Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2012 в 13:34, реферат
Салық саясаты — мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі. Салық негізін, мөлшерлемесін, жеңілдіктерін және шегерімдерін өзгерту жолымен іске асырылады. Салық саясаты экономикаға мемлекеттің араласуы нәтижесінде мемлекеттік бюджетті қалыптастырады және жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) ауқымымен, экономиканың жеке секторларына салық шараларын қолдану дәрежесімен айқындалады. Мәселен, жеңілдіктер мен шегерімдердің болмашы көлемімен ұштастырылатын кең ауқымды салық негізі салық салудың біркелкі мөлшерде болуын қамтамасыз етіп, экономиканың жекеше секторына ресурстарды орналастыру үдерісіне мемлекеттің араласуы ауқымын төмендетеді. Салық саясаты дискрециялық (лауазымды адамның қайсыбір мәселені өз қалауынша шешуі) және бейдискрециялық негіздерге сүйенуі мүмкін.