Тұтыну несиесі және оның Қазақстанда дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 23:07, курсовая работа

Описание работы

курстық жұмыста екінші деңгейлі банктерде жеке тұлғаларға ұсынылатын тұтынушылық несиенің мәні, қажеттілігі, түрлері және Қазақстанда дамуКурстық жұмыстың өзектілігі. Несие – ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. «Кредит» деген сөз, «қарыз», «несие» деген «kredo»- сенемін деген мағына беретін латынша «kreditum» деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................. 3-5
I Тұтыну несиесі және оның әлеуметтік-экономикалық маңызы..............................................................................................................6-27
1.1 Тұтыну несиесі туралы түсінік және оның мәні……………………….......6-10
1.2 Тұтыну несиесінің түрлері және қажеттілігі...............................................10-19
1.3 Қазақстан Республикасының экономикасындағы тұтыну несиесінің жағдайы.................................................................................................................19-27
II Тұтыну несиесін «Казкоммерцбанк» АҚ тәжірибесінде
талдау.............................................................................................................28-49
2.1 Казкоммерцбанктің тарихы және құрылымы............................................28-36
2.2 АҚ Казкоммерцбанктегі тұтыну несиесінің түрлері.................................36-46
2.3 Тұтыну несиесін уақытында қайтаруды қамтамасыз ету формалары.....46-49
Қорытынды..................................................................................................50-51
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................52

Работа содержит 1 файл

Тұтыну несиесі және оның Қазақстанда дамуы.doc

— 528.00 Кб (Скачать)

          Егер жоба бойынша несиелік  ресурсты игеру кезең – кезеңімен  жүзеге асатын болса, онда жобаның әр кезеңінде игерілген несиелік ресурстың көлеміне қарай, оның көздеген мақсатқа пайдалану барысында тексеру жүргізіледі.

          Қарыз алушының несиелік ресурстарды  көздеген мақсатқа пайдаланбағаны  анықталған жағдайда несие менеджері  қарыз алушының міндеттемені орындамағаны туралы хабарлама даярлап және оны заң қызметкері тексеріп куәландырады. Сөйтіп ол мәселені несиелік комитеттің алдына қарауына қояды. Несиелік комитет ондай несиелер бойынша қарызы туралы нақты шешім қабылдайды.

         Тұтынушылық несиелендіру үй шаруашылығы борышының елеулі бір бөлігін білдіреді, бірақ әрине түрлі елдерде бұл борыш құбылып тұрады. Жапония сияқты елдерді,үй шаруашылығының борышы жалпы борыштың құрылымында өте жоғары және 50%-дан астамын құрайды, бірақ көрсеткіші өте төмен, Қазақстан сияқты елдерде орташа алғанда үй шаруашылығының жалпы борышының шамамен 15% құрайды. Мұндай үй шаруашылықтарының негізгі берешегі ипотекалық келісімдермен берілген, бірақ тұтынушылық несиелендіру дің әлеуеті әлі күнге дейін өте жоғары болып қалып отыр.

          Екінші деңгейлі Қазақстан банктері  тұрғындарды бөлшек несиелеуге  түрлерінің үлкейту керектігін  түсінуде. Мысалы, белгілі тауарлар  тобын сатып алуға тұтыну несиелері  кең қолданылуда. Дегенмен, ҚР-ң  статистика жөніндегі Агенттігінің мәлімдеуінше тұрғындардың көп бөлігін алдында тұрмыстық жағдайларын жақсарту қажеттіліетердің ең керектісі болып отыр./10,45-56 бб/

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II Тұтыну несиесін «Казкоммерцбанк» АҚ тәжірибесінде талдау

 

2.1 Казкомерцбанктің тарихы және құрылымы

 

1990 жылы құрылған «Қазкоммерцбанк»  АҚ, қазіргі уақытта активі, несие  қоржыны, таза кірісі және жалпы  депозиттері бойынша ірі жекеменшік  қаржы институты болып табылады.

2007 жылдың 31 желтоқсанындағы  қаржылық есеп-қисаптың халықаралық стандарттары бойынша есептелген банк активтері 2,997 триллион теңгені (24,9 млрд. $) құрады. Ал осы көлемнің 79%-ы, яғни 2,366 трлн. теңге  (19,7 млрд.$) клиенттердің қарызына тиесілі.

2007 жылы банк басты  компаниялардың акционерлеріне тиесілі  55,963 млрд. теңге мөлшерінде таза кіріс алды. 2007 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша капиталдың жеткілікті болуын қамтамасыз ету мақсатында банктің жеке капиталы 415,3 млрд. теңгені құрады, ал оның рентабельді коэффициенті 19,5% құрады. 

Қаражатты тартудың негізгі  көзі – банк депозиттері болып  табылады, олар қордың жалпы көлемінің  үштен бір бөлігін құрайды. 2007 жылдың ішінде клиент депозиттері 30,1% өсіп, 895,1 млрд. теңгені құрады. Осылай Қазкоммерцбанк тартылған депозиттердің  көлемі бойынша Қазақстандағы №1 банк, оған нарықтың 20% астамы тиесілі.     
   Депозит тартумен қатар банк теңге және шетел валютасында қарыз және несие беру, клиенттердің төлем қабылдау, дебетті және несиелік карталары, инкассация, сондай-ақ жеке банкингі сияқты  ағымдағы шоттары бойынша қызмет көрсетудің кең спектрін ұсынады.   

2008 ж. 1 қаңтардағы жағдай  бойынша, Банк бас офистен басқа,  Қазақстандағы 25 әмбебап филиалға  және 165 операциялық бөлімшеге иелік  етеді.

Сондай-ақ, Банктің Қырғызстанда («Қазкоммерцбанк Қырғызстан» ЖАҚ), Ресейде ( «Москоммерцбанк» КБ) және Тәжікстанда («Қазкоммерцбанк Тәжікстан» ЖАҚ) еншілес банктері бар.

Қазкоммерцбанк ең ірі үш халықаралық төлем жүйесінің - VISA және MasterCard (Cirrus/Maestro) және American Express - дебеттік және несиелік карталарын шығаратын Қазақстандағы жалғыз банк. 2008 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша банктің айналыста 966 мың картасы бар. Сондай-ақ Банк American Express карталарын тарату жөніндегі уәкілетті агент болып табылады. 2001 жылы қазақстандық банктердің ішінде Қазкоммерцбанк бірінші болып магниттік лента мен чип құрамдастырылған смарт-карталар, ал 2005 жылы тағы да бірініші болып GoCard несиелік бонус картасын шығарды.

Сонымен қатар банктің  банкоматтар желісі бар. 2008 ж. 1 маусымдағы жағдай бойынша банкоматтар саны 871 құраса, оның ішінде ақшаны қабылдау функциясы бар (кэшин) банкоматтар саны – 160. Сондай-ақ банктің процессингтік орталығы 250 интернет-дүңгіршекке және сауда орындарында орналасқан 7522 POS-терминалға қызмет көрсетті.   

Қазкоммерцбанк қашықтықтан  қызмет көрсету бойынша Қазақстандағы  жетекші банк. 2008 ж. шілденің басында жеке тұлғаларға арналған Homebank.kz қаржы порталында тіркелген клиенттер саны 150 000-нан асты, олардың ішінде Қазкоммерцбанк клиенттері, сондай-ақ «Қазинвестбанк» АҚ, «Ситибанк Қазақстан» АҚ және «Ресейдің Жинақ банкі» АҚ төлем карта иелері бар. Ал заңды тұлғаларға арналған Onlinebank.kz порталдың және «Банк-Клиент» жүйесінің тұтынушылары 11 000 астам компанияны құрайды.     

Банк орташа және ірі қазақстандық және Қазақстанда өз қызметін жүзеге асыратын халықаралық бірлестіктерге түрлі өнім мен қызметтер ұсынады; сауда, жобалық қаржыландыру, инвестжобаларды қаржыландыру, активтерді басқару, сондай-ақ қысқа мерзімді несиелеу мен басқа да жалпы банктік қызметтерді қосқанда. Банк өз саясатына сәйкес, жоғары өтімділік деңгейін қолдау мақсатында, әдетте, корпоративтік клиенттер үшін 18 айға дейін орташа мерзімге несие, сондай-ақ, қазіргі уақытта ресурстарына байланысты ұзақ мерзімді қаржыландыру ұсынады. Банк Қазақстандағы өзінің негізгі клиенттері үшін шетелдік банктермен бірлестірілген несиелер ұйымдастырады және Ресей мен Қырғызстанның ірі корпоративтік клиенттерін қаржыландырады.

Банктік қызметтен басқа  Банк өзге де қаржылық қызметтер ұсынады. Қазақстанның құнды қағаздар мен валюта нарығының негізгі ойыншысы бола отырып, ол компанияларға валюталық-конверсиялау операцияларын, ақша нарығындағы операцияларды (құнды қағаздар операцияларын қосқанда), компанияларға ақша ресурстарын басқару жөніндегі қызметін ұсынады. Банктің бас лицензиясына сәйкес, Банктің бағалы металдармен (алтын және күмісті қосқанда) мәміле жасауға (сату, сатып алу және сақтау) құқы бар. 2001 жылдан Банк өзінің корпоративтік және бөлшек сауда клиенттеріне ақша қаражаты мен активтерді басқаратын сенімгерлік қызметтерін ұсынады.  
  Банк стратегиясы - көшбасындағы банк пен қаржы қызметтерінің провайдері позициясын сақтап қалу, өсім мен операциялық тиімділік арқылы пайданы ұлғайту.

          1994 жылдан бері Банк ҚРҰБ мен  ҚР Қаржы Министрлігімен, сонымен қатар ЕБРР, Халықаралық жаңғыру және даму банкі, Ислам Даму Банкі, Kreditanstalt Wiederaufbau және Азия Даму Банкі сияқты халықаралқ қаржы институттары дайындаған және демеушілік ететін бірқатар арнайы бағдарламаларға қатысты.   

          1996 жылы Банк өзінің негізгі мақсатына – банктік қызметтің халықаралық стандарттарға сай болуына қол жеткізуде үлкен қадам жасады. Казкоммерцбанк «Deloitte & Touche» фирмасынан толық халықаралық аудиторлық тұжырымдама алған бірінші Қазақсандық банк болды. Тағыбір маңызды оқиға – «Thomson BankWatch – BREE» рейтинг агенттігінен халықаралық рейтингінің  берілуі. Казкоммерцбанк халықаралық кредиттік рейтинг алған Орта Азия республикаларындағы бірінші банк және аз ғана ТМД банктерінің біреуі болып табылады.

          1997 сәуірде Казкоммерцбанк ЕБРР қаржыландыратын және сол кезеңде ССҒ Франция банктерінің ең динамикалық банктерінің бірінің қолдауымен жеделдетілген институтционалдық дамуды көздеген «твининг» бағдарламасын жүзеге асыра бастаған бірінші банк болды. Банк үшін және бүкіл қазақстандық банк секторы үшін маңызды жетістік -   1997 ж. Осы сәтке дейін қарызгер ретінде тек ҚР Үкіметін ғана мойындаған, Неміс мемлекеттік « Hermes» Экспорттық Сақтандыру компониясының қарызгер ретінде бекітуі болды. Банк 1997 жылы өзінің бірінші синдикатталған несиесін тартты, содан бері Банк тұтастай 14 халықаралық синдикатталған несие ала және төлей отырып, Синдикатталған несиелер нарығында белсенді болып келеді.

          1998 жылдың мамыр айында Банк  үшін жылдық еурооблигациялар шығару арқылы 100 млн. АҚШ долларын тартты. Бұл шығарылым қазақстандық корпоративті эмитент еурооблигацияның бірінші шығарылымы  болды. Кейінгі жылдары Банк барлығы 1,5 млрд. АҚШ долларына артық сомағ ішкі және халықаралық  еурооблигациялар шығарды.

          1997-2004 жылдар аралығында Казкоммерцбанкте қатарынан                    «Euromoney», «Global Finance» және  «The Banker» сияқты әлемнің жетекшілік қаржылық басылымдары «Қазақстандағы үздік банк» атағын берді.

          2001 жылы Банк елімізде бірінші болып тікелей DEG халықаралық қаржы институтынан жеті жылға ұзақ мерзімді (үкімет кепілдігінсіз) несие алды.

          2002 жылы Казкоммерцбанк Кыргызавтобанкінің 74% акциясын алды, мұнан кейін  ол Казкаммерцбанк  Қырғызстан  деп атауын өзгертті. Сондай-ақ Казкоммерцбанк Мәскеудегі Аймақ аралық кәсіпкерлікті дамыту банкімен, оны одан әрі иелену мақсатымен, стратегиялық ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды.

          2003 жылы ЕБРР Банкпен акционерлік  капиталға қатысу жөнінде Келісімге  қол қойды және одан әрі Банк шығарған 15% жай акцияны сатып алады.

          1990 жылы құрылған Казкоммерцбанк  қазіргі уақытта активі, несие  қоржыны және пайда мөлшері  бойынша ірі жекеменшік қаржы  институты болып табылады.

 Банктің негізгі  қызметі дәстүрлі депозиттер  қабылдау, теңге мен шетел валютасында қарыз бен несие болып табылады. Банк сонымен қатар клиенттердің дебеттік және кредиттік карточка, инкассация сияқты төлемдерін,сондай-ақ бөлшек сауда банкингі сияқты ағымдағы шотарына қызмет көрсету бойынша, Банк бас офистен басқа,Қазақстандағы 22 әмбебап филиалға және  69 операциялық бөлімшеге иелік етеді.

          Сондай-ақ, Банктің Қырғызстанда («Казкоммерцбанк  Қырғызстан») және Ресейде («Москоммерцбанк») еншілес банктері бар. 

          Банктік депозиттер қаражат тартудың елеулі көзі болып қала береді. Олар жалпы қорландыру көлемінің шамамен үштен бір бөлігін құрайды. 2007 жылдың қорытындысы бойынша клиенттер шотындағы қалдықтар көлемі  бір жарым есеге өсіп, 303,4 млрд теңгеге жетті. Тұрғындардың шұғыл депозиттерінің көлемі 652 млн доллардан асып түсті. Депозиттік шоттар саны 2007 жылдың өзінде ғана  65,6 мыңнан 73мыңға дейін артты.

          2007 жылы банкте ипотеканы қосқанда 67 мың тұтынушылық несиесіне қызмет  көрсетті. Тұтынушылық несиенің  жалпы көлемі 641 млн. долларды құрады.(2004 жылы 395,6 млн $)

          Сонымен қатар, Банктің тармақталған  банкоматтар торабы бар. 2007 жылдың 1 наурызында банкоматтар саны -496, сауда \ қызмет көрсету кәсіпорындарында  орнатылған POS-терминалдар саны 2364-ті  құрады, ал қолма-қол ақша беруге арналған POS- терминалдар саны-162. Банк сондай ақ Қазақстанда өз клиенттеріне қаржылық порталдар арқылы оқшауланған банктік қызметтер көрсету бойынша жетекші банк болып табылады: Hombank.kz- жеке тұлғалар үшін, Onlinbank.kz- заңды тұлғалар үшін.

          Банк орташа және ірі қазақстандық  және Қазақстанда өз қызметін  жүзеге асыратын халықаралық  бірлестіктерге түрлі өнім мен  қызметтер ұсынады;сауда, жобалық  қаржыландыру, инвестжобаларды қаржыландыру, активтерді басқару, қысқа мерзімді  несиелеу мен басқа да жалпы банктік қызметтерді қосқанда. Банк өз саясатына сәйкес, жоғары өтімділік деңгейін қолдау мақсатында, әдетте, корпоративтік клиенттер үшін 18 айға дейінгі орташа мерзімге несие, сондай ақ қазіргі уақытта ресурстарына байланысты ұзақ мерзімді қаржыландыру ұсынады. Банк Қазақстандағы өзінің негізгі клинттері үшін шетелдік банктермен бірлестірілген несиелер ұйымдастырады және Ресей мен Қырғызстанның ірі корпоративтік клиенттерін қаржыландырады.

          Банктік қызметтен басқа, Банк  өзге де қаржылық қызметтер  көрсетеді. Қазақстанның құнды  қағаздар мен валюта нарығының  негізгі қатысушысы бола отырып, ол компонияларға валюталық конверсиялау  операцияларын, ақша нарығындағы  операцияларды, құнды қағаздар операцияларын қосқанда,  компонияларға ақша ресурстарын басқару жөніндегі қызметін ұсынады. Банктің бас лицензиясына сәйкес, Банктің бағалы металдармен, алтын және күмісті қосқанда, мәміле (сату, сатып алу және сақтау) жасауға құқы бар. 2001 жылдан Банк өзінің корпоративтік және бөлшек сауда клиенттеріне ақша қаоажаты мен активтерді басқаратын сенімгерлік қызметін ұсынды.

          Банк стратегиясы өсу және ұлғайтылған операциялық тиімділік арқылы табыстылықты арттыра отырып, көсбасшы банк және қаржылық қызметтер жеткізушісі позициясын ұстап тұру болып табылады.

          Банк стратегиясы өзіне көшбасшы  банк позициясын және қаржылық  қызметтер провайдері( жеткізушісі)  позициясын ұстауды кіргізеді.  Осы стратегияны жүзеге асыру  үшін банк мыналарға жұмылдырылмақ:

          «Казкоммерцбанк стратегиясы»

  • Банк қызметтерді кеңейту. Сондай ақ, банк өз қызметтерінің ауқымын кеңейтуге көңіл бөледі. Банк өзінің корпоративтік клиенттік базасын кеңейтуге және ссуда) қожынының сапасын жақсарта бермек. Өз қожынын әртараптандыру мақсатында Банк шағын және орта бизнес кәсіпорындарына несие беруді ұлғайтуға тырысады.
  • Ақпараттық басқару жүйесі мен операциялық тиімділікті жақсарту. Банк операциялық тиімділікті адамзат ресурстары мен ақпараттық технологияларға ұйымдық қайта құрылымдау және инвестициялар жолымен жақсартуға жұмыс істеді. Банк жетекші ақпараттық жүйелерді енгізуді жалғастыра бермек.
  • Қор жасау базасын жақсарту. Банк бағынышты және негізгі борыш  қаржылық ұйымдар мен және шетелдік кредиттік сараптау агенттіктерімен ынтымақтастықты кіргізе отырып және компания, мысалы бөлшек сауда клиенттері депозиттерінің көлемі бойынша өзінің нарықтық үлесін ұлғайту жолымен капитал нарығынан қор жасау базасын ұлғайтпақ.
  • Басқа қаржылық қызметтер нарығына шығу. Қазақстандық құнды қағаздар нарығының инфроқұрылымы, заңнамалық базаны қосқанда, әлі даму үстінде. Банк осы нарықта күтілетін мүмкіндіктерді пайдалану үшін, одан әрі тәжірибе жинау үшін қадам басты және сақтандыру қызметін көрсететін «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ «Казкоммерц Полис» АҚ еншілес кәсіпорындардың қызметі арқылы басқа заттар арсында өз орнын алып отыр.

Информация о работе Тұтыну несиесі және оның Қазақстанда дамуы