Мемлекеттік бюджет

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 17:20, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1998-2000 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасында орта кезеңде мемлекеттік қаражатты жұмсаудың басым негіздері, ішкі және сыртқы борыш жөніндегі мемлекеттік міндеттемелерді мүлтіксіз орындау, жаңа берешектердің жинақталуына жол бермеу, әлеуметтік сипаттағы шығыстарды оңтайлы қамтамасыз ету, зейнетақымен қамсыздандыру реформасын қолдау және инвестициялық қызметті жандандыруға көмектесу болып табылатындығы көрсетілген.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................3
І-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны мен мәні....................4
Бюджет жүйесі туралы ұғым, функциялары............................................7
Бюджет процесін ұйымдастыру, бюджеттік жіктеу.................,,,,,........16
ІІ-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҚАРЖЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік несиесі
мен борышы....................................................................................................26
Мемлекеттік бюджеттің реттеудегі фискальдық
саясатының нұсқаулары мен салықтардың әсері........................................28
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының
құрамы мен құрылымы...................................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................35

Работа содержит 1 файл

мем бюдж1.doc

— 187.50 Кб (Скачать)

2) түрлі деңгейдегі  бюджеттердің өзара іс-қимылы  және экономиканың әр-түрлі секторларымен  бюджеттердің өзара іс-қимылы;

3) салық-фискальдық құрамдарға жетілдіру;

4) бюджеттен тыс қорларға  бөлінетін қаржының көздері мен мөлшері;

5) бюджетке келіп түсетін  кірістердің және бюджеттен   жұмсалатын шығыстардың құрылымы  мен мөлшері;

6) жергілікті бюджеттердің  теңдестірілуі;

7) мемлекеттік борыштың  өтелуін және мемлекеттің қаржы  операцияларын жасайтын ықпалын ескере отырып, оның жай күйі мен серпінділігін бағалау.

Жергілікті бюджеттен  жергілікті бағдарламалар мен шараларды  қаржыландыру қамтамасыз етіледі. Жергілікті бюджет арқылы жалпы мемлекеттік  бағдарламалар мен шаралардың бір  бөлігін іске асыруға жол беріледі.

Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік аумақтық бөліністер аумағында арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істейтінін ескере отырып, өз аумағының бюджетін дербес жасайды және атқарады. Жергілікті өкілді органдар алдағы қаржы жылына арналған бюджетті және өткен қаржы жылының тиісті жергілікті бюджетінің атқарылуы туралы есепті қарап бекітеді.

Арнайы экономикалық аймақтардың бюджеттерін арнайы экономикалық аймақтар туралы заңдарда және Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» ережеде белгіленген тәртіп пен ережелер бойынша қаралады, бекітіледі және атқарылады.

Облыстық бюджеттің  және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бюджеттерінің арасындағы жалпы мемлекеттік салықтардың  алымдар мен төлемдердің ара-жігін анықтауды жергілікті атқарушы органдар белгілеп, тиісті өкілді органдар қарайды және бекітеді.

1998 жылы республикалық  және жергілікті бюджеттердің  өзара қатынастарда тұрақтылық  анықталады. Осылайша, арнайы экономикалық  аймақтардың қаржы қорларына есептелетін соманы қоспағанда қосылатын құнға салынған салық негізінен республикалық бюджеттің кірісіне есептеледі, ал реттеу жалпымемлекеттік салықтың екі түрімен: заңды тұлғалардан алынатын табыс салығымен және төлем көздерінен ұсталатын жеке тұлғалардан алынатын табыс салығымен жүргізіледі.

Демеуақы берілетін  облыстар бойынша нормативтерді  бөлу үстіміздегі жылдың деңгейінде қалды, ал демеуақы алмайтын облыстар саны ұлғайып отыр. Заңды тұлғалардан  алынатын табыс салығы жөнінен белгіленгшен нормативтер Ақмола облысы бойынша 1997 жылы 45% тен 1998 жылы 62%-ке дейін, тиісінше Ақтөбе 50%-ке дейін, Қарағанды 65%-тен дейін өсті.

Маңғыстау облысы бойынша  төлем көзінен ұсталатын жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша белгіленген нормативтік  мөлшер 58%-тен 71%-ке дейін, Алматы қаласы 35%-тен 58%-ке дейін артты.

1998 жылы арналған бюджет  жобасы бойынша трасферттер 1997 жылы бөлінген облыстарға, атап  айтқанда: Алматы, Шығыс Қазақстан,  Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда,  Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік  Қазақстан 14300, 3 млн.теңгеге немесе 55,2%-ке өсті және жалпы сомасы 40184,3 млн. теңге болды.

Республика облыстарына  бөлінетін трансферттің көлемі мынадай  мәліметтермен сипатталады.

Бюджет жүйесі туралы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланады:

Бюджет- мемлекеттің өз міндеттерін жүзеге асыруына арналған және тиісті заңдарға сәйкес белгіленген салықтар мен өзге ден кіріс көздерінің және түсімдердің есебінен құрылатын орталықтандырылатын ақша қоры;

Бюджет жіктелуі- функционалдық, ведомсволық және экономикалық сипаттама бойынша бюджетке түсетін түсімдері мен бюджеттен жұмсалатын шығыстардың топталуы;

Бюджет құрылысы- бюджет жүйесінің, оның құрылу принциптерінің ұйымдастырылуы;

Бюджет процесі- мемлекеттің  өз органдары мен лауазымды адамдары арқылы барлық деңгейдегң бюджетті жасау, қарау, атқарылуын бақылау және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту жөніндегі заң арқылы регламенттелген қызметі.

Мемлекеттік бюджет- республикалық  және жергілікті бюджеттің бірінің- бірі арасындағы өзара өтілетін операциялары есепке алынбайтын жиынтығы;

Мемлекеттік кепілдіктер- Қазақстан Республикасының қарыз  алушы өзінен алынатын соманы белгіленген  мерзімде төлемеген жағдайда несие  беруші алдындағы берешекті ішінара  немесе толық өтеу жөніндегі міндеттемесі;

Мемлекеттік займдар- Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Ұлттық банкі арқылы Қазақстан Республикасы заем алушы болатын заем қатынастары;

Мемлекеттік қарз алу- шарт немесе бағалы қағаздар түрінде көрсетілген  мемлекеттік заемды тарту, игеру  және өтеу процесі;

Мемлекеттік борыш- белгіленген мерзімде игерілмеген және өтелмеген мемлекеттік заемдар сомасы.

Мемлекеттік кепілдік берілген борыш- Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі бар, белгілі-бір  мерзімде игерілген және өтелмеген  заемдар сомасы;

Мемлекеттік шот- мемлекеттің барлық деңгейдегі бюджеттің және бюджеттен тыс барлық қорлардың шоттардағы қаржы ресурстарын есепке алу тәртібі;

Бюджет тапшылығы- үкіметтің  қарызға алған сомаларын қоспағанда, шығыстар және бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген несиелердің бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан асып түсуі. Республикалық бюджеттің құрамында бекітілген тапшылық мөлшері ұлттық валютамен және ішкі өнімге шаққандағы проценттермен көрсетіледі.

Бюджет кірістері- салық  және салық емес түсімдермен алымдардың, сондай-ақ бюджетке қайтарылмайтын негізде келіп түсетін капиталмен жасалатын операциялардан түсетін кірістердің көлемі;

Мемлекеттің біріктірілген  қаржы балансы- дербес жұмыс істейтін республикалық және жергілікті бюджеттердің, бюджеттен тыс қорлардың бірінің-бірі арасындағы өзара өтілетін операциялары есепке алынбайтын ақша қаражатының жиынтығы;

Жергілікті бюджеттер- облыстың, қалалық, бюджеттер, аудандардың  бюджеттері және экономикалық аймақтардың  бюджеттері,

Мемлекеттік борышқа  қызмет көрсету- мемлекеттік борыш  бойынша проценттерді, сақтандырушылық байланысты жиынтық төлемдер;

Ресми трансферттер- тегін  және қайтарылмайтын болып түсетін  түсімдер мен бюджеттен жасалатын  шығыстар;

Бағдарламалар мен кіші бағдарламалар- белгілі-бір міндеттер  атқару үшін ұйымдар жүзеге асыратын шаралар кешенін білдіретін шығыстардың жұмыс істеу сипаттамасының ұғымы. Бағдарлама шаралар кешенінің құрамдас бөліктері немесе нақты шаралар болып табылатын кіші бағдарламаға бөлінуі мүмкін;

Бюджет принципі- бюджетке келіп түсетін кірістер мен ресми трангсферттер түсімдері жалпы сомасының жалпы шығыстар көлемінен және қайтарымды негізде бөлінетін несиелерден асып түсуі. Республикалық бюджет профицитінің мөлшері ұлттық валютамен және жалпы ішкі өнімге шаққандағы проценттермен есептеледі;

Бюджет шығыстары- бекітілген бюджет шегінде бюджеттен қайтарылмайтын негізде бөлінетін қаражат;

Резервтік қор- бір жолғы  сипаттағы тосын шығындарды қаржыландыру үшін бюджет қаражаты есебінен құрылатын  қор, соның ішінде республикалық  бюджеттегі табиғи және техногендік  сипаттағы төтенше жағдайды жоюға арнап орталықтандырылған қаражат;

Секвестр- заңдармен белгіленген  тәртіп бойынша бюджет шығыстарының бекітілген шекті пропорциялы түрде, белгілі-бір проценттерге шағып  қысқарту;

Ерекшелік- бюджет қаражатын  жұмсаудың экономикалық сипаттамасын айқындайтын көрсеткіш;

Субвенциялар- нысаналы шығындарды немесе нысаналы бағдарламаларды  жүзеге асыру үшін төменгі бюджеттердің жоғары тұрған бюджеттерден бекітілген сомалар шегінде алатын ресми  трансферттері;

Субсидиялар- бюджеттен  нысаналы шығыстарды қаржыландыру үшін ұйымдарға бекітілген сомалар шегінде бөлінетін трансферттік төлемдер;

Есепті кезең- жаңа қаржы  жылына енбейтін кезең, бұл кезең  ішінде өткен қаржы жылында бекітілген қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген  бюджеттік шығыстар бойынша қортынды операциялар жүргізіледі. Есепті кезеңнің ұзақтығын Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі белгілейді.

Қаржы жылы- күнтізбелік  жылдың 1-қаңтарында басталып, 31 желтоқсанда  аяқталатын тұрақты бюджеттік есепке алу кезеңі. Қаржы жылына есепті кезең енбейді.

Функционалдық топ- жалпы  мемлекеттік міндеттерді орындау  мақсатымен бюджнеттен жұмсалатын төлемдер тобы;

Нысаналы қорлар- бюджеттің  кіріс және шығыс бөліктеріне  енгізілетін және арнайы белгіленген  кірістер көздерінің есебінен қалыптастырылатын қорлар, олар нысаналы мақсат бойынша жұмсалады;

Таза несие беру- берілген және өтелген несиелердің жалпы  сомасы арасындағы айырма.

Бюджетке қатысты алғанда  функция осы экономикалық категорияға  тән қызмет ауқымын, оның мәнінің  іс-қимылдағы көрінуі, категорияға тән қасиеттердің өзіндік бейнелеу тәсілдерін білдіреді. Функцияда категорияның қызметі бейнелейді, оның экономикалық табиғаты ашылады.

Мемлекеттік бюджет бөлу және бақылау сияқты екі қызмет атқарады. Бөлу функциясының көмегімен қоғамдық жиынтық өнім және оның маңызды бөлігі- ұлттық табыстың бір бөлігі бөлінеді және қайта бөлінеді. Орталықтандырылған қаражат қоры құрылып мемлекеттің тікелей қатысуымен қоғамдық қажеттерді өтеуге арналады.

Бақылау функциясы мемлекеттің  орталықтандырылған қаржы ресурстарын толығымен қалыптасуына, тиімді қолдануына арналымды түрде пайдалануына бақылау жасауына мүмкіндік береді.

Мемлекеттік бюджеттің  бөлу және бақылау қызметі қоғамдық өнімнің алғашқы бөлігі мен қайта  бөлуінде қатысумен қоғамдық қажеттерді өтеуге арналады.

Бақылау функциясы мемлекеттің  орталықтандырылған қаржы ресурстарын  толығымен қалыптасуына, тиімді қолдануына, арналымды түрде пайдалануына бақылау  жасауына мүмкіндік береді.

Мемлекеттік бюджеттің  бөлу және бақылау қызметі қоғамдық өнімнің алғашқы бөлісі мен қайта бөлуінде қатысуы біркелкі, олар бюджеттік қатынастың тығыз байланысы екі шетін көрсетеді.

Бюджеттік бөлу қызметі  аумақаралық, салааралық, сала ішіндегі, шаруашылық ішіндегі, өндірістік және өндірістік емес экономиканың секторларының  арасындағы бөлікті қамтиды.

Аумақаралық бөлік салықтар мен түсімдердің әр деңгейдегі бюджет реттеуінің әр- түрлі түрлерін қолдану  арқылы жүргізіледі. Бұл бөліс әр деңгейдегі әкімшілік- басқару органдарының әлеуметтік- экономикалық дамуын қамтамасыз ететін бюджеттік қор қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік бюджет экономиканың секторларының арасындағы ұлттық табысты  бөлудің бірден-бір негізгі құралы боллып табылады. Бөлудің осы түрлерінің арқасында барлық экономикалық өлшемдік үйлестікте дамуына қол жеткізіледі. Мұның өзі республика өндірісін дамыту үшін, сонымен қатар артта қалған аймақтардағы экономика мен әлеуметтік тұрмыстың инфрақұрылымын көтеру үшін өте маңызды.

Демек, бөлу қызметі арқылы бюджет белгілі-бір қоғам қызметтерін  қанағаттандыру нәтижесінде қоғамдық өндіріске қатысушылардың барлығының экономикалық мүдделері, олардың қоғамдық өндіріске қатысу дәрежесі мен нақты еңбегі үшін ескеріле отырып қанағаттандырылуға тиіс.

Бюджеттің бақылау функциясының негізіне- бюджеттік қорлардың қозғалысы, бюджеттік түсімдер мен шығын арналымдарының көрсеткіштері жатады. Өндірістік емес салалардағы мекемелер мен ұйымдардың бюджеттен бөлінген қаражаттарды дұрыс пайдалануын бақылауға олардың қызметінің барлық жақтарын қаржы жұмсаудың белгіленген нормаларының сақталуын, мақсатты түрде қаржы ресурстарын қолдануын қамтиды.

Қазіргі жағдайда бюджеттің  бақылау функциясының өзгеріп, қаржылық есептеудің автоматтандыру жүйесі дамып, компьютер жүйелері іске қосылып  одан әрі дамытып отыр.

 

    1. Бюджет процесін ұйымдастыру, бюджеттік жіктеу

Бюджет процесі- мемлекеттің өз органдары мен лауазымды адамдары арқылы барлық деңгейдегі бюджеттерді жасау, қарау, бекіту, атқару, атқарылуын бақылау және олардың туралы есептерді бекіту жөніндегі заң арқылы регламенттелген қызметі.

Бюджет процесінің құрамдас бөлігі әр-түрлі деңгейдегі бюджеттер арасындағы қаржы ресурстарын ішінара қайта бөлініске салатын бюджеттік реттеу.

Қазақстандағы бюджет процесі 1996 жылы 24 желтоқсанындағы Қазақстан  Республикасының бюджет жүйесі туралы заңмен, республиканың басқа да заңдарымен, сонымен қатар, «жергілікті өкілетті және атқару органдар туралы» заңдармен айқындалады.

Бюджеттердің жобаларын  құрудан бұрын республиканың  әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары, бюджеттің ағымдағы атқарушының  талдау көрсеткіштері мемлекеттің біріктірілген қаржы балансының жобасы әзірленеді.

Алдағы жылға арналған бюджет саясатының негізгі бағыттары  және мемлекеттің біріктірілген  қаржы балансының жобасы мақұлданғаннан кейін Үкімет қаулы қабылдап, онда бюджет қаражаты есебінен ұсталатын орталық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың бюджет жобасын қалыптастыру және оны қаржы министрлігіне табыс ету тәртібін, мерзімін белгілейді.Республикалық бюджет бойынша оны құрау кезеңі ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей Парламенттің талқылауына табыс етіледі.

Республикалық бюджетті бекіту және бюджетке өзгерістер мен  толықтырулар енгізу әуелі мәжілісте, содан кейін санатта мұқият талқылағаннан  кейін палаталардың бірлескен отырысында шешіледі.

Талқылау қаржы министрлігінің баяндамасынан, экономика министрлігі мен Ұлттық банкінің төрағасының, мәжіліс пен сенаттың қорытынды жасаған баяндамасынан басталады.

Информация о работе Мемлекеттік бюджет