Осы кезеңдегi
экономиканың дамуы индикативтi жоспардың
болжамына сәйкес жүргiзiлетiн болады.
2003-2005 жылдар аралығы болжам
бойынша өткен жылдардағы ЖIӨ-нiң
нақты қарқынын ескере отырып,
ЖIӨ-нiң екi еселенуiмен байланысты
стратегиялық мақсатқа жету қамтамасыз
етiледi. 2000 ж. салыстырғанда 2010 жылы
ЖIӨ екi еселенуі бойынша кестенің
болжамды орындалуы, (%)
Екiншi кезең
(2006-2010 жылдар) Стратегия iс-шараларын
экономиканың барлық салаларында белсендi
iске асыру кезеңi болады. Бұл халықаралық
стандарттар бойынша ғылым мен
техниканың жетiстiктер негiзiнде қуаттарды
құру, сондай-ақ қажеттi мамандарды даярлау
жөніндегі мәселелерiн кешендi шешуге
мүмкiндiк бередi.
Ғылыми-инновациялық
инфрақұрылым негiзiнен қалыптасатын
болады. Жеке сектордың, шетел инвесторларының,
мемлекеттiк бюджет пен мемлекеттiк
қаржы институттарының қаржы
ресурстары бiрыңғай бағытта жұмыс
iстеп, инфрақұрылымды дамыту, қайта
жаңғырту, жұмыс iстейтiн кәсiпорындарды
кеңейту және жаңа өндiрiстер құру проблемаларын
кешендi түрде шешедi. Бұл ретте iрi,
орта және шағын кәсiпорындарды үйлесiмдi
дамыту қамтамасыз етiледi.
Кейбiр
кәсiпорындар құру нормаларын ескере отырып,
индустриялық-инновациялық даму стратегиясын
iске асырудың алғашқы нәтижелерiн
көредi.
Өнеркәсiптi
жаңғыртуға және экономика құрылымын
әртараптандыруға бағытталған көптеген
жобаларды iске асыру басталады.
Экономиканы
әртараптандыру саласындағы бiрқатар
iлгерiлеуге қарамастан экономиканы
дамыту негiзiнен мұнай мен газды
өндiру және экспорттаудың өсiмi есебiнен
қамтамасыз етiледi.
Болжам
бойынша 2010 жылы 2000 жылмен салыстырғанда
ЖIӨ екi еселенуi саласындағы стратегиялық
мақсат мұнай мен газды өндiрудi
дамыту қарқынының өсуi есебiнен iске
асады.
Yшiншi кезең
(2011-2015 жылдар) Стратегияны iске асыру
бөлiгiнде аса өнiмдi болады. Осы
кезеңде iске қосылған қуаттарды
және жаңа салалар мен рыноктардағы
ҚҚТ дамыту жүзеге асатын болады.
Тауарлар мен қызметтер өндiрiсiнiң
және экспорттаудың өсу қарқыны
мұнай мен газ өндiрудiң өсiмiнен
асып түседi. Экономика салалары
мен экспорт құрылымын әртараптандыру
жүредi.
Жалпы қарастырған
стратегия мәселелерін iске асырудан
күтiлетiн нәтижелер ретінде төмендегілерді
қарастыруға болады:
- Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын ойдағыдай iске асыру экономиканы әртараптандыру, жаңғырту негiзiнде елдiң экономикасының ұзақ мерзiмдi тұрақты өсуiне және өнiмнiң бәсекелес түрлерiн өндiру мен экспорттың өсiмiне жағдай жасау қамтамасыз етуге ықпал етуi тиiс.
- Ел экономикасында жеке бастамалар басымдыққа ие болады. Барлық рынок субъектiлерi үшiн тең бәсекелес жағдай жасалады.
- Экономиканың бәсекеге қабiлетiн арттыруда ғылым жетiстiгiн пайдалану жақсарады, менеджмент және маркетингтiк зерттеулер, өнiмдi стандарттау және сертификаттау және т.б. салаларда кейiндеп қалуды еңсеру шаралары қабылданады.
- Инвестициялық және инновациялық жобаларды мемлекеттiң қаржы ресурстарының қатысуымен қаржыландыру үшiн таңдау бөлiгiнде iрiктеу рәсiмдерi өзiнiң мақсатқа сәйкестiгi мен ашықтығына ие болады.
- Инвестициялық идеялар мен жобалардың келешегiн айқындау саласында қазiргi кездегi әдiстер қолданатын, жаңа қаржы институттары құрылады.
- Салық және кеден заңнамалары бәсекелестiктi, қазақстан өнiмдерiнiң экспортын және елдiң экономикасына инвестициялардың келуiн ынталандыруға бағытталады.
- Қазiргi заманғы және дамыған ғылыми-инновациялық және өндiрiстiк инфрақұрылымды құру, бiлiктiлiгi жоғары басқарушы, ғалым, инженер, техник кадрлар мен жұмысшы кадрларын даярлаудың тиiмдi жүйесiн құру есебiнен инвестициялар, технологиялар трансфертi, ғылыми жетiстiктермен алмасу үшiн Қазақстанның тартымдылық деңгейi жоғарылайды.
- Маңызды құрылымдық өзгерiстер қосылған құны жоғары өнiмнiң жоғары технологиялық және ғылымды қажетсiнетiн өндiрiсiнiң пайдасына жүргiзiледi.
- Экспорт елеулi түрде әртараптанады әрi Қазақстанның дайын өнiммен әлемдiк рынокқа шығуы кеңейе түседi, әлемдiк экономикаға Қазақстан экономикасының кiрiгуi шикiзат тауарлары ғана емес дайын бұйымдар және инновациялық қызметтер есебiнен тереңдей түседi.
- Шағын және орта, әсiресе инновациялық бизнестi дамытуда шешушi бетбұрыс болады. Елде экономиканың нарықтық емес секторларының үлесi күрт қысқарады. Кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметiнiң ашықтығы қамтамасыз етiледi.
- Тәуекелдердiң азаюы өнеркәсiптiң өңдеу секторында инвестициялардың келуіне қозғау салады, оны шетелдiк инвесторлар үшiн тартымды етедi, осы секторға қазiргi басқару әдiстерi мен өндiрiстiк технологиялардың тартылуын ықпал етедi.
- Қор рыноктарының жұмысының түбегейлi жақсаруы зейнетақы, сақтандыру, инвестициялық қорлар қаражаты мен халықтың қаражатын экономиканың нақты секторының инвестициялық ресурстарына тарту күтiледi, шикiзат секторының кiрiстерiн өңдеушi сектор инвестициялары мен кiрiстерiне, салааралық капиталға қайта құйылуын өзгертуде айтарлықтай iлгерiлеу болады.
- Ұсынған тәсiлдер мен шаралар банктер капиталдануының өсуiне және банктiң кредит тәуекелдерiн кемiтуге әкеледi. Бұл, өз кезегiнде инвестициялық ресурстарды өсуiне, кредит бойынша ставкаларды 3-4
%-ке дейiн төмендетуге, банктiң кредит ресурстарын шағын және орта бизнестiң қол жеткiзуiн ұлғайтуға қажеттi алғышарттар жасайды. Банк және басқа да қаржы институттарына деген сенiмдi нығайту салымдардың жалпы өңдеу секторындағы инвестицияға өзгеру проблемаларын шешедi.
- Инвестициялық ахуалды жақсарту және экономиканы одан әрi ырықтандыру тұтастай алғанда шетел инвестицияларын тарту мен тауарларды экспорттаудың өсуіне ғана емес, отандық капиталды шетелге заңды түрде әкетуге және пайдалы орналастыруға әкеледi.
- Экономиканың салық ауыртпалығын азайту және кәсiпкерлiк қызметтi қайта реттеу жөнiндегi шараларды iске асыру "ресми" және "көлеңке' экономиканың ара салмағын елеулi түрде өзгертедi.
- Индустриялық-инновациялық саясатты белсендi жүргiзу экономиканың өсу қарқынын жылына кемiнде 8,8-9,2 % қамтамасыз етедi. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖIӨ көлемi шамамен 3,5-3,8 есе өседi. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсiбiнде орта жылдық өсу қарқыны 8-8,4
% дейiн, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы жұмыс өнiмдiлiгiнiң өсiмi кемiнде 3 есе және ЖIӨ энергияны тұтынуы - 2 eceгe төмендейдi.
- Стратегияны iске асыру нәтижесi 2015 жылы мұнай және газ кен орындарын қарқынды игеру кезiнде өнеркәсiп өндiрiсi мен экономика құрылымының түбегейлi өзгеруiне әкелмейдi. .[5]
Жалпы алғанда, индустриялық-инновациялық
саясатты белсендi жүргiзу экономиканың
өсу қарқынын жылына 8,8-9,2% қамтамасыз етедi.
Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖIӨ
көлемiн 3,5-3,8% еседей ұлғайтуға мүмкiндiк
бередi. Бұдан басқа өңдеушi өнеркәсiпте
орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4%-ке дейiн
жеткiзуге, 2000 жылмен салыстырғанда 2015
жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыруға
және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендетуге
мүмкiндiк бередi. ЖIӨ құрылымында ғылыми
және ғылыми инновациялық қызметтiң үлестiк
салмағын 2000 жылғы 0,9%-тен 2015 жылы 1,5-1,7%-ке
арттыруға мүмкiндiк беру.