Мемлекеттік бюджет

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 17:20, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1998-2000 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасында орта кезеңде мемлекеттік қаражатты жұмсаудың басым негіздері, ішкі және сыртқы борыш жөніндегі мемлекеттік міндеттемелерді мүлтіксіз орындау, жаңа берешектердің жинақталуына жол бермеу, әлеуметтік сипаттағы шығыстарды оңтайлы қамтамасыз ету, зейнетақымен қамсыздандыру реформасын қолдау және инвестициялық қызметті жандандыруға көмектесу болып табылатындығы көрсетілген.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................3
І-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны мен мәні....................4
Бюджет жүйесі туралы ұғым, функциялары............................................7
Бюджет процесін ұйымдастыру, бюджеттік жіктеу.................,,,,,........16
ІІ-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҚАРЖЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік несиесі
мен борышы....................................................................................................26
Мемлекеттік бюджеттің реттеудегі фискальдық
саясатының нұсқаулары мен салықтардың әсері........................................28
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының
құрамы мен құрылымы...................................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................35

Работа содержит 1 файл

мем бюдж1.doc

— 187.50 Кб (Скачать)

Жергілікті бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қамтиды:

  1. ҚР-ның салық заңдарымен белгіленген жергілікті салықтар мен алымдар:

Аймақтық әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін ескере отырып, төменгі  бюджеттерді реттеу тәртібімен жалпы мемлекеттік салықтардан бөлінетін қаржы сомалары;

Жергілікті бюджеттерге  республикалық заң актілерімен  белгіленетін салықтық емес түсімдер;

Алынған ресми трансферттер, олар мыналардан тұрады:

Жергілікті атқарушы органдар өз бюджетінің теңдестірілуін қамтамасыз ету мақсатымен жоғары тұрған бюджеттен алынатын ішкі ресми трансферттер;

Халықаралық ұйымдар  мен шет мемлекеттердің алынатын сыртқы ресми трансферттер;

  Тоқсан сайынғы кассалық үзілісті жабу үшін төменгі бюджеттердің жоғарғы тұрған бюджеттерден қарызға алған қаражатының  түсімдері;

 Бұрын Берген несиелерді  өтеуден түсетін түсімдер.

          1998 жылға арналған Республикалық бюджет бойынша шығыстардың жалпы көлемі 1997жылғы 228877,1 млн теңгеге қарағанда 281334,4 млн тенге сомммасында белгіленді немесе 32457,3 млн тенгеге өсті.

Республикалық бюджеттен  мыналарды қамтитын бағдарламалар  мен шараларды қаржыландыру қамтамасыз  етіледі:

  1. Халықты әлеуметтік қорғауға арналған жалпы – мемлекеттік  шығыстар, мемлекеттік мемлекет аралық және өкілді органдарды ұстауға жұмсалатын шығыстар, жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет және бағдарламалар мен кіші бағдарламаларды қаржы ресурстармен қамтамасыз ету жөніндегі басқа да шығыстар;

а) Білім беру және денсаулық  сақтау саласындағы;

ә)Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер саласындағы;

б) қорғаны, қоғамдық тәртіппен  қауіпсіздік, сот және қылмыстық  түзеу жүйесі саласындағы, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше  жағдайлардың алдын алу саласындағы;

в) Туризмді, спортты ұйымдастыру жөніндегі орталық атарушы органдар жүзеге асыратын шаралар бойынша және мәдениет саласындағы;

г)мемлекеттік радио  мен теледидар және басқа да мемлекеттік  бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі жөніндегі;

д)ауылшаруашылық тауар  өндірушілерін қолдау, ауылшаруашылық өндірісін кеңейту, ауылшаруашылық өсімдіктерінің аса қауіпті зиянкестерімен мал ауруларына қарсы күресу жөніндегі және басқа да басым мақсаттар жөніндегі;

е)Орман шаруашылығын  толықтыру және қорғау, экология жануарлар  дүниесін нығайту, қорғау,ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау және дамыту жөніндегі;

ж) жаңа тұрғын үй саясатын іске асыру және тұрғын үй құрылысын  дамыту, құрылыстың геологиялық барлау, геодезиялық және сейсмологиялық  жұмыстардың жер қойнауын қорғаудың, жерге орналастырудың нормативтік негізін орнықтыру,  сумен жабдықтау мен  канализиацияның ірі обьектілерін салу шаралары  жөнінде;

з)мемлекеттік борыштар бойынша проценттер төлеуге және оларды орналастыруға байланысты мемлекеттік  міндеттемелерді орындау жөніндегі;

 и)мемлекеттік инвистициялық саясат, сондайақ субвенция ретінде бюджетке берілетін трансферттік шығыстар жөніндегі;

к)ҚР Үкіметінің бағдарламаларына сәйкес басқада жалпы мемлекеттік  басым шаралар, соның ішінде мемлекеттік  борышқа қызмет көрсету шығындары  жөніндегі шығыстар;

л)қысқа мерзімді орташа мерзімді және ұзақ мерзімді мемлекеттік  бағдарламаларды орындау үшін әдетте мемлекеттік банкілер арқылы қөайтарымды  негізде бюджеттен бөлінетін  бюджет қаражаты;

м) мемлекеттік борыштың негізгі соммасын өтеу.

   «Қорғаныс» функционалдық тобы бойынша шығыстар  1998ж арналған бюджет жобасында 17593,8 млн тенге сомасында көзделді, бұл Республикалық бюджеттің жалпы шығыстарының 6,3 % құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қорыта келгенде, мемлекеттік бюджет қаржы қатынастарының жиынтығы деп аталатын ұғымның экономикалық мазмұнын құрайды. Бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады: кірістер және шығыстар.

«Кірістер»- үкімет қарыздарынан түсетін түсімді және алынған  ресми трансфертті қоспағанда, бюджетке түсетін барлық түсімді қамтиды:

«Шығыстар»- мемлекеттік борышқа қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды қоса алғанда, бюджеттен жұмсалатын барлық шығыстарды қамтиды, бұған несие беру және мемлекеттік борыштың негізгі сомасын өтеу бойынша бюджеттен төленетін төлемдер кірмейді.

«Бюджет тапшылығын қаржыландыру»- Үкімет қарыздары бойынша бюджетке түсімдер мен мемлекеттік борыштың негізгі сомасын өтеу жөніндегі қаражатты қамтиды.

Бюджет жүйесі экономикалық қатынастар мен заң нормаларына  негізделген өз алдына бюджеттің  жиынтығы.

Бюджет құрылымы дегеніміз- бюджет жүйесін құрудың принциптері, оның буындарын өзара байланыстардың ұйымдық формалары.

Қазақстан Республикасының  бюджет жүйесі түрлі деңгейдегі бюджеттің  экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негізделген жиынтығы, сондай-ақ оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау процесі болып табылады.

Сонымен, мемлекеттік  бюджет дегеніміз- республикалық және жергілікті бюджеттің бірінің- бірі аралығындағы өзара өтелетін операциялары есепке алынбайтын жиынтығы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

    1. Парида Исахова. Мемлекеттік бюджет, Алматы «Экономика», 1998ж.
    2. Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов І.С., Комягин Б.И., Жаңа экономикалық теория, Ақтөбе-2004ж.
    3. Я. Әубәкіров, К.Нәрібаев, М.Есқалиев, Е.Жатқанбаев, Е.Байжұмаев, С.Досқалиев, Ж.Жәйшібеков. Экономикалық теория негіздері, Алматы, «Санат», 1998ж.
    4. Экономика Булатов В.С. «Бек», 1999ж.
    5. Қазақстан Республикасы Конституциясы- Алматы «Қазақстан», 2000ж.
    6. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, Алматы: Юрист, 2002ж.
    7. Бюджет жүйесі туралы, Қазақстан Республикасының Заңы, Астана, 2001ж.
    8. С.Құлпыбаев, Қаржы Оқу құралы, Алматы: Мерей, 2000ж.
    9. С.Құлпыбаев, Ж.Баязитова, А. Баязитова, Қаржы теориясы, Оқу құралы, Алматы: Мерей, 2001ж.
    10. Қ.Қ.Ілиясов, С.Құлпыбаев, Қаржы, Алматы, 2003ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Мемлекеттік бюджет