Инновациялық қызметтің басқару тетіктерінің қазіргі жағдайын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 18:18, реферат

Описание работы

Нарыққа көшерде ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда стратегиялық шикізат ресурстарына бай Қазақстан әлдеқайда қолайлы экономикалық жағдайда болды. Бірақ, шикізатқа ғана сену елді әлемдік конъюнктураға бағынышты етіп қояды. Экономика әсіресе қазіргі таңда ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана отырып, ресурстарды үнемдеуші технологияларды өндіріске енгізе отырып қана дами алады.

Работа содержит 1 файл

иновация docx.docx

— 90.97 Кб (Скачать)

2.2. Инновациялық  қызметтің басқару тетіктерінің  қазіргі жағдайын талдау

 

Нарыққа көшерде ТМД-ның басқа елдерімен  салыстырғанда стратегиялық шикізат  ресурстарына бай Қазақстан әлдеқайда  қолайлы экономикалық жағдайда болды. Бірақ, шикізатқа ғана сену елді әлемдік конъюнктураға бағынышты етіп қояды. Экономика әсіресе қазіргі таңда ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана отырып, ресурстарды үнемдеуші технологияларды өндіріске енгізе отырып қана дами алады.

Бұл өнеркәсіптік өндірісті инновациялық, инвестициялық  және құрылымдық тұрғыдан қайта құрумен, қызметтің жаңа түрлерінің дамуымен тікелей байланысты. Шикізатқа деген  тәуелділікті азайту үшін отандық экономика  салаларын әр-тараптандыру, жіліктеу әрі олардағы жоғары технологиялы кәсіпорындарды қарқындата дамыту керек. Осы факторлардың бәрі бүгінгі таңдағы ең басты  мәселеге – экономиканың бәсекелестікке қабілетті болуына жұмыс істейді.

Бәсекеге  қабілетті болу үшін Қазақстанға  әлемдік нарықтағы өз «қуысын», яғни жақын болашақта бәсекеге жарай  алатын өнеркәсіп салаларын  таба білу әрі дамыта алу  қажет. Бүгінгі заман тауарларының құндылығы олардың бойындағы озық ғылыми-техникалық жетістіктердің молдығымен ерекшеленетіндіктен, отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі Қазақстанның ғылыми-техникалық және инновациялық даму деңгейімен өлшенеді.

Қай елдің  болсын ғылыми-техникалық әлеуеті сол  елдің алдында тұрған экономикалық дамуды шешуге мүмкіндік беретін  мамандық, материалдық-техникалық, қаржылық және ұйымдастырушылық ресурстардың жиынтығынан  тұратыны мәлім. Қазақстанда отандық  ғылыми сыйымдылығы мол өндірісті  дамытуға, жаңа ақпараттық технологияны жасауға және меңгеруге, нәтижеде бәсекеге қабілетті өнім шығаруды қолға алуға  бағыт-бағдар қабылданды. Осы жолда  жаңа технологияны енгізу үшін, ғылымның өндірістен алшақтығын жою үшін, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту үшін бірқатар іс-шаралар қолға алынып жатыр.

Осы шаралардың жүзеге асырылуы бойынша жалпы ішкі өнім көлемдері туралы мәліметтерді төмендегі кестеден көруге болады. Аталған кестеде ең бірінші көзге түсетін нәрсе – зерттеу мен әзірлемеге жұмсалатын шығынның 4 жылдың ішінде 13,2 млрд.теңгеге өскеніне қарамастан ЖІӨ-нің көлеміне шаққандағы онсыз да жарты пайызға жетпейтін деңгейінің соңғы жылдарда өсудің орнына кеміп бара жатқандығы. Екіншіден оларды орындаған ұйымдар саны 12%-ға өсіп жатқанымен (2008 жылы тіпті кему үрдісі орын алып отыр) сол ұйымдағы қызметкер ғалымдар мен зерттеушілер санының 13%-ға кеміп бара жатқандығы. Ғылым кандидаттары мен докторлары санының өсу динамикасы да мардымсыз. Ғылым докторлары 2008 жылы 2005 жылғыдан 85 адам, ал 2006 жылғы көрсеткіштен 34 ғалым артық дайындалып шығарылған болса, ғылым кандидаттарының саны 2006 жылдан бастап азаю үстінде - 2008 жылы ғылым кандидаттары 2006 жылмен салыстырғанда 286 адамға, ал  2005 жылғыдан 157 ғалымға кем дайындалған..       

5 – кесте Ғылымның жағдайы мен дамуының негізгі көрсеткіштері [3]

 

 

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

Жалпы ішкі өнім, млрд. теңге

7590,6

10213,7

12849,8

16052,9

Зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған ішкі шығындар қолданыстағы бағада, млн. теңге

21527,4

24799,9

26835,5

34761,6

ЖІӨ, %

0,28

0,24

0,21

0,22

Зерттеулер мен әзірлемелерді  орындаған ұйымдар саны

390

437

438

421

Мемлекеттік сектор

149

151

134

104

Жоғары білім секторы

114

123

133

126

Кәсіпкерлік сектор

112

152

155

166

Бейкоммерциялық жеке сектор

15

11

16

25

Зерттеулер мен әзірлемелермен айналысатын  персонал саны/жыл соңында/, адам

18912

19563

17774

16304

Соның ішінде: зерттеушілер

11910

12404

11524

10780

Одан: Ғылым докторлары

1106

1157

1166

1191

Ғылым кандидаттары

3018

3147

3058

2861

Зерттеулер және әзірлемелермен айыналысатын ұйымдардың негізгі қаражаттары, млн. теңге

14584,2

19247,7

18782

19176,7


 

Техника саласындағы аспиранттар санына өсу тенденциясы тән болса, экономика саласында да сол үрдіс. Экономика ғылымын зерттеушілер саны математика-физика, химия және биология секілді үш бірдей іргелі ғылымды зерттеушілер санымен пара-пар, техника саласындағылар саны одан да көп, және ол үрдіс 5 жыл бойына сақталып отыр.

Төмендегі 6 – кестеде негізгі құрал-жабдықтардың бағасының өсуі байқалып тұр, оның ішінде негізгі қордың белсенді бөлігі саналатын машиналар мен жабдықтардың үлесінің өскені зерттеу мекемелерінің капиталдық шығынын қаржыландыру жұмысы жақсарып келе жатқанын көрсетеді.

Негізгі құрал-жабдықтардың тозу дәрежесінің 30% төңірегінде қалып отыруы, яғни жоғары болуы, ал оларды жою коэффициентінің  төмен болуы, негізгі құрал-жабдықтарды  жаңарту коэффициентінің көтерілудің  орнына 4  жылда үнемі кеміп  бара жатқандығы – басты мәселелердің бірі.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестиция көлемі соңғы 4 жылда 11582 млн.теңгеден 17778 млн.теңгеге, оның ішінде құрылыс-монтаж жұмысына бөлінген қаржы 2,4 есеге өскенімен оның жалпы инвестицияның көлеміндегі үлесі өсудің орнына 0,48%-дан 0,42%-ға дейін кеми түскен.  

 

 

 

6 – кесте Зерттеулер мен әзірлемелерге арналған негізгі құрал-жабдықтар және негізгі капиталға жұмсалған инвестиция (нақты құны бойынша, млн.т.)

 

 

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

Негізгі құрал-жабдықтардың орташа жылдық құны, млн.теңге. Одан:

14584,2

19247,7

18781,9

19176,7

Машиналар мен жабдықтар

7105,7

9809,8

10005,4

9654,5

Негізгі құрал-жабдықтардың тозу дәрежесі,%

32,6

29,7

27,5

31,3

Негізгі құрал-жабдықтарды жаңарту  коэффиценті,%

18,6

14,5

16,2

10,6

Негізгі құрал-жабдықтарды жою коэффиценті,%

1,4

3,2

1,2

2,0

Негізгі капиталға жұмсалған инвестиция, барлығы 

11582

13382

15448

17778

о.і. құрылыс-монтаж жұмысына

4247

4177

6880

10146

Жабдықтар

5284,2

6072

6555

7375

Инвестицияның жалпы көлеміндегі  үлесі, %

0,48

0,47

0,46

0,42


 

Енді  өнеркәсіптік әлеуеттің ахуалына қарай  көз салып көрейік. Өнеркәсіптің жалпы ішкі өнімдегі үлесі соңғы 5 жылда іс жүзінде өзгермей, 29% көлемінде тұр. Тіпті кейінгі үш жылда 29,8%- дан 29,3 %-ға төмен түсу динамикасы байқалады. 2000 жылғы 33,3%  деңгейге жете алмай қалып отырмыз. Қызмет көрсету саласы соңғы 5 жылда 2,6%, соңғы 3 жылда 2,2%- ға ғана өсіп, 1995 жылғы деңгейден 1,9%- ға ғана асып отыр.

Яғни, өндіруші өнеркәсіптің жалпы өнеркәсіптегі үлесі төмендеудің  орнына өсіп келе жатқанын, ал өңдеуші  өнеркәсіптің үлесі керісінше көбеюдің орнына азайып бара жатыр. 1998 жылы өндіруші өнеркәсіп үлесі 24,3%-ға, өңдеуші өнеркәсіп 56,2%- ға ие болса, 2001-2004 жылдары тиісінше 44,3; 47,9; 48,4 және 53,4%-ға, ал, өңдеуші өнеркәсіп 46,9; 43,3; 42,9 және 39,7 % ие.

Өңдеуші өнеркәсіпке үш жылда  құйылған инвестиция салыстырмалы түрде  өндіруші өнеркәсіпке құйылған қаржыдан да көп болып тұрғанымен – тиісінше 3,0 есе де 2,5 есе, оның абсолютті басым  бөлігі, 75%-дан астамы металлургияға, оның өзі түгелдей дерлік түсті металлургияға  кеткен.

Машина жасау мен тоқыма және тігін өнеркәсібіне бөлінер болмашы қаржы соңғы жылы тіпті төмен түсіп кеткен. Мысалы, машина жасауға 2006 жылы 4,2 млн.доллар, 2007 жылы 0,2 млн.доллар бөлінген. Тоқыма, тігін өнеркәсібіне тиісінше 3,0 және 2,1 млн.доллар, аяқкиім, былғары, былғары ұйымдарына 1,7 млн.доллар және 0,3 млн.доллар бөлінген.

Технологиялық инновацияға байланысты сатып алынатын машина мен жабдықтарға жалпы  қаржының жартысынан астамы жаратылып  келеді. Кәсіпорындардағы техника мен  құрал-жабдықтар әбден ескіргені  себепті солай болуы заңды  да. Сол себепті де 2007 жылы жаңа технология сатып алуға арналған қаржы көлемі 2003 жылғы шығыннан 3 есе аз. Осының салдарынан барып кәсіпорын жаңа технологияның бұрынғыға қарағанда биіктеу сатысына көтерілуі кешіге түседі.

 

 

7 – кесте Қаржы көздері бойынша технологиялық инновацияларға жұмсалған шығын          

(млн.теңге)

 

2004 ж.

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

Барлығы

35360,3

67088,9

79985,9

83523,4

113460,1

Республикалық бюджет

1905,9

5381,8

6478,4

4359,7

5613,2

Жергілікті бюджет

10,3

106,1

2321,2

184,5

36,9

Кәсіпорынның жеке қаржысы

32058,3

43936,9

68407,3

70576,3

96860,0

Шетел инвестициялары

1385,8

14994,7

2762,7

8379,7

9413,6

оның ішінде  ТМД елдері

6,4

70,0

0,7

46,6

46,4

Даму институттарының қаржысы

-

2669,4

16,3

23,2

1536,3


 

Дегенмен, жаңа өнімдерді, өндірістік үдерістерді  зерттеу мен дайындап шығаруға арналған шығындар да бес жылда 8 есеге жақын  өсіп отыр.

Тағы  бір назар аударатын жағдай, «басқа шығындар» деп аталатын шығын  түрінің ашып айтылмайтыны. Бірақ, осы мақсатқа деген шығын қаралып отырған 5 жыл мерзімде 3 еседен астам өскен. Мысалы, 2007 жылы бұл шығынның көлемі жаңа технология алуға бөлінген шығыннан 10 есе, 2008 жылы 2 есеге жуық көп, ал жаңа өнімдер мен үдерістер дайындауға деген шығыннан 2 есе артық. Шығын ішінде республикалық бюджет үлесінің  үнемі өсіп отыруы (жоғарыдағы 7-кестені қараңыз) отандық ғылым мен технология саласына барынша қолдау көрсетуге тырысып отырған мемлекет саясатының көрінісі. Ол көрсеткіш 2005 жылы 2004 жылға қарағанда 2,8 есеге,  2006 жылы 2005 жылдағыдан 1,2 есеге өсті. Тек әлемдік экономикалық дағдарысқа байланысты 2007 жылы 2006 жылғыдан 1,4 есеге, 2008 жылы 2006 жылғыдан 1,15 есеге төмендеп қалды.

Ғылыми қызмет соңғы нәтижеге жұмыс  істегендігімен – қорғау құжаттарының, жаңа технология жасаған ұйымдар  мен олар жасаған технология санының  көбеюімен, кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің артуымен, соның  арқасында өнеркәсіп өнімінің ішіндегі инновациялық өнімнің үлесінің артуымен құнды.  Қазақстанда қорғау құжаттарына  өтініш беру үдерісі мен оны алу  – екеуі біріне-бірі тікелей байланыссыз  үдерістер. Өтініш берудің динамикасы негізінен оң сипатқа, ал, берілген құжаттардың динамикасы көбіне теріс  сипатқа ие, сондай-ақ берілген өтініштер  саны мен алынған құжаттар санының  арасындағы айырма үлкен. Жаңа технологиялар  мен техника нысандарын құрған ұйымдар  мен құрылған жаңа технологиялар  мен техника нысандар санының (8 – кесте)  2008 жылы 2005 жылғы, қолданылған жаңа технология санының 2004 жылғы деңгейге қайта түскені, жаңа технология мен техника нысандарын пайдаланған ұйымдар санының соңғы 4 жылдағы динамикасы тек төмендеу үстінде екендігі, құрылған жаңа технология көлемі 2004 жылғыдан 1,6 есе өскенімен оны пайдаланған ұйымдар санының 2004 жылғы деңгейден өспегендігі және осы көрсеткіштердің барлығының ширегінен жартысына жуығы бір ғана Алматының еншісіне тиіп отырғаны инновация жайының қаншалықты мүшкілдігінен хабардар етсе керек. Бұл - кәсіпорындар  сырттың технологиясын көп қолданып, отандық технологияны енгізуге құлықты болмай отыр деген сөз.

 

8 – кесте Қазақстан Республикасында жаңа технологияны құру және қолдау

 

 

2004 ж.

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

Жаңа технология құрған ұйым саны

98

125

135

135

124

Құрылған жаңа технология саны

355

577

665

506

578

Жаңа технологияны қолданған

 ұйым саны

58

133

127

110

84

Қолданылған жаңа технология саны

244

210

255

196

245


 

Қазақстанда соңғы 5 жыл ішінде зерттеу жүргізілген  кәсіпорындар саны 1,5 есе өскен болса, инновацияны қолдайтын, енгізуге, жасап  шығаруға әрекет етіп жатқандардың үлесі 3 есе өскен. Яғни, заман талабын түсіну бар, соған қарай қимылдау бар. Соған сәйкес инновациялық белсенділік 2 еседен астам көтерілген. Бірақ, оның деңгейі әлемдік тұрғыдан келгенде өте төмен.

 

9 – кесте ҚР кәсіпорындардың инновациялық қызметінің негізгі көрсеткіштері

 

 

2003 ж.

2004 ж.

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

Респонденттер саны

7212

8055

10392

10591

10889

11172

олардың ішінде:

инновация барлар

148

184

352

505

526

447

Инновац. активтік деңгейі, %

2,1

2,3

3,4

4,8

4,8

4,0

ғылыми-зерттеулер саны

363

463

677

724

763

745

Техн.инновациялар шығыны (млн.теңге)

 

35360,3

67088,9

79985,9

83523,4

113460,1

Шығарылған өнім

көлемі (млн. теңге)

65020,3

74718,5

120408,3

156039,8

152500,6

111531,1

оның ішінде:

           

Қазақстаннан сыртқа

43944,8

48076,0

65686,1

81149,9

82841,6

60655,7

жаңа немесе түбегейлі өзгертілген өнім

9538,9

21384,7

44133,1

88416,5

107585,8

89650,3

Жетілдірілген өнім

46963,7

48004,1

70870,1

56570,1

38818,0

15492,4

Өзге инновациялық өнімдер

8517,7

5329,7

5231,2

10835,5

5936,5

5474,9

Көрсетілген инновац.қызмет

4380,9

1917,4

5866,7

6431,1

7512,5

18240,4

Информация о работе Инновациялық қызметтің басқару тетіктерінің қазіргі жағдайын талдау