Мемлекеттік бюджет

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 17:20, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1998-2000 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасында орта кезеңде мемлекеттік қаражатты жұмсаудың басым негіздері, ішкі және сыртқы борыш жөніндегі мемлекеттік міндеттемелерді мүлтіксіз орындау, жаңа берешектердің жинақталуына жол бермеу, әлеуметтік сипаттағы шығыстарды оңтайлы қамтамасыз ету, зейнетақымен қамсыздандыру реформасын қолдау және инвестициялық қызметті жандандыруға көмектесу болып табылатындығы көрсетілген.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................3
І-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны мен мәні....................4
Бюджет жүйесі туралы ұғым, функциялары............................................7
Бюджет процесін ұйымдастыру, бюджеттік жіктеу.................,,,,,........16
ІІ-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҚАРЖЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік несиесі
мен борышы....................................................................................................26
Мемлекеттік бюджеттің реттеудегі фискальдық
саясатының нұсқаулары мен салықтардың әсері........................................28
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының
құрамы мен құрылымы...................................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................35

Работа содержит 1 файл

мем бюдж1.doc

— 187.50 Кб (Скачать)

- меншіктен алынатын  басқа да кірістер.

ІІ. Әкімшілік алымдар  мен төлемдер, коммерциялық емес және ілеспе саудадан алынатын кірістер мынадай  ішкі сыныптардан тұрады:

  1. әкімшілік алымдар, олардың ерекшеліктері:

а) мемлекеттік органдар өндіріп алатын ақы;

б) басқа да әкімшілік  алымдар.

Капиталмен жасалатын  операциялардан алынатын кірістер санаты мынадай сыныптардан тұрады:

  1. Негізгі капиталды сату.
  2. Мемлекеттік қорлардан тауарлар сату.

Бюджеттің шығындары  екі құрылым – функционалдық  және ведомстволық болып топтастырылады. Біріншісі, мемлекеттің негізгі  міндетіне сәйкес дайындалады; екіншісі нақты саланы және қаражаттарды нақты  бөлушілерді анықтайды.

Бюджет шығындары функционалдық топқа, функцияға, ішкі функцияға, мекемелерге топтастырылады. Мысалы, бірінші функционалдық топ «жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» деп аталса, оның функциясы «заң шығарушы орган және басқа функцияларға енбей қалған өзге де органдар, қаржы және салық – бюджет саясаты, шет елдерге экономикалық көмек көрсетуді қоспағанда сыртқы экономикалық қызмет» деп аталады.

Ішкі функциясы –  заң шығарушы орган және басқа  функцияларға енбей қалған өзге де органдар, мекемелер – ҚР Президентінің  әкімшілігі, ҚР Президентінің Шаруашылық Басқармасы және т.б.

Қаржы және қаржылық қызмет аталатын ішкі функциядағы көрсетілген  шығындарды мынадай мекемелерге  жіктеуге болады:

  1. ҚР-ның Қаржы министрлігі
  2. Жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитет.

Бюджеттік шығындарының жіктелуі мынадай көрсеткіштерге ие:

  1. 15 функционалдық топтар бар
  2. 11 функция
  3. 99 ішкі функция
  4. 696 мекемелер
  5. 99 бағдарлама
  6. 99 ішкі бағдарламалары бар

Келешекте мемлекеттің  қаржылық мүмкіндіктері шектеледі, бұл мемлекеттің қаржылық қолдану  тиімділігін  артыру жәнее мемлекеттік бюджетті түзілдіру процесін, оның орындалу тетігін арттыру және мемлекеттік қаражаттың жұмсалуын бақылау қажеттілігін туындатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ-Бөлім. Қазақстан  Республикасының мемлекеттік бюджетін қалыптастырудағы қаржы мәселелері

    1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік несиесі мен борышы

Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың қарамағына заңды  және жеке тұлғалардың бос ақша қаражаттары  несие капиталы ретінде уақытша  пайдалануға шоғырландыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын  шешу үшін тартылуы мүмкін. Оны алудың басты әдісі мемлекеттік несие болып табылады.

Мемлекеттік несие –  жалпы мемлекеттік қаражатының  басты буындарының бірі және кредит қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, заңды  және жеке тұлғалар несиегерлер немесе қарызгер болып табылады. Халықаралық экономикалық қатынастар саласында мемлекет қарызгердің де, қарыз алушының да, несиегердің рөлінде көрінеді. Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығына, мезгілдігіне және ақылығында. Мемлекеттік кредит жөніндегі қатынастар мына негіздерде қаржы қатынастарына кіреді:

1) мемлекеттік кредит  жолымен жұмылдыратын қаражаттар  әр түрлі қажеттіліктерді- өндірістік, өндірістік емес, сол сияқты стратегиялық, оперативтік қажеттіліктерді де  қаржыландыруға бағытталатын мемлекеттік  қаржы ресурстары ретінде қаралады;

2) Алынған және берілген кредиттер үшін есеп айрысулар, олар үшін пайыздар төлеу бюджеттің қаражаттары есебінен жүргізіледі. Бюджет кірістерінің негізгі және тұрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан қарыздар арқылы жұмылдырылатын қаражаттар «Антиципацияландырылған салықтар» яғни мерзімінен бұрын өндіріліп алынған салықт ар деп саналады.

Мемлекеттік кредиттің  негізгі нысаны кредит қатынастары  болып көрінетін мемлекеттік  қарыздар болып табылады. Бұл қатынастарды мемлекет негізінен қарызгер ретінде  болады.

Қарздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы, лимитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады. Өтеу мезгілі бойынша, қысқа мерзімді (бір жылға дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) болып ажыратылады. Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың облигацияларын шетел азаматтары мен қоғамдар сатып ала-алады. Орналастыру әдістері бойынша еркін айналатын және мәжбүрлеме қарыздар болып ажыратылады. Мемлекеттік қарыздар болып ажыратылады. Мемлекеттік қарыздар, әдеттегідей, ақша нысанында шығарылады, бірақ қажет болғанда, заттай саны да болады. Мысалы, 1922-23 жж. КСРО-да заттай қарыздар шығарылда. Оларды шығару  сол кездегі ақшаның тез құнсыздануымен айқындалды. Осындай мақсатпен алтын қарыздар да шығарылды. Заттай қарыздарды өтеу не зат түрінде, не қарызды өтеу мезетіндегі қанттың немесе нанның рыноктык бағасы бойынша ақшамен жүргізілді. Бұл қарыздарды өтеу жыл бойы жүргізілді.

Мемлекет кредит қызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі. Мемлекеттік борыш- бұл алынған және белгілі бір күнде өтелмеген мемлекеттік қарыздардың сомасы. Мемлекеттік борыш ұлғаймалы, ұдайы өндірпісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан тұрады. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналастыру рыногіне, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы мемлекеттік борыш болып бөлінеді.

Сондай-ақ күрделі және ағымдағы мемлекеттік борыш болып  ажыратылады. Күрделі мемлекеттік  борыш деп мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борышқорлық міндеттемелерінің  бүкіл сомасын айтады. Ағымдағы борыш  – бұл мемлекеттің барлық борышқорлық міндеттемелері бойынша несиелерге табыс төлеу және мерзімі келген міндеттемелерді өтеу жөніндегі шығыстар.

Қазақстан Республикасында  мемлекеттік борыш өз кезегінде  тікелей үкіметтің, ұлттық банктің  және үкіметтің кепілдігі уәдесін  алған кәсіпорындарының борышы болып бөлінеді.

Қазақстан практикасында  бюджеттердің тапшылықтары мен мемлекеттік  борыш қаржыландыру нысандары және туындайтын зардаптары бойынша ажыратылады. Мемлекеттік борыштың едәуір бөлігі үкімет тұрғызатын өзгеше «қаржы пирамидасы» болып табылатын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер бойынша берешек нысанында көрсетіледі. Мемлекеттің қолданыстағы жоғары дисконтқа қарыз алған сомасы ішкі берешекті үнемі арттырады.

Ішкі мемлекеттік борыштың басқа нысандарына мыналар жатады:

Бюджет тапшылығын жабу үшін бұрын алған кредиттер бойынша ұлттық банкке берешек облигациялар және басқа бағалы қарыздар шығарумен ресімделеген халықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілерден алынған қарыздар бойынша борыш.

 

    1. Мемлекеттік бюджеттің реттеудегі фискальдық саясатының нұсқаулары мен салықтардың әсері

Қаржылық реттеудің  баста мазмұны фискалдық саясаты  бюджет пен салық жүргізуші қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорынның аймақтардың үлесін көбейту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаржыға аса зерек өндірістік емес сфераның жай күйә де осындай тәртіппен реттеледі.

Мультипликатордың іс-әрекетінің жоғарыда баяндалған мүмкіндіктері  ескеріле отырып экономикалық циклдың сипатына қарай дискредициялық фискалдық саясаттың нұсқаулары тұжырымдалады. Құлдырау кезінде ынталандырушы фискальдық саясат жүргізіледі, ол мыналарды қарастырады:

  1. Мемлекет шығыстарының көбеюі;
  2. Салықтардың төмендеуі;
  3. Мемлекеттің шығыстары артуының үлкен нәтижесін ескере отырып фискалдық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі;

Тежеушілік фискалдық  саясат бюджет артығына жетуге бағдарлануы  тиіс.Артық сұраныммен және инфляциямен  шарттасылған тежеушілік фискальдық саясат кері бағыттарды қамтиды:

  1. мемлекет шығыстарының азаюы;
  2. Салықтардың көбеюі;
  3. Бұл бағыттардың үйлесуі;

Дискредициялық емес фискалдық саясат акцентті нарықтық өзін-өзі реттеуге қоя отырып, мемлекеттің  қаржы процестеріне аз араласуын  қажет етеді.

Дискредициялық емес фискалдық саясат автоматы, яғни кірістерге тұрақтандырғыштардың механизмі негізінде іс-әрекет етеді.

Салықтар салаларындағы  фискалдық саясат олардың ықпал  етуінің екі бағытын қарастырады: сұранымға, ұсынымға. Бірінші жағдайда салықтар төменделген кезде жиынтық  сұраным артады. Бұл ұлттық өнімнің көлемін және бағалардың деңгейін көбейтеді, яғни инфляцияның қарқыны тездейді.

Екінші жағдайда салықтардың  төмендеуі жиынтық ұсынымды көбейтеді, өйткені халықтың табыстары мен  жинақ ақшалары, ал кәсіпкерлердің өндірісті инвестицияларды өседі. Қызметкерлердің аз табыс салығы жалақыны көбейтіп, еңбекке деген ынталандырмаларды күшейтеді, мұның өзі өндірістің ұлғаюына жеткізеді, бұл ұлттық өнімнің өсуін, бағалардың төмендеуін білдіреді.

 

    1. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы

Мемлекеттік бюджеттің  кірістер көзі болып салықтық және салықтық емес түсімдер табылады. 1997 ж. көрсеткіштер бойынша салықтық түсімдер – 75,1%, салықтық емес түсімдер – 11,1%, капиталмен жасалған операциялардан алынатын түсімдер – 13,5%, ішкі және сыртқы көздерден алынған ресми трансферттер – 0,3% болды.

Мемлекеттің ақшалай  қаражаттарының орталықтандырылған қорын  жасаумен және пайдаланумен байланысты бюджеттің қызметі айрықша экономикалық формалары – бюджеттің кірістері  мен шығыстары арқылы атқарылады. Олар құндық бөліністің жеке кезеңдерін көрсетеді. Екі категория да объективті және бюджет секілді өздерінің арнайы қоғамдық міндеттері бар, кірістер мемлекетке қажетті қаражатпен қамтамасыз етсе, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды тиісті жалпы мемлекеттік қажеттерге бөледі. Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы мемлекеттің нақты әлеуметтік-экономикалық, тарихи жағдайда жүзеге асыратын бюджет және салық саясатын іске асыру бағыттарына байланысты. Соның өзінде мемлекет кірістерді қалыптастырып, шығындарды жұмсаудың нақты жағдайға сәйкес формалары мен әдістерін пайдаланады.

ҚР-ның 1996 жылғы 24 желтоқсанда  жарық көрген «Бюджет жүйесі туралы»  заңына сәйкес және 1998 жылға арналған Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес республикалық бюджеттің кірістері арнайы экономикалық аймақтардың қаржы қорларына есептелетін сомаларды қоспағанда мынадай көздерден тұрады:

  1. Жергілікті бюджеттерге аударылатын сомаларды қоспағанда, төлем көзінен ұсталатын жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы мен
  • заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы;
  • бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркегені үшін алынатын алым;
  • қосылған құнға салынатын салық;
  • өңделмеген мұнайға, бензинге және электр энергиясына салынатын акциздер;
  • бонустар, роялтилер, үстеме пайдаға салынатын салық;
  • кеден төлемдері;
  • мемлекетке тиесілі акциялар пакеттеріне дивиденттердің түсуі;
  • бюджеттік қаражаттың есебінен несиелер берілгені үшін алынған салықтар,
  • «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін алынатын, жалгерлік ақы;
  • мемлекеттің капиталымен жасалатын операциялардан түсетін кірістер;
  • ресми алынған трансферттер, олар мыналардан тұрады:
  1. Ішкі ресми трансферттер, соның ішінде атқарушы органдардан алынатын трансферттер;
  1. Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден алынатын сыртқы ресми трансферттер;
  • республикалық бюджеттің тапшылығын жабуға қажетті ішкі және сыртқы көздерден бюджетке түсетін түсімдерден тұратын үкімет қарыздары;
  • бұрын республикалық бюджеттен берілген несиелерді өтеуден түскен түсімдер, сондай-ақ міндеттемелерді өтеу үшін мемлекеттік несиелік акциялардың мемлекеттік бумасын сатудан түскен түсімдердің бөліктері. Бюджеттің түсім көздерінң материалдық негізі – ұлттық табыс болып табылады.

Ресми трансферттерді қоса алғанда мемлкеттік бюджет кірісінің көлемі 1997ж. 290,3 млрд теңгенің орнына 1998 ж. 329,8 млрд.теңге сомасында жоспарланды, яғни ЖІӨ көлемінің 16,4%-і болып отыр.

Бұл орайда мемлекеттік  бюджеттің кірісіндегі салық  төлемдерінің көлемі 244,9 млрд.теңге , яғни ЖІӨ-нің 12,2% болады және үстіміздегі  жылдың күтіліп отырған атқарылуымен смалыстырғанда 42 млрд.теңгеге артады. Бұл өсім мына факторларға байланысты:

Информация о работе Мемлекеттік бюджет