Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын қалыптастыруды талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 22:52, курсовая работа

Описание работы

Жергілікті бюджеттердің экономикалық мәні олардың мынадай бөлігінде көрінеді:
- билік пен басқарудың жергілікті органдарының ақша қорларын қалыптастыру;
- бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салалары мен халықтың арасында қайта бөлу.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................... 3
I Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын пайдалануда бюджеттіліктің теориялық негізі
1.1 Муниципалдық құрылым қаржы ресурстарының мәні мен маңызы......................................................................................................................5
1.2 Жергілікті бюджет – муниципалды құрылымдар қаржыларының негізгі ресурсы ретінде......................................................................................................11
1.3 Жергілікті бюджеттер және олардың муниципалдық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні ....................................................19

II Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын қалыптастыруды талдау
2.1 Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарының құрылымы мен қалыптасуының негізгі элементтері....................................................................25
2.2 Өскемен қаласының қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі көздері талдау......................................................................................................................32

III Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын жетілдіру жолдары
3.1 Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын басқарудағы бюджетаралық теңестіру механизмін жетілдіру ...............................................43

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................... 52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................................54

Работа содержит 1 файл

айка норма.doc

— 432.00 Кб (Скачать)

Қаржы ресурстарын пайдалану негізінен  арнайы мақсаттағы арналымның ақша қорлары  арқылы жүзеге асырылады. Қаржы қорлары  ұлттық шаруашылықта іс-әрекет ететін ақша қорларының бүкіл жүйесінің құрамды бөлігі. Қаржы ресурстарын пайдаланудың қор нысаны ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттері негізінде объективті түрде алдын-ала анықталады және қор емес нысанымен салыстырғанда оның бірқатар артықшылықтары бар.

 Қаржы мен қаржы ресрустары бара-бар ұғымдар емес. Қаржы ресурстары өзінше қаржының мәнін анықтамайды, оның ішкі мазмұнымен қоғамдық арналымын ашпайды. Қаржы ғылымы тап мұндай ресурстарды жасау, бөлу және пайдалану негізінде туындайтын қоғамдық қатынастарды зерделейді; ол қаржы қатынастары дамуының заңдылықтарын зерттейді.

Қаржы ресурстары жалпы қоғамдық өнімнің 50% құрай отырып, мемлекеттің қаржылық қуатының көрсеткіші болып табылады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты  өндіру, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, олар түпкілікті пайдалануға, яғни негізгі құрал-жабдықтарды толтыруға, ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз етуге және жалпымемлекеттік қажеттерді қанағаттандыруға қоғам жұмсайтын материалдық ресурстардың бір бөлігінің ақша көрінісі болып табылады. Қоғамдық өндіріс процесінде қаржы ресурстары неғұрлым көп жасалса, соғұрлым ол экономика дамуы үшін тиімдірек болады. Сонымен бірге бүкіл ұдайы өндірістің тиімділігін арттыру проблемасын шешу және экономикалық өсудің қарқынын тездету ұлттық шаруашылықта қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға байланысты.

Қаржы ресурстарының қозғалысы  жиынтық қаржы балансында (қаржы  ресурстары мен мемлекеттің шығыстары  балансында) қамтып көрсетіледі. Алайда баланста кредит ресурстарының бір  бөлігі де қамтып көрсетіледі.  Қаржы ресурстарының құрамы және оны талдау

Қаржы ресурстары орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәртіппен  қалыптасады. Орталықтандырлыған тәртіппен мемлекеттік бюджеттің, зейнетақы қорының, бюджеттен тыс қорлардың ресурстары жатады. Орталықтандырылмаған әдіспен материалдық өндіріс сферасы шаруашылық жүргізуші субъектілерінің тұтыну қорлары, амортизациялық аударымдардың қорлары, қаржы резервтері мен валюта қорлары, шаруашылық органдардың басқа да қорлары қалыптасады. Әрі таза табыстың бір бөлігі есебінен жасалатын орталықтандырылмаған қаржы ресурстары жиынтық қоғамдық өнімнің екінші элементінің – жұмыс күшінің ұлғаймалы ұдайы өндірісінің көзі болып табылады.

Орталықтандырылмаған қаржы ресурстары есебінен жасалатын ақша қорлары қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыруға, қосымша материалдық жағынан ынталандыруға, жаңа күрделі жұмсалымға, айналыс қаражаттарын көбейтуге, ғылыми-техникалық процесті қаржыландыруды, табиғатты қорғау шараларын жүргізуге бағытталады. Бұл шығындарды орталықтанрдырылмаған қаржы ресурстарын пайдалану есебінен жүзеге асыру микродеңгейдегі ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін ақша қаражаттарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ұдайы өндірістік процесті жүзеге асырудың мұндай тәртібі объективті және меншік нысандарына  тәуелсіз болып табылады.

Корпорация қаржысы – бiрыңғай қаржы жүйесiнiң құрамды бөлiгi және айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлiгiн құрайды, материалдық және материалдық емес игiлiктер жасалатын және елдiң қаржы ресурстарының негiзгi бөлiгi қалыптасатын қоғамдық өндiрiстiң басты буынана қызмет көрсетедi. Олардың қаржысының болуы жалпы мемлекеттiң қаржысы сияқты, тауар ақша қатынастарының өмiр сүруiмен жәнеэкономикалық заңдардың iс-әрекетiмен байланысты.

Корпорациялардың немесе шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндiрiс процесiнiң негiзгi жақтарын бiлдiредi және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септiгiн тигiзедi. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрi дамыту үшiн қажеттi ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшiн қолданылады. Мұндай тиiмдi даму ұлттық шаруашылқты асқару жүйесiнiң маңызды экономикалық құралы, экономикалық қайта құрудың қуатты құрамы болып табылатын корпорациялардың берiк әрi жақсы қалыптасқан  және ұтымды ұйымдастырылған қаржыларынсыз мүмкiн емес.

Сөйтiп, корпорациялардың қаржысы деп өнiм өндiрiп немесе қызмет көрсетiп, сатумен және ақша қорларын жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды айтады.

  Корпорация қаржысын тиiмдi ұйымдастыру кәсiпкерлiк қызметтi қаржыландыруды және оны несиелеудi жүзеге асырады. Оның басты мақсаты корпорацияның рыноктық ортада жоғары пайдаға жетуiн және шығындарын минималдауды қамтамасыз ету болып табылады.

Өзiн-өзi қаржыландыру -  нарықтық экономика жағдайында корпорациялардың шаруашылық қызметiнiң табысты болуының мiндеттi шарты. Бұл қағида өнiм өндiру мен  корпорацияның өндiрiстiк-техникалық базасын ұлғайту жөнiндегi шығындардың толық өтелуiне негiзделедi, ол әрбiр кәсiпорын өзiнiң ағымдағы және күрделi шығындарын меншiктi көздерi есебiнен жауып отыру қабiлетiн бiлдiредi. Қаражаттардың уақытша жетiспеушiлiгi кезiнде оған деген қажеттiлiк банктiң қысқа мерзiмдi несиелерi мен коммерциялық несие есебiнен және ұзақ мерзiмдi несиелер есебiнен қамтамасыз етiлуi мүмкiн. Ал бұл несиелер өз мерзiмi жеткенде корпорацияның қарамағындағы алынған пайдалардан өтеледi.

Өзiн-өзi қаржыландыру корпорациялардың толық қаржы дербестiлiгiмен және жауапкершiлiгiмен тығыз байланысты. Оларға өздерiнiң меншiктi ресурстарын өз бетiнше ұйымдастырып басқаруға, тартылатын және қарыз қаражаттарын iздестiрiп, айналымға салуға құқық берiлген. Мемлекет корпорациялардың қаржы ресурстарын қайта бөле алмайды.

Корпорациялардың қаржылық жауаптылығы бюджет, қорлар алдындағы мiндеттi орындамағаны үшiн заңнамада белгiленген қаржы санкцияларының жүйесiмен анықталады.

Қаржылық жауапкершiлiк  пен мүдделiлiк – бiр процестiң  шаруашылық жүргiзудiң тиiмдiлiгiн  арттырудыi ынталандырма құралдарын жасау  мен оны iске асы Корпорацияладың қаржысын ұйымдастырудың қажеттiлiгi қағидасы  - басқарудың барлық деңгейлерiндегi қаржы резервтерiнiң болуы. Қаржы резервтерi әр түрлi әдiстермен өндiрiстiк және әлеуметтiк қорлардың мөлшерiнде пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкiн. Қаржы резервтерiн уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардың қызметiне қажет қалыпты қажеттi жағдайларды қамтамасыз етуге арналған қаржылар болып табылады. Бұл қаржы өз кезегiнде корпорацияның барлық тәуекелдiктерiн қамтамасыз етудiң құралы және сақтандыру қоры болып табылады.

Таза табыстың басқа бөлігі қаржының мәніне сәйкес макроэкономикалық деңгейді қамтып көрсететін жалпы мемлекеттік  қажеттіліктерді қаржымен қамтамасыз етудің негізі болып есептелетін орталықтандырылған қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізі болып табылады.

Егер орталықтандырылмаған қаржы  ресурстары тікелей шаруашылық жүргізуші  субъектілердің ұлғаймалы ұдайы  өндірісін қамтамасыз етудің басты  нысаны болса, орталықтандырылған қаржы  ресурстары, атап айтқанда таза табысты салық және салыққа жатпайтын төлемдер мен ааударымдар арқылы қайта бөлудің нәтижесі болып табылады. Таза табыстың, оның көрінісінің негізгі нысанындағы пайданың өсуі қаржы ресурстары өсуінің жоғары немесе төменгі қарқынын қамтамасыз етеді.

Перспективада ақша қорланымдары (табыс, ҚҚС және акциздер), сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер қаржы  ресурстарының негізгі көздері  болып табылады[14,14-18 б.б].

Жекешелендіруден, мемлекет меншігін сатудан түсетін түсімдер сияқты уақытша көздер болып табылатын қаржы ресурстары олардың таусылуына қарай азаятын болады. Көздері жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері – роялти, бонустар болып келетін қаржы ресурстары артады.

Еңбекке ақы төлеудің тұтыну қорларының  одан әрі өсуі қаржы ресурстарының құрамына тартылатын халық қаржыларының мөлшерірінің өсуіне жеткізеді.

Мемлекеттің қаржы ресурстары көлемінің  динамикасы мен құрылысының тенденциялары  нарықтық қатынастарға көшу бағдарламаларын  жүзеге асырудың нәтижесінде қоғамдық өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттыру қаржы ресурстарын қалыптастырудың қарқынын тездетуге және өсуі интенсивті факторлармен шарттасылған көздердің үлес салмағын көбейту бағытындағы олардың құрылымын жақсартуға жеткізетіндігін дәлелдейді.

Жалпы экономикада қаржы ресурстарын  қалыптастырудың негізгі көздері  мемлекеттік бюджетке  түсетін  салықтар мен төлемдер, ақша-қаражат  қорлары, отандық және шетелдік инвестициялар, гранттар мен ақша аударымдары болып  табылады. Қаржы ресурстары көлемінің өсуі ұлтық экономиканың көрсеткіштерінің өсуімен, атап айтқанда ЖІӨ, ұлттық табыстың өсуімен және сыртқы экономикалық қатынастағы экспорт және импорт саясаттарымен тығыз байланыста болады. Бүгінде Қазақстан экономикасына шикізат саласынан көп мөлшерде қаржы ресурстары қалыптасуда, ол қаржылар негізінен еліміздің Ұлттық қорында жинақталуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Өскемен қаласының қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі көздері талдау

 

Жалпы экономикада қаржы  ресурстарын қалыптастырудың негізгі  көздері мемлекеттік бюджетке  түсетін салықтар мен төлемдер, ақша-қаражат қорлары, отандық және шетелдік инвестициялар, гранттар мен ақша аударымдары болып табылады. Қаржы ресурстары көлемінің өсуі ұлтық экономиканың көрсеткіштерінің өсуімен, атап айтқанда ЖІӨ, ұлттық табыстың өсуімен және сыртқы экономикалық қатынастағы экспорт және импорт саясаттарымен тығыз байланыста болады.

Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары негізінде, мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламаларына, 2006 жылы экономика дамуының талдауына, 2007 жылы қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалауға сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Жолдауын ескере отырып, нық өсу экономикасын басқаруды, өндірістің шикізат емес секторын, инновацияларды, экономиканың диверсификациясын дамытуды, атаулы әлеуметтік қолдауды, рыногтық көзқарастарда әлеуметтік саланы дамытуды қамтамасыз ететін басымдылықтарынан шығады. Орта мерзімді фискалдық саясат қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымды бағыттарын жүзеге асырудың негізгі механизімдерін (тәсілдерін) – кірістер мен шығыстар саясатын, бюджеттік несиелендіруді, бюджетаралық қатынастарды қамтиды.

Орта мерзімді фискалдық  саясаты келесі мақсаттарға жету үшін әзірленді:

    1. алдағы үш жылдың кезеңге қолда бар ресурстардың көлемдерін анықтау;
    2. қаланың жергілікті атқарушы органның фискалдық стратегиясын белгілеу, ағымдағы және болашақтағы мақсаттарға жету бойынша оның жоспарлары;
    3. стратегиялық басымдылықтарды жүзеге асыруға шектеулі бюджеттік ресурстарды бөлу бойынша шешімді қабылдауға нақтылау;
    4. бюджеттік процестегі тиімділік пен айқындылықты арттыру;
    5. фискалдық тәртіпті арттыру мен бюджеттік процестегі сабақтастықты қамтамасыз ету.

Осы құжатта 2008-2010 жылдарға арналған Өскемен қаласының жергілікті атқарушы органының фискалдық саясатының негізгі мақсаттары, міндеттері мен бағыттары анықталды.

Орта мерзім фискалдық  саясаты қала бюджетін қалыптастырудың  негізі және мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінде салықтық және бюджеттік  саясатты жүзеге асыру кезінде үйлестіруші  құжат болып табылады.

 

 

 2008-2010 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері және Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жасау

 

Соңғы жылдары облыс орталығының  экономикасы интенсивті дамуда. Өнеркәсіп  және аграрлық секторда бірқатар жетістіктерге жетті. Экономикадағы позитивті қозғалыстар нәтижесінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдағы проблемаларды шешуге мүмкіндік берді.

 

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

Өңірлік өнімнің барлығы

млрд. теңге

181,77

269,81

316,33

Өнеркәсіптік өнімдердің көлемі

млрд. теңге

134,06

206,47

245,72

оның ішінде:

       

тау-кен өнеркәсібі

 

0,4

0,57

0,62

өңдеу өнеркәсібі

 

117,89

190,7

227,7

электр қуаты, газ бен суды өндіру және тарату

 

15,77

15,2

17,4

ауылшаруашылық өнімдерінің  барлығы

млрд. теңге

2,51

2,04

2,01

оның ішінде:

       

өсімдік шаруашылығы өнімдері

 

1,92

1,31

1,32

мал шаруашылығы өнімдері

 

0,59

0,73

0,69

Шағын кәсіпкерлік

       

Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен өнімдер, тауарлар шығару, жұмыстар мен қызмет көрсетулер

млрд. теңге

19,0

22,2

25,2

Негізгі капиталдағы инвестициялар

млрд. теңге

26,2

39,1

43,4

Еңбекақы төлеу қоры

млн. теңге

45127,1

56753,9

74971,95

Орташа номиналды еңбекақы  төлеу

теңге

30954

36654

45253

Жалпы жұмыссыздықтың деңгейі

%

8,7

8,6

8,4

Кедейшіліктің төмен деңгейінде тұратын  тұлғалардың саны

мың. адам

3,73

3,427

1,539

Кедейшіліктің (орташа жылдық) шегі

теңге

2146

3211

3404

Информация о работе Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын қалыптастыруды талдау