Қ Р-дағы кәсіпкерлікпен бісекелестікті дамытуға көрсетілетін мемлекеттік көмектер

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 00:04, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпкерліктің пайда болуы мен дамуы экономиканың өркендей түсуіне әсер ететін бірден - бір факторлардың бірі. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 наурыздағы: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................................... 1 БӨЛІМ КӘСІПКЕРЛІККЕ КЕҢ АУҚЫМДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ......... 1.1 КӘСІПКЕРЛІКТІ КЕҢ АУҚЫМДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫ ІСКЕ АСЫРУ, ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ТҰҒЫРЫН КЕҢЕЙТУ МЕН НЫҒАЙТУ......................................................................................................................

1.2 КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ................................................. 1.3 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ БАҒЫТТАРЫ..

1.4 ҚР-ДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ........................ 2 БӨЛІМ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДАҒЫ “БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020”............................................................................................................................... 2.1 “БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020” БАҒДАРЛАМАСЫ............................... 3 БӨЛІМ ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКПЕН БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУҒА КӨРСЕТІЛЕТІН КӨМЕКТЕР...................................................................................... 3.1 МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКПЕН БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУМЕН ҚОЛДАУ САЛАСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ................................................................................................................

3.2 ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКПЕН БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЗАҢДАРЫ......................................................................................................................

3.3 КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ..............................................

4 БӨЛІМ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ, ЭТНОМӘДЕНИ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ...........................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................................

Работа содержит 1 файл

Айтуған курсавой 2003.doc

— 302.50 Кб (Скачать)

1) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) кепілдік берілген көлемін сатып алу;

2) екінші деңгейдегі банктер арқылы кредит беруді ұйымдастыру;

3) экономика салаларында әлеуметтік маңызы бар жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру;

4) арнайы инвестициялық бағдарламаларды іске асыру;

5) бюджет қаражаты есебінен қарыздар беру;

6) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау;

7) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне ішінара кепілдік беру;

8) лизинг жолымен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қаржылық қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі жүзеге асырылатын экономика саласын (салаларын) қаржылық қолдау тәртібін, нысанын, мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін тартылатын заңды тұлғаны (тұлғаларды), қаржылық қолдау мөлшері мен мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін   қажетті басқа да талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаулар:

  1. шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қаржылық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-техникалық әзірлемелер мен технологияларды пайдалануы үшін жағдайлар жасауды;
  2. шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік, салалық (секторальдық) және өңірлік бағдарламаларын әзірлеуді,шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеудің және таратудың оңайлатылған тәртібін белгілеуді;
  3. оңтайлы салық салу режимін белгілеуді,шағын кәсіпкерлікке кредит берудің бағдарламаларын қабылдауды, шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту үшін инвестицияларды, оның ішінде шетелдік инвестицияларды тарту мен пайдалану жүйесін жасауды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) сатып алудың кепілдендірілген көлемін  қамтамасыз етуді. Жұмыс істеп тұрған оқу және зерттеу орталықтарын, консалтингтік ұйымдар мен шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың ақпараттық жүйелерін дамыту және жаңаларын құру жолымен кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды. Ұлттық даму институттарын құруды қоса алғанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Индустриялық аймақтар жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін экономикалық және ұйымдық жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында құрылады. Индустриялық аймақтардың міндеттері:

          Өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлікті жедел дамытуға жәрдемдесу, жаңа өндірістер инфрақұрылымын құруға және дамытуға арналған шығындарды оңтайландыру,өндіріс тиімділігін арттыру, халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекеттік органдар жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жер учаскелерін, ғимараттарды, үй-жайларды сатады, не жер учаскесінің нысаналы мақсатын Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өзгертеді, не Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес сатып алу-сату шартына не рұқсатқа қажетті инфрақұрылымға қосудың техникалық шарттарын міндетті түрде қоса отырып, тұрғын үйді тұрғын емес үй-жай етіп қайта жабдықтауға рұқсат береді. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін одан әрі инфрақұрылымға қосу сатып алу-сату шартына не рұқсатқа сәйкес жүзеге асырылады. Шағын және орта кәсіпкерліктің бастамаларын мемлекет тарапынан қаржылық қолдауды, оның ішінде негізгі қызметінің мақсаты қаржылық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылатын, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі арнайы қор жүзеге асырады. Арнайы қордың негізгі міндеттері:

    1. жобалық қаржыландыру;
    2. жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен микрокредиттік ұйымдардың желісін дамыту;
    3. шағын кәсіпкерлік субъектілері екінші деңгейдегі банктерден кредиттер алған кезде оларға кепілдік беру жүйесін жасау;
    4. қаржы лизингін дамыту.
    5. шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқыту және консалтингтеу. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін сапа менеджменті жүйесін енгізу жөніндегі операцияларды қоса қаржыландырудың гранттық жүйесін дамыту. Арнайы қордың жарғысына сәйкес басқа да міндеттер болып табылады.

Арнайы қордың міндеттерін іске асырудың тәртібі мен шарттарын ұлттық басқарушы холдинг айқындайды.

       Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі принциптері:

       Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдығы, шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кешенділігі, шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсіпкерліктің барлық субъектілері үшін қолжетімділігі, шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.                                                                                                              Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту:

  1. қаржылық қолдау көрсету;
  2. шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының желісін ұйымдастыру;

   3) бизнес-инкубаторлардың қызметін ұйымдастыру;

   4) бір жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттік меншік объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға беру;

   5) өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға берілген объектілерді шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен көзделген шарттарды олар орындаған жағдайда шарт жасасқан кезден бастап бір жыл өткен соң өтеусіз беру жолымен жүзеге асырылады. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау:тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) кепiлдік берілген көлемiн сатып алу.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) номенклатурасын және олардың көлемiн Қазақстан Республикасының ?кіметi айқындайды. Екінші деңгейдегі банктер арқылы кредит беруді ұйымдастыру. Экономика салаларында әлеуметтік маңызы бар жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру. Арнайы инвестициялық бағдарламаларды іске асыру болып табылады. Бюджет қаражаты есебінен қарыздар беріледі. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялайды. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне ішінара кепілдік беріледі. Лизинг жолымен жүзеге асырылады.Шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтары халықты жеке кәсіпкерлікке тарту, жаңа шағын кәсіпкерлік субъектілерін құру мақсатында құрылады.

Шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының міндеттері:

    1. кәсіпкерлік ахуалды, отандық және халықаралық нарықтарды, экономиканың салалары мен секторларын талдау;
    2. маркетинг және менеджмент саласында қызметтер кешенін көрсету;
    3. инвестициялық және бизнес-жобаларды әзірлеу жөніндегі қызметтерді, консультациялық және басқа да қызметтер көрсету;
    4. шағын кәсіпкерлік субъектілерінің инновациялық белсенділігін арттыруға жәрдемдесу;
    5. шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіби өсуіне жәрдемдесу;
    6. ақпараттық және сараптамалық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету;
    7. семинарлар, тренингтер өткізу;
    8. шағын кәсіпкерлік субъектілерінің деректер базасын қалыптастыру;
    9. шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ақпаратты және оны дамытудың проблемалық мәселелерін талдау мен қорыту болып табылады.

Бизнес-инкубаторлар шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуына және дамуына жәрдем көрсету үшін құрылады.

Бизнес-инкубатордың міндеттері:

    1. бизнес-инкубаторға орналастыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерін іріктеу;
    2. шағын кәсіпкерлік субъектілеріне білім беру, маркетингтік, консалтингтік және басқа да ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтер көрсету болып табылады.

Сауда-делдалдық қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті және қызмет көрсету саласын ұйымдастыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бір жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттік меншік объектілері сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берілуі мүмкін. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалға алу немесе сенімгерлікпен басқару шарттарының талаптарын орындауын бақылауды республикалық және коммуналдық меншікке иелік етуге уәкілетті тиісті мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік, салалық (секторальдық) және өңірлік бағдарламалары.

       Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мемлекеттік, салалық (секторальдық) және өңірлік бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады және ол шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешенін білдіреді.Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік, салалық (секторальдық) және өңірлік бағдарламалары өндірісті бәсекеге қабілетті өніммен қамтамасыз ету, сондай-ақ инновациялық, білім беру қызметі, қаржылық және құқықтық консалтинг саласындағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық, оқу-әдістемелік көмек көрсету үшін әзірленеді. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді және олар республиканың барлық аумағында мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті болып табылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік және салалық (секторальдық) бағдарламаларын іске асыру барысында алынған нәтижелер туралы Қазақстан Республикасы Президентінің алдында жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республи-касының заңнамасында белгіленген тәртіппен есеп береді. Мемлекет экономикасын дамытудың басым бағыттарына және өңірдің экономикасын дамытудың ерекшелігіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар өңірдің экономикалық даму бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылатын шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлейді.Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік, салалық (секторальдық) және өңірлік бағдарламаларын  нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар. Шағын кәсіпкерлік қызметінің басым түрлері. Шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастыру жөніндегі шаралар.Шағын кәсіпкерлікті кредиттік-қаржылық және мүліктік қолдау жөніндегі шаралар.Жеке кәсіпкерлікке халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктерін тартуға бағытталған шаралар. Ірі өнеркәсіп ұйымдарының бизнестің бір бөлігін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беруін ынталандыруға, сондай-ақ олардан салалық емес жанама қызметтер түрлерін сатып алуға бағытталған шаралар. Шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты насихаттау жөніндегі шаралар. Шағын кәсіпкерлікті қолдау, дамыту және қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырумен байланысты басқа да шаралар кіреді. 

         Шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқу-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік қолдау꞉

    1. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқу-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік қолдау олардың бәсекеге қабілетті тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) шығаруға мүмкіндік беретін кәсіби деңгейін арттыру мақсатында жүзеге асырылады.
    2. жеке кәсіпкерлікті жүргізу мәселелері бойынша оқу семинар-тренингтер және ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыру, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру практикасы, жаңа технологиялар нарығы туралы әдістемелік құралдар, ақпараттық бюллетеньдер тарату, өңірлерде ақпараттық, консалтингтік орталықтар желісін құру, өңірлерде шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқытуды ұйымдастыру үшін менеджерлер даярлау жолымен жүзеге асырылады.
    3. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқу-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік қолдау бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

Ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау꞉

         Ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау республикалық және өңірлік деңгейлерде жүргізіледі және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледі.

       Ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетудің мерзімі, көлемі мен шаралары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді.

       Жеке кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету. Барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар таратуға шек қойылмаған, оның ішінде көзделген ақпарат пен материалдарды тегін негізде тарату үшін интернет-ресурстар құруға және олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге және олардың жарнамасын, сондай-ақ осы ақпаратты жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты жаңартып отыруды қамтамасыз етуге міндетті. Республикадағы кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік құрылымының келесі сатысы Астана және Алматы, қалалары және облыс әкімдері мен аппараттары. Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мемлекеттік саясатты іске асыру үшін әкімшілік жанында Кәсіпкерлік және өндіріс Департаменті (Басшылық) құрылған. Оның құрамына Кәсіпкерлік бөлімдері кіреді (2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы Қаулысымен барлық жергілікті мемлекеттік басқару органдарының үлгілі құрылымдары енгізілді.). Кәсіпкерлік және өндірістің облыстық Департаменті (сонымен қатар қалалық Алматы және Астана қ.) өз өкілеттігі шегінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асыруға құқылы.Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін Департаментке мемлекеттік саясатты іске асыруға құқық және мына қызметтер жатады:

Информация о работе Қ Р-дағы кәсіпкерлікпен бісекелестікті дамытуға көрсетілетін мемлекеттік көмектер