Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2012 в 13:34, реферат
Салық саясаты — мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі. Салық негізін, мөлшерлемесін, жеңілдіктерін және шегерімдерін өзгерту жолымен іске асырылады. Салық саясаты экономикаға мемлекеттің араласуы нәтижесінде мемлекеттік бюджетті қалыптастырады және жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) ауқымымен, экономиканың жеке секторларына салық шараларын қолдану дәрежесімен айқындалады. Мәселен, жеңілдіктер мен шегерімдердің болмашы көлемімен ұштастырылатын кең ауқымды салық негізі салық салудың біркелкі мөлшерде болуын қамтамасыз етіп, экономиканың жекеше секторына ресурстарды орналастыру үдерісіне мемлекеттің араласуы ауқымын төмендетеді. Салық саясаты дискрециялық (лауазымды адамның қайсыбір мәселені өз қалауынша шешуі) және бейдискрециялық негіздерге сүйенуі мүмкін.
Салық саясаты
Уикипедия жобасынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Салық және үкімет қаражаттары
Салық саясаты — мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі. Салық негізін, мөлшерлемесін, жеңілдіктерін және шегерімдерін өзгерту жолымен іске асырылады. Салық саясаты экономикаға мемлекеттің араласуы нәтижесінде мемлекеттік бюджетті қалыптастырады және жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) ауқымымен, экономиканың жеке секторларына салық шараларын қолдану дәрежесімен айқындалады. Мәселен, жеңілдіктер мен шегерімдердің болмашы көлемімен ұштастырылатын кең ауқымды салық негізі салық салудың біркелкі мөлшерде болуын қамтамасыз етіп, экономиканың жекеше секторына ресурстарды орналастыру үдерісіне мемлекеттің араласуы ауқымын төмендетеді. Салық саясаты дискрециялық (лауазымды адамның қайсыбір мәселені өз қалауынша шешуі) және бейдискрециялық негіздерге сүйенуі мүмкін. Дискрециялық негіз өзгеріп отыратын экономикалық жағдайға сәйкес салық заңнамасына түзетулер енгізуді: салық мөлшерлемесін өзгертуді, салық жеңілдіктерін енгізуді немесе алып тастауды, т.б. шараларды көздейді. Ол мемлекетке реттеу құралдарын кең көлемде таңдау мүмкіндігін береді. Алайда бұл мемлекеттің экономикалық үдерісті немесе жағдаятты танып-білуіне, шешім қабылдауына және ықпал етуіне теріс әсерін тигізеді. Бейдискрециялық салық саясаты негізінен орта мерзімдік циклді кезеңділікті реттеуге бағытталған реттеуіштер элементтері болып табылады. Саясаттың бұл түрінің негізі — жеке табыс салығында және корпорациялардың пайдасына салынатын салықта үдемелі табыс салығын салу: экономикалық өрлеу кезеңінде — шаруашылық субъектілерінің табысынан бюджетке алу нормасын арттыру, дағдарыс пен тұралау кезеңінде — осы норманы төмендету. Сөйтіп, өрлеу кезеңінде жиынтық сұранымның мөлшеріне тиісінше ықпал ету есебінен экономикалық өсу тежеледі және дағдарыс кезеңінде ынталандырылады. Бейдискрециялық салық саясатында жоғарыда аталған кешеуілдеулер болмайды, бірақ мұнда мемлекеттің қолында реттеуші құралдардың саны аз болады. Түрлі елдердің салық саясаты түрлі элементтердің ұштастырылуымен сипатталады: тікелей салықтар бөлігінде табыстарды өздігінен реттеу жағдайларын жасау үшін үдемелі шекілдер пайдаланылады, жанама салықтар бөлігінде дискрец. саясат қолданылады. Инфляциялық үдерістер кезінде бейдискрециялық салық саясатының пәрменділігі төмен: табыстың ұдайы өсуіне қарай инфляция салдарынан салық салу нормасы да ұдайы жоғарылап отырады. Қазақстанда жаңа салық жүйесі қатаң саяси, экономикалық және құрылымдық өзгерістер жағдайында қалыптасты. Салық жүйесінің өзгертілуі Салық кодексінде қарастырылған, ол, жалпы мемлекеттік мүдде мен жеке меншік мүдделерінің теңдестірілуін қамтамасыз ететін, кәсіпкерлікті дамытуға, инвестициялық қызметті жандандыруға, еліміздің ұлттық байлығын молайтуға, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға, салықтың санын азайтуға және жалпы салық ауыртпалығын азайтуға септігін тигізетін ұтымды салық жүйесін құру міндетін шешуге бағытталған.
Мемлекеттің салық саясаты және қазіргі салық саясатының ерекшеліктері
. Мемлекеттің салық саясаты және қазіргі салық саясатының ерекшеліктері
Салық жіктемесі
Мемлекеттің салық саясатының мақсаты мен міндеттері, тұрпаттары
3.1. Салық жіктемесі
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі принциптер бойынша жіктеледі:
- салық салу объектілері бойынша;
- салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға қарай;
- пайдалану тәртібі бойынша;
- объектінің экономикалық белгісі бойынша;
Салықтарды салу объектісі бойынша олар тікелей және жанама салықтар болып бөлінеді.
Тікелей салықтар – салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен алынатын салықтар. Тікелей салықтардың ең соңғы төлеушісі (салық салынушы) болып мүліктің (табыстың) иесі табылады Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің (меншігінің) кейбір түрлеріне (үй, жер, кәсіп, ақшалай капитал және т.б.) салынады. Жеке тікелей салықтар – бұл жеке адамдар мен заңды тұлғалардың табыстарына салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.
Жанама салықтар – бағаға не тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі, ішкі рынокта сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.
Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді. Бұл салықтардың ең соңғы төлеушісі болып тауарды тұтынушы табылады.
Жанама салық салудың мәні салықтың тауар бағасына (қызмет тарифіне) қосылатындығында. Бұл жағдайда салықты тауардың (қызметтің) нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланыс болмайды.
Жанама салықтар салық салу объектісіне қарай төмендегіше бөлінеді:
Жеке жанама салықтар – қатаң түрде белгіленген бір тауар топтарына салынады;
Әмбебап жанама салықтар – негізінен барлық тауарлар мен қызметтерге салынады;
Фискалды-монополиялық жанама салықтар – мемлекеттік құрылымдарда сатылатын өндірістің барлық тауарларына салынады.
Кедендік баж – экспортты-
Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай салықтар жалпымемлекеттік және жергілікті болып бөлінеді.
Жалпымемлекеттік салықтар – барлық элементтері мемлекеттің заңдарымен анықталатын және сол елді жалпыға бірдей біртұтас қолданылатын салықтар. Бұл салықтарды бекітіп, жүзеге асыратын – Парламент. Бұл салықтар ір деңгейдегі бюджеттерге бөлініп отырады.
Жергілікті салықтар – мемлекеттің заңдарына сәйкес жергілікті өкімет органдары жүзеге асыратын салықтар. Олар жергілікті деңгейде қабылданған шешім негізінде ғана жүзеге асырылады. Бұл салықтар толығымен жергілікті бюджетке түсіп отырады.
Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және арнаулы болып бөлінеді.
Жалпы салықтар тиісті деңгейлердің бюджеттерінде шоғырландырылады және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады. Арнаулы салықтардың нысаналы мақсаты болады (мысалы, зейнетақы төлемдерін қалыптастыру үшін пайдаланылатын әлеуметтік салық).
Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа және тұтынуға салынатын салықтар болып бөлінеді. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген объектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар – бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.
3.2. Мемлекеттің салық саясатының мақсаты мен міндеттері, тұрпаттары
Салықтар – мемлекет егемендігін көрсетудің бір формасы. Салықтар осы ерекшелігімен мемлекеттік мүлік пен займдардан (қарыз) түскен табыстардан айрықшаланады. Салықтарды жинау құқығы әрқашан мемлекеттің егемендік құқығының бірі болып табылады. Салықтар біржақты тәртіпте белгіленеді.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық кезеңдерге көшуі басқарудың экономикалық әдістерін қоғамдық өндіріске пайдалануды талап етті, кәсіпорыннан бюджетке түсетін кіріс түсімдерінің жүйесі толық өзгерді. Енді ол – салық төлемдері базасында құрыла бастады; кәсіпорынның бюджетке салықтық формадағы қарым – қатынасы заңмен реттелетін құқықтық негізге көшірілді. Бұл экономикалық процесті макродеңгейде реттеуде салықтарды пайдалану концепциясын әзірлеу қажеттілігіне әкелді.
Сонымен, қаржы саясатының дербес саласы болып салық саясаты бөлініп шықты.
Салық саясаты – мемлекеттің салық салу аясындағы жүргізіп отырған шараларының жүйесі.
Салық саясатының мазмұны мен мақсаты қоғамның әлеуметтік–экономикалық құрылуымен, экономикалық саясатының жалпы бағытымен, сондай–ақ қаржы саясатының нақты әдістерімен сипатталады.
Салық саясатының мақсаты мемлекет қажеттілігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Салық саясатын жүргізу нәтижесінде заңды және жеке тұлғалардың табысының бір бөлігі жалпымемлекеттік шығыстарды жабуға тартылады, яғни салық саясатын жүргізу нәтижесінде заңды және жеке тұлғалардың табысы реттеледі. Сонымен қатар салық саясаты ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталуы қажет. Бұл ұлттық табыс көлеміндегі салықтардың үлесін, салық салудың шегін белгілеуді білдіреді.
ҚР–да салық саясатын жүргізудегі басты мақсат – отандық тауар өндірушілерді мемлекет тарапынан қолдау, мемлекеттің ішкі экономикалық дамуына ықпал ететін саясат жасау, жеке секторлардың жедел дамуына жағдай жасау, шетел инвестициясын тартуда кедергілердің алдын алу, яғни мемлекет пен салық төлеушілердің талап–тілегін ортақтастыру.
Экономикалық негізделген салық саясаты қаржыны салық жүйесі арқылы орталықтандыруды оңтайландыру мақсатын көздейді.
Батыс экономистері салық саясатын бөлек алып қарастырмайды және салықтардың іс–әрекетін мемлекеттің шығыстарының жағдайын зерттеп білмей, қарастырмайды. Оны салықтардың ең алдымен мемлекеттің өз функциялары мен міндеттерін шешуге қызмет етуін қамтамасыз ететіндігімен түсіндіреді.
Жоғары дамыған нарықтық қатынастар жағдайында салық саясатын мемлекет өндіріс құрылымын өзгерту, аумақты экономикалық дамыту, халықтың табыстылық деңгейін көтеру мақсатында ұлттық табысты қайта бөлу үшін пайдаланады.
Салық саясатының міндеттеріне мыналар жатады:
– мемлекетті өз функциялары мен міндеттерін орындау үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;
– жалпы ел шаруашылықтарын реттеуге жағдай жасау;
– нарықтық қатынас процесінде пайда болатын халық табысы деңгейіндегі теңсіздікті деңгейлестіру (тегістеу).
Салық саясатында мемлекетті салыстырмалы дербестігі көрінеді. Салық механизмі арқылы салық саясатын өзгерте отырып, мемлекет экономикалық дамуды ынталандыруға немесе оны ырықтандыруға мүмкіндік алады. Салықтық реттеу елдің шаруашылық өмірін қамтиды, өйткені салықтық шаралар базистік қарым-қатынасты қондырмаға ықпал ететін басты әмбебап құрал болып табылады. Мұндай реттеудің мақсаты-компанияның ішкі және сыртқы, әсіресе инвестициялық қызметі үшін жалпы салықтық ахуалды жасау және капитал қозғалысының басыңқы салалық және аумақтық бағыттарын ынталандыру үшін пұрсаттылықты салық жағдайын қамтамасыз ету болып табылады.
ТҮЙІН
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі принциптер бойынша жіктеледі:
- салық салу объектілері бойынша;
- салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға қарай;
- пайдалану тәртібі бойынша;
- объектінің экономикалық белгісі бойынша;
Салық саясаты – мемлекеттің салық салу аясындағы жүргізіп отырған шараларының жүйесі.
Салық саясатының мазмұны мен мақсаты қоғамның әлеуметтік–экономикалық құрылуымен, экономикалық саясатының жалпы бағытымен, сондай–ақ қаржы саясатының нақты әдістерімен сипатталады.
Салық саясатының мақсаты мемлекет қажеттілігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Өзіндік жұмыс үшін сұрақтар мен тапсырмалар
Тест сұрақтары
1. Салық салу объектісі мен мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынасқа байланысты салықтарды былай бөледі:
A) жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтар деп;
B) тікелей және жанама деп;
C) жалпы және арнайы салықтар деп;
D)шынайы және жеке;
E) реттелетін және бекітілген.
2. Жанама салықтардың төлеушілері болып:
A) тауар өндірушілер (жұмыс, қызмет);
B) тауарды тұтынушылар (жұмыс, қызмет);
C) тауарларды өндірушілер мен тұтынушылар(жұмыс, қызмет);
D) тауар сатушылар (жұмыс, қызмет);
E) тауарларды өндірушілер мен сатушылар (жұмыс, қызмет);
3. Салықтардың салықтарды төлеуге байланысты жіктелуі
A) натуралды және ақшалай;
B) жеке және нақты;
C) монополиялық, мақсатты;
D) жалпы мемлекеттік және жергілікті,
E) жалпы және мақсатты.
4. Салық саясатының келесі типтері бар:
а) Дұрыс салықтар саясаты, жоғары салықтар және төмен деңгейдегі әлеуметтік қорғау;
б) Төмен салықтар саясаты, орташа салықтар саясаты, жоғары салықтар саясаты;
с) Тікелей салықтар саясаты, жанама салықтар саясаты, аралас салықтар саясаты;
д) Максимальды салықтар саясаты, дұрыс салықтар саясаты, аралас салықтар саясаты;
е) Төмен салықтар саясаты, аралас салықтар саясаты төмен дәрежедегі әлеуметтік қорғаумен бірге.
5. Салықтың ұйымдық-құқықтық нормалар мен басқару әдістерінің жиынтығы – бұл:
а) салық принциптері;
б) салық механизмі;
с) салық элементтері;
д) салық салу әдістері;
е) салықтық бақылау.
6. ҚР-да салық саясатын жүргізудегі басты мақсат болып
а) отандық тауар өндірушілерді мемлекет тарапынан қолдау;
б) мемлекеттің ішкі экономикалық дамуына ықпал ететін саясат жасау;
с) жеке секторлардың жедел дамуына жағдай жасау;
д) шетел инвестициясын тартуда кедергілердің алдын алу;
е) барлық жауап дұрыс.
7. Салық саясаты дегеніміз не?
а) мемлекеттің салық салу саласында жүргізіліп отырған шараларының жүйесі;
б) мемлекет қажеттігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;
с) мемлекеттің кіріс көзі;
д) мемлекет пен салық төлеушінің талап тілегін ортақтастыру;
е) барлық жауап дұрыс.
8. Салық саясатының мақсаты:
а) бюджеттті табыспен қамтамасыз ету;
б) корпорациялар мен тұрғындардың шаруашылық қызметін ынталандыру;
с) табыстарды реттеу бойынша үкіметтің әлеуметтік саясатын қолдау;
д) жоғарыда аталғандардың бәрі дұрыс;
е) мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық бағдарламаларының барлығын қаржыландыру.
9. Салықтық реттеу:
а) қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен пропорциясына әсер етеді;
б) капиталдың жинақталуына әсер етеді;
с) аталғандардың бәрі дұрыс;
д) шығындар нарығына;
е) өндіріс циклына;
Налоговая система и налоговая политика в странах с развитой рыночной экономикой
Система налогообложения
является механизмом