміндегі ресми трансферттер үлесі - 8%.

Шығындардың негізгі бөлігі - 35,2% әлеуметтік сала мен жалпы мемлекеттік қызметтер - 21,5% үлесінде. 2003 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда бұл шығындар тиісінше 27,4% және 25,5% артты, өндірістік салаға шығындар 54,8%-ға өсті.'

       Осы кезең ішінде жергілікті бюджетке түскен түсімдер 486,3 млрд. тенгені, несиені есепке алғандағы шығыстар 479,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2003 жылдың осы кезеңіне қарағанда тиісінше - 26% және 21,4% артық (түскені - 386 млрд. теңге, несиені есепке алғандағы шығыстар - 394,5 млрд. теңге). Бюджет тапшылығы 7,2 млрд. теңге деңгейінде анықталды.

2004 жылдың 1 қаңтарына жергілікті бюджетке түскен түсімдердің кұрылымындағы табыстар - 73,1% (соның ішінде 96,7% - салық түсімдері), ресми трансферттер - 25,3%-ға құрады.

Жергілікті бюджет шығындарының елеулі бөлігі әлеуметтік салаға (51,9%) жұмсалған, оның ішінде: білім беруге - 27,7%, әлеуметтік қамтамасыз ету, әлеуметтік көмекке - 8,5%, денсау-лық сақтауға -15,7%.

2003 жылғы тиісті кезеңнің деректерімен  салыстырғанда жергілікті бюджеттің шығындары тұтастай алғанда - 22,4%, олардан өндірістік салаға - 51,1%, борышты өтеуге - 29,5%, әлеуметтік салаға - 24,1%-ға өсті.

2003 жылғы  жергілікті бюджеттердің табыстар құрылымын  арқьлы бейнелеуге болады.

  Салықтық түсімдер (96,7)

Салықтық емес түсімдер (1,6)

Капиталмен  жасалған операциялардан түскен түсімдер (1,8) Трансферттер (25,3)

Несиелерді қайтару (1,6)

2003 жылғы Қазақстан  Республикасының жергілікті бюджеттерінің табыстық құрылымы, %

     Бұл деректер 2003 жылы Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттерінің табыстар құрылымында салықтық түсімдер (96,7%) үлесінің жоғары болғандығын керсетеді. Байқап отырғанымыздай, жергілікті бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер көлемі тым төмен, сондай-ақ алынған ресми трансферттер үлесі де жоғары емес. Дерек көздері жыл сайын бұл көрсеткіштер бойынша төмендеу тенденциясы орын алып отырғандығын айғақтайды. Атап айтқанда, 1999 жылы салықтық емес түсімдер 21,78% болса, 2003 жылы 1,6%-ды құрады; ал трансферттер бойьнша 1999 жылы - 44,6%, 2003 жылы 25,3% деңгейінде болды. Сонымен қатар аумақтық бірліктердің жергілікті бюджетінің табыс бөлігіндегі салықтық түсімдердің үлес салмағы да бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді

2001-2003 жылдардагы облыстардын жергілікті  бюджетінің табыс бөлігіндегі салықтық түсімдердін үлес салмағы, %

 

Аймақтар

жылдар:

 

2001

2002

2003

Акмола

56,5

45,8

45,2

Ақтөбе

85,2

93,9

92,1

Алматы

47,9

54,7

57,5

Атырау

98,2

85,8

87,7

Шығыс Қазақстан

81,3

76,0

64,1

Жамбыл

52,4

41,4

28,2

Батыс Қазақстан

93,7

84,5

89,3

Қызылорда

78,8

51,0

42,8

Қарағанды

96,1

96,3

88,3

Қостанай

79,0

67,0

65,4

Манғыстау

97,4

97,8

93,2

Павлодар

88,7

93,5

93,1

Солтүстік Қазакстан

55,1

51,6

49,6

Оңтүстік Қазақстан

47,4

54,2

45,4

Астана қаласы

81,3

81,1    .

67,3

Алматы қаласы

94,7

96,4

88,7


 

 

2.2.Индустриялық-инновациялық  стратегияның аймақтарда жүзеге  асыру барысы

      Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясының мақсаты - шикізат бағытынан біртіндеп арылуға ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады. Мұндай стратегияның қабылдануына әлемдегі экономикалық даму қарқыны негіз болып отыр. Халқаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк, трансұлттық корпорациялар сияқты институттардың осыған дейін де әлемдік экономикада билік жүргізіп келуі дамушы елдерге инновациялық игіліктерді игеруге түрткі болуда. Өйткені, әлемдегі шеткері жатқан дамушы елдер шикізат жеткізуші қызметін атқарып, ал аталмыш институттардың құрылуына негіз қалаған орталықтағы іргелі мемлекеттердің оны өңдеп, оларға қайта сату үрдісі болашақта шикізатқа бағытталған мемлекеттердің әлемдік тауар нарықтарындағы жағдайларға тәуелді болып қалу қаупін тудыруда. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шикізат қорына бай кейбір елдер осы сектор арқылы едәуір табысқа ие болады да, өнеркәсіптің жаңа салаларын дамытуға ынталанбайды. Дегенмен, шикізат қоры бір көздері сарқылатындықтан да тұрақты даму тұрғысынан алғанда шикізатты ел елеулі проблемаларға тап келеді. Бастапқыда шикізаттық мемлекеттер саналатын Латын Америкасындағы Мексика және Бразилия елдері, Шығыс Азиядағы Оңтүстік Корея, Сингапур мемлекеттері инновациялық саясатты қолдану, яғни сервистік-технологиялық экономикаға өту арқылы өркендеуге қол жеткізуге болатынын дәлелдеп берді.

Жалпы алғанда, жаңа ғаламдық экономикалық жағдайды қалыптастыратын әлемдік экономикадағы басым үрдістерді төмендегідей тұрғыда жіктеуге болады:

  • дамыған елдерде индустриялық экономикадан сервистік-технологиялық экономикаға өту;
  • ғаламдану;
  • экономиканы ырықтандыру;

• ғаламдық бәсекенің артуы және аймақтық ықпалдасу. 
Жиырмасыншы  ғасырдың соңғы  ширегінде экономикасы дамыған елдер индустриялық даму сатысынан аса жоғары сервистік-технологиялық экономикаға өтті. Бұл елдерде жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) үлкен бөлігі қызмет көрсету секторында қалыптасты. Мұндай қызметтердің айқын байқалатын ғылыми және инновациялық негізі бар.

Экономикасы дамыған елдерде санаткерлік  ресурстар және қаржы капиталы шоғырланған, ал индустриялық өндіріс, әсіресе, еңбекті көп кажет ететін өндірістер біртіндеп әлемнің экономикалық даму тұрғысынан неғүрлым артта қалған елдеріне ауысуда.

Елдің Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында дүниежүзілік экономиканың ғаламдануы аясындағы Қазақстан  экономикасының дамуында орын алған бірқатар проблемалар көрсетілген, олардың негізгілері ретінде келесілерді атап өтуге болады: Қазақстан экономикасының бір жақты шикізат бағыттылығы; әлемдік экономикаға ықпалдасуының әлсіздігі; ел ішіндегі салааралық және аймақаралық экономикалық ықпалдасудың босандығы; ішкі нарықта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы; өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымауы; кәсіпорындардың жалпы  техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы; ғылым мен өндірістің арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлык жүмыстарға (ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлінуі және т.б. Сонымен қатар бағдарламада экономиканың үрдістерін талдау және Қазақстан экономикасының бәсекелестік қабілетін арттыру проблемалары да қарастырылған.

Тәуелсіздік алғаннан кейін  Қазақстан ғаламдық экономикада әлемдік тауар нарықтарына мұнай, газ, қара, түсті, сирек кездестін және қымбат металдар мен ұран өнімдерін шығаратын ел ретінде таныла бастады. Ауыл шаруашылық өнімдерінің ішінде астық экспортының келешегі бар.

Өнеркәсіптің шикізат  салаларына шетелдік инвестицияларды тарту және қаржы саласында құрылымдық-институционалдық өзгерістерді жүзеге асыру жөнінде мемлекеттік саясаттың жүргізілуіне орай Қазақстан экономикасының дамуында ілгерілеу байқалуда және ұзақ мерзімді кезеңде индустриялық сервистік-технологиялық даму сатысына өтуге мүмкіндік беретін қаржы ресурстары жинақталуда.

Дүниежүзілік Банк Қазақстанды  әлемдегі инвестиция салуга ең тартымды 20 елдің қатарына қосты. Соңғы он шақты жылдан астам уақытта Қазақстан экономикасына 21 миллиардтан астам АҚШ доллары тартылды.

Қурылымдық-институционалдық реформалар саласындагы жетістіктерді, қаржы  секторы сенімділігінің артуын және елдің экспорттық әлеуетінің жедел қарқынмен өсуін айта отырып, өнеркәсіптің өңдеуші салалары, сондай-ақ өндірістік сипаттағы қызметтер көрсететін салалар тиісінше дамымай отырғанын да атап өткен жөн. Өңдеуші өнеркәсіпте металлургия өнеркәсібі ғана сыртқы нарықта бәсекеге түсе алады. Тамақ өнеркәсібінің кейбір өнімдері осыған ұқсас шетелдік өнімдермен ішкі нарықта ғана бәсекеге түсе алса, ал өндеуші өнеркәсіптің қалған өнімдері бүгінгі танда тікелей және жанама демеуқаржылардың (субси-диялардың) есебінен ғана ұсталып отыр. Бұл электр энергиясына, жанаржағар майларға, өнімді тасымалдауға төмен және экономикалық тұрғыдан негізделмеген тарифтің белгіленуінен  кедендік қорғау баждарын белгілеуден көрініс беруде. 2003 жылға дейін өнеркәсіптің кейбір (машина жасау, тоқыма, тігін, былғары аяқ-киім, резина және пластмасса бұйымдарын өндіру, химия өнеркәсібі) салаларына бюджет алдында жол берілген бұрынғы берешектерін төлеу өсімі есептелмей кейінге қалдырылды. Тоқыма, тігін, былғары аяқ киім өнеркәсібі салаларының өздері өндірген өнімдерін өткізуге 2002 жылға дейін қосылған құнға салық нөлдік мөлшерлеме (ставка) бойынша салынды. Бағдарламада қысқаша келтірілген өңдеуші өнеркәсіптің қазіргі сипаты осындай.

Информация о работе Аймақтық саясат мемлекеттің жалпы саясатының құрамдас бөлігі