Инновациялық қызметтің басқару тетіктерінің қазіргі жағдайын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 18:18, реферат

Описание работы

Нарыққа көшерде ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда стратегиялық шикізат ресурстарына бай Қазақстан әлдеқайда қолайлы экономикалық жағдайда болды. Бірақ, шикізатқа ғана сену елді әлемдік конъюнктураға бағынышты етіп қояды. Экономика әсіресе қазіргі таңда ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана отырып, ресурстарды үнемдеуші технологияларды өндіріске енгізе отырып қана дами алады.

Работа содержит 1 файл

иновация docx.docx

— 90.97 Кб (Скачать)

         2006 жылдың 1 шілдесіне «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-на жалпы сомасы 9,8 млрд долларды құрайтын инвестициялық жобалар жөніндегі 362 ұсыныс келіп түсті.Олардың 98-і құрылыс материалдар өндірісімен ( жалпы сомасы 1,8 млрд доллар), ал 66-сы тамақ өндірісі мен ауылшаруашылық шикізатты өңдеумен(жалпы сомасы 788,75 млн доллар) байланысты болып келеді. 2006 жылдың 1 шілдесінің мəліметтері бойынша, қор жалпы жарғылық капиталы 861,4 млн АҚШ долларын құрайтын 27 жобаны қаржыландырды. Қордың қатысу үлесі-185,7 млн АҚШ доллары. 2006 жылдың 1 шілдесіне «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-на жалпы сомасы 73,7 млрд теңгені құрайтын 105 инновациялық жоба келіп түсті. Олардың 5-і бойынша жұмыс жасалуда. Бұлардың ішінен Алматы облысындағы герман технологиясымен керамзитті кірпіш өндіретін зауыт 19 құрылысының жобасын ерекше атап өтуге болады. Қордың қатысу үлесі - 166600 мың теңге немесе «Строитель» ЖШС жарғылық капиталының 49%-ын құрайды. Жобаны іске асыру мерзімі-5 жыл(2005-2009). Жобаның жаңалығы – герман технологиясы бойынша құрылыс материалдарын өндірудің трансферті, өйткені «Schlosser-Pfeiffer» зауыттары сапалы бетондық бұйымдарды өндіру үшін қажетті буындар, машиналар мен механизмдерін өндіреді. Сонымен қатар қор «Геоскан» жаңа заманғы əмбебапты каротажды тіркеуіштерді өндіруді ұйымдастыру жобасын жүзеге асыруда. Жобаның мақсаты- каротаждың берілген көрсеткіштерін тіркейтін, оның скважинада қажетті аспаптар топтамасымен бірге экспресс-өңделуі жəне Қазақстан мен шетелдегі геофизикалық кəсіпорындардың өндіріс жағдайларына бейімделуге көмектесетін «Геоскан» жаңа заманғы каротажды əмбебап тіркеуіштерді өндіріске енгізуді ұйымдастыру. Жобаның бағасы-685000 мың теңге немесе «ГИС Компаниясының 25% акциясы + «Алтын акциясына» айырбас ретінде қордың жобадағы 100%-дық қатысуы.Жобаны іске асыру мерзімі – 5жыл(2005-2010 Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы). Сонымен қатар осы жылы «Мониторлар мен теледидарлар өндірісі»; «GLOTUR DS Multimedia» АҚ-ның ғылыми-зерттеу зертханасын құру жобасы бойынша міндеттемелерді қор өз қол астына алды. Жобаны іске асыру нəтижесінде тұрмыстық техниканы өндіру үшін база құрылады,технологиялар трансферті орындалып, R and P лабараториясын құру нəтижесінде кəсіпорынның технологиялық тəуелсіздігіне қол жетеді. Қордың қатысу үлесі 40%,сонымен қатар екі жеке компанияның (оның біреуі шетелдік) жалпы сомасы 604 млн теңгені құрайтын қаражаттары тартылмақ.

        Қор 11 венчурлық қордың жарғылық капиталына қатысып отыр, олардың алтауы-отандық жəне бесеуі-шетелдік. Қор қатысуының жалпы үлесі 10,9 млрд теңгені құрайды.2006 жылдың 1 шілдесіндегі мəліметтер бойынша, қордың қатысуымен алты венчурлық қор құрылды, оларға 20 жұмсалатын жалпы қаражат 13,9 млрд теңгені құрап отыр. Қордың қатысу үлесі-6,8 млрд теңге немесе жоғарыда аталған соманың 49%-ды құрап отыр.Олар:

  1. Жеке инвесторлармен бірігіп, «Əрекет» жоғары технологиялар қорын құрды. Жеке инвесторлар ішінде «Тұран Əлем Секьюритис» те бар. Қаржыландыруға бір жоба мақұлданды, төртеуі қарастырылуда.
  2. «Lancaster Group» АҚ-мен біріге отырып ,«Адвант» венчурлық қорын құрылды. Қаржыландыруға екі жоба мақұлданды.
  3. «Сентрас Капитал» ЖШС-імен бірігіп, «Сентрас венчурлық қор» тəуекелді акционерлік инвестициялық қорын құрылды. Қаржыландыруға он үш жоба мақұлданды, бесеуі қаржыландырылуда.
  4. «Қазақстанның Халық жинақтау банкі» АҚ-мен біріге отырып, «Halyk Private Equity» АҚ-мын құрды.
  5. «GLOTUR» АҚ-мен бірігіп, «GLOTUR Technology Fund» АҚ-мын құрды.
  6. «ЦентрКредитБанкі» АҚ-мен біріге отырып, «АИФРИ Center Capital» АҚ-мы құрды.

        Құрылған венчурлық қорларға 7,1 млрд теңгені құрайтын жеке капитал жұмылдырылған. Қордың басшылар кеңесімен АҚШ, Орталық Азия, Қытай, Азия-тынық Мұхит аймағында орналасқан бес шетелдік венчурлық қорларға инвестициялар жасау жөнінде шешім қабылданды.Біріккен венчурлық қорларды құрудың мақсаты- əлемнің жетекші технологиялық компанияларымен бірге қарым-қатынас орнатып, білім, тəжірибе жəне технологиялармен алмасудың ашық жүйесін құру. Қор осындай компаниялармен жұмыс істей отырып, тек қана шетелдік инвесторлардың қаржысын тартып қана қоймай, жоғары технологиялы компаниялармен бірегей глобальді қатынас жүйесін құрады, Қазақстанның ғылымы мен техникасының дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер алады. [5]

        2006 жылдың 1 шілдесіне «Ұллтық инновациялық қор» АҚ-ы келесі шетелдік венчурлық қорлардың акционері болып келеді:

  1. «Wellington Partners Ventures ІІІ Technology Fund L.P» Еуропалық технологиялық венчурлық қоры(тіркелу орны-АҚШ, инвестициялардың географиясы- Германия,Еуропа), жарғылық капиталы 150 млн еуроны құрайды. Қордың қатысу сомасы- 7,7 млн теңге. Қордың ірі серіктестері: European Investment Fund, Stichting Pensioenfonds vor de Gezondheid, Stichting Pensioenfonds ABP, The Wellcome Trust Ltd., Access Capital Technology жəне тағы басқалары. 2006 жылдың 1 шілдесіне «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-мы «Wellington Partners Ventures ІІІ Technology Fund L.P» венчурлық қорына 2089297 еуро көлеміндегі міндеттемелері бойынша аударымдар жасады. «Wellington Partners Ventures ІІІ Technology Fund L.P» венчурлық қоры 7 компанияға жалпы сомасы 24,836 млн еуроны құрайтын инвестицияларды жасады.
  2. «Caset» шағын кəсіпкерлікті қолдаудың Орталық-Азиялық қор(тіркелу орны-АҚШ, инвестициялар географиясы- Орталық Азия), жарғылық қоры-4,2 млн доллар. Қордың қатысу үлесі-2,058 млн доллар.
  3. «Flagship Venture Fund 2004, L.P.» венчурлық қоры( тіркелу орны-АҚШ, инвестициялар географиясы- АҚШ-тың Шығыс жағалауы), жарғылық капиталы-180 млн доллар, қор қатысуы-10 млн доллар.
  4. «JAIK-Mayban ASEAN Fund»(тіркелу орны-Малайзия, инвестициялар географиясы-АСЕАН мемлекеттері) жарғылық қоры-50млн доллар. Қордың қатысу үлесі-5 млн доллар.
  5. «UOB STIC Asia Technology Fund» (тіркелу орны-Сингапур, инвестициялар географиясы-Оңтүстік Корея, АҚШ, Азия) жарғылық капиталы-100-200 млн доллар.

        2005 жылдың 19 қазанындағы қордың Басшылар кеңесінің шешімімен патенттеу мен жоба гранттарын жеңіп алу үшін қажетті құжаттар тізімі бекітілген. 2006 жылдың 1 шілдесіне қордың қарауына жалпы сомасы 22 3235 млн теңгені құрайтын 284 ҒЗТКЖ жобалары ұсынылған. Ал бөлінген гранттар сомасы-2366 млн теңгені құрады. Осының нəтижесінде қор 29 ҒЗТКЖ жобалары бойынша гранттық міндеттемелерді алды, оның ішіндегі қор үлесі 218,6 млн теңгені құрайды.Осы жылдың І жарты жылдығында жалпы сомасы 21,3 млн теңгені құрайтын 3 жоба бойынша келісім-шарт жасалды. Қор ҒЗТКЖ жобаларын келесі бағыттар бойынша қаржыландырады:

    • биотехнология жəне фармацевтика-жалпы сомасы 89,9 млн теңгені құрайтын 9 жоба;
    • ақпараттық жəне коммуникациялық технологиялар – жалпы  сомасы 41,1 млн теңгені құрайтын 6 жоба;
    • жаңа материалдар мен нанотехнологиялар – жалпы сомасы 11,6 млн теңгені құрайтын 2 жоба;
    • көмірсутектік технологиялар – жалпы сомасы 20,9 млн теңгені құрайтын 3 жоба;
    • баламалы (альтернативная) энергетика- жалпы сомасы 17,2 млн теңгені құрайтын 3 жоба;
    • басқа бағыттар бойынша (химия, машина жəне құралдарды жинау; құрылыс материалдары) жалпы сомасы 38 млн теңгені құрайтын 6 жоба.

        Қор Қ.И. Сəтпаев атындағы ҚазҰТУ-мен бірігіп, технологиялық бизнес- инкубатоларды қаржыландыра бастады, сонымен қатар «Алатау» ақпараттық технологиялар паркінің құрылысы жалғасуда. Қор өз міндеттерін тиімді жүзеге асыру үшін «Ақпараттық технологиялар паркін басқару жөніндегі Компания»ЖШС-ін құрды.

Осы бөлімді  қорыта келе отандық жəне шетелдік тəжірибені ескере отырып, Қазақстандағы инновациялық қызметтің негізгі бағыттарын келесі кешендерде жүргізу тиімді болып келеді:

    • отын-шикізаттық, кешенді-минералды шикізаттардың тратегиялық жəне тапшы түрлері қорларының мониторингі мен іздестірудің 23 əдістерін əзірлеу мен енгізу, оларды жер қойнауынан шығару мен өңдеу деңгейін көтеру жəне тасымалдаудың жоғары сапалы жəне экологиялық қауіпсіз жүйелерді құру;
    • электр энергетика кешенінде – экономикалық жағынан тиімді энергоқондырғыларды əзірлеу жəне жасап шығару;
    • транспорттық кешенде – тасымалдау машиналары паркін жаңарту жəне дамыту, инфрақұрылымның модернизациясы, прогрессивтік технологияларды қолдану жəне су, əуе, теміржол, автокөлік машиналарының техникалық деңгейін көтеру;
    • химиялық жəне мұнай химиясы өндірісінде – шикізат пен энергияны үнемдейтін технологияларды қолданып, синтетикалық жəне композициондық өнімдерді өндіру, сонымен қатар экологиялық таза полимерлерді, химиялық талшықтарды, синтетикалық каучуктерді, тынайтқыштарды жəне тағы басқаларын өндіру;
    • микробиологиялық өндірісте – ауылшаруашылық шикізатты өндіру мен өңдеудің биотехнологиялық процестерін қолдану, жаңа, бəсекеге қабілетті өнімдер технологиясын құру, т.б.;

3 Кәсіпорындардың инновациялық қызметін жетілдіру жолдары

3.1. Инновациялық  қызметті ұйымдастырудың шетелдік  тәжірибесінің кәсіпорынға бейімделуі

 

Инновациялық  қызметтегі мемлекеттің орны оның ғылымға  бөлген қаражаттарымен анықталады. Əлемдік тəжірибе көрсеткендей, дамыған елдерде ғылымға бөлген қаражаттары жыл сайын өсіп, ЖҰӨ-нің 2,5-3,8%-ын құрап отыр. Бұл қаражаттың 25-34%-ы мемлекет үлесіне тиесілі. Бұндай мемлекеттерге Оңтүстік Корея, Израиль, Швейцария, Жапония, Швеция,Финляндия кіреді. 90-шы жылдардың соңында Жапония ЖІӨ-нің 3,04%-ын, Америка 2,64%-ын, Еуропа Одағы 1,92%-ын ғылымға бөлді.

Ғылыми  зерттеулерді қаржыландыруда мемлекеттің  жəне коммерциялық құрылымдардың қатысу деңгейі Еуропа мен одан тыс жерлерде əптүрлі: егер Жапония мен АҚШ-та ғылымдағы коммерциялық құрылымдардардың үлестері сəйкесінше 75 жəне 77%-ы құраса, Еуропада 66%-ды құрайды. Еуропа елдерінің  ішінен ҒЗТКЖ-ларды мемлекеттік  қазынадан қаржыландырудан келесілер  алдынғы орындарды алып отыр: Португалия (70%), Италия ен Греция (50%-ға жуық), Польша (58%), Венгрия (53%), Словакия (48%) жəне Чехия (42%). Əлемдік нарыққа ғылыми өнімді шығарудан көшбасшы тұрған елдер  ЖІӨ есебінен ғылымға бөлінген қаражаттарға қатаң бақылау орнатады. Ол үшін мемлекет тарапынан салықтық жеңілдіктер, бюджеттік қолдау, инвестициялар  тарту, құрал-жабдықтар лизингі сияқты экономикалық механизмдер қолданылады. Əдетте

əлсіз дамыған  елдерде ЖІӨ есебінен ғылымға  бөлінетін үлес – 0,5%-ды құрайды. Қазақстан да осындай елдердің құрамына кіреді. 2005 жылы Қазақстан зерттеулер мен əзірлемелерге ЖІӨ-нің 0,29%-ын бөлді, соның ішінде бюджеттің қатысуы 51,2%-ды құрап огыр. Осындай шектеулі қаржыландырудың арқасында Қазақстанның əлемдік нарыққа ғылыми өнімді

шығару деңгейі  нөлге тең болады.Басқа елдермен салыстырсақ, ғылыми өнімді шығару жағынан  əлемдік нарықтағы Ресей үлесі 0,3-0,5%, Еуропа Одақ елдері-35%, АҚШ-25%, Жапония-11%, Сингапур-7%, Оңтүстік Корея-4%, 38 Қытай-2%. Ғылыми өнімді шығару жағынан əлемдік нарықтағы мемлекеттер үлесі ғылыми-техникалық жəне инновациялық қызмет тиімділігінің көрсеткіші болып табылады.

Инновациялық  қызметті дамыту жолында жетістіктерге  жеткен мемлекеттердегі басқарудың мемлекеттік институттары жаңа техниканы  енгізудің тəуекелдіктерді төмендету, ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету, нарық субъектілерінің ғылыми-зерттеу  əзірлемелер бағытындағы басымдықтарды  анықтайды. Ғылыми-техникалық прогреспен байланысты қауіп-қатерлерді төмендету  үшін мемлекет дамыту субъектісі ретінде  үлкен қаражаттар жұмсайды. Еуропа мен Солтүстік Американың дамыған  елдерінде инновациялық қызмет экономиканы  дамытудың негізгі факторы болып  табылады. Еуропаның түрлі елдерінде  ірі жəне шағын инновациялық кəсіпорындардың  үлесі 60-тан 90%-ға дейін жетеді. Қазақстан  Республикасы инновациялық қызметті мемлекеттік  баспалдақтарында тұр. Қазақстан үшін инновациялық қызметті қолдаудың экономикалық жағынан дамыған мемлекеттердің тəжірибесімен танысу өте маңызды  болып келеді. Мысалы АҚШ-тың мол тəжірибесімен танысу инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың күрделі жүйесінің құрылымы туралы көптеген қорытындылар жасауға көмек береді. АҚШ-тың инновациялық инновациялық қызметінің заңнамалық негізі 1980-1990 жылдары Конгреспен қабылданған мемлекеттік актілері болып табылады. Олардың ішіндегі маңыздылары: Доул-Бейлидің «Федералды патенттік саясат туралы», С.Уайлдердің «Технологияларды жіберу туралы»(1980,1986), «Бəсекеқабілеттілік пен технологияларды жіберу туралы»(1988), «Критикалық технологиялар туралы», «Американдық технологияның артықшылықтары туралы», «Технологияларды мемлекеттік жіберу туралы»(1995). АҚШ-та инновациялық қызметтегі мемлекеттік саясатты анықтайтын 20-ға жуық федералды заң мен актілері бар.

АҚШ-та инновациялық қызметті басқаратын əртүрлі мемлекеттік  органдар мен мекемелер бар. Алайда мемлекетте инновациялық қызмет үшін жауапты бірегей орган жоқ. Федералды  деңгейде инновациялық қызметке 39 қатысы бар енгізгі органдар: Президент  əкімшілігі жанынан құрылған ғылыми-техникалық саясат басқармасы, Конгресстің ғылыми комитеттері, оның зерттеу қызметтері, бюджеттік басқарма. Ғылыми-техникалық саясатты құруда маңызды рөлді мемлекеттік  емес органдар атқарады: Ұлттық зерттеу  одағы, ғылымды дамытудың Американдық  ассоциациясы, РЭНД корпорациясы жəне т.б. Өндіріске жаңалықтарды енгізу процесін тездету мен технологиялық  прогресті үйлестіру жұмыстарын бақылауға жауапты мемлекеттік  орган - Сауда Министрлігі. Оның құрамында  стандарттар мен технологиялардың ұлттық институты, технологиялық ақпараттың ұлттық мекемесі жəне технологиялық  саясат басқармасы сияқты үш құрылымды  біріктіретін технологиялар əкімшілігі құрылды.

Технологиялық саясат басқармасы – федералды үкіметте ұлттық инновациялық саясатты жүзеге асыруда бірден бір маңызды орган. Яғни бұл орган өндіріс салаларының даму ерекшеліктері мен қажеттіліктерін зерттейді, отандық жəне əлемдік нарықтарға инновациялық технологияларды өндірістік компаниялардың тездетіп шығаруы мен əзірлемелер жасауына əсер ететін факторларды анықтайды. Қазіргі кезде АҚШ-тың инновациялық дамыту облысындағы мемлекеттік саясат келесі міндеттерді атқаруға бағытталған:

    • жеке сектордың бəсекеқабілеттілігін арттыратын, инновация
    • саласындағы қызметін белсенді жүргізу үшін қолайлы климат жасау;
    • инновациялық əзірлемелерді іске асыру жəне ғылыми зерттеулерді
    • қаржыландыру;
    • АҚШ өндірісінің бəсекеқабілеттілігін арттыру үшін ХХІ ғасыр
    • инфрақұрылымын құру;
    • азаматтық жəне қауіпсіздік ҒЗТКЖ-лардың интеграциясы, яғни алда
    • қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету;
    • ғылымға негізделген жəне үнемі өзгермелі экономика жағдайына
    • белсенді маманданған жұмыс күшін даярлау.

АҚШ-тың  ғылыми-техникалық жəне инновациялық дамуын мемлекеттік басқарудың негізгі механизмі бюджеттен тікелей қаржыландыру болып табылады. Бұдан басқа ғылыми-техникалық зерттеулер мен əзірлемелердіқолдаудың маңызды принциптерінің бірі инновациялық қызметті жанама бақылаудың түрлі əдістері қолданылады. Олар:

Информация о работе Инновациялық қызметтің басқару тетіктерінің қазіргі жағдайын талдау