Несиелік портфельдің сапасын бағалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2012 в 20:09, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің қызмет ету сапасы соңғы жылдары едәуір жоғары деңгейге көтеріліп, экономика секторларының барлығына толық қызмет көрсетуде. Бүгінгі таңдағы бұл жетістіктерді олардың несиемен қамтамасыз етуінен көруге болады. Жалпы несие дегеніміз – бұл пайыз төлеп қайтару шартында уақытша пайдалануға, яғни қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысын білдіреді. Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға беріледі.

Содержание

Кіріспе
1.Банктің несиелік портфелін қалыптастыру және сапасын бағалаудың теориялық негіздері
1.1. Банктің несиелік портфелі: мәні және құрылымы
1.2. Банктің несиелік портфелін басқару
2. Коммерциялық банктердің несиелік портфелін қалыптастыру
2.1. Банктің несиелеу процесс және оның сатылары
2.2 Банктің несиелік портфелін бағалау
Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

курс я.doc

— 266.50 Кб (Скачать)

     Банкаралық  несиелендіру негізінен қысқа мерзімді болып келеді, сондай-ақ келісім шартты жасау мерзіміне үлкен талаптарды қояды. Осыған байланысты банкаралық несиелендіру келісім шарты өзара корреспонденттік қатынастары бар банктер арасында жасалады. /9/

     7. Ломбардтық несие – екінші деңгейдегі банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында, мемлекеттің бағалы қағаздарын кепілге ала отырып, Ұлттық банктен берілетін банктік несиенің бір түрі болып табылады.

     Ломбардтық  несие Ұлттық банктің ақша-несие  саясатын жүзеге асырудағы бірден бір  маңызды құралдардың біріне жатады. Ломбардтық несие келісім шарт негізінде жүзеге асырылады. Ломбардтық несиенің валютасына теңге жатады.

     Ломбардтық  несиелер Ұлттық банктен банктік  операцияларды жүргізуге алған  рұқсат қағазы бар, активінде мемлекеттің  бағалы қағаздары болатын кез  келген резидент банктерге беріледі.

     Ломбардтық  несиеге деген сұраныс Ұлттық банктің бір айлық белгілеген шегі негізінде қанағаттандырылады. Ломбардтық несие екінші деңгейлі банктерге 28 күнге жуық мерзімге ғана беріледі. Ломбардтық несиені өтеу мерзімі  мемлекеттік бағалы қағаздарды өтеу мерзімінен 10 күн бұрын болуға тиіс. Сатып алынған ломбардтық несиені банктер өздерінің қалаулары бойынша пайдалана алады.

     8.  Лизингтік несие – құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие.

     “Лизинг ” термині ағылшын “to lease ” сөзінен аударғанда – “жалға беру” дегенді білдіреді. Ал лизингтің жалға беруден, яғни “арендадан” айырмасшылығы:

     1)Қатысушы  субъектілеріне байланысты болады, яғни аренда екі қатысушы (жалға  алушы және жалға беруші ), ал  лизингте кемінде 3 қатысушы болады (лизинг беруші,лизинг алушы, жабдықтаушы, несие беруші ұйым (банк).

  1. Жалға беру объектілеріне байланысты болады, яғни лизингте көбінесе құрал жабдықтар болса, арендада – кез-келген меншіктегі мүліктер  (тұрған үйлер) болады.

     Лизинг  дегеніміз – лизингтік  фирмалармен жүзеге асырылатын машиналар мен құрал-жабдықтарды  ұзақ мермезімге жалға алуды білдіріп, тауарға меншік құқығын жалға берушіге қалдыратын инвестициялаудың ерекше әдісі болып табылады.

     Біздің  елімізде лизингтік қатынастар 2000 жылдың 5 шілдесінде қабылдаған “Қаржылық лизинг туралы”  заңға сәйкес жүргізіліп реттеледі.

     Лизингтік келісімге қатысушылар ретінде  лизингке беруші, лизинг алушы және лизингке берілетін мүлікті сатушы ретінде көрінетін жеке кәсіпкерлікпен айналысатын  жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

     Лизинг  беруші – бұл өзіндік және сырттан  тартылған қаражаттар есебінен лизингке берілетін мүлікті өз меншігіне  сатып алатын және оны лизингтік  келісім-шарт негізінде лизинг алушыға  беретін лизингтік келісімнің қатысушысы. Лизинг беруші бір мезгілде басқа лизингтік келісімге қатысушы ретінде көрінуге  құқығы жоқ.

     Лизинг  алушы – лизингтік келісім-шарт негізінде  кәсіпкерлік мақсат үшін лизингке берілетін мүлікті қабылдайтын  лизингтік келісімге  қатысушы тұлға.

     Лизинг  беруші лизинг алушыға негізгі капитал элементтерін  келісім-шартта көрсетілген мерзімге және белгілі бір төлем ақымен бере отырып, шын мәнінде несиелік келісімге тән мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік қағидаларын іске асырады. Бірақ екінші жағынан лизинг беруші мен лизинг алушы өндірістік формадағы капиталмен жұмыс жасайды. Мұндай жағдай лизингті инвестиция түсінігімен жақындастырады және лизингтің халық шаруашылықтағы мағынасын арттырады.

     Жалпы лизингтік компаниялардың басым  көпшілігі  лизингті қолданудың тиімділігін арттыру үшін банктердің көмегімен дербес қаржы көздерін тарту және өзара  бірлестіктер  мен одақтарға бірлесу арқылы ірілену саясатын жүргізуде. Лизингтік қызметтерді көрсететін компаниялар мен банктердің көбеюі бір жыл ішінде жасалатын лизингтік операциялар көлемінің артуына себепші болып, соңғы жылдары лизингтік мәмілелер мен операциялар саны қарқынды түрде арта түсті.

     Қазіргі кезде, Қазақстанда лизинг 4 жолмен дамып отыр:

     1.Аймақтың  көтерме–делдал фирмалар мен  Қазақстан келісім–шарт корпорацияларындағы компаниялардың басқаруындағы техникалық құралдарын жалға берумен айналысатын кәсіпорындар мен пунктер; (Қазіргі таңда қызмет көрсетіп жатқан лизингтік компаниялардың арасында “Лизинг-центр” ЖШС, “Жалын-лизинг” ЖАҚ, “Спутник” ЖШС, “Казтехлизинг”, “Инвестлизинг” ААҚ, “Астана-инвест” ААҚ, “Агро-лизинг” ЖАҚ  сияқты компанияларды ерекше айтып кетуге болады. Сонымен қатар, “БТА-лизинг”, “Валют-транзит Банк”, “АТФ банк”, “Тексака банк”, “Лариба банк” банктерінде лизингтік қызметтерді ұсынады.)

  1. Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары;
  2. Жаңадан құрылып жатқан маманданған лизингтік фирмалар;
  3. Халықаралық лизинг формаларының дамуы.

     Тағы  да бір айта кететін жағдай, республикамызда  көрсетілген лизингтік қызметтердің жалпы көлемінің артуына қарамастан лизингтің даму деңгейі әлі күнге дейін қойылған талаптарға сай емес. Бұл, ең алдымен, лизингтің ұйымдық- экономикалық тетіктерінің тиімсіз әрекеттілігіне, лизингтік қызметтердің құрамы мен түрлеріне қатысты ақпараттардың  тапшылығына, осы саладағы мамандардың  білімдері мен тәжірибелерінің жеткіліксіздігіне және лизингтік компаниялардың басым көпшілігінде инвестициялық мүмкіншіліктің төмендеуіне тікелей байланысты болып отыр. Жалпы алғанда, шағын және орта кәсіпорындар мен банктердің үлесі бар компаниялар лизингтік қызметтерді ұсынады. Ал жеткілікті потециалы, күші бар ірі жеке және мемлекеттік кәсіпорындар лизингтік жобаларды инвестициялау ісіне көп назар аудармауда.

     Тағы  да осыған қоса айта кететіні – бұл  лизингтің біздің елімізде халықаралық  стандарттарға сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету үшін халықаралық тәжірибеде қолданылатын лизингтік мәмілелерінің келесі формаларын қолдануын ұсыныс ретінде қарастыруға балады:

     1. “Стандарт” лизинг, яғни жабдықтаушы  қаржыландырушы қоғамға мәміле  объектісін сатады, ал бұл қоғам,  өз кезегінде, оны лизингтік компаниясы арқылы тұтынушыларға жалға береді;

  1. Қайтарылатын лизинг (lease-back), яғни құрал-жабдықтардың немесе қондырғылардың иесі оларды лизингтік фирмаға сатады және соларды қайтадан, бірақ жалға алады;
  2. Компенсациялық лизинг, яғни лизинг алушы арендалық төлем ақысын жалға алынған мәміле объектісінде өндірілген өнімдермен төлеуі;
  3. Қайта қамтамасыз етілетін лизинг, яғни лизингтік мәміледе алдын ала ескерілетін лизинг алушының тапсырмасы бойынша мерзім ішінде жалға алынған қондырғыларды жаңа үлгілеріне ауыстыруды білдіреді;
  4. Экспорттық лизинг, яғни лизингтік фирма қондырғыларды ұлттық фирмадан сатып алады да, шетел лизингалушыға жалға береді;
  5. Импорттық лизинг, яғни лизингтік фирма қондырғыларды шетел фирмасынан сатып алып, ұлттық лизинг алушыға жалға береді.

     Қорыта  келгенде, лизинг ұғымы Қазақстан  экономикасына жаңадан келген ұғым. Оны біз Қазақстанның нарықтық экономикаға  көшумен байланыстырамыз. Жоғарыда атап өткеніміздей, отандық өндірушілер  үлкен тоқырауда тұрған кезде  лизинг инвестициялар тартудың тиімді құралы ретінде еліміздің экономикасына инвестициялар тартуға мүмкіндік береді. Яғни, автопарктардағы тозығы жеткен көлік құралдарын, аэропорттардың ұшуға жарамай қалған ұшақтарды жаңаландыру үшін лизинг операцияларын сауатты пайдалана білуіміз керек. /1/

     9. Рамбурстық несие  – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат пен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.

     10. Сенім несиесі  – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие.

     11.Маусымдық  несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.

     12.Консорциалдық  несие – ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің өзара қосылып беретін несиелері.

     Нарықтық  қатынастарға өту кезінде несиелік қатынастар саласындағы ерекшеліктер мен нарық секторының айырмашылығында  банк қызметтерінің бірлесу қажеттілігі  пайда болды. Бірлесу мақсаттары ірі жобаларды қаржыландырумен, банк операциялары бойынша тәуекелдерді қысқартумен, бір баніктің күші келмейтін міндеттерді шешумен байланысты.

1.2. Банктің несиелік  портфелін басқару.

     Несиелік  портфельді басқару – бұл банк қабылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды және олардың ең жоғарғы жететін деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылады.

     Несиелік  портфельді басқаруды іске асырудың ортақ алғы шарттарына жататындар:

  • нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі банктік лимитін белгілеу;
  • несиелік рейтингпен байланысты болатын, жекелеген қарыз алушылардың тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау формасын жасау;
  • әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;
  • төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды анықтау;
  • жоғарғы тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдату;
  • несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.

     Несиелеу  лимиттерін белгілеу – несиелік портфельді құруға бақылау жасауда тәуекелдерді төмендету және ұзақ мерзімді өміршеңдік қабілетті жақсарту үшін пайдаланылатын басты тәсіл. Осы тәсіл негізінде банктер:

  1. Кез келген тәуекел түрлерін шоғырландыру үшін төлем қабілет зиянынан бас тартуды жүзеге асырады.
  2. Тұрақты пайданы қамтамасыз ету және шоғырландыруды қысқарту мақсатымен несиелік портфельді әртараптандыруды жүзеге асырады.

     Несиелік  портфельді басқару  – бұл несиелік портфельдің барлық тәуекелдігін тежеу  және баланстау, сонымен  қатар тәуекелдерді басқару болып  табылады.

     Несиелік  портфельді қалыптастыру және басқару  – банк қызметіндегі негізгі мезет  болып табылады. Оңтайлы және сапалы несиелік портфель банктің өтімділігі мен сенімділігіне әсер етеді. Банктің сенімділігі акционерлер, кәсіпорындар, халық, яғни банктің салымшысы және банк қызметін пайдаланушы үшін өте маңызды болып табылады.

     Оңтайлы несиелік портфельді құру үшін банк өзіне маңызды және сәйкес несиелік саясат құру керек, яғни нарықтық сараланымды дұрыс таңдау және қызмет құрылымын анықтау болып табылыды. Сонымен қатар несиелік портфельдің сапасына көңіл аудару керек. Сапасыз несиелік портфель, несиелік саясаттың бұзылуымен берілген несиелер, сенімсіз қарыз алушыларға несие беру банктің тұрақсыз қаржылық себебі болуы мүмкін. Несиелік портфельді басқаруда актив және пассив мерзімін басқару жүйесінің өзгеруі маңызды болып табылыды.

     Несиелік  портфельді басқарудың ең маңызды элементі – несиелік саясат болып табылады. Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері мен тәртібін белгілейді. /10/

     Несиелік  саясат – банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.

     Кең мағынада, несиелік саясатты несие  беруші банк пен қарыз алушылар тұрғысынан қарастыруға болады.

       Тар мағынада, несиелік саясат – бұл несиелік процесті ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.

     Несиелік  саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына сай ұйымдастыру  негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар жүйесін жасау  шарттарын білдіреді.

     Жалпы несиелік саясат мынадай сипатта  болуға тиіс:

    • нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;
  • несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауға мүмкіндік береді;
  • нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;
  • оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқаулықтарды қамтитын құжаттардан тұрады.

Информация о работе Несиелік портфельдің сапасын бағалау