Мемлекеттік бюджет

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 17:20, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1998-2000 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасында орта кезеңде мемлекеттік қаражатты жұмсаудың басым негіздері, ішкі және сыртқы борыш жөніндегі мемлекеттік міндеттемелерді мүлтіксіз орындау, жаңа берешектердің жинақталуына жол бермеу, әлеуметтік сипаттағы шығыстарды оңтайлы қамтамасыз ету, зейнетақымен қамсыздандыру реформасын қолдау және инвестициялық қызметті жандандыруға көмектесу болып табылатындығы көрсетілген.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................3
І-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны мен мәні....................4
Бюджет жүйесі туралы ұғым, функциялары............................................7
Бюджет процесін ұйымдастыру, бюджеттік жіктеу.................,,,,,........16
ІІ-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҚАРЖЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік несиесі
мен борышы....................................................................................................26
Мемлекеттік бюджеттің реттеудегі фискальдық
саясатының нұсқаулары мен салықтардың әсері........................................28
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының
құрамы мен құрылымы...................................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................35

Работа содержит 1 файл

мем бюдж1.doc

— 187.50 Кб (Скачать)

Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет парламент  палаталарының бірлескен отырысында есепті жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірілмей  бекітіледі.

Егер Парламент кезекті  қаржы жылына арналған республикалық  бюджет туралы заңда 15 желтоқсанға  дейінгі мерзімде бекітпесе, Президент  «Алдағы қаржы жылының 1 тоқсанына  арналған республикалық қаржылық жоспар туралы» жарлық шығарды да, ол жарлық Парламент республикалық бюджетті бекіткенге дейін қабылданады.

Тиісті маслихаттар  алдағы қаржылық жылға арналған жергілікті бюджетті бекіткенге дейін 1 тоқсанының бюджетін атқару алдағы қаржылық жылға  арналған жылдың бюджет жобасының 114 бөлігі мөлшерінде жүзеге асырады.

Республикалық бюджеттің  атқарылуын Қазақстан Республикасы Үкіметі ұйымдастырады. Тиісті әкімшілік  аймақтық бюджеттің атқарылуын, бюджет қаржыларының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын  жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады.

Бюджеттен бөлінетін қаржы шығыстарының сметалардың жасаудың, оларды бекітудің дұрыстығы үшін және бюджет қаражатын тиімді әрі нысаналы пайдалануына бақылау жасауды қаржы министірлігі және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

Республикалық бюджеттің  атқарылуын бақылауды республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүзеге асырады.

Егер бюджеттің атқарылу барысында Қазақстан Республикасының  орталық мемлекеттік органдары  нормативтік құқықтық актілер қабылдаса, соларға сәйкес облыстар мен республикалық  маңызы бар қалалар бюджеттерінің шығыстары ұлғайса не кірістері азайса, олардың шығындары республикалық бюджет қаражаты есебінен өтеледі және керісінше, олардың шығыстары азайған немесе ұлғайған жағдайда субвенциялар азайтылады, ал субвенциялар емес талаптар бойынша олар өзара есеп айырысуға жатқызылады.

Қазақстан Республикасының  қаржы министірлігі:

  1. Экономикалық дамудың ұзақ мерзімді болжамы негізінде алдағы 10 жыл кезеңге арналған қарыз алу бағдарламасын әзірлейді.
  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыртқы қарыз қаражатын қайтарады, мемлекеттік сыртқы борышты басқаруды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі тарапынан сыртқы қарыздың көлемі оның таза алтын- валюталық резервінің 50% аспау керек.

Мынадай органдарға сыртқы қарызды алудан жүзеге асыруға тиым салынады:

1. Әкімшілік-аумақтық  бөліністерінің жергілікті өкілдері  және атқарушы органдарға;

2. Арнаулы экономикалық  аймақтарының әкімшілік кеңестеріне;

3. Басқа да мемлекеттік  органдарға;

Мемлекеттік органдардың  сыртқы қарызды заңсыз тоқтата тұруына, пайдалануын немесе қайтарылуын  шектеуінен зияндар бюджет қаражаты есебінен келісілген валютамен өтеледі.

Қазақстан Республикасының  Қаржы министрлігі алдағы қаржы  жылына арналған бюджетті және мемлекеттің біріктірілген қаржы балансының жобасын мынадай құжаттарды негізге алып жасайды:

1. Қазақстан Республикасының  Президентінің Қазақстан халқына  жыл сайынғы жолдауы.

2. Қазақстан Республикасының  әлеуметтік-экономикалық дамуының  индикативтік жоспары.

3. Бюджеттің ағымдағы  атқарылдуын бағалау көрсеткіштері

4. Макроэкономикалық  көрсеткіштер негізінде айқындалған  Қазақстан Республикасының ақша-несие  саясаты.

Алдағы қаржы жылына арналған бюджетті және мемлекетің біріктірілген  қаржы балансын қаржы министірлігі Үкіметке тапсырады. Осы құжаттар Үкімет тарапынан мақұлданған соң, Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдап, онда бюджет қаражаты есебінен қалыптастыру және оны қаржы министрлігіне табыс ету тәртібін, мерзімін белгілейді.

Республикалық бюджеттің жасалу және атқарылу ережелерін Қаржы Министірлігі әзірлеп, Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітеді.

Алдағы қаржы жылына арналған бюджеттің жобасында:

1. Жергілікті бюджеттерден жалпы мемлекеттік салықтар мен алымдардан республикалық бюджетке қаржы аудару нормативтері айқындалады.

2. Бюджеттің өзара  қатынас шамасын айқындау кезінде  негізге алынатын ірілендірілген  параметрлер белгіленеді.

Жыл сайын қабылданатын республикалық бюджет туралы заңда  мынадай көрсеткіштер көрініс табады:

1. Түсімдердің барлық  түрінің жиынтығы

2. Ретке келтіруші  жалпы мемлекеттік салықтарды  бөлу нормативтері

3. Бюджет тапшылығының  мөлшері, оны жабу көздері 

4. Функциялық топтар, қызметтер, ішкі қызметтер мен  мекемелер бойынша шығыстардың  шекті мөлшері 

5. Ресми трансферттердің  мөлшері

Қазақстан Республикасы «Республикалық бюджет» туралы заң  жобасы жоспарланған жылдың алдындағы  жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей  Парламентке табыс етіледі.

Талқылауға: Қазақстан  Республикасының Қаржы Министірлігі Ұлттық банкінің төрағасы қатысады.

Келесі жылға арналған республикалық  бюджет туралы заң 15 желтоқсанынан  кешіктірілмей бекітілуі тиіс.

Осы мерзімге үлгермесе  Қазақстан Республикасының Президенті «Алдағы қаржы жылының 1 желтоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы» жарық шығарады.

Қазақстан Республикасының  республикалық бюджеті бекітілген соң, 1 апта мерзімінеде Қаржы министрлігі  облыстарының және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне мынадай  көрсеткіщтерді хабарлайды:

1. Жергілікті бюджеттердің  кірісіне жалпы мемлекеттік салықтар мен алымдардан бөлінетін қаржының жобаланып отырған мөлшері;

2. Жалпы мемлекеттік  бағдарламаларды қаржыландыруға  республикалық бюджеттен бөлінбекші  болып отырған қаражаттың сомасы;

3. Жергілікті атқарушы  органдар үміт ете алатын несиенің  шамамен алынған сомасы;

4. Жергілікті өкілді  және атқарушы органдардың басқару  аппаратын ұстауға арналған шығыстардың  шекті лимиттері.

Жалпы мемлекеттік салықтар мен кірістердің облыстық маңызы бар қалалар бюджеттері мен аудандар бюджеттері арасында бөлінуін жергілікті өкілді органдар өздерінің қаржы жылына арналған облыстың бюджет туралы жылына арналған облыстық бюджет туралы шешімдеріне сәйкес жүзеге асырады.

Жергілікті бюджеттерде  бюджеттер қаражаттары қалдығы  есебінен қолма-қол ақшаның айналым  резерві құрылады. Оның мөлшері бюджетті бекіту кезінде айқындалады.

Жергілікті маслихаттар  республикалық бюджет туралы заң  күшіне енгеннен 2 апта мерзімінде өз бюджеттерін  бекіту жөнінде шешім қабылдайды.

Ұйымдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы қазынашылық беретін рұқсаттар негізінде шығыстар жұмсайды.

Жергілікті бюджеттің  және бюджеттен тыс мақсатты қорлардың  есебінен ұсталатын ұйымға, мемлекеттің  қатысу үлесінсіз шаруашылық жүргізуші  субъектілерге республикалық бюджеттен  қаржы бөлуге жол берілмейді.

Республикадағы экономикалық реформалардың ауыртпалығы аймақтарға және нақты шаруашылық жүргізуші  субъектілерге ойысты. Ал оны жүзеге асыруда басты рөлді жергілікті бюджеттер атқармақ. Бюджеттік қатынастарды атқарудың ұйымдық формалары  бюджеттің түрлері арқылы көрініс табады.

Жергілікті деңгейдегі бюджеттік қатынастардың ұйымдық  формаларын кешенді қарау жергілікті бюджеттер қызметіндегі екі жүйені анықтап бермек. Олардың бірі түсетін  кірістер мен шығындық міндеттерді  қалыптастыру жөніндегі жүйе болса, екіншісі, оларды реттеу жүйесі болып табылады.

Жиынтық бюджетті жоспарлауды  реформалауға байланысты жасалған ұмтылыстарды басқарудың барлық жүйесінің қатаң  орталықтандырылуына келіп тірелетінін  ескеру керек. Жалпы мемлекеттік  кірістер мен бюджеттік жүйе буындары аралығындағы салықтарды бөлуді салыстырмалы тұрақты нормативтер негізінде барлық деңгейдегі басқару органдарының бюджеттерін жоспарлау осы проблеманы шешудің бірден- бір жолы болып табылады. Сондай-ақ, бюджеттен жұмсалатын шығындарды нақтылы шектеу барлық деңгейдегі басқару органдарының бюджетін жоспарлауды жүзеге асырылатын талаптардың бірі болып табылады.

Жиынтық бюджетті жоспарлауды  тұрақты нормативтермен салыстырмалы түрде іс жүзіне қолдану шаралары әр буынның шығындарын қалыптастыру барысында жүзеге асырылады. Ол тапқан қаржының түсуіне тікелей тәуелді болатын басқарудың жергілікті органдары деңгейінде өзін-өзі қаржыландыру принципін енгізу үшін қажетті жағдай туғызады. Алайда, жалпы мемлекеттік кірістер мен салықтардан қаржы бөлудің тұрақты нормативтер жүйесі шын мәнінде аймақтардың экономикалық дербестігіне қатысты барлық проблемаларды шеше алмайды және бұл мүмкін де емес. Өз бюджеттерінің нақты қожайыны болған жағдайда жергілікті органдар дербес немесе өздері еңбек етіп тапқан ресурстарын кәдеге жаратып, тек жыл көлеміне ғана емес, сондай-ақ болашақтағы еркін экономикалық және әлеуметтік дамуына дербес болжам жасауға мүмкіндік алады.

Жергілікті бюджеттің  қазіргі қолданылып отырған механизмінде әрқилы әдістер, шығындық міндеттерді  қалыптастыру және бөлу жолдары пайдалануда. Міндеттерді бөлудің түпкі мақсаты мемлекеттік қызметтер тиімділігін қамтамасыз етуді көздейді.

Шығындарды қайта бір  орталыққа тоғыстыруға бірқатар жағдайларда шектеу қойылған. Бұл  ең бірінші кезекте шығындық міндеттемелерді қамтамасыз етуге жеткілікті қолда бар кіріс көздеріне қатысты шығындар мен кірістердің тепе-теңдігіне қол жеткенде ғана бюджеттік қатынастардың жүйесі тұрақты, басқаруға икемді және анық болмақ. Яғни, шығындық міндеттерді бөлу мәселелерін экономикалық мақсат мүдделікті ескере отырып, жан-жақты зерттеу қажет.

Бюджет жіктелуі- функционалдық, ведмоствоның және экономикалық сипаттама  бойынша бюджетке түсетін түсімдер мен бюджеттен жұмсалатын шоттардың  топталуы.

Бюджет жіктелуі мемлекеттің  экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарын, болжамдары және бағдарламалары мен министрліктер мен ведмостволар, ұйымдар мен мекемелердің қаржы жоспарларының бюджетпен байланысты қамтамасыз етеді: жеке сметалар менн қаржы жоспарларын жиынтық систаларға және жоспарларға біріктіруге мүмкіндік береді, жиынтық жоспарлар мен бюджет жобаларының байланысын қамтамасыз етеді.

Халықаралық қаржы институттарының  тиісті талаптарына сәйкес жаңа бюджеттік  сараптау басқарудың барлық деңгейінде бюджеттің тапсырмаларын орындауда  маңызды рөл атқарады.

Кеңестік қаржыгерлерддің  ондаған жылдар бұрын жинақтаған ескі бюджеттік сараптамасына қарағанда, жаңа бюджеттік жіктеу осы күнге  дейін болмаған мемлекеттік статистикасын  дұрыстай алады. Ол сондай-ақ бюджетті түсінікті етіп, оны міндеткерлік, ведмостволық және экономикалық құрылымдары бойынша атқаруға мүмкіндік береді.

Бюджеттің міндеткерлік құрылымы мемлекеттердің негізгі парыздарымен сәйкес жасақталынған: қорғаныс, білім  беру, денсаулық сақтау және тағы басқа. Бюджет шығындарының ведомстволық құрылымы қаржылық ресурстардың адрестік бөлінуін көрсетеді және де қаражаттардың нақты министрліктер, ведомстволар, мекемелер және ұйымдар бойынша таралуын айқындайды. Ал, шығындардың экономикалық құрылымын экономикалық мақсатты және олардың әрбір мекеме бойынша міндетін бүге-шігесіне дейін көрсетеді. Сонымен бірге жаңа бюджеттік сараптама осы шығындарды әрбір министрліктің, ведмоствомен ұйымның жауапкершілік деңгейімен үйлестіре алады.

Бюджет жіктеу барысында  бюджет кірістері санатқа, сыныпқа, ішкі сыныпқа және ерекшеліктерге топталады. Ал бюджеттің шығыстар тобы функционалдық топқа, функцияға, ішкі функцияға, мекемелерге топталады. Бюджеттің кірістері мынадай санаттардан тұрады:

1. Салық түсімдері;

2. Салыққа жатпайтын  түсімдер;

3. Капиталмен жасалатын операциялардан алынатын кірістер;

4. Алынған ресми трансферттер (гранттар)

Демек, бюджеттің кіріс  бөлімінден сыныптар бюджеттің кірістерінің қандай көздері бар екенін көрсетеді.

Сыныптар санаттардың  одан әрі қарай экономикалық мазмұнын толықтырады. Мысалы, бірінші санат салық түсімдері мынадай сыныптардан, ішкі сыныптардан және ерекшеліктерден тұрады:

Санат- салық түсімдері;

Сынып- кірістерге және капитал  өсіміне салынатын табыс салығы.

Ерекшелігі – резидент – заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы.

Салыққа жатпайтын түсімдерді жіктеп көрейік: санат – салыққа жатпайтын түсімдер мынадай сыныптардан тұрады:

а) кәсіпкерлік қызмет пен меншіктен алынатын кірістер

ә) әкімшілік алымдар  мен төлемдер, коммерциялық емес және ілеспе саудадан алынатын кірістер.

б) салыққа жатпайтын өзге де түсімдер.

Кәсіпкерлік қызмет пен  меншіктен алынатын кірістер мынадай  ішкі сыныптардан тұрады:

1) Заңды тұлғалардан  және қаржы мекемелерінен түсетін  түсетін салыққа жатпайтын түсімдер. Бұл ішкі сынып мынадай ерекшеліктерден  тұрады:

а) мемлекетке тиесілі  акциялар мен пакетінен алынатын, дивидендтер түсімі

ә) Республика ішінде берілген қарыздар мен несиелер үшін алынатын проценттер және т.б.

б) меншіктен алынатын басқа да кірістер. Бұл ішкі сынып  мынадай ерекшеліктерден тұрады:

- шет мемлекеттердің үкіметтеріне мемлекеттік несиелер берілгені үшін алынған проценттер;

Информация о работе Мемлекеттік бюджет