Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 22:52, курсовая работа
Жергілікті бюджеттердің экономикалық мәні олардың мынадай бөлігінде көрінеді:
- билік пен басқарудың жергілікті органдарының ақша қорларын қалыптастыру;
- бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салалары мен халықтың арасында қайта бөлу.
КІРІСПЕ................................................................................................................... 3
I Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын пайдалануда бюджеттіліктің теориялық негізі
1.1 Муниципалдық құрылым қаржы ресурстарының мәні мен маңызы......................................................................................................................5
1.2 Жергілікті бюджет – муниципалды құрылымдар қаржыларының негізгі ресурсы ретінде......................................................................................................11
1.3 Жергілікті бюджеттер және олардың муниципалдық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні ....................................................19
II Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын қалыптастыруды талдау
2.1 Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарының құрылымы мен қалыптасуының негізгі элементтері....................................................................25
2.2 Өскемен қаласының қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі көздері талдау......................................................................................................................32
III Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын жетілдіру жолдары
3.1 Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын басқарудағы бюджетаралық теңестіру механизмін жетілдіру ...............................................43
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................... 52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................................54
2000ж. басында мемлекеттік бюджет қаражатының шектеулігі жағдайында жергілікті бюджеттердің теңдестірілуін реттеу үшін бюджет заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға өз аймақтарында экономиканы көтеру мен дамыту үшін қарыз алуды жүзеге асыру мүмкіндігі берілген болатын. Сонымен бірге, талдау көрсеткендей, жергілікті атқарушы органдардың қарыздары ҚР-сы Үкіметінің қарыз алуымен салыстырғанда сыйақының аса жоғары ставкалары мен және өтеудің неғұрлым қысқа мерзімдері мен тартылады. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдардың бірқатары қарыз алуды жүзеге асыра отырып, облыстық бюджеттерден бюджеттік алулардың көлемін азайтуды, жергілікті атқарушы органдарға қызмет көрсетумен және қарыздарды өтеумен байланысты шығындарды республикалық бюджет есебінен теңдестіру мақсатында борышты қайта құрылымдауды жүргізуді немесе мақсатты трансферттер бөлуді ұсынады.
Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің негізге мақсаттары мемлекеттік функцияларды іске асырудың тиімділігін арттыру және мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлері арасындағы функцияларды, өкілеттіктер мен жауапкершілікті оңтайлы бөлу есебінен халыққа қоғамдық қызметтер көрсету, сондай- ақ бюджетарлық қатынастардың ұтымды жүйесін қалыптастыру болуға тиіс.Осы аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін, қойылған міндеттерді шешу жолдары мен тетіктерін кезең- кезеңмен жүргізу көзделді.Олар 4 кезеңнен тұрады, атап айтсақ:
Осы аталған кезеңдердің ішінен 3 және 4 кезеңдерге тоқталып өтсем.
Бюджетаралық қатынастардың оңтайлы моделін қалыптастыру:
1. Мемлекеттік басқару деңгейлеріне шығыс өкілеттіктерін бекітуді тәртіпке келтіру.Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы функцияларды бөлуді негізге ала отырып, бірыңғай бюджеттік жіктемені қалыптастыру кезінде көрініс табатын, бюджет деңгейлері бойынша шығыс өкілеттіктерін нақты ажырату және тәртіпке келтіру күтіледі.
Шығыс өкілеттіктерін бөлудегі жүйелілікті қамтамасыз ету үшін мынадай ережелер ескерілуі тиіс: белгілі бір мемлекеттік функциялардың орындалуы көзделетін заңнамалық кесімдерде кейіннен оларға шығыс өкілеттіктерін бекітіп беру үшін басқару деңгейлері бойынша мемлекеттік органдардың құзыреті нақты анықталуы тиіс; мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейлеріне қосымша функциялар берілген жағдайда, заңнамалық кесімдерде оларды іске асыру үшін қажетті тиісті қаржылай қаражатты беру жүзеге асырылуы және бекітілуі тиіс; жергілікті мемлекеттік басқару деңгейлері мемлекеттік биліктің жоғары тұрған органдарының нормативті құқықтық кесімдерді қабылдауының нәтижесінде туындайтын жергілікті бюджеттер шығыстарының өтеміне заң жүзінде бекітілген құқығы болуы тиіс.
2. Мемлекеттік басқару деңгейлері бойынша кіріс көздерін бөлу. Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы шығыс өкілеттіктерін ажыратуды жүргізудің нәтижесінде мемлекеттік басқарудың әртүрлі деңгейлерінің “функционалдық жүктемесі” өзгеруімен байланысты бюджетаралық қатынастардың моделін қайта қарау қажеттілігі, сонымен бірге қаржылық қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Биліктің барлық деңгейлерінің әрқайсысына өз өкілеттіктері мен жацуапкершілігін дербес іске асыру үшін олардың шығыс өкілеттіктеріне сай келетін салықтық және салықтық емес кіріс көздерінің бекітілуі жүзеге асырылып, сондай- ақ бюджетаралық реттеудің тиісті тетігі анықталатын болады. Бұл ретте облыс- аудан деңгейлерінде салықтар мен бюджетаралық трансферттерді бөлу мәселелерін обьлыстар қарамауы тиіс, ол заң деңгейінде өз шешімін табуы тиіс, бұл елдің мемлекеттік құрылысының біртұтас сипатына сәйкес келетін болады.
Салықтарды тиімді бөлу бюджеттердің дербестігіне қол жеткізу үшін де, салықтардың көп жиналуын қамтамасыз ету үшін де ерекшк маңызды болып табылады.
3. Бюджетаралық трансферттер жүйесін жетілдіру аймақтарды қаржылық қолдау нәтижелілігін қамтамасыз ету үшін бюджеттік қамтамасыз ету өлшемі бойынша “жалпы мұқтаждарға” бюджетаралық трансферттер беруден- нысаналы және шектеулі оқшауланған субвенциялар жүйесіне кезең- кезеңмен өту жүзеге асырылатын болады.
Негізгі функцияларды қаржыландыру мемлекеттік бюджеттің ағымдағы бағдарламалары, сондай- ақ әлеуметтік сала мемлекеттік мекемелерінің желілік норматиытерінің негізге ала отырып, жаңа құрылыстарды қоса алғанда, мемлекеттік мекемелердің ( басқару, білім бері, денсаулық сақтау және т.б. органдары) материалдық –техникалық базасын жақсартуға бағытталған даму бағдарламаларының аясында ұйғарылып отыр.
Қосымша функциялар республикалық деңгейде де, женгілікті деңгейде де бюджеттік даму бағдарламалары, сондай- ақ егер мұндай функцияларды оындау уақытша немесе біржолғы сипатта болса, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар шеңберінде қаржыландырылады. Функциялардың осы санатын қаржыландыруды толығымен қамтамасыз ету экономиканың ағымдағы жай- күйіне және бюджет көрсеткіштерінің болжамына байланысты болады.
Жоғарыда айтылған топтамаларды негізге ала отырып, субвенциялар төменгі тұрған бюджеттерге екі санат бойынша беріледі деп көзделуде, олар:
1) мемлекеттік басқарудың міндетті функцияларын қаржыландыруды қамтамасыз ету;
2) аймақтарды дамыту бағдарламаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету.
Бұл орайда төмен тұрған бюджеттерге субвенциялар ең алдымен олардың ағымдағы шығыстарын барынша толық жабуға бөлінетін болады.
Соңғы жылдар ішінде болған нарықтық қайта құрулар нәтижесінде әлеуметтік сала бірнеше рет жаңғыртылды әрі оңтайландырылды, бұл сайып келгенде, бүгінгі күні әртүрлі аймақтарда халықтың тығыздығы мен нақты қажеттіліктері ескерілмеген әлеуметтік сала мемлекеттік мекемелерінің түрлі желісінің болуына әкеп соқтырды. Осыған байланысты, ағымдығы жағдайды талдау негізінде осы факторлар ескерілетін әлеуметтік сала обьектілерінің желілік нормативі әзірленеді[5,64-68 б.б].
Аймақтарды дамыту бағдарламасын қаржыландыруды қамтамасыз етуге арналған трансферттерді беру мемлекеттік аймақтық саясаттың басымдықтары шеңберінде жүзеге асырылады.
Ауылдық, кенттік, қалалық ( аудандық маңызы бар) мемлекеттік басқару деңгейлерін институционалдық және функционалдық нығайту.
Әкімшіл- бюджеттік реформаның басым бағыты ауылдық округтердің, кенттердің , аудандық маңызы бар қалалардың деңгейінде мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру, ең алдымен, оны институционалдық және функционалдық нығайту болып табылады.
Осы мақсатта 2004 ж. бастап ауылдар, кенттер, аудандық маңызы бар қалалар әкімдерінің аппараттарын оларға заңды тұлға мәртебесін бере отырып, қалыптастыру жүзеге асырылуда.Осы шара оларға оқшауланған мүліктің берілуін, өздерінің атынан сатып алу мен мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру құқығын беруді ұйғарады.
Атап айтқанда, бұл тиісті аймақтарда жер қатынастарын реттеуге заңнамада берілген құқықты қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.
Сонымен қатар, оларға жергілікті маңызы бар жекелеген мәселелерді шешу мақсатында қосымша тартылатын қаражатты жинақтау үшін қазынашылық органдарында арнайы шоттар ашу құқығы беріледі.
Осы шаралар ауылдар, кенттер, қалалар ( аудандық маңызы бар) әкңімдерінің шаруашылық және экономикалық салаларда шешімдер қабылдаудағы өкілеттігін кеңейтуге мүмкіндік беріп, мемлекеттік басқарудың төменгі деңгейінің бюджеттік бағдарламаларын аудандық ( қалалық) бюджет құрамында тиісті маслихаттар бекітетін жәнен тек солар ғана өзгерте алатын болғандықтан, аудандық ( қалалық) буындағы жергілікті атқарушы органдардан қаржылық дербестігін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік басқарудың
Елді- мекендерді көркейту, көгалдандыру мен санитарлық тазарту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Зираттарды, өзге де жерлеу орындарын тиісінше жағдайда күтіп- ұстау жөніндегі қоғамдық жұмысты ұйымдастыру[6,14-39 б.б];
Өрт қауіпсіздігін және судағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асыру;
Елді- мекендерді сумен қамтамасыз ету, су мен жерді пайдалану мәселелерін реттеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырпу .
Мемлекеттік басқару негіздерін одан әрі демократияландыру бағытын негізге ала отырып, орта мерзімді кезеңде елде жергілікті өзін- өзі басқару негізін қалыптастыру көзделуде.
Алайда, бүгінгі таңда ауылдық кенттік, қалалық ( аудандық маңызы бар) деңгейлердегі билікте басқарудың нақты тетіктері қалыптаспаған, жеке кіріс көздері жоқ және меншік мәселелері шешілмеген, оларсыз нақты жергілікті өзін- өзі басқару таралы сөз ету ертерек.
Осыған байланысты, бірнеше жыл ішінде ауылдық, кенттік, қалалық ( аудандық маңызы бар) билік деңгейлерінде басқару мен қаржыландыру тетіктерін іс жүзінде пысықтау кейіннен елімізде жергілікті өзін- өзі басқару институттарны енгізу үшін негізгі алғышарт болады.
Осы көзделген шараларды іске асыру мелекеттік басқарудың жұмыс істеу негіздерін, бюджет саласын қамтиды. Тұтас алғанда жоспарланған шараларды іске асыру мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетіодіруге, мемлекетік функциялар тізбесін оңтайландыруға, оларды мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлері арасында тиімді болуы, мемлекеттік биліктің барлық деңгейлерін тұрақты және тиімді жұмыс істеуін қамьтамасыз ететін бюджетаралық қатынастар моделін жасауға жәрдемдеседі.
Мемлекеттің негізгі қызметі ұлттық егемендікті, меншік құқығын, заңды және тәртіп сақтауды қорғау және ақша айналысын, сыртқы сауданы реттеу және т.с.с. болып келсе, жергілікті шарушалықты басқару аясына жергілікті бюджетті бекіту, жергілікті салықтарды белгілеу, жергілікті халыққа білім беру мен денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек беру, ауылды көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу сияқты барлық қызмет түрлерімен қамтамасыз ету және т.б. кіреді[7,3б].
Ел Президентінің халыққа жолдауында тұрғын-үй құрылысының жаңа саясаты тұрғысында “құрылысты арзандату мақсатында тұрғын- үй инфрақұрылымын қаржыландыруды өз мойнына жергілікті билік алуы тиіс” дей келе,”облыстарды дамытудың барлық бюджеттері тек қана білім беру, денсаулық сақтау, сумен қамтамасыз ету жүйелерін дамыту мақсаттарымен тұрғын- үй құрылысы инфрақұрылымына пайдалануы тиіс” деп нақты әрі ашық міндеттерді алға тартты[8].
“Қазақстан 2030” стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару құрылымын мемлекетің ең шешуші міндеттерінің бірі ретінде белгіленген.
Осы құжатта атап көрсеткендей, мемлекеттік басқару біртіндеп орталықсыздандырылып, Үкімет ықшам әрі кәсіби деңгейде болып, неғұрлым маңызды міндеттерді шешуге қаржы жұмылдырылады.
Жергілікті шаруашылықты басқаруда экономикалық механизмдерді қолданудың ерекшелігің оның әлеуметтік мәселелер бойынша тиімді әрі уақытында шешім қабылдай алатындығымен көре аламыз. Жергілікті халықты еңбекпен, қамтуда , оларды мамандық бойынша қайта даярлау мәселесі де жергілікті басқару органдарының міндетіне берілмек.
Билікті орталық пен аймақтарға жіктеу мәселесін қоғамамызда талқыланып жатқанына біршама уақыт өтті. Осы екі деңгей арасындағы мәселелердің шешілу барысы жергілікті шаруашылықтың тағдырына тікелей қатысы бар. Яғни, ауылдан бастап облысқа дейін жергілікті жерлердің құзыреті, оның ішінде жергілікті бюджеттер туралы нормалар енгізіледі. Оның түпкі мақсаты мынада: әркім өз мекенінің бюджетінің толуына жеке шағын,орта үлкен кәсіпорындардың экономикасына арласпай, қайта олардың дамуына қолайлы жағдай туғызатын экономикалық механизмдерді пайдалану.Қазақстанды донор облыстармен қатар,өздерінің әлеуметтік- экономикалық дамуына байланысты республикалық бюджеттен субвенция алатын облыстар аз емес. Олардың бәрінде әл- ауқаты өзін- өзі қамтамасыз етуге толыққыанды жетті деп айта алмаймыз.
Қазақстан Республикасында қазіргі кезде жергілікті бюджеттер кірістері мен шығыстары бойынша мемлекеттік бюджеттің қаражаттары көлемінің 50 % аралығын құрайды.Сөйтіп, жергілікті бюджеттер жергілікті деңгейдегі экономикалық және әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруда елеулі роль атқарады.
Жергілікті шаруашылықтардың қалыптасуының өзі елімізде жүргізіліп жатқан басқа да мәселелермен қатар дамуда.Мәселен, ондай мәселелердің қатарына Елбасының Жарлығымен ҚР-ның ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарғы арналып бекітілген мемлекеттік бағдарламасын айтуға болады.Бұл бағдарлама екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде ауылдық елді- мекендерді айқындау және оларды паспорттау(барлық мәліметтерін жинастырып, есепке алу) негізінде әрбір ауданның нақты жағдайына талдау жасау.Талдау әлемдік қаржы институттарының тәжірибесімен қалыптасқан халықаралық нормаларға сүйене отырып, 130 көрсеткіш бойынша есепке алынған 7600 елді мекен өзінің даму жағдайына сәйкес төрт топқа топтастырылады:
1.Даму әлеуеті жоғары ауылдық елді- мекендердің саны-1062, мұнда 1566864 адам тұрады;
Информация о работе Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын қалыптастыруды талдау