Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 21:47, курс лекций
Тақырыбы: Дистилляция әдiсiмен оқшауланатын заттар тобы (“ұшқыш” улар). Оқшаулау әдiстерi. “Ұшқыш” улардың жалпы химия-токсикологиялық талдауы. Алифаттық спирттер. Алкоголь интоксикациясының қазiргi кезендегi жағдайы мен сот-медициналық және сот-химиялық экспертизасының мақсаттары.
Су буымен айдалатын заттар. Тәсілдің жалпы сипаттамасы:
а) сумен араласпайтын немесе шектеулі араласатын сұйықтықтардың су буымен айдалу принципі
б) азеотропты қоспалардың су буымен айдалу принципі
Су буымен айдау процессіне әсерін тигізетін факторлар
Қышқылданған биологиялық материалдан улы затарды айдау
Қышқылданған сонан соң сілтіленген биологиялық материалдан улы затарды айдау
Дислилляттағы улы заттарды фракциялық тәсілмен айдау
6. «Ұшқыш улардың» химия-токсикологиялық талдауы
Метил спиртін тотығудан кейін ашу. Метил спиртін формальдегидке дейін тотықтырған соң соңғыны хромотроп, фуксинкүкіртті қышқылдары және резорцин көмегімен анықтайды. Бұл реакциялар жоғарыда баяндалған.
Бұл реакциялардың ішінде метил спиртіне (тотығудан кейін) хромотроп қышқылымен реакция арнайы болып табылады. Бұл реакцияны этил, пропил, бутил, амил және изоамил спирттері бермейді. Көрсетілген реакцияны орындағанда, кейбір спирттік топтары бар заттар, сары не қызыл қоңыр бояу береді.
Микродиффузия тәсілі. Метил спиртін микродиффузия тәсілі көмегімен ашу жоғарыда келтірілген.
Несеп пен қандағы
метил және этил спирттеріне алдын
ала сынама. Несеп пен қандағы
метил спиртін төменде
Осындай реакцияны калий дихроматымен тотығуға бейім кейбір басқа спирттер мен қосылыстар беретіндіктен, бұл реакцияның оң нәтижелерін төменде суреттелген басқа алдын ала сынамалармен растау (нықтау) қажет.
а) улы заттарды су буымен айдау аппаратына 5 мл қан не 10 мл несеп енгізеді және айдауды бастайды. Алғашқы 5 мл дистиллятты жинап, онда метил не этил спиртінің болуын анықтайды. Осы мақсатта 1 мл дистиллятты 1 мл 50%-тік күкірт қышқылымен және 0,1 г натрий салицилатымен аралстырады, кейін қоспаны бу жылытқышында қыздырады. Метил салицилатына немесе этилсалицилатына тән иістің пайда болуы, дистиллятта тиісті спирттің болуын көрсетеді;
ә) 2 мл жоғарыда дистиллятқа 1-2 тамшы 10%-тік натрий гидроксиді ерітіндісін, кейін тұрақты сары бояу пайда болғанша иодтың калий иодидтегі ерітіндісінің бірнеше тамшысын қосады. Кейін қоспаны су жылытқышында қыздырады. Сары кристалдардың түзілуі немесе иодоформға тән арнайы иістің пайда болуы, қанда не несепте этил спирті болғанын дәлелдейді. Бұл реакцияға дистиллятта метил спиртінің болуы бөгет болмайды. Ацетон, тап этил спирті сияқты реакция береді;
б) пробиркаған 2 мл дистиллят енгізеді және перманганаттың түссізденуі тоқтағанша тамшылатып 5%-тік клаий перманганаты ерітіндісін қосады. Кейін пробиркаға ерітінді түссізденгенше 10%-тік қымыздық қышқылы ерітіндісін тамызады. Осы сұйықтықта 0,1 г хромотроп қышқылын және сақтықпен пробирка қабырғасымен 1,5 мл концентрленген күкірт қышқылын қосады, мұнда күкірт қышқылы дистиллят астына түсуге және онымен араласпауға тиіс. Екі сұйықтықтың бөліну шекарасында қызыл не күлгін бояудың пайда болуы дистиллятта метил спирті болуын көрсетеді.
Бұл алдын ала сынама несеп пен қандағы метил және жтил спирттерін ашу үшін қолданылады.
Этил спиртін ашу
Өлік ағзаларын (асқазан ішіндегісін, бауыр, бүйректер және т.б.) этил спирті болуына зерттегенде оны су буымен айдайды. Этил спиртін ашуды төменде мазмұндалған реакциялар көмегімен жүргізеді. Қан мен несептегі этил спиртін ашу үшін газ сұйықтық хроматографиясын қолданады.
Микродиффузия тәсілі. Этил спирті жоғарыда мазмұндалған микродиффузия тәсілі көмегімен ашуға болады.
Йодоформ түзілу реакциясы. Этил спиртін иод және сілті ерітіндісімен қыздырғанда, өзіне тән иісі бар иодоформ (СНІ3) түзіледі:
І2 + 2NаОН ® NaOI + NaI + H2О;
C2H5OH + NaOI ® CH3CHO + NaI + H2O;
CH3CHO + 3NaOI ® I3C-CHO + 3NaOh;
I3C-CHO + NaOH ®CHI3 + HCOONa.
Этерификация реакциясы. Этил спиртін этерификациялау үшін натрий ацетаты мен хлорлы бензолды қолданады.
Сіркеэтил эфирінің түзілу реакциясы. Этил спирті күкірт қышқылы қатысуында натрий ацетатымен өзіне тән иісі бар сіркеэтил эфирін түзеді:
2CH3COOIIa+2C2H5OH+H2SO4®2CH3C
Реакцияның орындалуы. Пробиркаға 1 мл зерттелетін ерітінді мен 0,1 г сусыз натрий ацетатын енгізеді, кейін абайлап 2 мл концентрленген күкірт қышқылын тамшылатып қосады. Қоспаны газ көпіршіктері бөлінгенше жаңарғы жылында (жақсысы пробирканы парафин не глицирин жылытқышында қыздыру) қыздырады. Сіркеэтил эфиріне тән арнайы иістің пайда болуы зерттелген ерітіндіде этил спирті болғанын көрсетеді.
Ашу шегі: 1 мл ерітіндіде 15 мкг этил спирті.
Сіркеэтил эфирінің иісі, пробирка ішіндегісін өзінен 20-25 есе үлкен көлемдегі суға құйса, анық сезіледі.
Этилбензоат түзілу реакциясы. Этил спирті бензолхлоридпен әрекеттескенде, өзіне тән иісі бар, этилбензоат түзіледі.
Этилбензоат иісін айыра тануға жағымсыз иісті бензолхлоридтің артық мөлшері бөгет болады. Сондықтан, бензолхлоридті ыдырату үшін, сілті ерітіндісін қосады.
Реакцияның орындалуы. 1 мл зерттелетін ерітіндіге 1-2 тамшы бензолхлорид қосады. Қоспаны жиі шайқай отырып, оған бензоилхлоридтің тұншықтырғыш иісі жоғалғанша натрий гидроксиді ерітіндісін тамызады. Этилбензоат иісінің пайда болуы сынамада этил спирті болғанын көрсетеді. Сүзгі қағаздың кішкене тілкеміне реакциялық қоспадан бірнеше тамшы тымызса, осы иіс жақсы сезіледі. Реакцияға метил спирті бөгет болады, себебі этилбензоат пен метилбензоат иісі ұқсас.
Ацетальдегид түзілу реакциясы. Этил спирті калий дихроматымен, калий перманганатымен және кейбір басқа тотықтырғыштармен ацетальдегидке дейін тотығады:
3С2Н5ОН+К2Сr2O7+4H2SO4®3CH3-
Реакцияның орындалуы. 1 мл зерттелетін ерітіндіге қышқылдық реакцияға (лакмус бойынша) дейін 10%-тік күкірт қышқылы ерітіндісін қосады. Осы қоспаға сұйықтық сарғыш қызыл (оранжево-красная) түске боялғанша 10%-тік дихроматы ерітіндісінін қосады.Қоспаны бөлме температурасында бірнеше минутқа қалдырады. Зерттелуші ерітіндіде этил спирті болатын болса ацетальдегидке тән иіс шығады
Изоамил спиртін ашу
Биология тектес объекттерден
изоамил спиртін оқшаулау үшін су
буымен айдау тәсілін қолданады.
Дистилляттарда изоамил спирті болуын
зерттеу самогонмен, ішкі-спиртпен
немесе этил спиртінің басқа
Изоамил спиртін ашу үшін жоғары
спирттерді ванилин, бензальдегид, п-диметиламинбензальдегид,
салицил альдегиді және басқа
ароматтық альдегидтер
Аталған реакциялардың бәрі реакцияласушы заттар қоспасы сусыз не оның мөлшері болар-болмас болғанда ғана дұрыс нәтиже (эффект) береді. Сондықтан, аталған реакцияларды орындау алдында изоамил спиртін дистиллятан этил эфирімен экстракциялайды. Эфирлі сығындыларды төрт бөлікке бөледі, әрбір бөлікті фарфор тостағаншаға құяды, кейін буландырады. Алынған қалдықтарда изоамил спирті барылығын анықтайды.
Салицил альдегидімен реакциясы. Изоамил спирті салицил альдегидімен коцентрленген күкірт қышқылы қатысуында бояу береді (Комаровский реакциясы). Бір мәліметтер бойынша, бұл реакцияда концентрленген күкірт қышқылы изоамил спиртінен су тартып алып, салицил альдегидімен әрекеттесетін изомилен (СН3)2 СН-СН=СН2 түзеді. Басқа мәліметтер бойынша, концентрленген күкірт қышқылы изоамил дозаторына енгізеді және хроматографиялауды жүргізеді. Мұнда хроматограммада екі шың (пик) жазылып шығады: оның бірі этил спиртіне (этилнитритке), ал екіншісі пропил спиртіне (пропилнитритке) сәйкес келеді. Кейін этил спирті (этилнитрит) шынының ауданы немесе биіктігіні ішкі қалып – пропил спирті (пропилнитрит) шынының ауданы немесе биіктігі қатынасып жүргізіледі.
Калибрлеу графигін құру. Әуелі 2,3,4 және 5% этил спирті бар қалыпты ерітінділер сериясын және 4% пропил спирті бар ішкі қалып ерітіндісін дайындайды. Бірнеше пеницилин флаконының әрбіріне 4% пропил спирті бар ерітіндіден 2 мл алады. Әрбір флаконға 2 мл әртүрлі концентрациялы (2,3,4 және 5%) этил спиртін қосады. Флакондар ішіндегісін жақсылап араластырады, ал кейін әрбір флаконнан 1 мл спирттер қоспасын алып, басқа флакондарға ауыстырады. Әрбір флаконға 0,5 мл 50%-тік трихлорсірке қышқылы ерітіндісін қосады. Флакондарды резеңке тығындармен жабады, оларды арнаулы тетіктермен бекітеді. Кейін флакондардың әрбіріне резеңке тығын арқылы шприц көмегімен 0,05 мл 30%-тік натрий нитриті ерітіндісін енгізеді. Флакондар ішіндегісін бір минут бойы шайқайды. Осыдан кейін басқа құрғақ шприц көмегімен әр флаконнан 3 мл газ тәрізді фаза алып, оны хроматограф дозаторына енгізеді және хроматографиялайды.
Хроматографиялауды жүргізу
Хроматограммадағы әр шыңның ауданын немесе биіктігін өлшейді. Кейін этил спирті (этилнитрит) шыңының ауданының немесе биіктігінің ішкі қалып (пропилнитрит) шыңының ауданына немесе биіктігіне қатынасын табады.
Мұнда этил спиртінің түрлі концентрациялары үшін бір-бірінен өзгешелігі болмашы ғана шамалар алынатындығын ескере отырып, оларды 100-ге көбейтеді және көбейту нәтижелерін калибрлеу графигі спиртін изовалериан альдегидіне дейін тотықтырады да, түзілген альдегид салицил конденсация реакциясына кіріседі.
П-диметиламинбензальдегидпен реакциясы. Изоамил спирті – диметиламинбензальдегидпен концентрленген күкірт қышқылы қатысуында (Комаровский реакциясы) тоқ қызыл бояу береді.
Реакцияның орындалуы. Эфир буланғаннан кейін қалған фарфор тостағаншадағы қалдыққа 5-10 тамшы концентрленген күкірт қышқылындағы п-диметиламинбензальдегидтің 5%-тік ерітіндісін тамызады. Тоқ бояудың пайда болуы сынамада изоамил спирті болғанын көрсетеді. Сұйықтықты сумен сұйылтса, күлгін түске өтеді.
Бұл реакцияны метил және этил спирттері бермейді.
Изоамилацетат түзілу реакциясы. Бұл реакция, натрий ацетаты мен изоамил спиртінің концентрленген күкірт қышқылы қатысуында әрекеттесіп, алмұрт эффенциясының иісі бар изоамилацетат түзілуіне негізделген:
2CH3COONa+H2SO4®2CH3-COOH+Na2S
CH3CH-CH2-CH2OH+CH3-COOH®CH3-
CH3
Реакцияның орындалуы. Эфир буланған соң қалған фарфор тостағаншадағы қалдыққа 2 тамшы концентрленген күкірт қышқылын және шамамен 0,03 г сусыз натрий ацетатын қосады. Фарфор тостағаншаны аздап қана қыздырғанда, изоамилацетат иісі (алмұрт эффенциясының иісі) сезіледі. Егер реакция соңында заттар қоспасына одан көлемі 20-25 есе көп су қосса, ол иіс айқынырақ сезіледі.
Изоамил спиртінің тотығу реакциясы. Изоамил спирті концентрленген күкірт қышқылы қатысуында калий перманганаты әсерінен изовалериан альдегидіне дейін (СН3)2СН-СН2-С вставить 2 связь, ал кейін изовалериан қышқылына дейін (СН3)2СН-СН2-С вставить 2 связь тотығады.
Реакцияның орындалуы. Фарфор тостағаншадағы қалдықты этил эфирінің көмегімен пробиркаға шайып құяды да, эфирді толық буландырады. Пробиркадағы қалдыққа 3-5 тамшы 10%-тік калий перманганаты ерітіндісін және сондай көлемде концентрленген күкірт қышқылын қосады. Пробирканы қайнап тұрған су жылытқышында 1-2 мин қыздырады. Осыдан кейін изовалериан альдегидінің иісі, ал кейін изовалериан қышқылының иісі пайда болады.
Ацетонды ашу
Химия-токсикологиялық талдауда ацетонды ашу үшін оның иод, натрий нитропруссиді, фурфурол, н-нитробензальдегид ерітінділерімен реакцияларын және микродиффузия тәсілін қолданады.
Идоформ түзілу реакциясы. Ацетон мен иод ерітіндісі сілтілік ортада әрекеттескенде иодоформ түзіледі:
I2+2OH-®IO-+I-+H2O
3-OI+CH3-CO-CH3®I3C-CO-CH3+3-O
I3C-CO-CH3+ -OH ® CHI3+CH3-COO-
Реакцияның орындалуы. 1 мл зерттелетін ерітіндіге 1 мл 10%-тік аммиак ерітіндісін және бірнеше тамшы калий иодидтері иод ерітіндісін қосады. Ацетон болса, өзіне тән иісі бар иодоформның сары тұнбасы түседі, ал оның кристалдары белгілі пішінге ие болады.
Ашу шегі: сынамада 0,1 мг ацетон.
Бұл реакцияны этил спирті де береді.