Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 17:20, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1998-2000 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасында орта кезеңде мемлекеттік қаражатты жұмсаудың басым негіздері, ішкі және сыртқы борыш жөніндегі мемлекеттік міндеттемелерді мүлтіксіз орындау, жаңа берешектердің жинақталуына жол бермеу, әлеуметтік сипаттағы шығыстарды оңтайлы қамтамасыз ету, зейнетақымен қамсыздандыру реформасын қолдау және инвестициялық қызметті жандандыруға көмектесу болып табылатындығы көрсетілген.
КІРІСПЕ..................................................................................................3
І-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны мен мәні....................4
Бюджет жүйесі туралы ұғым, функциялары............................................7
Бюджет процесін ұйымдастыру, бюджеттік жіктеу.................,,,,,........16
ІІ-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҚАРЖЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік несиесі
мен борышы....................................................................................................26
Мемлекеттік бюджеттің реттеудегі фискальдық
саясатының нұсқаулары мен салықтардың әсері........................................28
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының
құрамы мен құрылымы...................................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................35
ЖОСПАР
КІРІСПЕ.......................
І-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК
БЮДЖЕТ ЖӘНЕ
ІІ-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК
мен борышы...................
саясатының нұсқаулары
мен салықтардың әсері.........
құрамы мен құрылымы...........
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1998-2000 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасында орта кезеңде мемлекеттік қаражатты жұмсаудың басым негіздері, ішкі және сыртқы борыш жөніндегі мемлекеттік міндеттемелерді мүлтіксіз орындау, жаңа берешектердің жинақталуына жол бермеу, әлеуметтік сипаттағы шығыстарды оңтайлы қамтамасыз ету, зейнетақымен қамсыздандыру реформасын қолдау және инвестициялық қызметті жандандыруға көмектесу болып табылатындығы көрсетілген.
Қазақстандық бюджет республикалық стратегиялық басымдықтарын жүзеге асырудың негізгі құралы болып келеді, өйткені ол елдің ең маңызды қаржы ағымдарының қорғанысын реттейді. Келешек көкжиектегі салықтық- бюджеттік реформалардың негізгі бағыттарына салықтық өкімгерлеуді жақсарту және бюджеттік бағдарламалау тәсілдерін ендіру кіреді.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі, жаңа бюджеттік жіктеудің мазмұны баяндалған.
І-Бөлім. Мемлекеттік бюджет және бюджет жүйесі
Қоғамдық өнімді құндық бөлу процесінде мемлекеттің кәсіпорындарымен, ұйымдармен, мекемелермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастарының айрықша саласы құрылады. Бұл қатынастарға бөлу процесінде туындайтын ортақ белгілерге тән және олар қоғамдық қажеттіліктерді өтеуге арналған, орталықтандырылған қаражат қорын құрып, пайдалануға байлансты. Бұл процесс мемлекеттің тікелей қатысуы мен жүзеге асырылып отырады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» деп аталған ұғымның экономикалық мазмұнын құрайды.
Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде объективтік сипатқа ие. Қоғамдық өндірісті жоспарлы дамыту орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді.
Қаражаттарды орталықтандыру
бүкіл халық шаруашылығы
Сондықтан мемлекеттік бюджеттің объективті қажеттілігі ұдайы өндірістің қажеттерінен, мемлекеттің табиғатынан туындайды.
Мемлекеттің орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндіріс қарқынын қамтамасыз ететін салалық және аумақтық құрылымдар құрып, ірі әлеуметтік өзгерістер жүргізуге мүмкіндік береді. Орталықтан бөлінетін қаржының көмегімен қаражат, экономиканың басты секторларында шоғырландырып, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға жағдай жасады. Сөйтіп, құндық бөліністің айрықша бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықша қоғамдық арналымды жалпы мемлекеттік қажеттерді қанағаттандыруға қызмет етеді. Нақты объективті бөлініс қатынастарының формасы болғандықтан айрықша қоғамдық арналымды орындай отырып мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде көрініс табады.
Қаржы қатынастарының жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджеттің қаржы категориясына тән сипаты бар: бюджет қатынастары бөліністік сипатта мақсатты ақша қорларын құрап, пайдалану арқылы жүреді.
Кез-келген басқа экономикалық категория сияқты мемлекеттік бюджет өндірістік қатынастарды бейнелеп, соған лайықты материалдық-заттық көрініс табады. Бюджет қатынастары мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорында- бюджет қорында заттанады.
Қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөлінісінің тиісті кезеңдерінен өтіп, ұдайы өндірісті ұлғайту, халыққа әлеуметтік- мәдени қызмет көрсету, қорғаныс, басқару жөнінде қажеттерді қанағаттандыру үшін мемлекет қарамағына түскен бөлігінің объективті экономикалық формасы. Бюджет қоры болу және қайта бөлуге байланысты пайда болатын құн қозғалысының процесін көрсетеді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталықтандырылған қаражат қорын құру, оны жоспарлау түрде бөлу, қайта бөлу процесінде және оны ұдайы өндірісті ұлғайту, қоғамдық қажеттерді қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен кәсіпорындардың, мекемелердің, халықтың қоғамдық қоғамдық өндіріске қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын бейнелейді.
Бюджет экономикаға бюджет механизмі арқылы ықпал етеді. Бюджет механизмі- мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қаржы құру және пайдалану нысандары мен әдістерінің жиынтығы, мемлекеттік бюджет еліміздің негізгі қаржы жоспары ретінде Республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын «Республикалық бюджет туралы» заңына сәйкес міндетті түрде орындалуы тиіс.
Мемлекеттік бюджет материалдық өндіріс саласында оның өсуінің стимуляторы ретінде зор рөл атқарады. Бюджет қаржысы жеке және қоғамдық қорлар қамтамасыз ету үшін пайдаланады.
Өндірістен тыс салалардағы мекемелердің қызметінің дамуының басты көзі- бюджет қаржысы болып табылады. Бұл саладағы мекемелер мен ұйымдардың басым көпшілігі өздерінің табыс көздері жоқ болғандықтан, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру, ғылым, мәдениет, әдебиет және өнер салаларындағы мемлекеттің шығындары- жалпы мемлекеттің ауқымдағы әлеуметтік- мәдени шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржы базасы. Өндірістік емес салалар құрылымын ұлғайтуда бюджеттің маңызы орасан зор. Өндірістік емес салалардың қызметін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік бюджет арқылы тұтыну қорының нақты көмегімен қалыптастыруға, оны пайдалануға, аумақтық пропорцияға әсер етуге болады.
Бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
«Кірістер»- үкімет қарыздарынан түсетін түсімдерді және алынған ресми трансферттерді қоспағанда, бюджетке түсетін барлық түсімдерді қамтиды.
«Алынған ресми трансферттер»- «кірістер» бөліміне енетін түссімдерді қоспағанда, бюджетке түсетін барлық түсімдерді қамтиды.
«Шығыстар»- мемлекеттік борышқа қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды қоса алғанда, бюджеттен жұмсалатын барлық шығыстарды қамтиды., бұған несие беру және мемлекеттік борыштың негізгі сомасын өтеу бойынша бюджеттен төленетін төлемдер кірмейді;
«Несие беру, оның өтелуін шегеріп тастау»-несие беру бойынша бюджеттен төленетін төлемдер мен бұрын бюджеттен берілген несиелерді өтеуден түскен түсімдерді қамтиды және таза несие беруді көрсетеді;
«Бюджет тапшылығы (профицитті)»- «кірістер» және «Алынған ресми трансферттер (гранттар)» бөлімдерінің жалпы жиыны мен «шығыстар» және «несие беру, оның өтелуін шегеріп тастау» бөлімдерінің жалпы жиыны арасындағы айырманы құрайды.
«Бюджет тапшылығы, (профицитін) қаржыландыру»- Үкімет қарыздары боойынша бюджетке түсетін түсімдер мен мемлекеттік борыштың негізгі сомасын өтеу жөніндегі қаражатты қамтиды.
Бюджет жүйесі экономикалық қатынастар мен заң нормаларына негізделген өз алдына жеке бюджеттің жиынтығы.
Бюджет құрылысы дегеніміз- бюджет жүйесін құрудың принциптері, оның буындарын өзара байланыстырудың ұйымдық формалары.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түрлі деңгейдегі бюджеттің экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негізделген жиынтығы, сондай-ақ оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау процесі болып табылады. Бюджет жүйесінің құрылымы елдің ұлттық мемлекеттік құрылымымен анықталады.
Қазақстан Республикасының ата заңында республикамыздың бюджет жүйесі республикалық және жергілікті бюджеттерден құралатыны анықталған. Сондай-ақ республика аумағында қаржы, салық, ақша-несие, валюта және баға саясаты жүргізіледі; біріңғай салық қызметі жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрамына мыналар кіреді:
Қаржы жылына арналған республикалық бюджет- Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер тиісті жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітіледі. Қаржы жылына арналған бюджеттен тыс қорлар мен арнайы экономикалық аймақтардың экономикалық және әлеуметтік даму қорларының бюджеттері осы қорлар туралы заңдарға сәйкес бекітіледі.
Қазақстан Республикасының бюджетінің құрылысы республикалық бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, толықтылығы, нақтылығы, жариялылығы және дербестігі принциптеріне негізделеді.
Бюджет жүйесінің бірлігі
біріңғай құқықтық негіз, біріңғай бюджеттік
жіктеуді пайдалану, бюджеттің бір
деңгейінен екіншісіне беріліп отыратын
мемлекеттік қаржы статистикасы
Бюджет жүйесінің біртұтастығы реттеуші кіріс көздерін пайдалану, мақсатты және аймақтық бюджет қорларын құрып, оларды ішінара бөлу арқылы жүзеге асырылады.
Бюджеттердің дербестігін бюджет жүйесінің барлық буындарының заңмен бекітілген кіріс көздері республика заңдары белгілеген өкілеттіктер шеңберінде тиісті өкімет органдарының шешімдерімен қамтамасыз етіледі.
Барлық деңгейдегі бюджеттердің
теңестірілуі бюджет қаржы саясатының
басты шарты, депутаттардың маслихат-
Республикалық бюджет негізінен жалпы мемлекеттік салықтар есебінен қалыптастырылатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін белгіленетін жалпы мемлекеттік бағдарламалар мен шараларды қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қаражатының қоры болып табылады.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан
Республикасының Парламенті палаталарының бірлескен отырысында есепті жылдың 15 желтоқсанында кешіктірілмей бекітілуі керек.
Жергілікті бюджеттер тиісті депутаттардың маслихатында қаралып бекітіледі.
Қазіргі таңда сан алуан деңгейдегі бюджеттердің тұрақтылығын қамтамасыз ету тетіктері әр түрлі деңгейдегі бюджеттер арасындағы кіріс базасын таратуда өкілеттің республикалық органдарының рөлі мен орны, жергілікті бюджеттер кірістерінің қаржылық теңестірілуінің дәйектері мен ұғымдары, қаржылық қолданудың бөлінуі, шығындарды қаржылау бюджеттерінің арасындағы ара-жіктер көрініс табуы тиіс.
Жалпы республиканың бюджет жүйесінің құрылысын мынадай кесте арқылы көрсетуге болады.
1996 жылдың 24 желтоқсанында
қабылданған Қазақстан
1) мемлекеттің экономикалық және қаржы тұрғысының мақсаттарының өзара іс-қимылы;