Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 22:52, курсовая работа
Жергілікті бюджеттердің экономикалық мәні олардың мынадай бөлігінде көрінеді:
- билік пен басқарудың жергілікті органдарының ақша қорларын қалыптастыру;
- бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салалары мен халықтың арасында қайта бөлу.
КІРІСПЕ................................................................................................................... 3
I Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын пайдалануда бюджеттіліктің теориялық негізі
1.1 Муниципалдық құрылым қаржы ресурстарының мәні мен маңызы......................................................................................................................5
1.2 Жергілікті бюджет – муниципалды құрылымдар қаржыларының негізгі ресурсы ретінде......................................................................................................11
1.3 Жергілікті бюджеттер және олардың муниципалдық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні ....................................................19
II Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын қалыптастыруды талдау
2.1 Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарының құрылымы мен қалыптасуының негізгі элементтері....................................................................25
2.2 Өскемен қаласының қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі көздері талдау......................................................................................................................32
III Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын жетілдіру жолдары
3.1 Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын басқарудағы бюджетаралық теңестіру механизмін жетілдіру ...............................................43
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................... 52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................................54
2.Даму әлеуеті орташа ауылдық елді- мекендердің саны-5664, мұнда 5329147 адам тұрады;
3. Даму әлеуеті төмен елді- мекендердің саны-776 халықтың саны-288242;
4. Бұл топтағы аса қолайсыз экологиялық ауылдық жағдайдағы ауылдық елді- мекендер саны-22. Бұларда 9611 адам тұрып жатыр.
Бірінші және екінші топтағы елді- мекендерге Үкімет тарапынан қаржылық көмек беру, өндіріс орындарыфн ашу, табиғи ерекшелігіне байланысты мәдени орындар ұйымдастыру сияқты шаралар жасалады, ал үшінші және төртінші топтағы ауылдарға қаржылық көмек қарастырылмайды, оларды көшіру басталады. Яғни, жергілікті шаруашылық тек қана коммуналды қызмет көрсетімен шектелмейді, яғни жоғарыда аталып өткендей, болашағы бар елді- мекендерде басқа да қызмет түрлерін ұйымдастыруға болады. Мәселен, туризм, балық, аң шаруашылықтарымен байланысты. Тіпті жерге байланысты да, себебі біздің мемлекетте жер тек қана мемлекет меншігінде емес[9,4-6 б.б].
Осылайша ауылдық аймақтарды дамытуға түрлі шаралар жүргізіліп жатқанын атап өте келе жергілікті аймақ тұрғындарының әл- ауқаты жөнінде, халықтың тұрмысын қалай жақсарту қажет, ол үшін қандай шаралар қолдану қажет?- деген сауалдарға жауап бере кетейін.
Жанұя бюджеті-жанұя табысынын құрылымы мен пайдалануы. Тұрмысы төмен жанұялар мәселесі – бұл барлық елде де Өкімет алдында тұратын үлкен мәселе. Бір жағынан, тұрмыс деңгейі төмен халық жағдайымен санасып жәрдем беріп тұратын мемлекет мәдениеті жоғары мемлекет екенін көрсетеді.Екінші жағынан, тиісті мөлшерден жоғары берілген жәрдем еңбекке ынтаны төмендетіп, мемлекет экономикасын әлсіретуге әкеліп соғуы да мүмкін.
Әлеуметтік қорғау- бұл әлде бір жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылуы) және өзге де заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын, әрі лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыс пен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл- ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе.
Әлеуметтік қамсыздандырудың обьетісі – қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелері, оның қатарында уақытша еңбекке жарамсыз мүшелері де кіреді.
Әлеуметтік қамсыздандыру иесі- республикалық деңгейде, жергілікті деңгейде және шаруашылық білім деңгейінде қалыптасады. Жергілікті деңгейде- әлеуметтік мәдениеттік және демографиялық ерекшелектерді есепке ала отырып, әлеуметтік қорғау жүйесін қамтамасыз ету. Әлеуметтік қамсыздандыру шығындарының көздеріне келесілер жатады:
Жұмысынан айырылу жағдайында азаматтарды әлеуметтік қорғауда екі деңгейлі құрылым қарастырылады.
Бірінші деңгей: жергілікті
бюджеттер есебінен барлық
Екінші деңгей: ресми жұмыс
істейтін еңбеккерлерге
Қорыта айтқанда жергілікті аймақтардың экономикалық, мәдени, әлеуметтік, экологиялық т.б. салаларын дамыту үшін жергілікті қаржыны, оның ішінде жергілікті бюджеттің кіріс көздерін дұрыс жұмсай білу қажет.
1.3 Жергілікті бюджеттер және олардың муниципалдық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні
Елдің мемлекеттік құрылысында
аумақтық құрылымдардың болуы оларда
тіршілік ету қызметін қамтамасыз ету
үшін оларға белгілі бір өкілеттіктер
мен қаржы ресурстарының
Жергілікті бюджет тиісті
мәслихаттың шешімімен
Жергілікті бюджеттердің рөлі, олардың құрамы мен құрылымы жергілікті мемлекеттік органдарға жүктелген функциялар мен міндеттердің мазмұнымен және сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және саяси-экономикалық бағыттылығымен толықтай айқындалады.
Жергілікті бюджеттердің жай-күйі әр түрлі факторларға тәуелді болады. Оларға мыналар жатады:
Жергілікті бюджеттер
тұрақтылығының басты шарты нақты
қаржы кезеңі мен нақты аумақтың
шеңберінде жергілікті мемлекеттік
органдардың келіп түсетін
Қазақстан Республикасында жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттері) облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджеттерімен және аудандық бюджеттермен ұсынылған.
Облыстың бюджеті олардың арасындағы өзара өтемелі операцияларды ескерместен облыстық, қалалық және аудандық бюджеттердің жиынтығы болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстандағы жергілікті бюджеттер мемлекеттік бюджет қаражатының жалпы көлемінің кірістер бойынша шамамен 30%-ын және шығыстар бойынша – шамамен 48%-ын алады.
Жергілікті бюджеттерді қалыптастырудың олардың өз бетімен жұмыс істеуінің үш деңгейі бойынша өз ерекшеліктері бар: облыстық бюджет деңгейінде, республикалық маңызы бар қала мен астананың бюджеті деңгейінде және аудан бюджеті деңгейінде. Жергілікті бюджеттердің кірістері республикалық бюджеттің кірістері сияқты салықтық және салықтық емес түсімдерден қалыптастырылады. Бұл ретте жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері Бюджет және Салық кодекстерінің регламенттеуші ережелеріне сәйкес республикалық бюджетке түсетін салық түсімдері түрлерінен ерекшеленеді.
Жергілікті бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер коммуналдық меншіктен; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түскен түсімдерден; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алу өткізуден ақша түсімдерінен; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдардан, өсімақылардан, санкциялардан, алымдардан түсетін кірістерді; облыстық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдерді білдіреді.
Мыналар:
Республикалық маңызы бар
қаланың, астананың бюджетіне
Мыналардың:
- облыстың;
- республикалық маңызы бар қаланың;
- астананың,
- ауданның (қаланың),
- қаладағы ауданның,
- аудандық маңызы бар қаланың,
- кенттің, ауылдың (селоның),
- ауылдық (селолық)
округтің бюджеттік
Облыстық бюджеттің шығыстары облыстық деңгейдегі билік органдарының функцияларына сәйкес шығыстардың бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
Облыстық деңгейдегі жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың жұмыс істеуіне; облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын стратегиялық жоспарлауға; облыстың деңгейінде бюджеттік жоспарлауға; облыстық бюджеттің орындалуын ұйымдастыруға; облыстық коммуналдық меншікті басқаруға жұмсалатын шығындар жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз ететін шығыстарға жатады[11,56-59б.б].
Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қарау және бекіту рәсімі
Республикалық бюджет туралы
заңның жобасын Қазақстан
Республикалық бюджетті бекіту ағымдағы қаржы жылының 1 желтоқсанынан кешіктірмей әуелі Мәжілісте, содан кейін Сенатта дәйекті түрде қарау жолымен Парламент палаталарының жеке отырыстарында жүргізіледі.
Егер Парламент ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаса, Президенттің кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлық шығаруға құқығы бар, ол Қазақстан Республикасының Парламенті республикалық бюджет туралы заңды бекіткенге дейін қолданыста болады. Президенттің кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығының жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің оны іске асыру туралы қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.
Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде бекітіледі.
Қаржы жоспары бекітілген жағдайда осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың 1 наурызынан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.
Бұл ретте осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескеріле отырып бекітіледі.
Нәтижелерге бағдарланған бюджет жасау қағидаттарына сәйкес қосымшаларымен бірге Республикалық бюджет туралы заң, қосымшаларымен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тиісті мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей ұсынады.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін тиісті мәслихаттар Президент республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімінен кешіктірмей бекітеді.
Егер мәслихат белгіленген мерзімде жергілікті бюджет туралы шешім қабылдамаса, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы шешім шығаруға құқығы бар, ол мәслихат жергілікті бюджетті бекіткенге дейін қолданылады. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әзірлейді.
Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары республикалық бюджет сияқты ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде бекітіледі. Жергілікті қаржы жоспарын бекіту кезінде осы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет сол жылдың 1 наурызынан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары аудандық (қалалық) мәслихаттар аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін бекіту туралы шешімдерді қабылдағаннан кейін бір апта мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға бекітілген жергілікті бюджеттердің негізінде сәйкестендірілген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жоспарлы жылға арналған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін ұсынады.
Қазақстан Республикасының үкіметі бекіткен уақыт мерзімі ішінде жергілікті өкілетті органдар келесілерді іске асырады:
Информация о работе Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын қалыптастыруды талдау