Қ Р-дағы кәсіпкерлікпен бісекелестікті дамытуға көрсетілетін мемлекеттік көмектер

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 00:04, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпкерліктің пайда болуы мен дамуы экономиканың өркендей түсуіне әсер ететін бірден - бір факторлардың бірі. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 наурыздағы: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................................... 1 БӨЛІМ КӘСІПКЕРЛІККЕ КЕҢ АУҚЫМДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ......... 1.1 КӘСІПКЕРЛІКТІ КЕҢ АУҚЫМДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫ ІСКЕ АСЫРУ, ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ТҰҒЫРЫН КЕҢЕЙТУ МЕН НЫҒАЙТУ......................................................................................................................

1.2 КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ................................................. 1.3 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ БАҒЫТТАРЫ..

1.4 ҚР-ДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ........................ 2 БӨЛІМ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДАҒЫ “БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020”............................................................................................................................... 2.1 “БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020” БАҒДАРЛАМАСЫ............................... 3 БӨЛІМ ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКПЕН БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУҒА КӨРСЕТІЛЕТІН КӨМЕКТЕР...................................................................................... 3.1 МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКПЕН БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУМЕН ҚОЛДАУ САЛАСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ................................................................................................................

3.2 ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКПЕН БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЗАҢДАРЫ......................................................................................................................

3.3 КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ..............................................

4 БӨЛІМ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ, ЭТНОМӘДЕНИ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ...........................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................................

Работа содержит 1 файл

Айтуған курсавой 2003.doc

— 302.50 Кб (Скачать)

Субсидия  беру механизмі мынадай кезеңдерден  тұрады. Кәсіпкер жаңа кредит алу үшін немесе қолданыстағы кредит бойынша  субсидия алу ниеті туралы және субсидиялау  мақұлданған жағдайда кредит сыйақысының  мөлшер­лемесін төмендету туралы банкке өтініш жасайды, банк кредит беру/кредит сыйақысының мөлшерлемесін төмендету туралы оң шешім шығарған жағдайда, кәсіпкер жергілікті атқару органына (ЖАО), яғни үйлестірушіге (әкімдік жанындағы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына) өтініш етеді. ЖАО барлық құжат пен ақпаратты алған кезден бастап 10 жұмыс күні ішінде жобаны Аймақтық үйлестіру кеңесінің (АҮК) қарауына шығарады. АҮК субсидиялаудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды, сосын АҮК отырысы өткізілген күннен бастап, 2 жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді және хаттамада жобасы мақұлданбаған жекелеген кәсіпкерлердің қатыстырылмау себептері міндетті түрде көрсетілуі тиіс. ЖАО АҮК хаттамасы әзірленгеннен кейін мақұлданған жобалар тізбесін 2 жұмыс күні ішінде Экономикалық даму және сауда министрлігіне – (мақұлданған жобалардың бағдарламаның критерийлеріне сәйкестігін тексеру үшін); банктерге және “Даму” қорына (кәсіпкермен субсидиялау шартын жасасу жөніндегі дайындық іс-шараларын өткізу үшін); ЭДСМ АҮК хаттамасы мен кәсіпкерлер бойынша (мақұлданған/бас тартылған) құжаттар пакетін алған кезден бастап, 10 жұмыс күні ішінде жекелеген жобаларды бекітеді немесе оларды құптамайды және қабылданған шешімді ЖАО назарларына жеткізеді. ЖАО кәсіпкер жобасының бекітілгені жайлы ЭДСМ-нен хат алғаннан кейін жобалары АҮК-пен, я болмаса уәкілетті органмен субсидиялануға мақұлданған немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, бас тартылған барлық кәсіпкерлерді 5 жұмыс күні ішінде хабардар етеді. Банк кәсіпкер жобасының бекітілгені жайлы ЭДСМ-нен хат алғаннан кейін банк пен кәсіпкер арасында субсидиялау шарты жасалынады. Субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін, банк пен кәсіпкердің қолы қойылған субсидиялау шартының түпнұсқасын қарастыруы және қол қоюы үшін “Даму” қорына ұсынады. ЖАО ЭДСМ-нен хат алған кезден бастап 3 жұмыс күні ішінде “Даму” қорынан субсидия сомасын есептей отырып, 1 тоқсан ішінде банкке төлеуге жеткілікті ақшалай қаражатты аударуға өтінім сұратады. “Даму” қоры ЖАО-дан сауал хат алғаннан кейін кәсіпкердің кредиті бойынша банкке 1 тоқсан ішінде төленуі тиіс субсидия сомасын есептеп, содан кейін өтінім қалыптастырады және оны ЖАО-ға жолдайды. “Даму” қоры тиісті тоқсан уақыты өткенге дейін, қаражатты келесі тоқсанда банкке субсидия төлеуге аудару үшін өтінімді 15 жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімге ЖАО-ға жолдайды, ЖАО қаражатты өтінімде көрсетілген деректер бойынша “Даму” қорының шотына аударуды 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. “Даму” қоры кәсіпкер өзінің кредит бойынша сыйақы бөлігін төлегеннен кейін, кәсіпкердің қарыз сыйақысы бойынша шығыстарының орнын толтыру үшін, қаражатты ай сайын банкке аударып отырады. Қаржы агенті субсидияланатын кредиттің мақсатсыз пайдаланылуы, кәсіпкердің банктік қарыз шартына сәйкес төлем кестесіне сай банк алдындағы төлемдерін төлеу жөніндегі міндеттемелерін 3 ай бойы орындамау фактілері анықталған жағдайда, кәсіпкерді субсидиялауды тоқтатуға құқығы бар. Субсидиялауды тоқтату немесе қайта жаңғырту туралы ақырғы шешімді Қаржы агенті және/немесе бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісінің өтініші негізінде тек уәкілетті орган ғана қабылдайды. Кепілдік беру ішінара болып табылады және кепілдік шарты кредит сомасының 50%-ынан аспауы шарт, яғни бір өтініш берушіге 1,5 млрд. теңгеден аспайтындай болуы қажет. Кепілдік мөлшері кредит сомасының 50% аспауы тиіс. Үкіметтің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес мониторинг жүргізілуі тиіс ірі салық төлеушілер тізбесіне енгізілген металлургия секторының кәсіпорындарына кепілдік берілмейді. Одан бөлек, акцизделетін тауарларды (спирттің барлық түрлері, алкогольді өнім, құрамында кемінде 0,5 пайыз этил спирті бар сыра, темекі өнімдері, бензин (авиациялық бензиннен бөлек), дизель жанар-жағармайы, жеңіл автомобильдер (мүгедектерге арналған қолмен басқарылатын немесе адаптер арқылы қолмен басқарылатын автомобиль­дерден басқасы), шикі мұнай, газ конденсаты) шығарумен айналысатын жобаларға кепілдік берілмейді.

Бағдарламаға қатысу үшін кәсіпкер өз қызметін бағдарламада анықталған экономика секторларының бірінде жүзеге асыруы тиіс. Жобаларды аймақтық үйлестіру кеңесі қарастырған кезде әрбір аймақ үшін экономиканың басым секторларына және жергілікті даму бағдарламаларына сәйкес, аймақ үшін мейлінше маңызды болып табылатын жобаларға артықшылық берілетін болады.

Кепілдік  тек жаңа кредиттерге ғана беріледі. Кредиттің нысаналы мақсаты – негізгі қор сатып алу және/немесе жаңғырту, соның өзінде кредит сомасының 20% айналым қаражатын толықтыруға жіберілуі мүмкін. Кәсіпкер жобаның жалпы іске асырылу құнының 15%-нан төмен емес мөлшерде ақшалай немесе 25%-ынан кем болмайтын мөлшерде мүлік түрінде жобаның іске асырылуына қатысуын қамтамасыз етуі тиіс. Қаржылай сауықтыру “Бизнестің жол картасының” екінші бағыты болып табылады, қолданыстағы кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін жылдығы 12%-ға дейін сыйақы мөлшерлемесімен субсидиялау жөніндегі іс-шаралар соған сәйкес өткізіліп отырады, осы мөлшерлемеден 5%-ды мемлекет субсидиялайтын болады. Субсидиялау банктердің (мақұлдау кезінде) бұрынғы кредиттері және жаңа берешек бойынша жоба мақұлданғаннан кейін туындайтын қолданыстағы кредит желісі аясында ғана жүзеге асырылады. Өтінімді қаржылық сауықтыру аясында 2010 жылы ғана беруге болады.Субсидияланатын кредит сомасы бір борышкер-кәсіпкер үшін 3 млрд. теңгеден аспауы тиіс. Оның ішінде, кредит сомасы, борышкер-кәсіпкер тұлғалармен компаниялармен үлестес кредит бойынша берешекті есептемегенде, әрбір борышкер-кәсіпкерге жеке есептелінеді.

Кредит  бойынша сыйақының номиналды  мөлшерлемесі жылдығы 12%-дан аспайтын кредиттер ғана субсидиялануы тиіс, оның кемінде 7%-ын борышкер-кәсіпкер төлейді, ал 5% орнын мемлекет толтырады.Субсидиялау мерзімі 3 жылдан аспауы тиіс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3 БӨЛІМ ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКПЕН БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУҒА КӨРСЕТІЛЕТІН КӨМЕКТЕР. 

3.1  Мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерлікті дамытумен қолдау саласындағы негізгі бағыттары.

 

       Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретi жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді, жеке кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесін қалыптастырады. Жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету тәртібін айқындайды. Үкімет жанынан жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдар құрады және таратады. Орталық мемлекеттік жергілікті өкілді және атқарушы органдар әзірлейтін, жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сарапш-ылық кеңестердің қарауын ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) номенклатурасын және олардың көлемін (проценттік көріністегі) бекітеді. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын ынталандырады.

Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшiн меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру тәртібін айқындайды. Бәсекеге қабілетті салаларды құру мен жетілдіруді, жеке кәсіпкерлік субъектілерін дамытуды және олар шығаратын өнімнің сапасын арттыруды ынталандыратын мемлекеттік саясатты айқындайды және іске асырады. Бәсекелестіктің дамуына және инновацияларға, материалдық активтерге, сондай-ақ ұзақ мерзімді инвестицияларға инвестициялар салуды ынталандыруға септігін тигізетін нормативтік құқықтық актілер әзірлейді. Экономиканың жекелеген секторларында кластерлер құруды ынталандырады. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің дамуы үшін кедергілерді жою мақсатында экономика салаларының жұмыс істеуіне талдау жүргізеді. Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды ұлғайту және инновациялар ендіруді жеделдету мақсатында ұлттық даму институттарын құрады. Жекелеген салаларда жеке кәсіпкерлік субъектілері арасындағы бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасай отырып, осы салаларды тарифтік және тарифтік емес әдістермен уақытша қорғауды жүзеге асырады. Ұлттық экспорттаушыларға қатысты басқа елдер орнатқан кедергілерді жоюға шаралар қабылдайды. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін келісімді бірлескен экспорттық саясатты жүргізуге ынталандырады. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ішкі және сыртқы нарықтардың жай-күйі туралы экономикалық ақпарат беруді ұйымдастырады. Сапа менеджментінің жүйесін ендіруді ынталандыру жолымен ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдайлар жасайды. Ұлттық экспорттаушылардың басқа елдердің аумағындағы мүдделерін қолдау жолымен сыртқы сұранысқа жағдай жасайды. Жеке кәсіпкерлік субъектілердің персоналын көтермелейді, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және жұмыс берушілердің бірлестіктерімен өзара әрекет етеді. Бәсекеге қабілетті салалар құру мақсатында жекелеген салаларды қолдау бағдарламаларын бекітеді. Саланың немесе кластерлердің проблемаларын шешу үшін ғылыми-зерттеу ұйымдарын құрады, іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеулерді қаржыландырады. Республиканың экономикасы үшін білікті кадрлар даярлау жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірлейді. Халықтың әлеуметтік қорғалмаған жігін жеке кәсіпкерлікке тарту жөнінде шаралар әзірлейді. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның құзыретi.

Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган:

   1)жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын жүргізуді жүзеге асырады;

   2)жеке кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламаларын әзірлеп, іске асырады;

   3)шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік шараларының орындалуын ұйымдастырады және үйлестіреді;

   4)жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру және оларға кредит беру жөніндегі шараларды жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлейді;

   5)кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға және жеке кәсіпкерлікті дамытудың инфрақұрылымына талдау жүргізеді;

   6) жеке кәсіпкерлік қызмет саласында зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының Үкіметіне кәсіпкерлікті дамытудың жылдық есебін жібереді;

   7)жеке кәсіпкерлікті қолдауды және дамытуды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады;

   8)республика өңірлерінде шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытуға септігін тигізеді;

   9) шағын кәсіпкерлік саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

         Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мен қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асырады. Жеке кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестердің қызметін үйлестіреді. Шағын кәсіпкерліктің инновациялық, инвестициялық және индустриялық дамудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға қатысуы үшін жағдайлар жасайды. Инвесторлар, грант беруші халықаралық ұйымдар үшін жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелерінде жағдайлар жасайды. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне әдіснамалық көмек ұйымдастырады. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) халықаралық нарықтарына шығуы үшін жағдайлар жасайды. Жеке кәсіпкерлікті дамыту саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады. Жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты насихаттайды. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жол беретін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Президенті мен Yкіметін хабардар етеді. Уәкілетті мемлекеттік органдар әзірлейтін тәуекелдерді бағалау критерийлерін, ведомстволық есептіліктің және тексеру парақтарының нысандарын бірлесіп бекіту арқылы мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін енгізу процесін үйлестіруді жүзеге асырады. Осы Заңға сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласында ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулер жүргізудің жыл сайынғы жоспарын әзірлейді және бекітеді.

Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті органдары:

   1) шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың өңірлік бағдарламаларын бекітеді;

   2)жергілікті атқарушы органдар басшыларының Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мәселелері бойынша есептерін қарайды.

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары:

   1) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатының іске асырылуын жүзеге асырады;

   2) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасайды;

   3) өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді және ол үшін жауапты болады;

   4) шағын кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеп, іске асырады;

   5) өңірде шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құру мен дамытуды қамтамасыз етеді;

   6) жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;

   7) сарапшылық кеңестердің қызметін ұйымдастырады;

Жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады. 

3.2  Жеке кәсіпкерлікпен бәсекелестікке мемлекеттік қолдау заңдары. 

       Жеке кәсіпкерлікті  дамытуға жауапты және саясатты іске асырушы жоғары мемлекеттік орган  Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі (ИСМ). Министрлік орталық атқарушы органға жатады және Үкімет және Президентке есеп береді. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: жеке кәсіпкерлікті реттеу мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру, жеке кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларды, технологиялық парктерді, индустриялық аймақтарды және жеке кәсіпкерлік инфрақұрылымының басқа да объектілерін құру және дамыту, бюджет қаражаты есебінен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін оқу-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету, жеке кәсіпкерлікті қаржылық қолдау. 2. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту: мемлекеттік органдардың жанынан жеке кәсіпкерлік проблемаларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзірлеу жөніндегі ғылыми-зерттеу институттарын құру, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестердің қызметін ұйымдастыру, жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қаржы институттарын құру, бизнес-инкубаторлардың және индустриялық аймақтардың қызметін ұйымдастыру, жер учаскелерін, ғимараттарды, үй-жайларды сату не тұрғын үй-жайларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұрғын емес үй-жайға ауыстыру жолымен жүзеге асырылады. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау:

Информация о работе Қ Р-дағы кәсіпкерлікпен бісекелестікті дамытуға көрсетілетін мемлекеттік көмектер