Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2012 в 20:09, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің қызмет ету сапасы соңғы жылдары едәуір жоғары деңгейге көтеріліп, экономика секторларының барлығына толық қызмет көрсетуде. Бүгінгі таңдағы бұл жетістіктерді олардың несиемен қамтамасыз етуінен көруге болады. Жалпы несие дегеніміз – бұл пайыз төлеп қайтару шартында уақытша пайдалануға, яғни қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысын білдіреді. Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға беріледі.
Кіріспе
1.Банктің несиелік портфелін қалыптастыру және сапасын бағалаудың теориялық негіздері
1.1. Банктің несиелік портфелі: мәні және құрылымы
1.2. Банктің несиелік портфелін басқару
2. Коммерциялық банктердің несиелік портфелін қалыптастыру
2.1. Банктің несиелеу процесс және оның сатылары
2.2 Банктің несиелік портфелін бағалау
Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
2)Қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп қарыз алушының қарызды қайтаруға дайндығын ғана түсінбейді, сандай-ақ келісімшартқа байланысты барлық міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі.
3)Табыс алу қабілеті. Банк қарыз алушының несиені қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға бері қажет.
Қарыз алушының табыс алу қабілетін анықтау барысында сату көлеміне, баға шығындарына, шығыстарға әсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл факторларға: қарыз алушы кәсіпорынның орналасқан жері, оның тауарлары мен қызметтерінің сапасы, шикізат құны, қызметкерлерінің біліктілігі жатады. Несиелеудегі шетелдік тәжірбиеде бұл факторларға қоса жарнамалау тиімділігі, бәсеке сияқты факторлар ескеріледі.
III кезең. Несиелік және кепіл туралы келісімшарттар жасау. Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойнша банк қарыз алушының несиелік қабілнтін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасау үшін несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісімшарт негізінде шешеді.
Несиелік келісімшарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және жауапкершіліктерін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі:
IV кезең. Несие беру кезеңі. Бұл кезең ағымдық шот ашу, несиені беруді құжаттау тәртібін (қосымша құжаттар толтырылуы мүмкін), несиені беру тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды.
Несиенің көлеміне бйланысты әр түрлі берілу тәсілдері болады. Біріншісі – несие клиенттің шотына толығымен аударылып, қажет болған жағдайларда жұмсалынады. Екіншісі – несие алу құқығы қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктің туындауына байланысты біртіндеп іске асады. Үшіншісі – белгілі бір соманы алуға клиеннтің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас тартады (мысалға, артық сыйақы төлегісі келмейді).
Несиенің мөлшері оны беру барысында несиелеу ережелеріне сәйкес анықталады.
V кезең. Несиені қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасау – несиелік операцияның маңызды кезеңі. Несиелер бойнша қарызды қайтару тәсілі банк қаражаттарының пайдалану ұзақтығына және олардың төлем айналымын құраудағы рөліне байланысты.
Несиенің берілуі сияқты несиені қайтарудың бірегей жасалған үлгісі жоқ.
Іс жүзінде несиені қайтарудың төмендегідей көптеген варианттары болады:
Жалпы заңды тұлғаның несиелік қабілетін талдауда, ең алдымен заңды тұлғаға қойылатын талаптар:
Заңды тұлғаларға қойылатын талаптар мен тапсырылатын құжаттардың орындалуынан кейін заңды тұлғаны несиелік қабілетіне талдау жүргізіледі.
Қарыз алушының несиелік қабілетін талдаудың негізгі мақсаты – бұл несиені беру туралы келісім шарт талаптарна сәйкес қарыз алушының алған несиесін қайтарудың қабілетін анықтау.
Банктің несиелік портфелін талдауға жатады: қарыз алушылар бойынша несиелік қарыздың құрылымын, несиелерді берген уақытын, несиелендіру мақсаттарын толық зерттеу. Несиелік портфельдің тәуекелін сапалы бағалауы банктердің өздерінің операцияларын диверсификациялаумен және қаржылық нарықтағы несиелік сегментінде тәуекелі концентрациялаумен байланысты өте актуалды болды. Осының барлығы несиелер тәуекелділігінің деңгейін, барген несиелер бойынша мерзімі өткен қарыздардың көлемін және ұзақтылығын талдауға назарын күшейтті.
Несиелік портфельдің бағасының негізгі критерийлері – бұл оның диверсификациялануы, сапалылығы және табыстылығы болып табылады.
Несиелік
портфельді бағалау үшін несиелердің
жалпы көлеміндегі мерзімі
Несиелік портфельдің сапасын бағалау бойынша негізгі шаралар келесіні төмендетуге бағытталады:
Бірінші жағдайда, несиені беруді және қолдануды бақылау туралы айтылған, яғни клиенттің қаржылық жағдайын үздіксіз қадағалау процесі, сондай-ақ оның несиеқабілеттілігін, несиелік келісім шартының бүкіл мерзім ішінде қаражаттардың қолдану бағытын қадағалау да кіреді.
Екінші жағдайда – портфельді оның әртүрлі категориялары бойынша жіктеу. Несиелердің әрбір категориясы үшін несиелік бақылаудың тәртібі банк басшысымен анықталады.
Несиелік портфельдің сапасын анықтауда несиелік порфельдің бір жыл ішіндегі жіктелуі, жіктелген несиелер топтарының динамикасы, несиелердің әрбір тобының несиелік активтерінің қалдығына қатынасы, мерзімі өткен және проблемалық несиелердің несиелік қарыздардың қалдығына қатынасы мен әрбір берілген несиелердің тәуекел дәрежесі есепке алынады.
Коммерциялық банктердің несиелік қызметіндегі несиелік портфельдің талдау мен бағасы банктердің тұрақтылығын және табыстылығын анықтауда маңызды компонент болып табылады. Несиелік портфельдің проблемалары нашар менеджментпен байланысты. Несиелік портфельді талдауда банктің рентабельділігін, несиелік портфельдің құрамын несиелік нарықтың тартымды салымдарына салу арқылы өсіру.
Банктердің
несиелері экономиканы
№ | Несиелердің жіктелуі |
Нақты қарыз | Ауытқуы | Нақты құрылған провизиялар | |||
01.01.03. | 01.01.04. | сомасы | % | 01.01.03. | 01.01.04. | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Стандартты үлесі, % |
10 838 243 73,2 | 17081443
78,6 |
6 243 200 | 58 | ||
2 | Күмәнді: үлесі, % |
3 872 659 26,1 | 4 197 196 19,3 | 324 537 | 8 | 485 610 85,5 | 430 715 49,8 |
1) күмәнді 1-ші
категория
үлесі, % |
2 191 835 56,5 | 2 730 872 65,0 | 539 037 | 25 | 109 592 22,5 | 136 544
31,7 | |
2) күмәнді 2-ші
категория
үлесі, % |
12 497 0,3 | 104 082 2,4 | 91 585 | 733 | 1 250 0,2 | 10 408
2,4 | |
3) күмәнді 3-ші
категория
үлесі, % |
1 297 042 33,4 | 1 291 152 30,7 | -5 890 | -0,4 | 259 408 53,4 | 258 230 59,9 | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
4) күмәнді 4-ші
категория
үлесі, % |
281 134 7,2 | 40 048
0,9 |
-241 086 | -86 | 70 284 14,4 | 10 012
2,3 | |
5) күмәнді 5-ші
категория
үлесі, % |
90 151 2,3 | 31 042
0,7 |
-59 109 | -66 | 45 076
9,2 |
15 521 3,6 | |
3 | Үмітсіз үлесі, % |
81 807 0,5 | 433 639 1,9 | 351 832 | 430 | 81807 14,4 | 433 639 50,1 |
Барлығы: | 14 792 709 | 21 712 278 | 6 919 569 | 47 | 567 417 | 864 354 |
*Банк
Кесте мәліметтеріне талданып отырған несиелік портфельдің құрылымы 2003 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 2004 жылдың 1 қаңтарында 6 919 569 мың теңгеге немесе 47%-ға өсті. Соның ішінде стандартты несиелер 6 243 200 мың теңгені несесе 58%-ды құрады.
Қазақстан
Республикасының Ұлттық банк талаптарына
сәкес күмәнді және үмітсіз несиелер
үшін провизия көлемі 01.01.04 жылы 864 354 мың
теңгені немесе 3,98%-ды, 01.01.03 жылы 563 417 мың
теңгені немесе 3,84%-ды құрады.
Мұндағы:
Стандартты несие – бұл қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтаруында ешқандай күмән жоқ несиелер.
Күмәнді несие – бұл қайтарылу мерзімі ұзартылған (3 күнге дейін), қайтарылуында күмән барн несиелер.
Күмәнді 1 категория – қайтарылу мерзімі 30 күнге дейін кешіктірілген, қайтару мерзімі бір рет ұзартылған, банке біршама тәуекел әкелетін несиені білдіреді.
Күмәнді 2 категория – қайтару мерзімі 30 – 60 күнге дейін кешіктірілген, мерзімін бір реттен жоғары ұзартылған, банк үшін тәуекел тудыратын несиені білдіреді.
Күмәнді 3 категория – қайтару мерзімі 60 – 90 күге дейін кешіктірілген, мерзімі бір реттен жоғары ұзартылған, банк үшін тәуекел тудыратын несиені білдіреді.
Күмәнді 4 категория – қайтару мерзімі 90 – 120 күге дейін кешіктірілген, мерзімі бір реттен жоғары ұзартылған, банк үшін тәуекел тудыратын несиені білдіреді.
Күмәнді 5 категория – қайтару мерзімі 120 – 150 күге дейін кешіктірілген, мерзімі бір реттен жоғары ұзартылған, банк үшін үлкен тәуекел әкелетін несиені білдіреді.
Үмітсіз
несие – бұл қайтару мерзімі
180 күнге дейін және одан жоғары мерзімге
кешіктірілген, банк үшін қауіпті, яғни
банк пайдасы есебінен шегерімге
жататын несиені білдіреді.
Ипотекалық несие мен құрылыс несиесінің өсуі арасында тікелей байланыс бар. Себебі ипотекалық несие – бұл жылжымайтын мүлікті несиеге алуды білдіреді, ал жаңа салынған жылжымайтын мүліктер құрылыс компанияларының өнімі болғандықтан, бұл компаниялардың басшылары нарықтағы пайда болған сұранысты қанағаттандыру үшін банктерден құрылыс несиелерін алады.
Қонақ үй, мейрамхана және кафелер алған несиелердің көлемі 8 855 мың теңгеге өсті. Бұл қазіргі кезде Қазақстанның халықаралық сауда аренасына түсуіне және көптеген шетел азаматтарымен үнемі қарым-қатынаста болуымен сипатталады. Бұл қанақ үй, мейрамхана кешенінің кеңеюіне әкеледі.