Инновациялық қызметтің басқару тетіктерінің қазіргі жағдайын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 18:18, реферат

Описание работы

Нарыққа көшерде ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда стратегиялық шикізат ресурстарына бай Қазақстан әлдеқайда қолайлы экономикалық жағдайда болды. Бірақ, шикізатқа ғана сену елді әлемдік конъюнктураға бағынышты етіп қояды. Экономика әсіресе қазіргі таңда ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана отырып, ресурстарды үнемдеуші технологияларды өндіріске енгізе отырып қана дами алады.

Работа содержит 1 файл

иновация docx.docx

— 90.97 Кб (Скачать)
    • салықтық жеңілдіктер.
    • сыртқы сауда саясаты. Яғни, жоғары технологиялы қызметтер мен өнімдер экспортын бақылау мен жетілдіру жəне ғылыми-техникалық сала мен өндірістің негізгі факторы болып табылатын тікелей шетелдік инвестицияларды тарту;
    • инновациялық қызметті заңнамалық қамтамасыздандыру. Патент саясаты мен авторлық құқықтарды қорғау саясатын мемлекеттік инновациялық қызметтің ажырамас бөлігі ретінде қарастыру;
    • инновациялық қызметті басқарудың маңызды механизмі болып табылатын федералды келісім-шарттық жүйені ауқымды қолдану;
    • антимонопольді заңдарға өзгертулер енгізу - ғылыми зерттеулер мен əзірлемелерді бірлесіп жүргізу үшін консорциумдар мен жеке кəсіпорындардың бірлестігін құру кезіндегі кейбір шектеулерді алып тастауға бағытталған.

Жеке кəсіпкерлік сектордың инновациялық қызметі үшін қолайлы жағдайларды құру үшін:

    1. ҒЗТКЖ-ларға кеткен шығындарды өнімнің өзіндік құнына кіргізу;
    2. ғылыми құрал-жабдықтарды шығару кезінде амортизацияның тездетілген нормаларын қолдану;
    3. ғылыми-техникалық жобаларды несиелеуде жеңілдіктер беру;
    4. инновациялық кəсіпорындарды ұйымдастыру үшін жеңілдік шарттармен не ақысыз түрде мемлекеттің меншігіндегі мүліктерді немесе жер учаскелерін беру.

АҚШ-тағы шағын иновациялық кəсіпкерлікті  қолдау үкіметтік деңгейде 5,5 млрд. долларды құрап отыр, алайда жеке қолдау бұл соманың 41 17%-нан аспай отыр. АҚШ-та шағын инновациялық кəсіпкерлікті қолдаудың арнайы бағдарламасы бар, оның ішінде шағын кəсіпкерлікті қолдау мен дамытуға қарыздар беру- 0,8 млрд. доллар, мемлекеттік инвестициялар-3,1 млрд.доллар, шағын кəсіпоындардың шығындарын бірлесіп жабу-0,6 млрд.доллар бөлініп отыр.Осы шараларды үкімет іске асырады. Қолдаудың жеке формадлары да бар. Оларға тəуекелді венчурлық қорлар(0,75 млрд.доллар) жəне жеке инвесторлар жатады [12].

Экономикасы дамыған мемлекеттердің тəжірибесі көрсеткендей, əлемдік нарықтағы жоғары бəсекеқабілеттілік жағдайында тек дамыған инфрақұрылымы бар мемлекеттер озады. Оларға жоғарыда аталып өткен бизнес-инкубаторлар, телекоммуникациялық жəне сауда желілері, технопарктер, инновациялық-технологиялық орталықтар, консалтингтік фирмалармен қаржы құрылымдары жатады.

Инновациялық инфрақұрылым ұлттық инновациялық жүйенің маңызды бөлігі ретінде қарастырылады. Инновациялық инфрақұрылымды құру өте ұзақ уақытты қажет етеді. Оларды құру үшін АҚШ, Жапогия, Германия сияқты озық елдерде 10-15 жыл кетті.

АҚШ-тың инновациялық дамуының жетістіктері ең алдымен инновациялық инфрақұрылымды құрумен байланысты. Оларға технопарктер, бизнес-инкубаторлар, технополистер кіреді. Мемлекеттегі жалпы саны 700-ге жетіп отыр. Осылардың ішіндегісі ең маңыздысы - технопарк. Оның қызметі- ғылыми-технологиялық ашулар мен жаңалықтарды, зерттеулер мен əзірлемелерді қаржыландыру, инновациялық қызметпен айналысуға бел буған кəсіпорындарға қолайлы жағдайлар туғызу жəне т.б.

Əлемдегі  алғашқы технопарктің негізін қалаушы  АҚШ-тағы Стенфорд университеті болып  табылады(50-жылдардың басында). 1997 жылы АҚШ-та 160-қа жуық технопарк болды жəне олар əлемдегі технопарктердің 30%-ын құрады. Ал Еуропада технопарктер тек өткен ғасырдың 70-жылдарында пайда болды. Ал Қытайда түрлі инновациялық орталықтармен бірігіп, ұлттық ғылыми-технологиялық парктердің негізі қаланды. Олардың қызметтерінің мақсаттары келесідей:

    • ғылыми жəне технологиялық жетістіктерді пайдаланып, өнімдер
    • шығару мен қызметтерді жүзеге асыру;
    • шағын инновациялық кəсіпкерлікті дамыту;
    • ҒЗТКЖ-ларды жүргізуде шағын инновациялық кəсіпорындарға қолдау көрсету;
    • қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
    • несиелерге кепілдіктер беру;
    • технологияларды бағалау, халықаралық қатынастарды қалпына
    • келтірудеқызметтер көрсету;
    • зияткерлік меншікті қорғау.

Қытайдағы инновациялық орталықтар жоғары жəне жаңа технологиялар сферасын қаржыландырудың негізі болып табылады, яғни оларды кəсіпкерлер мен жоғары оқу орындарын байланыстыратын «көпір» ретінде қарастыруға болады.

Жапонияға келетін болсақ, бұл ел жоғары технологияларды дамытудан алдыңғы орындарға ие болып отыр. Жапонияның ЖІӨ құрамындағы шағын инновациялық кəсіпорындар үлесі 52%-ды (3 трлн.доллар шамасында), капитал салымдарында-40% шамасында, ал барлық жапон өнімінің экспортында 15%-ды құрап отыр. Осы жағдайда мемлекеттің рөлі өте маңызды. Жапонияның кəсіпкерлік жүйесі мемлекеттің негізгі екі жүйесін қолданады. Біріншіден, бұл мамандандырылған мемлекеттік мекемелер- бұл шағын инновациялық кəсіпорындардағы жиналыс комиссиялары, оларды қолдайтын басқарма, аймақтық қызметтер, кіші префектуралық органдар, дамытудың мемлекеттік корпорациясы, шағын инновациялық кəсіпорындар Академиясы жəне т.б. Екіншіден, қаржылық кепілдіктер мен қаржылық көмек. Оны мемлекеттік қаржылық корпорация жүзеге асырады. Оның құрамында 59 филиал, ұлттық қаржылық корпорациялар, сауда жəне өндірістік корпорациялардың орталық банкі, шағын инновациялық кəсіпорындардың несиелерін сақтандыратын корпорация, инновациялық кəсіпорындар кіреді. Сонымен қатар Жапонияда шағын инновациялық кəсіпорынды несиелендірудің арнайы механизмі қолданылады жəне оны «жұмсақ займдар» деп атайды. Яғни, егер жай несие жылына 4-8%-ға берілсе, «жұмсақ займ» инновациялық қызметпен айналысатын кəсіпорындар үшін несиені 2-4%-ға беріледі.

Осымен  қатар инновациялық кəсіпорындарды корпоративке біріктіру саясаты да белсенді жүзеге асырылуда. Бұл шағын инновациялық кəсіпорындар үшін тиімді, өйткені оларға жаңа технологияларды жүзеге асыру үшін жер, жеңілдікті шарттармен несиелер, транспорттық құрал-жабдықтарды сатып алу үшін қаражаттар беріледі[13].

Көршілес  елдер, соның ішінде Ресейдің мемлекеттік  инновациялық қызметті қолдаудың тəжірибесіне де баса назар аудару өте маңызды. Ресейде инновациялық қызметті дамытуға өнеркəсіп, ғылым жəне технология Министрлігі жəне РФ-сының білім Министрлігі жауапты. Сонымен қатар Ресейде мемлекеттік деңгейде өткен ғасырдың 90 жылдардың басынан технологиялық дамыту қоры, ғылыми-техникалық салада шағын кəсіпорындарды дамыту қоры, Санкт-Петербургтегі ғылыми-техникалық дамытудың аймақтық қоры жұмыс жасап отыр. 1997 жылдан бастап «Ғылыми-техникалық сферада инновациялық қызметті ынталандыру» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып отыр. Оны білім Министрлігі, ғылым Министрлігі, Ресейдің технологиялық дамыту қоры жəне жəрдемдесу қоры бірігіп жүзеге асырады, сондықтан оны «төрттіктің бағдарламасы» деп те атайды. Оның мақсаты – инновациялық қызметтің жаңа заманғы инфрақұрылымы болып табылатын инновациялық технологиялық орталықтарды (ИТО) құру. ИТО- бұл бір жерде орналасқан көптеген шағын кəсіпорындар конгломераты. Оған шағын кəсіпорындарды қолдау үшін күрделі қаржы салымдары бөлінеді. Осы бағдарламаның нəтижесінде 18 ИТО құрылды жəне алдағы жылдары мемлекет олардың санын екі есеге өсірмек болып отыр. 1999 жылы инновациялық инфрақұрылымның тағы да бір жаңа элементі- ғылым мен жоғары технологиялардың федералды орталықтары(ҒЖТФО) пайда болды. 1999 жылғы Үкіметтің «Ғылым мен жоғары технологиялардың федералды орталықтарын құру туралы» қаулысына сəйкес, ҒЖТФО мəртебесі экономика саласындағы жоғары технологиялы салалардың маңызды мəселелерін шешетін ғылыми кəсіпорындарға берілуі тиіс.

ҒЖТФО статусын иеленген кəсіпорындар мемлекет тарапынан  кепілді қаржыландыру мен əртүрлі жеңілдіктерге ие болады. Ресейде қазіргі кезде 40 мыңға жуық шағын инновациялық кəсіпорындар жұмыс істеуде. Аймақтарда 70-ке жуық технологиялық парктер мен 40-қа жуық инновациялық-технологиялық орталықтар орналасқан. Олардың құрамына əзірлемелермен айналысатын жəне ғылыми, бəсекеге қабілетті өнімді шығаратын жүздеген шағын кəсіпорындар кіреді. Яғни Ресейдегі инновациялық саясаттың мақсаты – тұрақты экономикалық өсу үшін жағдайларды жасау, инновациялық өнімді сыртқы жəне ішкі нарықтарға шығару, импорттық өнімдерді жоғары технологиялы жəне бəсекеге қабілетті отандық өнімдермен алмастыру.

Инновациялық  қызметтің шетелдік тəжірибесін  жалпыласақ, мемлекеттің инновациялық саясат шаралары инновациялар үшін қолайлы əлеуметтік-экономикалық ортаны қамтамасыз ететін жəне инновациялық процестерді тікелей реттейтін болып екіге бөлінеді. Инновацияларды таратудың маңызды жалпыэкономикалық шарттары бəсекеқабілеттілікті ынталандыру, монополияларды шектеу болып табылады[14].

Сонымен қатар мемлекет ғылым кадрларының  аттестациясын ұйымдастырады жəне олардың біліктілігінің үнемі өсіп отыруына септігін тигізеді, іргелі ғылыми зерттеулер мен жалпымемлекеттік, салааралық жəне əлеуметтік тұрғыдан ҒЗТКЖ-ларды қаржыландырады. Оған қоса, мемлекет ҒЗТКЖ-ларға мемлекеттік емес секторладың инвесторларын тартуға тырысады. Əзірлемелер мен зерттеулерге де мемлекеттік бюджеттен қаражаттар бөлінеді. Мысалы, бюджеттен ғылыми кітапханалар, мұражайлар мен көрмелерді ұйымдастыру сияқты ғылыми білімдерді тарату орталықтары қаржыландырылады. Мемлекеттің экономикалық саясаты тұрғысынан тиімді жобалар мен əзірлемелер мемлекеттік қолдауға ие болады. Инновациялық жобаларды тəуелсіз сараптауды қамтамасыз ету де мемлекеттің міндеттерінің біріне жатады.

Мемлекет  деңгейінде инновациялық басымдықтарды  анықтау келесі критерийлер бойынша жүргізіледі:

    • жобаның коммерциялық тиімділігі;
    • жаңалықты енгізудің жалпымемлекеттік, əлеуметтік маңызы;
    • тиісті салада өзектітехникалық немесе технологиялық міндетті шешуге бағыттылық;
    • салааралық бағыттылық, яғни инновацияның аралас саладағы жаңа технологиялар спектрінде қозғаушы күш болуы;
    • халықаралық деңгейде, əлемдік нарықтарда тауарлар мен қызметтер бойынша мемлекеттің орнығуына септігін тигізу;
    • кадрлармен қамтамасыз ету, интеллегенциялық əлеуеттің өсуін
    • ынталандыру;
    • ақпаратпен жəне патенттік-лицензиялық қамтамасыз етудің дəрежесі;
    • əртүрлі қаржыландыру көздерін тарту мүмкіндігі;
    • жобаларды іске асыру үшін ұйымдастырушылық-басқарушылық
    • механизмдердің болуы;
    • сыртқы ортаға əсер ету жағдайы.

Инновациялық  саясатың субъектілері мемлекеттік  билік органдары (орталық жəне жергілікті), мемлекеттік сектордың мекемелері мен кəсіпорындары, дербес шаруашылық нысандар, қоғамдық ұйымдар, ғылыми қызметкерлер мен инноваторлар, аралас құрылымдар ретінде танылады.

Шетел тəжірибесі көрсеткендей, инновациялық қызметтің қарқындылығы экономикалық даму деңгейінде көрініс табады. Глобальді  экономикалық бəсекеде инновациялық қызмет үшін қолайлы жағдайлар туғызатын мемлекеттер ғана жеңіске жетеді. Көптеген мемлекеттерде инновациялық саясат шағын жəне орта кəсіпкерлікті қолдауға бағытталған. Өйикені бұл сфера жаңа өнімдерді енгізуге тез икемделеді жəне қолайлы инновациялық бəсекелі ортаны қалыптастырады.

Дамыған елдерде өндірістік ҒЗТКЖ-ларға  шығындар үлесін ұлғайту үшін мемлекет келесідей экономикалық шараларды іске асырады: ұлттық өндіріс үшін стратегиялық жағынан маңызды жобаларды үлестік қаржыландыру; жеке несиелік мекемелердің қаржылық ресурстарын тарту үшін мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету; ғылыми-зерттеу қызмет шығындарына салық салудың ерекше режимін ұйымдастыру жəне т.б. [15].

Жүргізілген зерттеулер нəтижесінде анықталған жағдайлар негізінде мынадай тұжырымдар жасауға болады:

    1. АҚШ-та инновациялық қызметті дамыту жағынан заңнамалық қамтамасыздандыру өте жетік дамыған. Яғни үкімет патент саясаты мен авторлық құқықтарды қорғау, ғылыми-техникалық əзірлемелерді несиелендіру сияқты отандық кəсіпорындарды қолдайтын заңдарды қабылдай отырып, мемлекеттің инновациялық дамуына тиімді жағдайлар жасап отыр. Қазақстанға да осы мемлекеттің тəжірибесіне жүгіне отырып, ең алдымен инновациялық бағыттағы заңнамалық-құқықтық базасын құру қажет жəне ол арқылы инновациялық қызметті дамытудың негізгі механизмі - шағын жəне орта кəсіпорындарға қолдау көрсетуі тиіс;
    2. Қытайда инновациялық инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударылуда. Инновациялық инфрақұрылым жоғары жəне жаңа технологиялар сферасын қаржыландырудың негізі болып табылады.
    3. Қазақстанда да инновациялық инфрақұрылымның түрлі субъектілері құрылғанмен де тиімді жұмыс атқармай отыр. Сондықтан мемлекетіміз инновациялық инфрақұрылымдардың субъектілерінің тек санына ғана емес, сапасына баса назар аударуы тиіс;
    4. Жапонияда мемлекет тарапынан шағын инновациялық кəсіпорындарға қолдау көрсету кепілдіктер беру мен қаржылық көмек арқылы жүзеге асырылады. Өйткені бұл мемлекетте ЖІӨ-нің жартысына жуығын осы шағын инновациялық кəсіпорындар үлесінде. Яғни олар тиімді қызмет көрсету үшін мемлекет жеңілдік шарттармен несиелер, жер учаскелерін т.б. бөледі. Біздің мемлекетімізде шағын кəсіпорындарға  салықтық(мерзімін шегеру арқылы), несиелік қолдаулар көрсетіледі. Алайда бұл жеңілдіктерге ие болу өте қиын. Сондықтан да оларды пайдалану жолын оңайландыру керек;
    5. Ресейдің тəжірибесін талдайтын болсақ, бұл мемлекетте ИТО- лар құрылған. Яғни ИТО- бұл бір жерде орналасқан көптеген шағын кəсіпорындар конгломераты. Оған шағын кəсіпорындарды қолдау үшін күрделі қаржы салымдары бөлінеді. Қазақстанда осындай ИТО-ларды құру арқылы шағын инновациялық кəсіпорындарға бөлінген қаражаттарды бақылауға мүмкіндік болады.

 

 

3.2. Кәсіпорынның  Қазақстан Республикасынның индустриялық –инновациялық даму стратегиясы аясында инновациялық қызметінің дамуының басымды бағыттары

Информация о работе Инновациялық қызметтің басқару тетіктерінің қазіргі жағдайын талдау