Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 22:52, курсовая работа
Жергілікті бюджеттердің экономикалық мәні олардың мынадай бөлігінде көрінеді:
- билік пен басқарудың жергілікті органдарының ақша қорларын қалыптастыру;
- бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салалары мен халықтың арасында қайта бөлу.
КІРІСПЕ................................................................................................................... 3
I Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын пайдалануда бюджеттіліктің теориялық негізі
1.1 Муниципалдық құрылым қаржы ресурстарының мәні мен маңызы......................................................................................................................5
1.2 Жергілікті бюджет – муниципалды құрылымдар қаржыларының негізгі ресурсы ретінде......................................................................................................11
1.3 Жергілікті бюджеттер және олардың муниципалдық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні ....................................................19
II Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын қалыптастыруды талдау
2.1 Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарының құрылымы мен қалыптасуының негізгі элементтері....................................................................25
2.2 Өскемен қаласының қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі көздері талдау......................................................................................................................32
III Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын жетілдіру жолдары
3.1 Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын басқарудағы бюджетаралық теңестіру механизмін жетілдіру ...............................................43
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................... 52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................................54
Францияда жергілікті билікке бюджет табыстары бойынша кең өкілеттік берілгенімен, аймақтық есеп айырысу бойынша Кеңес құрылған. Оған бюджет табыстарын мақсатына лайықсыз жұмсамас үшін бақылау жасау функциясы жүктелген[19,39б].
Бюджетаралық қатынастар механизмі бюджет деңгейлеріне тәуелді , ал бюджет деңгейлері белгілі бір елдің әкімшілік-аумақтық бөлінісіне байланысты Қазақстан Республиксында бюджетаралық қатынастар:
республикалық және облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің арасында:
- ресми трансферттермен;
- бюджеттік кредиттермен;
облыстық және аудандық бюджеттер арасында:
- ресми трансферттермен;
- бюджеттік кредиттермен;
- кірістерді бөлу нормативтерімен реттеледі .
Бюджетаралық қатынастарды
реттеу нысандарын айқындаған кезде
бюджеттер деңгейлерінің
Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары орта мерзімді фискалдық саясатқа сәйкес белгіленеді.
Бюджетарлық қатынастарды жетілдіру қажет. Өйткені Қазақстанда бюджетаралық қатынастрды реттеу ресми трансферттер көмегімен жүзеге асады.Оның теріс жақтары төмендегідей:
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмысы негізінен жергілікті қауымдастықтың мүшелеріне тыныс-тіршілікті ұйымдастыру мен күнделікті проблемаларды шешуді ұйымдастыруды басқарумен байланысты. Батыстағы мемлекеттерде жергілікті өзін-өзі басқару органдары осы тәртіппен ойдағыдай жұмыс істейді. Жоғарыда атап өтілген қағидаларға сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару органдарын жүйесін құру Негізгі Заңның басқа нормаларын өзгертпей және қандай да бір саяси, экономикалық немесе әлеуметтік проблема тудырмай, Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі баптарын тиімді іске асыруға мүмкіндік береді деп пайымдаймыз.
Жергілікті өзін-өзі
басқару органдарын құрмас бұрын
келешектегі өзін-өзі
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келе, қаржы ресурстары экономиканы дамытудың тиімді дамытудың, ондағы шаруашылық қызметті жүргізудің негізі болып табылады. Өз кезегінде қаржы ресурстары шаруашылық жүргізуші субъектілер және мемлекеттік органдардан келіп түскен кірістер, олар ұдайы өндіріс үдерісін ұлғайтуға немесе басқа да қажеттіліктерді қанағаттандыруға қолданылады. Сондықтан экономиканың тиімді дамуында, экономиканың әр саласында және қоғамдық басқа да қатынастардың толық қанды дамуында қаржы ресурстарының рөлі ерекше болып табылады.
Қаржы ресурстары жалпы қоғамдық өнімнің 50% құрай отырып, мемлекеттің қаржылық қуатының көрсеткіші болып табылады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, олар түпкілікті пайдалануға, яғни негізгі құрал-жабдықтарды толтыруға, ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз етуге және жалпымемлекеттік қажеттерді қанағаттандыруға қоғам жұмсайтын материалдық ресурстардың бір бөлігінің ақша көрінісі болып табылады.
Қаржы ресурстарының қалыптасу динамикасы негізінен екі арналыммен қалыптасады, яғни орталықтандырылған: мемлекеттік бюджет және ұлттық қор негізінде қалыптасқан қаржы ресурстары, екіншіден орталықтандырылмаған: кәсіпорындардың, бағалы қағаздар нарығының қайталама нарығында, халықтың және шетелдік тұлғалардың араласуымен қалыптасқан қаржы ресурстары негізінде.
Жергілікті басқаруды жетілдіруде басты проблема қаржымен байланысты. Жергілікті бюджеттердің табыс көздерін анықтау, оларды жұмсау, басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді бөлу мен олардың қаржылық мәселелерін шешу барысында бюджетаралық қатынастар мәселесі туындайды. Елімізде бюджетаралық қатынастарды заңды түрде реттеу "Бюджет жүйесі туралы" алғаш қабылданған Заңнан басталды. Бұл заң жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелсіз екендігін анықтап, төменгі деңгей бюджеттерінің қалыптасу процесіне жоғары органдардың араласуына тыйым салды, сондай-ақ жергілікті бюджеттерде қалған артық қаржыларды республикалық бюджетке алуды заңсыз деп жариялады.
Қорытып айтқанда «орталық – облыс-жергілікті билік» арасындағы қатынастар егізінде жатқан экономикалық қағидалар мен нормаларды өзгертпей, жергілікті өзін-өзі басқару институтының тиімді жұмыс істеуі мүмкін емес. Ең алдымен бұл қорытындының еліміздің бюджет және салық жүйесін реформалауға қатысы бар.
Жергілікті бюджет-бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғында қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдардың қаржы базасын жасауды қамтамасызететін экономикалық қатынастардың жиынтығы. Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мен пайдалану өндіріс пен айырбасқа қатысушылар арасындағы, атап айтқанда: кәсіп орындар мен мемлекет арасындағы, меншіктің барлық нысандарындағы макроэкономиканың өндірістік және өндірістік емес салаларының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері арасындағы, мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық өнім құнының қозғалысын білдіреді.
Жергілікті бюджеттердің экономикалық мәне олардың мынандай арналымда көрінеді:
Жергілікті бюджеттер билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің негізгі қаржы базасы бола отырып, олардың экономикалық дербестігін нығайтады, шаруашылық қызметін жандандырады, ведомствоға қарасты аумақтарда оларға инфрақұрымды дамытуға, аумақтың экономикалық әлуетін кеңейтуге, қаржы ресурстарының резервтерін ашып, пайдалануға мүмкіндік жасайды. Сөйтіп, жергілікті бюджеттер жергілікті деңгейдегі экономикалық және әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруда елеулі рөл атқарады. Бұл тұтынудың қоғамдық қорларын бөлген кезде көрінеді. Жергілікті бюджет арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарының басым бөлігі әлеуметтік инфрақұрылымға жұмсалады.
Зерттеу жұмысы нәтижесінде келеі қорытындылар мен ұсыныстар жасалды:
1. Орталықсыздандыру – ішкі аймақтық бюджетаралық қатынастар дамуында негізгі факторлардың бірі болып, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға көмектеседі, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатымен жергілікті мемлекеттік билеуші органдардың қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Әлемдік тәжірибелерді зерттеу негізінде жергілікті деңгейдегі бюджетаралық қатынастарды реформалау мақсатында, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандырудың негізгі бағыттары (түрлері мен дәрежесі бойынша) айқындалған.
2. Ішкі аймақтық бюджеттердің қызмет ету жағдайын кешенді бағалау қазіргі кездегі жергілікті деңгейдегі бюджеттік реттеу механизмі реципиенттердегі жалқаулыққа жол беріп, донорлардағы ынтаны әлсіретеді. Салықтық потенциалдың теңсіздігі бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейіндегі теңсіздікті тудырады, бұл өз кезегінде жергілікті бюджеттер жүйесін тұрақсыз және жедел бюджеттік реттеу болмаған жағдайда әлеуметтік шиеленісті болуына мүмкіндік береді. Сондықтан, бюджеттік реттеудің қалыптасқан механизмін жергілікті мемлекеттік басқару органдарының жеткілікті қаржылық базасын қалыптастырудың тиімді нысандары және әдістерімен ауыстыру қажеттілігі өзекті болып табылады.
Міне, бұл шаралар елдің экономикаын көтерудің басты тұтқаларының бірі. Қайсыбір реформаны жүргізсеңіз де, оның түп төркіні қаржы мәселесіне келіп тірелері анық. Сондықтан да жоғарыда сөз болған, өмірдің өзінен туындап отырған жағдайларды есепке алмайынша, алға басуымыз қиын болмақ.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Информация о работе Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын қалыптастыруды талдау