Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2012 в 20:09, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің қызмет ету сапасы соңғы жылдары едәуір жоғары деңгейге көтеріліп, экономика секторларының барлығына толық қызмет көрсетуде. Бүгінгі таңдағы бұл жетістіктерді олардың несиемен қамтамасыз етуінен көруге болады. Жалпы несие дегеніміз – бұл пайыз төлеп қайтару шартында уақытша пайдалануға, яғни қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысын білдіреді. Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға беріледі.
Кіріспе
1.Банктің несиелік портфелін қалыптастыру және сапасын бағалаудың теориялық негіздері
1.1. Банктің несиелік портфелі: мәні және құрылымы
1.2. Банктің несиелік портфелін басқару
2. Коммерциялық банктердің несиелік портфелін қалыптастыру
2.1. Банктің несиелеу процесс және оның сатылары
2.2 Банктің несиелік портфелін бағалау
Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақстандық Ипотекалық Компаниясының жұмысының барысында қызмет етіп жатқан заңдардың ішінде кейбір проблемалр табылған. Ипотекалық несиелендіру жүйесінің енгізілуі кезінде мәмілелерді мемлекттік тіркеу жүйесінің дамымауы байқалған, яғни тіркеу үшін алынған төлемақының үлкен болуы халыққа берілетін несие қымбат болуына әкеледі, сонымен қатар азаматтарға салық жеңілдіктері болған жоқ.
Ипотекалық несиенің негізгі проблемасы болып – ипотекалық несиелендіруге қаражат тартуы табылады. Оның шешілуіне тұрғын үй несиелендіру жүйесінің дамуы байланысты болады.
Осыған байланысты қаражаттарға ішкі нарықтан Қазақстандық Ипотекалық компаниясымен қамтамасыз етілген ипотекалық облигацияларды шығару арқылы тарту болып табылады. Ал негізгі отандық институционалдық инвесторлары – жинақтаушы зейнетақы қорлары және сақтандыру компаниялары болып табылады.
Қазақстандағы ипотекалық несиелендірудің дамуына кедергі жасайтын фактор – бұл несиелендірудің салыстырмалы жоғары емес орта мерзімі болып табылады. Себебі банктердің міндеттемелерінің үлкен бөлігі қысқа және орта мерзімді сипатта болады. Осыған сәйкес банктерде ипотекалық несиені осындай мерзімге береді. Нәтижесінде бұл қарыз алушылардың қаржылық салмағын өсіреді және потенциалды қарыз алушылардың санын қысқартады.
Қазақстандағы ипотекалық несиелендірудің дамуына әсер ететін, шешілуге қажетті проблемалар:
Бұл проблемалардың жиынтығын шешуі ипотекалық несиелендірудің көлемін өсіруге мүмкіндігін береді.
Сонымен қатар ипотекалық несиені сақтандыру жүйесін құру арқылы да бұл несиені алатын халықтың санын өсіруге себебін тигізеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен мұндай сақтандыру компаниясының қызметін нормативтік-құқықтық базасымен қамтамасыз етілуі дайындалып, ипотекалық несиелерді сақтандыру компаниясының құрылуы қарастырылуда.
Ипотекалық несие – бұл массалық өнім емес, ол тек қана орта табыс алатын азаматтарға тиесілі болу қажет. /18/
3.Овердрафт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
Бүгінгі күнге овердрафт – клиенттердің бөлек категориялары үшін несиелендірудің перспективті формасы болып табылады.
Овердрафттың мақсаты – кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі кезінде пайда болған төлем қабілетсіздікті жою.
Овердрафт түріндегі несиелік шығындар көлемінің есеп айырысу шотына түскен қаражаттарға қарағанда уақытша жоғарлауы кезінде есеп айырысуларды уақытылы жүргізуге мүмкіндігін береді, сондай-ақ бұл несие клиенттердің ақшалай қаражат түріндегі уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында беріледі, оның ішінде айнымалы қаражаттарды толықтыруға (тауарлы-материалды құндылықтарды алу, тауарлар запастарын құру), жалақы төлеуге, бюджетке міндетті төлемдер, басқа да өндірістік шығындарға бағытталады.
Овердрафттық қаржыландыру (несиелендіру) – банкпен алдын-ала келісілген банктегі клиент шоты бойынша рұқсат етілген овердрафты жабу үшін берілетін қысқа мерзімді банктік несиенің түрі, яғни есеп айырысу шотындағы қаражаттардың жетіспеуі немесе жоқ болуы кезінде төлем құжаттары бойынша жедел төлем жүргізу үшін алынатын несие.
Овердрафт – бұл клиент шоты бойынша, банк шотындағы қалдықтан асатын сомаға төлемдер жүргізу нәтижиесінде клиенттің есеп айырысу шотында пайда болған теріс баланс немесе дебеттік сальдо. Овердрафт тек операциондық күннің ішінде ғана құрылуы мүмкін. Ағымдағы операциондық күнді жапқан кезде клиент шоты бойынша пайда болған теріс сальдо анықталса, рұқсат етілген овердрафт кезінде шот несиелік ресурстар есебінен жабылады.
Клиент “овердрафт” формасындағы несиелендіруді қажеттілігіне байланысты қолданғандықтан, мерзімді несиеге қарағанда ол бойынша пайыз көлемі аз болады.
Қарыз алушы банкке ұсынылатын овердрафт режимінің шарттарына:
“Клиент-банк” статусы – коммерциалық банк овердрафт режиміндегі несиелерді тек, бұл банкте шоттары ашылған және олар бойынша есеп айырысу- кассалық қызмет жүргізіп жатқан клиенттерге ғана берілетіндігін білдіреді.
Овердрафттың рұқсат етілген лимиті – бұл алдын-ала банктің келісім шартында қарастырылған овердравт режиміндегі берілетін несиенің көлемі. Овердрафт лимиті – банктегі клиенттің есеп айырысу шотына келетін ақшалай қаражаттардың орта айлық “таза” түсімдерінің сомасына пайыз түрінде белгіленеді. Әдетте орта айлық түсімдердің сомасы соңғы 3-6 айлары бойынша анықталады. Жалпы бұл нарық бойынша лимит мөлшерлемесі шотқа орта айлық “таза” түсімдерінің мөлшерінен 20-50%-ға дейін ауытқиды. Бұл жердегі “таза” түсімдер – клиенттің негізгі қызметінен келген түсімдер.
Банк – бұл несие бойынша пайыздарды күн басындағы нақты ссудалық қарыздың сомасына күн сайын есептеп отырады.
Егер қарыз алушы ссуданы уақытылы өтемеген жағдайда банк қарыз алушының есеп айырысу шотына түскен ақшалай қаражаттарды автоматты түрде берілген қарызды өтеуге бағыттайды.
Овердрафттың мерзімі – бұл жалпы түсінік, оны үш бөлімшеге бөліп қарастыруға болады:
Несиенің валютасы түрінде келесілер қолданылуы мүмкін:
Әдетте клиентке овердравт лимиттін ашу үшін банктер қамтамасыз етуді талап етпейді. Яғни овердрафт – бұл клиентке сенімді несие болып табылады. Овердрафттық қаржыландырудағы негізгі қамтамасыз ету көзі болып – қарыз алушының шотындағы тұрақты қалдықтары мен ақшалай қаражаттарының түсімі табылады. Бірақ кейбір банктер өздерін сақтандыру үшін белгілі бір кепілді талап етеді.
Қазіргі кезде овердрафтты тәжірибеде қолданған кезде алдымен заңи проблемаларды реттеу керек. Нәтижесінде коммерциалық банктер бақылау органдарымен келіспеушілікке түспей, сондай-ақ айыппұлдарды төлемей овердрафт несиесін клиенттеріне бере алады. /19/
4.Овернайт несиесі – өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі. Овернайт несиесінің басты бір ерекшелігі өзінің атына байланысты бір түнге ғана беріледі. Бұл несиенің банктер көбіне аяқ асты қаржылық қиындықта туындай қалған жағдайларда алады.
5.Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие. Онкольдық несие келесідей жолмен жүзеге асырылады. Банк бағалы қағаздарды немесе тауарлы-материалдық құндылықтарды кепілдікке ала отырып, қарыз алушыға арнайы ағымдық шот ашады. Қамтамасыз етілген несие шегінде банк кәсіпорынның барлық шоттарын төлейді. Несиенің өтелуі банктің алғашқы талабы бойынша қарыз алушының қаражаты есебінде төленеді. Қарыз алушыны алдын-ала, яғни 2-7 күн ішінде ескерте отырып, онкольдық несие өтеледі. Мерзімді несиеге қарағанда онкольдық несиенің пайыздық мөлшерлемесі төмен. Онкольдық несие қайтару мерзімі және қамтамасыз ету сапасына байланысты банктің актив бабындағы кассадағы қолма-қол ақшадан кейінгі өтімді бап болып табылады.
6.Банкаралық несие – банктердің бір-біріне беретін несиесі.
Банкаралық несиенің ролі мен орны коммерциялық банктердің тарихи қалыптасқан функцияларымен анықталады:
Жалпы банкаралық несиенің несиелік қатынастар жүйесіндегі орны ерекше, сондай-ақ банктік жүйенің дамуына үлкен әсерін тигізеді. Кәзіргі банктік жүйеге сәйкес банкаралық несиенің екі деңгейі бар. Біріншісі, Ұлттық Банк пен коммерциялық банктер арасындағы және екіншісі, коммерциялық банктер арасындағы ақшалай қаражаттардың қозғалысын көрсетеді. Сондықтан да банктік жүйенің тұрақты болуының міндетті шарты – банкаралық несиенің бірқалыпты қызмет етуі болып табылады.
Банктердің
ақшалай қаражаттарды тарту және
орналастыру операцияларын
Банкаралық несиенің негізгі сипаттамасы – несие субъектілері арасындағы ресурстарды қайта бөлу болып табылады, яғни субъектілер ретінде банктерді қарайды. Несие субъектілерінен басқа банкаралық несиенің мәні оның элементтерімен анықталады – банктік ресурстар мен кепіл құнымен; банкаралық қозғалыс сипатымен, банкаралық несиені беру кезіндегі қозғалыстың бағыты мен оның өтелуі. Банкаралық несиенің мәні – бұл банк-кредитор мен банк-қарыз алушы арасындағы несиелік және кепіл формаларының айырбасталуы.
Банкаралық несиенің функционалдық ерекшеліктері өндіріс саласын несиелендіру үшін ресурстық базасын кеңейтуде, несиені мультипликациялау процесін жеделдетуде, қаржылық нарықтың сегменттері арасында банктік ресурстарды қайта бөлуде көрінеді.
Қазіргі кезде материалдық өндіріс саласын несиелендіру үшін ресурстық базасын кеңейту мақсатында банкаралық несиені қолдану кеңінен таралған жоқ. Бұл ең алдымен банкаралық несиенің қысқа мерзімді сипатта тартылуына байланысты. Ал экономиканың нақты секторы ұзақ мерзімді несиелендіруді қажет етеді.
Банкаралық несиенің несие мультипликациясының жеделдету ерекшелігі, керісінше, банкаралық ссудалардың берілу мерзімін қысқа және тым қысқа мерзімді етеді, ал бұл өз кезегінде банктік жүйенің банкаралық несиен нарығының тұрақтылығына тәуелділігін күшейтеді.
Қаржылық нарықтың сегменттері арасында банктік ресурстарды қайта бөлу ерекшелігі – банкаралық несие балансталмаған өтімділік тәуекелін төмендету және банк-қарыз алушының төлем қабілеттілігінің жоғарлауы арқылы көрінеді. Сонымен банкаралық несие банктің ағымдағы төлемділік позициясын және өтімділігін бір қалыпты ұстап тұрудағы қаражаттардың жедел қайнар көзі болып табылады.
Егер банк банкаралық несиелер нарығында кредитор ретінде шықса, банк әдеттегідей қарыз алушыға баға береді және несиенің қамтамасыз етілуін қарастырады.
Несиелендіру
үш бір-бірімен байланысқан
Банк-қарыз алушының бағасы келесі бағалардан құрылады: