Несиелік портфельдің сапасын бағалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2012 в 20:09, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің қызмет ету сапасы соңғы жылдары едәуір жоғары деңгейге көтеріліп, экономика секторларының барлығына толық қызмет көрсетуде. Бүгінгі таңдағы бұл жетістіктерді олардың несиемен қамтамасыз етуінен көруге болады. Жалпы несие дегеніміз – бұл пайыз төлеп қайтару шартында уақытша пайдалануға, яғни қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысын білдіреді. Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға беріледі.

Содержание

Кіріспе
1.Банктің несиелік портфелін қалыптастыру және сапасын бағалаудың теориялық негіздері
1.1. Банктің несиелік портфелі: мәні және құрылымы
1.2. Банктің несиелік портфелін басқару
2. Коммерциялық банктердің несиелік портфелін қалыптастыру
2.1. Банктің несиелеу процесс және оның сатылары
2.2 Банктің несиелік портфелін бағалау
Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

курс я.doc

— 266.50 Кб (Скачать)

     Несиелік  саясат банктің стратегиясын, оның тәуекелді басқару облысындағы  саясаттарын ескере отырып жасалады. Несиелік саясат несиелік қызметтің  мынадай негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:

  • несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын объективтік стандарттар мен критерийлерін;
  • несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың басты іс-әрекеттерін;
  • сыртқы аудит қызметтерінің жұмысын және банктегі несиелік қызметтің сапалығын;
    • ішкі бақылау қағидаларын.

     Несиелік  саясат банк қызметін диверсификациялаудағы  іс - әрекеттердің тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің  міндеттерін анықтау үшін қажет. Сонымен қатар несиелік саясат банк қызметкерлерінің несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, несие беру мүмкіндігі туралы сұрақтарды шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап “өз клиентін” таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.

     Несиелік  саясаттың маңызды элементі банктегі бақылауды ұйымдастыру болып  табылады (потенциалды қарыз алушыны  несиелеу мүмкіндігі туралы сұрақты  шешу барысында несиелік стандартты дұрыс қолдануға бақылау жасау; жекелеген несиелік қызметкерлердің құзіретін сақтауға бақылау жасау; банктің несиелік портфелінің жағдайына және оның ішінде проблемалық несиелерге қойылатын жалпы бақылау).

     Несиелік  саясат несиелеу лимиттерін, тәртібін, кейде несиелеу бойынша жекелеген ережелерді де қамтиды. Мысалы, несиелік саясатта бір қарыз алушыға келетін  тәуекел лимиті анықталады. Сонымен қатар, несиелік саясатта барлық несиелердің несиелік құжаттары көзделген мақсаттарға сай белгілеуі де қарастырылуы мүмкін.

     Несиелік  саясатта несиелік комитет туралы ереже  де қамтылады. Несиелік комитет несие  беру барысында қорытынды жасап, несиені беруге байланысты мәселелерді  қамтиды.

     Отандық банктер тәжірбиесіндегі несиелік комитеттің шешетін мәселелері мынадай:

  • несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметтердің несие беру туралы қорытындысын қарайды;
  • несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
  • несиелік тәуекелдерге байлансты несиелеу формаларын анықтайды;
  • несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
  • несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;
  • несиелей шартын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желі);
  • берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
  • банктің несиелік стратегиясын жасайды;
  • несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
  • несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды және хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.

     Несиелік  саясатта қарыз алушылардың негізгі  қызметіне байланысты тәуекелдігі  жоғары операцияларды немесе жобаларды  қаржыландыру үшін тағайындалатын несиелер туралы да айтылуға тиіс.

     Несиелік  саясатпен банк қызметкерлерін таныстыру, оларды соған сай келетін ережелер мен нұсқаулықтарға үйрету, банкте несиелік саясатты енгізудің негізгі  элементі болып табылады.

     Несиелік  қызметтің басты бағыттарын анықтайды. Оларды, өз кезегінде, несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде тұжырымдауға болады. Несиелік саясатта мынадай элементтер көрсетілуге тиіс:

    • несиелік қызметті ұйымдастыру;
  • несиелік портфельді басқару;
  • несиелеу бақылау жасау;
  • құзіретті бөлу принциптері;
    • несиелеуді таңдаудың жалпы критерийлері;
    • несиелеудің жекелеген бағыттары бойынша шектеулер;
  • несиелермен жасалатын ағымдық жұмыстардың принциптері;
  • несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау.

     Несиелеу  саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жұмыскерлерінің қызметтерін  нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу стандарты, несиелеудің  жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады.

     Несиелеу  стандарты – бұл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.

     Несиелік  нұсқаулық несиелеу процедураларын іске асырудың жалпы  алгоритімін  бекітетін кезектіліктің қадамдарын білдіреді.

     Жалпы, несиелік саясатта қарыз алушы туралы қажетті ақпараттар жинау және несиелік қабілетіне талдайдан бастап, несиелік талдау және аудит, несиелер бойынша мүмкін болар зиян процесін қамтитын несиелік процестің барлық кезеңдері көрсетіледі.

     Несиелік  процесті ұйымдастыру деңгейінің маңызды  элементі – несиелік портфельдің  сапасы болып табылады. Несиелік портфельдің сапасы несиелік тәуекел деңгейімен анықталады. Несиелердің сапасы бойынша талдау маңызды болып табылады. Банк менеджерлеріне несиелік портфель сапасын талдау және бағалау несиелік операцияларды сауатты басқаруға мүмкіндік береді.

     Несие сапасының көрсеткіш деңгейі несиенің тәуекел деңгейімен үйлесімді. Яғни, егер неғұрлым несие сапасы жоғары болса, онда соғұрлым оның қайтарылмау немесе кешіктіріліп өтелу ықтималдығы төмен болады. Банктің несие сапасы немесе несиелік портфелі – бұл банктің ұсынылған нақты несиелер көлемінің жиынтығы.

     Кез келген банктің қызметінің табыстылығы  банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақтылы  қайтарылмауы банктің зиян шегуіне  итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақтылы айналысып отыруға тиіс.

     Несиелік  тәуекел – бұл қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байлансты банктің зиян шегуін сипаттайды.

     Несиелік  тәуекелді басқару жүйесінің  негізгі элементтеріне жататындар:

    • несиелік қызметті ұйымдастыру;
    • лимиттер белгілеу;
  • несиелік ұсынысты бағалау және қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау;
  • несиелік тәуекел деңгейіне байланысты несиелерге рейтинг қою және белгіленген лимиттермен салыстыру;
  • несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есепке ала отырып, сыйақы мөлшерлемесін анықтау;
  • несиелік шешімдерді қабылдау барысында құзіретті бөлу – несиелерді авторизациалау;
    • несиелік мониторинг;
    • несиелік портфельді басқару;
    • проблемалық несиелерді қалпына келтіру.

     Несиелік  портфельдің басқару жүйесі келесі элементтерден тұрады:

  1. Несиелік портфельді құрайтын несиенің сапасын бағалау.
  2. Несие сапасы негізінде портфельдің құрылымын анықтау.
  3. Несие портфель құрылымы негізінде несиелер бойынша залалдарды жабу үшін провизия көлемінің жеткіліктігін анықтау.

     Несиелік  портфельдің жіктелуі – несиені  қамтамасыз ету сапасынан, қарыз  алушының қаржылық жағдайынан, несие  категорияларының жіктелуінен, несиеге  есептелген сыйақының толық қайтарылу ықтималдығынан тәуелді жүзеге асырылады.(1-кестеде берілген.) 

     1-кесте

Екінші  деңгейдегі банктердің несие бойынша  провизияларды

құру  мен заңды және жеке тұлғаларға ұсынылған

несиелердің жіктелінуі

Несиелердің жіктелінуі Негізгі қарыз сомасы Соның ішінде несие бойынша  негізгі қарыз  сомасы Негізгі қарыз сомасынан  провизялар мөлшері (%)
1 2 3 4
1.Стандартты      0
1 2 3 4
2.Күмәнді:

    - 1 категория 

  • 2 категория
  • 3 категория
  • 4 категория
  • 5 категория
     
5

10

20

25

50

3.Үмітсіз     100

      *ҚР  ҰБ-нің  несиелерінің жіктелуі  туралы ережесі.

      Мұндағы:

      Стандартты  несие – бұл қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтаруында ешқандай күмән жоқ несиелер.

      Күмәнді несие – бұл қайтарылу мерзімі  ұзартылған (3 күнге дейін), қайтарылуында  күмән барн несиелер.

     Күмәнді 1 категория – қайтарылу мерзімі 30 күнге дейін кешіктірілген, қайтару  мерзімі бір рет ұзартылған, банке  біршама тәуекел әкелетін несиені  білдіреді.

      Күмәнді 2 категория – қайтару мерзімі 30 – 60 күнге дейін кешіктірілген, мерзімін бір реттен жоғары ұзартылған, банк үшін тәуекел тудыратын несиені білдіреді.

      Күмәнді 3 категория – қайтару мерзімі 60 – 90 күге дейін кешіктірілген, мерзімі  бір реттен жоғары ұзартылған, банк үшін тәуекел тудыратын несиені  білдіреді.

      Күмәнді 4 категория – қайтару мерзімі 90 – 120 күге дейін кешіктірілген, мерзімі бір реттен жоғары ұзартылған, банк үшін тәуекел тудыратын несиені білдіреді.

      Күмәнді 5 категория – қайтару мерзімі 120 – 150 күге дейін кешіктірілген, мерзімі  бір реттен жоғары ұзартылған, банк үшін үлкен тәуекел әкелетін несиені білдіреді.

      Үмітсіз несие – бұл қайтару мерзімі 180 күнге дейін және одан жоғары мерзімге кешіктірілген, банк үшін қауіпті, яғни банк пайдасы есебінен шегерімге  жататын несиені білдіреді. /2/

2. Коммерциялық банктердің несиелік портфелін қалыптастыру

2.1. Банктің несиелеу процесс және оның сатылары

 

     Банктің несиелеу тәртібі несиелеу механизмі  арқылы жүзеге  асырылады.

     Несиелеу  механизмі – бұл несиенің берілу және қайтарылуы әдіс-тәсілдерін және несиелеу процесін, сондай-ақ несиенің қозғалысына бақылауды қамтитын несиелік механизмнің құрамдас бөлігі.

      Несиелеу  механизімі бұл несиені пайдалану  механизмін білдіреді. Несиелеу механизімі – бұл несиені ғылыми тұрғыда  тану механизмін сипаттайды. Бұл механизм практикада нақты әрекет ететін, өзінің субъективтік сипаты бар механизм. Несиелеу механизімі өзінің мәні жағынан несиелік процесс технологиясын бейнелейді. Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:

  • несиеге деген өтінішті қарау;
  • несиелік қабілетін талдау;
  • несиелік келісімшарт жасасу;
  • несие беру;
  • несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.

      I кезең. Банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау.

      Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда қарыз  алушы мен сұралатын несие  туралы негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі. Банктің қоятын талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік операциялар сипатына байланысты құжаттар беріледі. Клиенттердің әр түрлі топтары үшін әр түрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін. Мысал ретінде құжаттар пакетінің құрамына жататындар:

  • құрылтайшылар құжаттардың, жарғының, жалға алу шарттарының, тіркелген куәліктерінің немесе патенттерінің; нотариалды түрде куәландырылған жерді пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар; азаматтардың төл құжаттары және клиенттің несие алуға құқығын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері;
  • соңғы екі жылдық қарыз алушының балансы және оған қосымша беттер;
  • несиеленетін шаралардың рентабельдік деңгейін және оның қайтарылу мерзімін сипаттайтын техникалық-экономикалық есебі;
  • несиеленілетін мәмілелерді растайтын, келісімшарттар көшірмелері (материалдық құндылықтарды жабдықтауға және сатуға арналған шарттар, тауарлы-материалдық құндылықтар шотының көшірмелері және т.с.с);
  • басқа банктерден алған несиелер  туралы мәліметтер (шоттар бойнша көшірме);
  • қамтамасыз ету мақсатында кепілге берілген мүлікке қарыз алушының меншік құқығын растайтын құжаттар;
  • несиені қайтаруға байланысты міндеттеміні куәландыратын құжаттар;
  • қызметін жаңадан бастаған, яғни қаржылық есептер және басқа да құжаттары жоқ кәсіпорынның бизнес жоспары..

     II кезең. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі.

     Қарыз алушының несиелік қабілеті – қарыз  алушының алған несиесі бойынша  қарызды уақытылы және толық көлемде  қайтару қабілетін бағалаумен сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне ықпал етеді.

     Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынадай факторлар есепке алынады;

     1)Несиеге  қатысты қабілеттілігі.  Қарыз алушыға несиені бере отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтаытын Жарғысы және нұсқаумен танысуы тиіс;

Информация о работе Несиелік портфельдің сапасын бағалау