Тұтыну несиесі және оның Қазақстанда дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 23:07, курсовая работа

Описание работы

курстық жұмыста екінші деңгейлі банктерде жеке тұлғаларға ұсынылатын тұтынушылық несиенің мәні, қажеттілігі, түрлері және Қазақстанда дамуКурстық жұмыстың өзектілігі. Несие – ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. «Кредит» деген сөз, «қарыз», «несие» деген «kredo»- сенемін деген мағына беретін латынша «kreditum» деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................. 3-5
I Тұтыну несиесі және оның әлеуметтік-экономикалық маңызы..............................................................................................................6-27
1.1 Тұтыну несиесі туралы түсінік және оның мәні……………………….......6-10
1.2 Тұтыну несиесінің түрлері және қажеттілігі...............................................10-19
1.3 Қазақстан Республикасының экономикасындағы тұтыну несиесінің жағдайы.................................................................................................................19-27
II Тұтыну несиесін «Казкоммерцбанк» АҚ тәжірибесінде
талдау.............................................................................................................28-49
2.1 Казкоммерцбанктің тарихы және құрылымы............................................28-36
2.2 АҚ Казкоммерцбанктегі тұтыну несиесінің түрлері.................................36-46
2.3 Тұтыну несиесін уақытында қайтаруды қамтамасыз ету формалары.....46-49
Қорытынды..................................................................................................50-51
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................52

Работа содержит 1 файл

Тұтыну несиесі және оның Қазақстанда дамуы.doc

— 528.00 Кб (Скачать)

Несиелік тәуекелді басқару  да нақты несиемен байланысты: несиелік қабілетті талдау, мүмкін шығындарға резерв құру, несиелік портфелді диверсификациялау,т.б.

Несиелік тәуекелді  басқару мына көрсеткіштерді басқаруға  негізделеді:-ссудалық портфель сапасы;

  • несиелік тәуекелді төмендету;
  • тәуекелді алдын ала байқау,мөлшері мен салдарын анықтау;
  • тәуекелмен байланысты шығындар мөлшерін минимизациялау бойынша шараларды дайындау және өткізу.

Несиелік тәуекелді  кезең бойынша басқару жүйесі:

  • тәуекел мазмұнын және оның пайда болуын анықтау;
  • тәуекел деңгейін бағалауға қажетті ақпараттар көлемін және көзін анықтау;
  • тәуекелді өткізу ықтималдығын бағалау әдісін таңдау;
  • тәуекелді сақтандыру әдісін дайандау және таңдау;
  • тәуекелді басқару нәтижесін талдау.

Әр жүйе белгілі бір  элементтер жиынтығынан тұратындықтан  несиелік тәуекелді басқару жүйесі де белгілі бір элементтен тұрады.

Осы аталған несиелік тәуекелді басқару элементтерінің маңыздылары ақпараттық жүце, клиенттің несиелік қабілеті, несиелендіру процесін және саясатын анықтау, дұрыс құжаттама жасау.

Тәуекелді басқару кезінде әрбір  несиелік бөлім мына шараларды жүргізуі тиіс:

    1. тәуекелді мөлшерлеу;
    2. тәуекел мөлшерін анықтау;
    3. тәуекелді бақылау;
    4. мониторинг.

Тәуекелді мөлшерлеу-лимиттер белгілеу, яғни банк жетекшілігінің өз

 стратегиясына сәйкес  қабылдайтын тәуекелдің шекті  деңгейін анықтау. Бұл лимиттер  көбіне банктің несиелік саясатында  көрсетіледі. Сондықтан несиелік саясатта несиелік портфель несиелік несиелік саралаудан, несиеге баға белгілеуден тәуекелді ескере отырып проценттік ставкалардан қалыптасады.

Тәуекел мөлшерін анықтау-нақты  операцияның тәуекел мөлшерін есептеуге  негізделеді (бір қарыз алушының несиелік қабілеті)./25,23-25 бб/

Тәуекелді бақылау менеджерлер  мен акционерлердің дще міндеті  болып табылады, яғни олар оперативті басқаруды жүзеге асырады. Жалпы  бақылаудың міндеті жоғары дәрежелі мамандардың болуы, кадрлардың біліктілігі, осы мақсаттарды жүзеге асыруда тиімді жұмыс уақытын белгілеу.

Басқару бақылауының (упрвленческий  кантроль) элементі:

  • несиелік аудит мамандандырылуы, несиелік шешім қабылдау тәуелсіз жүргізілуі, жалпы несиелік портфелдің сапалы болуы;
  • несиелік ақпараттық басқару жүйесі (НАБЖ) нақты несие бойынша монитортнг жүргізуде және несие портфелінің сапасын басқару үшін несиелік бөлім қызметкерлеріне нақты және оперативті ақпаратты беруі тиіс;

Тәуекелге мониторинг кері байланыс арқылы тәуекелді тәуелсіз және ардайым бақылау мен бағалау. Мониторинг несиелік талдау, ішкі және сыртқы аудит, берілген ақпараттың есептілігі, қарыз алушының несиелік қабілеттілігін бағалау және таңдау, күмәнді несиелерлі қалпына келтіру,қарыз алушының несиелік қабілеті бұзылған жағдайларды жүргізіледі.

 


 








 



 



 


 

       

  Сурет 1- Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің элементтері

 

Несиелік шарттың негізіне несиенің мақсаты жату тиіс. Тәжірбиеде несиені банк несиелейтін объектілермен  қамтамасыз етеді.

          Банктік несиені:

  1. меншікті кепілге алу арқылы;  
  2. кепілдеме, кепілдік арқылы
  3. үшінші тұлғаға клиенттің дебиторлық шоттары мен талаптарын, келісім шарттарын банк пайдасына қарай беру арқылы;
  4. бағалы қағаздармен, тауарлы және жолдық құжаттармен қамтамасыз етуге;
  5. вексельдермен қамтамасыз етуге;
  6. өмірді сақтандыру полюстерімен қамтамасыз етуге болады.

Өтеу әдісіне байланысты:

  1. бөліп қайтарылатын;
  2. мерзім соңында толық қайтарылатын болып бөлінеді. /1, 22-26 бб/

          Мерзім соңында толық қайтарылатыын  несиенің ерекшелігі, негізгі қарыз және ол бойынша қарыз бірге, бір уақытта төленеді. Оған мысал ретінде ескі және жаңа үй құнының айырмасы соммасына жеке тұлғаларға жаңа үй сатып алу үшін берілетін несие.

          Бөліп қайтарылатын несиелерге: қарызды тұрақты кезеңдер бойынша  өтеу (әр ай сайын, әр тоқсан сайын және тағы басқа); қарызды тұрақсыз периодтар бойынша өтеу (қарызды өтеу барысындағы бөліктер белгілі бір факторларға байланысты өзгеріп отырады (азаяды немесе көбейеді)).  Бөліп қайтарылатын несиелер мәмәленің жүзеге асу мерзімінде бөліктеп қарыздың соммасын есептеп шығару принципі бойынша беріледі. Несиені бұл жолмен қайтару клиент үшін мерзім соңында бірден қайтаруға қарағанда жеңіл болады. Банк үшін де бұл жол тиімдірек, себебі несиенің айналымын тездету арқылы банк несиелік ресурстарды босату арқылы банктің өтімділігін жоғарылатады.

          Пайыздарды төлеу әдістеріне  байланысты несиелер:

  1. Несиені беру уақытында берілетін пайыздық несиелер;
  2. Несиені өтеу уақытында берілетін пайыздық несиелер;
  3. Несиені пайдалану мерзімі бойынща пайыздары бірдей бөліктер арқылы       (әр тоқсан сайын, жарты жылда бір рет немесе арнайы келісілген гоафик бойынша) төленетін несиелер;

Қаражаттардың айналымы сипатына байланысты несиелер:

  1. Бір жолғы несиелер;
  2. Жаңартылған (револьверлі, роллеверлі) болып бөлінеді. Ровольверлі несиелер тобына негізінен несиелік карталар, немесе овердрафт формасындағы активтік – пассивтік шоттар бойынша берілетін несиелер жатады. Әлемдік тәжірбиеде жеке тұлғалардың талап еткенге дейінгі шоттары бойынша несиелік желілер аз тараған, бірақ олар несиелік карталар бойынша берілген несиелерсияқты қолданылады. Клиенттер шотындағы қалдықтан көп қаражаттарға чек жазып бере алады (чектік несие), бірақ банкке овердрафт қолданғаны үшін пайыздар төлеуі тиіс.

          Оған мысал ретінде АҚШ – тың тәжірбиесін келтіруге болады. АҚШ банк      жүйесінде тұтыну несиесін үш топқа:

  1. Бөліп қайтарылатын несиелер;
  2. Револьверлі несиелер;
  3. Бөліп қайтарылмайтын несиелер деп бөлеміз.

          Бөліп қайтарылатын несиелер  шартты пайыздарды және қарызды белгілі мерзім сайын төлеу. Әдетте, бұл несие қарыз алушы тауарларды сатып алу үшін немесе басқа шығындарын жабу үшін және әр ай сайын бірдей бөліктер арқылы өтеу шартымен беріледі. Несие карточкалары және овердрафт бойынша берілген несиелерді де шартты түрде осы топқа жатқызуға болады, себебі бұлар бойынша да белгілі бір мерзім сайын өтеледі. Бірақ олардың өз ерекшеліктері бар.

          АҚШ–та бөліп қайтарылатын несиелерді  өтеу мерзімі 2-5 Жыл аралығында  болады. Ал несиеге берілетін  сомалар мөлшері үлкен диапазонда ауытқиды. Мұндай несиелер аз соммаларға берілсе де, несиелеу объектілеріне автокөліктер, яхталар, ұшақтар және басқа да 100 мың доллардан көп тұратын заттарды сатып алуға берілуі мүмкін.

          Револьверлі несиелерге қарағанда,  бөліп қайтарылатын несиелердің қамтамасыз етілу деңгейі жоғары болады.

          Бөліп қайтарылатын несиелер  банктік несиенің тікелей және  жанама формасында берілуі мүмкін. Тікелей несиелеу кезінде банк  пен қарыз алушы арасында несиелік  шарт жасалады. Ал, жанама несиелеу делдал арқылы жүргізіледі, көбінесе делдал ролін бөлшек саудамен айналысатын кәсіпорындар атқарады. Бұл жағдайда несиелік шарт қарыз алушы және заңды тұлға арасында жасалады да, осы заңды тұлға банктен несие алады. Жанама несиелеудің кең тарағанына мысал келтірсек, АҚШ-та автокөлік сатып алуға берілетін несиелердің 60%-ы жанама формада беріледі./13, 152-17 бб/

          Біздің елімізде сауда ұйымдары  арқылы халықты несиелеу дамуда. Сатып алушылар қымбат тауарларды (автокөліктерді, таңазытқыштарды,  кір жуғыш машиналарды, компьютерлерді және тағы басқа ұзақ мерзімге қолданатын тауарларды), көбінесе, бөліп қайтарылатын несие арқылы алуда.

          Егер біз қазіргі уақытта эконрмикамыздың   дамуына әсер ететін күшті  факторлардың бірі ретінде банк  секторын атап өтетін болсақ қателеспеген болар едік. Жалпы олардың мемлекетіміздің өмірінде ойнайтын ролі және соғанқатысты маңыздылығы айтпаса да түсінікті.

          Ал банк үшін, оның ішінде коммерциялық  банк үшін пайда табу барысында  активті операциялар, оның пайдалылығына байланысты, аса маңызды болып табылады. 

          Банк пайдасының үлкен бөлігі  несиелеумен байланысты. Бірақ несиені  қайтармау, әсіресе үлкен мөлшердегі  несиені банкті банкротқа ұшыратуы  мүмкін. Кез келген банктің қызметінің  табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Бірақ та бұл операция түрінен пайда табу барысында банк өз тарапынан қиындықтарға кездеседі. Ол қиындық – банкінің несие бойынша баратын тәуекелі болып табылады. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару, реттеу шараларымен уақытылы айналып отыруы тиісті. Осы ретте проблемалық несие ұғымын анықтап алсақ. Проблемалық несие дегеніміз несие келісім - шартында көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген қосымша келісім берілген несиелер, сақтандыру, кепілхат немесе кепілдемемен қамтамасыз етілген несиелер бойынша сақтандыру компонияларының, кепілхаты және кепілдеме берушінің банк алдындағы міндеттемелері орындалмаған және несиелерге есептелетін пайыздық несиелік келісім – шартта көрсетілген күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер жатады.

          Банкінің өзінің несие саясатын  жүргізу барысында проблемалық  несиелерді болдырмауға бағытталған әрекеттері өте маңызды. Банк несиелік келісім бойынша клинтпен міндеттеменің орындалуын қатаң бақылап отырады. Оның басты мақсаты – ссуда бойынша төленетін пайыз және кезекті төлемдерін уақытылы және тұрақты төлеуіе қамтамасыз ету. Әрине әрбір ссуда түрі бойынша ойламаған жағдайлардың өріс алу қаупінен өзінің тәуекелі болады. Банк бұл тұрғыдан әр түрлі саясат жүргізуі мүмкін, мысалы банк тек қана абсолютті сенімді қарыз алушыларға ғана несие беру саясатын жүргізуі мүмкін, бірақ мұндай жағдайларда ол көп пайдалы мүмкіндіктерді жіберіп алуы мүмкін. Сонымен бірге егер несиені қайтарумен қиындықтар туса, банк үшін бұл өте қымбатқа шығып кетеді. Сондықтан ен оптималды саясатсақтық пен ресурстарды табысты орналастырудың барлық потенциялды мүмкіндіктерінің максималды пайдалануы арасындағы балансты сақтауды қамтамасыз ету болып табылады .

          Несиені қайтармаудың макроэкономикалық   себептеріне:

    • Инфляцияның деңгейінің секірмелі өзгергіштігі;
    • Валюта бағамдарының өзгерісі;
    • Нақты қызмет етуші заңнаманың болмауы және тағы басқа факторлар;

          Микроэкономикалық  деңгейдегі  қарыздардың пайда болу себептері:

    • Кәсіпорындармен өз құрал – жабдықтарын тиімді пайдаланбауы;
    • Құрал – жабдықтарының моральды және физикалық жағынан қатты тозуы;
    • Басқарушы персоналды төмен білім деңгейі;
    • Мамандардың жүйелі түрде жалақысы төленбеуінен жоғалтуыжәне т.б.

          Қазіргі нақты фискалдық ауыртпашылық  жүктеумен және оған байланысты  жоғары айыппұлдармен сипатталатын  салық жүйесі кезеңінде несиені  қайтармау тәуеклі өседі. Бұл ең алдымен мынаған байланысты, яғни қарыз алушының несие бойынша төлеуге дайындап қойған ақша қаражаттары күтпеген жерден бюджетке алынуы мүмкін. Қазіргі кезде проблемалық несиелердің несие портфеліндегі нақты үлес салмағы шамамен 31,4% құрап отыр, бұл көрсеткіш кейбір банкілерде және олардың филиалдарында 35%-ға дейін барады.

          Несие ұйымының жоғары менеджментімен  стратегиялық жоспарлауға қарағанда  тактикалық және басқарушылық  жоспарлауды пайдалану көбіне  несиелік тәуекелдің көбеюіне  әкеліп соғады. Мысалы, сала бойынша және аймақ бойынша уақытылы емес, негізделмеген несие портфелін диверсификациялау немесе несие қызметінің ұйымдастырушылық, функционалды және басқару құрылымдарын уақытылы емес өзгерту.

          Қазіргі кезде, несиелеу секторындағы коммерциялық банктер арасындағы бәсекелестік өзінің ең жоғарғы деңгейіне жеткен уақытта, банктер несие алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, банктік қызметтер спектрін, банктік қызмет көрсетуді жетілдіру арқылы клиенттерді тартуда.

          Проблемалық несиелерге мыналар жатады:

    • Несиелік келісім шартта көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген және қосымша келісім берілген несиелер;
    • Сақтандыру, кепіл- хат немесе кепілдемемен қамтамасыз етілген несиелер бойынша сақтандыру компонияларының, кепіл хатты және кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелері орындалмағандар;
    • Несиелерге есептелетін пайыздың несиелік келісім-шартта көрсетілген күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер.   

Информация о работе Тұтыну несиесі және оның Қазақстанда дамуы