Инновациялық қызметтің басқару тетіктерінің қазіргі жағдайын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 18:18, реферат

Описание работы

Нарыққа көшерде ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда стратегиялық шикізат ресурстарына бай Қазақстан әлдеқайда қолайлы экономикалық жағдайда болды. Бірақ, шикізатқа ғана сену елді әлемдік конъюнктураға бағынышты етіп қояды. Экономика әсіресе қазіргі таңда ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана отырып, ресурстарды үнемдеуші технологияларды өндіріске енгізе отырып қана дами алады.

Работа содержит 1 файл

иновация docx.docx

— 90.97 Кб (Скачать)

 

Жоғарыдағы 9 – кестеден көріп отырғанымыздай 2005 жылы жаңадан енгізілген өнімнің жалпы инновациялық өнім көлеміндегі үлесі 36,7 %-ға тең болса, 2006 жылы 56,8%-ға, бұл көрсеткіш 2008 жылы 80,3 %-ға жеткен  Ал, жетілдірілген өнімдер үлесі 2005 жылы – 59 %, 2006 жылы – 36,3%, 2007 жылы – 25,5%, 2008 жылы – 13,8%.  Бірақ, ашығын айту керек, жаңадан енгізілген өнімнің жалпы инновациялық өнім көлеміндегі үлесі жетілдірілген өнімдер үлесінен көп болуы көңілге күдік ұялатады. [3]

  Инновациялық ғылымды қаржыландыру ең басты міндеті болып табылатын Даму институттарының қосқан үлесі ауызға алуға тұрмайды. Шетел инвестициясының үлесінің төмен болуын қазақстандық өнімнің өтімді болуын қаламайтындықтарымен түсіндіруге, ал белгілі бір деңгейде қаржы да бөліп отырғанын шетелдік корпорациялардың ғылыми еншілес мекемелерінің қызмет етуімен түсіндіруге болады.

Республикалық бюджет пен шетел инвестициясы бір  көтеріліп, бір түсіп, тұрақсыздық  түр танытып тұрған кезде кәсіпорындардың  технологиялық инновацияға бөлген өз қаржысының үлесі тек қана өсіп, жалпы қаржының 90,9%-на жетіп отырғаны өндіріс басшыларының нарық заманында ең алдымен тек өз күшіне сенгені ғана дұрыс екендігін түсінгендігінің белгісі.

Сонымен, еліміздің инновациялық әлеуетіне  талдау жасай келе мынадай қорытынды  жасауға болады: ЖІӨ-гі ғылымның үлесі  өте төмен; зерттеу ұйымдарының  саны зерттеушілер санына қарағанда  жоғары қарқынмен өсуде; мемлекеттік  ұйымдарда жұмыс істейтін зерттеушілердің  үлесі азаю үстінде; ғылымға құйылар  инвестиция өсуде, ғылымға жас мамандар аздап болса да келе бастады; орындалған жұмыстар көлемі өсуде, бірінші кезекте  бюджеттік қаржының көбеюі арқасында; қорғау құжаттарының саны аз; Қазақстанда  жасалып жатқан технология негізінен  ендірілмей қалып отыр; кәсіпорындардың  инвестициялық белсенділігі өте  төмен; өнеркәсіп өнімінде инновациялық өнімдердің үлесі де төмен.

 

2.3. Кәсіпорында инновациялық қызметтің ұйымдастыру ерекшеліктері

 

Кәсіпорынның  инновациялық қызметі жаңа өнім мен  технологиялар өндірісін ұлғайтуға, отандық тауарлардың өтім көлемінің  ұлғаюына бағытталуы керек, бұл инновациялық кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуын талап етеді.

Инновацияға байланысты кәсіпкерлік екі үлгіге бөлінеді: дәстүрлі, инновациялық.

Дәстүрлі  үлгі ─ дәстүрлі, өсімпаздық, ескішілдік кәсіпкерлік. Осы үлгі шеңберінде кәсіпкер пайданы көбейту мақсатында кәсіпорынның ішкі резервтерін қозғалысқа әкеледі  және рентабельділікті көтереді. Осы  үлгі бойынша кәсіпкерліктің табыстылығы  көп жағдайда федералдық үкімет және аймақтық билік органдарының жағынан  субсидиялау, протекционизммен ілеседі.

Екінші  үлгі инновациялық (өнімді немесе жемісті) кәсіпкерлікпен қарастырылады. Сонымен  қатар, кәсіпорынның даму жолдарын іздестіруді  қарастырылады, оның негізіне соңғы қолдану кезеңіне жеткізілген инновациялар немесе жаңалықтар жатқызылады.

Кәсіпорындағы инновацияның дамуына түрткі болатын  себеп кәсіпкерлік қызметтің  шығындарын төмендету ынтасы және нарықтық бәсекенің қатты жағдайында пайданың көлемін ұлғайту болып табылады. Ескірген технология мен техниканы  қолдану үдерісінде шығындар орташадан  жоғары деңгейде қалыптасады және кәсіпкерлік  шығынды болуы мүмкін, егер бәсекелестер өндіріс шығындарын төмендету және ұсынылатын өнім мен қызметтердің төмен  бағасының негізінде нарықтағы  өтімділік табысына жету жолдарын тапқан болса.

Осыдан  әр бір кәсіпорында бәсекелік  басымдылықты жасау қажеттігі пайда  болады, бұны жүзеге асыру үшін инновацияларды қолдану керек. Сонымен бірге, неғұрлым инновациялық процесс тез жүрсе, соғұрлым табысты қызметтің болуы  ықтимал. Өнімді жаңарту және оны  дер кезінде нарыққа шығару қосымша  пайда алу ықтималдығын жоғарлатады, бұл ғылыми-техникалық рента деп  аталады.

Осылайша кәсіпорын инновацияны  қолдану арқылы шығындарды төмендетеді, өндіріс көлемін өсіреді, нарықтың өтімділік табысына жетеді, пайда  көлемін көбейтеді, кәсіпкерліктің тиімділігін көтеруге және ұлттық экономиканың дамуына ықпал жасайды. Идеяның  пайда болуынан бастап жаңалықты  практикалық түрде  енгізуге дейінгі  уақыт периоды инновацияның өмірлік  цикл деп аталады. Өмірлік цикл 4 этаптан тұрады.Ол 8 – суретте  көрсетілген.

Іргелі


  ғылыми зерттеулер

Қолданбалы  және экспериментті өңдеулер

Тәжірибелі  өндіріс

Жаңалықты коммерциализациялау


 

 

 

8 – сурет  Инновациялық үдерістің функционалды реттілігі

 

Бірінші кезеңде ілгері зерттеулер ғылыми ұйымдарда  жүзеге асырылады, соның нәтижесінде  жаңа ғылыми танымдар қалыптасады.

Екінші  кезең тәжірибелік бағыты бар  қолданбалы және эксперименттік зерттеулермен  сипатталады. Бұл кезеңде теріс  нәтижелер алу ықтималдығы жоғары, сондықтан жаңалықты өңдеу жиі  тәуекелділік сипатта болады.

Үшінші  кезеңде конструкторлы-технологиялық  құжаттамалар дайындалады, ал инновацияның аралық нәтижелері жаңа өнімдердің тәжірибелі үлгілерін және жаңа технологиялардың тәжірибелі қолдануын көрсетеді.

Төртінші  кезеңде – жаңалықты коммерциализациялау  – оны  өндіріске жіберу уақытынан  нарықта тауар ретінде пайда  болғанға дейін жалғасады. Тауардың өмірлік циклы осы тауардың нарық  өтімінен жоғалып кетуімен аяқталады.

Кәсіпорынның  қызметі табысты болу үшін бизнес-жоспарды өңдеген кезде, өндірілетін өнімнің  өмірлік циклдың қандай кезеңінде  болуын ескеру керек, бәсекелестердің  әрекетін  қадағалап,   инновацияларды жүзеге асыру және жаңа өнімдердің жетілген модельдерінің сату көлемін келешекте ұлғайта беруді қамтамасыз ету. Инновациялық үдерістің дамуына әр түрлі факторлар тобы әсер етеді: экономикалық, технологиялық, саясаттық, құқықтық, ұйымдық-басқарушылық, әлеуметтік-психологиялық, мәдениеттік. Кейбір факторлар инновациялық қызметке оң әсер етді, ал басқалары кедергі жасайды.  Мысалы, экономикалық және технологиялық факторлар тобы кәсіпорынның инновациялық қызметіне оң әсер етеді, яғни қажетті қаржы ресурстарын, материалды-техникалық құралдар, жаңашыл технологиялар, шаруашылық және ғылыми-техникалық ішкі құрылымның болуын көрсетеді. Осы факторлар тобы инвестиция үшін құралдардың жетіспеушілігі немесе жоқтығы, материалдық, ғылыми-техникалық базаның әлсіздігі және т.б. инновациялық қызметке кедергі келтіреді.

Кәсіпорын-инноватор  инновациялық жобаны өзінің құрылымдық бөлімшелерінде дайындайды немесе инновациялық кәсіпкерлікке маманданған ұйымды келісім шарт негізінде қатыстырады. Кәсіпорын-инноватор инновациялық кәсіпкермен инновациялық өңдеулерді жүзеге асыру бойынша келісім  шартқа отырады. Келісім шарт тапсырыстың  белгілі төлемі аванс түрінде  қарастырылуы мүмкін.

Инновациялық  кәсіпкер төлемге сәйкес тапсырысты орындау үшін қажетті материалдарды  сатып алады немесе негізгі құралдарды жалға алады, ғылыми-техникалық кадрларды  қатыстырады. Тапсырыс берушіге аяқталған  өңдеулерді одан әрі қарай қолдануға  беріледі.

Инновацияларды  қаржыландыру  кез келген инвестицияларды  қаржыландыру көздерінен жүзеге асырылады, яғни өзіндік қаржыландыру, несиелік құралдар, басқа аралас немесе дәстүрлі емес көздер, бюджеттен тыс қорлар, әр түрлі деңгейдегі бюджеттер.

Жаңалық дәрежедегі инновациялар негізінде  жаңа, яғни өткен отандық және шетелдік практикада ұқсастығы жоқ және жаңа нәрселердің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталды. Негізінде өнімнің  жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп нұсқасы  болып табылады.

Инновацияның  өмірлік кезеңі  өзара байланысты процестің және жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік кезеңі уақыт  аралығы ретінде идеяның дүниеге  келгеннен өндірістік өткізуден  алып тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде анықталады.

        Қазіргі кезде əлемнің көптеген  елдерінде мемлекет инновациялық  қызметке құқықтық, ұйымдастырушылық  жəне қаржылық жағынан көмек  көрсетуде. Бұл елдердің ішінде  Қазақстан да бар. Мемлекеттік  инновациялық саясатты Қазақстан Республикасының Үкіметі əзірлейді жəне жүзеге асырады. Қазақстандағы инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың келесі бағыттары бар:

    • ұйымдастырушылық жəне экономикалық шарттарын құру, соның ішінде       мемлекеттік инновациялық қызметті ынталандыру;
    • инновациялық дамудың негізгі басымдықтарын анықтау;
    • инновациялық инфрақұрылымды құру жəне дамыту;
    • инновацияларды құру мен енгізуде мемлекеттің қатысуы;
    • сыртқы нарықтарға отандық инновацияларды шығару мен өткізу;
    • технологиялар трансфертін қоса алғанда, инновациялық қызмет

Мемлекет  қолдауымен ҚР-да ұлттық инновациялық жүйенің белсенді құрылуы байқалып отыр. Оның құрамды элементтері: ғылыми əлеует, инновациялық кəсіпкерлік, инновациялық жəне қаржылық инфрақұрылым. ҚР Үкіметінің 6 қазан 2003 жылдағы №1027 «ҚР Үкіметінің 20 қаңтар 2003 жылғы №54 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сəйкес сауда жəне индустрия Министрлігі инновациялық қызметті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын уəкілетті орган болып белгіленді. Мемлекеттің инновациялық дамуын тиімді басқару үшін уəкілетті органдар, яғни инновациялық қызметті дамыту мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын сауда жəне индустрия Министрлігі жəне ғылым мен ғылыми-техникалық қызметті  16 жүзеге асыратын білім жəне ғылым Министрлігі бірігіп, келесі функцияларды жүзеге асыруда:

    • мемлекет экономикасының инновациялық дамуын ғылыми-техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін ғылымның басымды бағыттарын анықтау, ғылыми-техникалық өнім нарығын құру, іргелі жəне қолданбалы ҒЗТКЖ-ларды қаржыландыратын бюджеттік бағдарламаларға бақылау орнату;
    • басқару, ғылыми, инженерлік, кəсіптік дайындау мен біліктілігін көтеретін орта жəне жоғары оқу орындарын қоса алғанда, инновациялық қызмет үшін кадрларды дайындау жəне біліктілігін көтеру жүйесін құру;
    • инновациялық өнімді өндіретін кəсіпорындар, инновациялық кəсіпорындар мен өндірістерді құруға көмектесетін мекемелер, технологиялық парктер, бизнес-инкубаторлар, арнайы конструкторлық;
    • отандық жоғары технологиялы өнімдерді ішкі жəне сыртқы нарықтарға шығару жүйесін құру жəне осындай өнімдерді өндіруші кəсіпорындар үшін жеңілдіктер мен жұмыс жасау үшін қолайлы жағдайлар туғызу;
    • инновациялық жобалар мен бағдарламаларды жасайтын əзірлеушілер мен жаңалық ашушылардың зияткерлік жəне интеллектуалдық меншігін қорғайтын заң жүйесін құру.

        Қазақстанда экономикалық қызмет субъектілерінің инновациялық белсенділігін арттыру үшін заңдық жəне нормативтік-құқықтық негізі құрылған жəне жетілдіріліп келеді.

        Республикамызда Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру үшін даму институттары құрылды. Олар «Қазына» тұрақты даму қоры құрамына кіреді. Оған «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Ұлттық инновациялық қоры» 17 АҚ, «Орта кəсіпкерлікті даму қоры» АҚ, «Маркетингтік-талдамалық зерттеу орталығы» АҚ, «Экспортты жəне инвестицияларды сақтандыру жөнідегі мемлекеттік сақтандыру ұйымы» АҚ, «Шағын кəсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «ҚазИнвест», «Қазқстанның ипотекалық компаниясы», «Өмірді сақтандыру жөніндегі компания» сынды даму институттары кіреді. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ы, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-ы сияқты даму институттары алғашқы тұрақтану кезеңінен өтіп, инновациялық жобаларды кешенді қолдау тəртібіне көшті. 2006 жылдың 1 шілдесіне «Қазақстан даму Банкі» АҚ-на жалпы сомасы 10756,6 млн АҚШ долларын құрайтын жобалар (324) мен экспорттық операцияларды(87) қаржыландыруға 411 өтініш түсті. Бұл соманың 6086,6 млн АҚШ долларын Қазақстан даму банкі қаржыландырады.Келіп түскен өтініштердің 289-ы(72,5%-ы) қарастырылмай қалды, оның ішінде инвестициялық жобалар-263, экспорттық операциялар-35. Қарастырмаудың негізгі себептері-жобалардың банкпен бекітілген несиелік саясат туралы меморандум талаптарына сай келмеуі, қажетті қаражатпен қамтамасыз етілмеуі, қарыз алушылардың қаржылық жағдайының төмен болуы. Жыл басынан банкпен қарастырылған өтініштердің ішінен жалпы сомасы 1970,2 млн долларын құрайтын 84 инвестициялық жобалар мен экспорттық операциялар таңдап алынды. Банктің қатысу үлесі-807,7 млн АҚШ доллары. Нəтижесінде банкпен қаржыландырылған жобалардың ішінен келесі объектілерде жұмыстар іске асырыла бастады:

    • Кентау қаласындағы реновация мен жүйелік аударымдарды жасайтын өндіріс;
    • Шымкент қаласындағы мақта талшықтарынан тоқыма жасау өндірісі;
    • Ақтөбе қаласындағы полиэфирлік шыны талшығынан құбыр жасау зауыты;
    • Астана қаласындағы пластикалық шыныдан құбыр жасау зауыты.

       2006 жылдың 1 шілдесіне банктің ссудалық портфелі 389,9 млн АҚШ долларын құрады жəне 2006 жылдың басынан 37,7 млн долларға ұлғайды. Ссудалық портфель құрамында инновациялық жобаларды жүзеге асыруға берілген несиелер көлемі(80,4%) басым келеді, яғни бұл банк қызметінің инновациялық бағытталуын көрсетеді. Несиені ұйымдастыру үшін екінші деңгейлі банктер кепілдіктері негізіндегі кəсіпорындардың жоғары ликвидті активтері, ақшалай қаражаттары, жылжитын жəне жылжымайтын мүліктері кепілдеме негізінде қабылданады. Банк өз қызметін жүргізудің басынан қатысу үлесі 581 млн АҚШ долларын құрайтын жалпы сомасы 1466,6 млн АҚШ доллары болып келетін 40 инвестициялық жобаны қаржыландырды. 2005 жылдың 25 маусымында ҚР Үкіметімен қабылданған №633 қаулысындағы 7 кластердің 6-ын (металлургия, транспорттық логистика, текстильді жəне тағам өндірісі,мұнай-газ машиналарын жасау, құрылыс материалдар өндірісі) банк қаржыландырып отыр.

Информация о работе Инновациялық қызметтің басқару тетіктерінің қазіргі жағдайын талдау