Қ Р-дағы кәсіпкерлікпен бісекелестікті дамытуға көрсетілетін мемлекеттік көмектер

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 00:04, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпкерліктің пайда болуы мен дамуы экономиканың өркендей түсуіне әсер ететін бірден - бір факторлардың бірі. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 наурыздағы: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................................... 1 БӨЛІМ КӘСІПКЕРЛІККЕ КЕҢ АУҚЫМДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ......... 1.1 КӘСІПКЕРЛІКТІ КЕҢ АУҚЫМДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫ ІСКЕ АСЫРУ, ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ТҰҒЫРЫН КЕҢЕЙТУ МЕН НЫҒАЙТУ......................................................................................................................

1.2 КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ................................................. 1.3 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ БАҒЫТТАРЫ..

1.4 ҚР-ДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ........................ 2 БӨЛІМ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДАҒЫ “БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020”............................................................................................................................... 2.1 “БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020” БАҒДАРЛАМАСЫ............................... 3 БӨЛІМ ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКПЕН БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУҒА КӨРСЕТІЛЕТІН КӨМЕКТЕР...................................................................................... 3.1 МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКПЕН БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУМЕН ҚОЛДАУ САЛАСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ................................................................................................................

3.2 ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКПЕН БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЗАҢДАРЫ......................................................................................................................

3.3 КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ..............................................

4 БӨЛІМ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ, ЭТНОМӘДЕНИ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ...........................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................................

Работа содержит 1 файл

Айтуған курсавой 2003.doc

— 302.50 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ..........................................................................................................................                                  1 БӨЛІМ КӘСІПКЕРЛІККЕ КЕҢ АУҚЫМДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ.........           1.1 КӘСІПКЕРЛІКТІ КЕҢ  АУҚЫМДА  МЕМЛЕКЕТТІК  ҚОЛДАУДЫ ІСКЕ АСЫРУ, ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ТҰҒЫРЫН КЕҢЕЙТУ МЕН НЫҒАЙТУ......................................................................................................................

1.2 КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ.................................................                                                          1.3 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ БАҒЫТТАРЫ..

1.4  ҚР-ДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫН  ТАЛДАУ........................                                                                       2 БӨЛІМ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДАҒЫ “БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020”...............................................................................................................................                                                                                                                                      2.1 “БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020” БАҒДАРЛАМАСЫ...............................                                                                                                                                    3 БӨЛІМ ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКПЕН БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУҒА КӨРСЕТІЛЕТІН КӨМЕКТЕР......................................................................................                                                                                               3.1  МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ  ЖЕКЕ  КӘСІПКЕРЛІКПЕН БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУМЕН ҚОЛДАУ САЛАСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ...............................................................................................................                                                            

3.2 ЖЕКЕ  КӘСІПКЕРЛІКПЕН БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЗАҢДАРЫ......................................................................................................................         

3.3 КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ..............................................

4 БӨЛІМ  ҚАЗАҚСТАННЫҢ  ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ, ЭТНОМӘДЕНИ  ДАМУ ЖАҒДАЙЫ...........................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................................................. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ. 

       Кәсіпкерліктің  пайда болуы мен дамуы экономиканың өркендей түсуіне әсер ететін бірден - бір факторлардың бірі. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 наурыздағы: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажат»,-делінген. Осыған байланысты Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын, әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуына байланысты мақсаттар мен бағдарламалар жүзеге асырылады.

       Ұсынылған бағыт Қазақстан экономикасын  дамыту қағидаларына негізделген, ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен  оларды іске асыру стратегиялары  Ел Президентімен Қазақстан халқына: «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауында, яғни Қазақстан экономикасын жақсарту және оған серпінді сипат беру, өзара байланысты мақсаттар кешенін шешу көзделді.  Сонымен қатар, Қазақстан Республикасынаң «Банк және банктік қызмет туралы» Заңына сәйкес, шағын кәсіпкерлікті несиелендірудегі банктік несиелеудің аумағын арттыру. Курстық жұмыстың мақсаты - қазіргі жағдайдағы кәсіпкерлік қызмет нарығының ахуалын талдау және экономикалық тұрақтылық жағдайында кәсіпкерлік қызметті жүргізуде ұсыныстар жасау.

Міндеттері: шағын бизнестің экономикадағы алатын орны мен маңызын ашу;

оны дамытудағы несиелендірудің рөлін қарастыру, шағын бизнесті несие-лендірудегі шетелдік тәжірибелердің мазмұнын ашу. Қазақстан Республика-сындағы шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуын талдау. Шағын бизнестің заңдық негіздерін қарастыру мен қалыптасқан механизмдеріне талдау жүргізу, қазіргі кездегі шағын бизнесті несиелендірудегі негізгі проблемаларды ашып көрсету, шағын бизнесті басқарудағы экономикалық жетілдіру жолдарын көрсету. Курстық жұмыстың зерттеу объектісі елдің кәсіпкерлік қызмет саласындағы бағыттарын жүзеге асыру, кәсіпкерлік субъектілері қызметінің аясын барынша кеңейтуге және олардың қызметін жандандыруға бағытталған институционалдық жағдайларды жетілдіру болып табылады. Зерттеу пәні қазіргі таңда кәсіпкерлік қызметті жүргізудің әдіс - тәсілдерін жетілдіру  бағыттарын топтастыру. Қазіргі таңдағы шағын кәсіпкерліктің дамуы нарықты әртүрлі қызметтермен толтырып отыратын негізгі жетілдіруші факторлардың бірі болып табылады. Сондай-ақ, қазіргі жағдайда экономиканы сауықтандыруға шағын кәсіпкерліктің қосатын үлесі де маңызды деп айтуға болады. Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау шаралары әрбір елде болатын іс-әрекет шаралары.

       Біздің  Қазақстан жағдайында мемлекеттік  қолдау әртүрлі бағыттарда жүзеге асырылады. Болашақта елде шағын кәсіпкерлікті дамытуды одан әрі кеңейту бағыттары жоспарланып отыр. Осыған байланысты кәсіпкерлік бағытты жандандыру шаралары да ұйымдастырылу үстінде.

            Шағын және орта кәсіпкерлік немесе бизнес – бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің  артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Шағын бизнестің дамуының бірден бір көзі банктік несие болып табылады.  Экономиканың нақты секторын және де сауда фирмаларын коммерциялық банктердің несиелеуі – ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін пайдалы, әрі тиімді. Бүгінгі таңда капиталды жұмсау бәсекесінің артуы көрініс табады. Отандық банктер қарыз алушылар үшін несиелерді алуды жеңілдете бастады, несие беру процесі ықшамдалып, пайыздық ставкалардың төмендеу тенденциясы байқалуда. Сонымен қатар коммерциялық банктер ұзақ мерзімді несиелер бөліп отыр. Өйткені әдеттегі қысқа мерзімді, айналым капиталының толықтыру мақсатына бөлінген несиелер несиелік портфелінің көлемінің ауытқуына әсерін тигізеді. Банктер өздерінің ішкі несиелік саясаттарына сай несиелік талдаудың әдістемесін жасап, оны маркетингтік жоспарға сәйкес несиелендіретін салалардағы кәсіпорындардың несиелік қабілеттіліктерін  анықтауда қолдануы қажет.

       Нақты жоба бойынша банктердің шағын бизнесті несиелеуге дайындығы, несиелеу механизімінің өзекті проблемаларына әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістемелік нұсқауларын құрастырды. Банктердің шағын бизнеске несие ұсынуының тиімділігін арттыру, ынталылығын көтермелеу, Қазақстан экономикасының жағдайына сәйкестендіру механизімін жетілдіру бүгінгі күннің талабы. 
 
 
 
 
 
 
 
 

1 БӨЛІМ  КӘСІПКЕРЛІКТІ КЕҢ АУҚЫМДА МЕМЛЕКЕТТІК  ҚОЛДАУ. 

1.1 Кәсіпкерлікті кең ауқымда мемлекеттік қолдауды іске асыру, шағын және орта бизнестің тұғырын кеңейту мен нығайту. 

        Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажет. Сонымен қатар, металлургияда, банк саласында, сақтандыруда, химия өнеркәсібінде және басқа салаларда сақталып қалған “жасырын” монополия-ларды құрту қажет. Мұны монополияға қарсы заңнаманы реформалау арқылы, сондай-ақ отандық және шетелдік жаңа компаниялардың экономиканың осы секторларына кіруі үшін тартымды әрі ашық жағдайлар туғызу арқылы, яғни осы секторлардағы бәсекелестікті арттыру арқылы жасау керек. Бюрократияның өндірістік активтерге бақылау жасауға ұмтылған әрекеттеріне жол бермеу керек.Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық “серпілісті” әлемдік экономикаға кірігудің қажетті шарты ретінде пайымдай отырып, мен мынадай бағыттарға баса назар аудару керек деп санаймын. Халықаралық маңыздағы “серпілістік” жобаларды іске асыру, индустрияны дамыту, әлемдік рыноктың белгілі бір тауашаларында бәсекеге қабілетті бола алатын тауарлар мен қызметтерді өндіруБіз түпкі өнімдерін экспортқа шығаруға бағдарланған өндірістерді, мұнай-газ, көлік саласында және машина жасау мен металлургиядағы, химия мен агроөнеркәсіп кешеніндегі басқа да ішкі салаларда бірлескен кәсіпорындар құруға және дамытуға арқа сүйеуіміз керек. Алдымызда халықаралық ұйымдардың белсене қатысуымен биотехнологиялық орталықтар; өңірлік ақпараттық технологиялар паркін дамыту міндеті тұр.Үкімет ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бәсекеге қабілеттілігін қолдауға бағытталған нақты бағдарламалар қабылдауы қажет. Жеке меншік бизнесті қолдаудың және оның тауарлары мен қызметін әлемдік рыноктарға жылжытатын мамандан-дырылған құрылымдар болуы шарт, мұндай ұйымдардың әлемдік тәжірибесін зерделеп, оны еліміздің жағдайына бейімдеуіміз керек. Қазақстанның өңірлік және халықаралық экономикалық бірлестіктер мен ассоциацияларға қатысуы жолымен халықаралық экономикаға кірігуі Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады және қатысуға тиіс, мұның өзі біздің жаһандық экономикаға кірігуімізге жәрдемдеседі әрі біздің экспорттаушыларымызға қолдау көрсетеді.

         Шағын және орта бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді:

қоғамның  және халықтың қажеттіліктерін жақсы  қанағаттандыруға мүмкіндік береті, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың  қалыптасуы. Ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы. Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады. Тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы.Экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді. Өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады. Қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы. Адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;

  1. еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі – бір шектеу қоятын халықтың жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;
  2. меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың әлеуметтік қатарларының қалыптасуы;
  3. ғылыми-техникалық дамуды жандандыру;
  4. жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары қолдану және игеру;
  5. ірі кәсіпорындарға комплетелетін бұйымдарды дайындау және жеткізу жолымен, көмекші және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы әсер ету;
  6. арендаға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босату;

Осы барлық аталған және басқа да шағын және орта бизнестің экономикалық, әлеуметтік функцилары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады. Бірақ шағын және орта бизнестің ролін таңдай отырып, оның дамуына кедергі болатын себептерді айтпауға болмайды. Қазақстан Республикасындағы күрделі экономикалық жағдай (инфляция, өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстардың үзілуі, төлемеушілік, несиені пайдаланудағы жоғары пайыз, кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуы). Кәсіптіліктің төменгі деңгейі, кәсіпкерлердің өз өздерін теңгеруі. Халықтың кәсіпкерлерге толық сенімнің болмауы. Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әлсіздігі, тіпті, керісінше мемлекеттік органдардың жиі араласуы. Бесіншіден, қазіргі заманға сай ақпаратардың жеткізілуі, құрал – жабдық, технологияның болмауы, күрделі есеп беру жүйесінің және арендалық төлем құнының жоғары болуы. Сонымен кәсіпкерліктің одан ары кеңеюі мемлекеттік маңызды мәселелерінің бірі болып табылады, кәсіпкерлер мәселелерінің шешу үшін әкімшілік – ұйымдық, технологиялық, техникалық ресурстар қолданылуы қажет. Қазіргі уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда мемлекеттік тікелей немес жанама қолдау көрсететін елеулі ресурстары жоқ. Сондықтан, барлық күш жағымды сыртқы ортаны қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл бағытты жүзеге асыру үшін келесідей шаралар қажет: заңдық және нормативтік базалар ары қарай қалыптасуы мен дамуы, өндірісті қолдайтын инфрақұрылымының барлық қажетті элементтерін қалыптастыруы, бюджеттен тыс қаражаттар есебінен кәсіпкерлікті қаржылық қолдлау аясын кеңйтуге әсер ету, тиімді инвестициялық климатты қалыптастыру, мемлекеттік бақылауды тәртіпке келтіру. Соңғы жылдары шағын және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік қызметті қолдау бойынша бірқатар шаралар әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын кәсіпорындардың өнім өндірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді. Шағын және орта бизнестің ролінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу, барлық екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қарыздан 10 % - тен аз болмау), орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау. Агегнттігінің құрылуы, шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша әкімдердің қызметін қатаң қадағалау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру. Сонымен, көріп отырғанымыздай, ойланып ұйымдастырылған шағын және орта бизнес саясаты стагнациялық экономикадан шығудың балама жолы бола алады, өйткені ол екі макроэкономикалық проблемелармен байланыстырады – жұмыспен қамту және өндірістің жандануы. Шағын кәсіпорындар экономикаға барлық көрсеткіштер бойынша өзгерістер алып келуі мүмкін. Өзін жұмыспен қамтуды ынталандыру және шағын кәсіпорындар ашу ең аз шығынмен жұмыссыздық мәселесінен шығатын жол ретінде қарастырылады. Соңғы он жылдықты дамыған елдердегі экономиканың даму тенденциясы шағын бизнес саласына өтумен байланысты. Осы салаға бәсекелестікті ынталандыру, кәсіпкерліктің жандануы, қоғам ресурстарын толығырақ қолдану және инновациялық процесті күшейту сияқты негізгі үміт арттырған. Батыс елдерінде шағын бизнес тиімді дамуды қамтамасыз ету және мемлекеттік экономикалық саясатты қосу саласына айналған. Мемлекеттік протекционистік шағын бизнестің нақтылануы қажет еткен, адрестілігін, жеңілдіктер тек шағын кәсіпорындарға берілетін. Шағын кәсіпорындарды ажырату барысында сандық сипаты бойынша, әр елдегі экономикалық жағдайға байланысты әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Жалпы сипаттамасы ұйымдастырылуының қарапайымдылығы, жаңа өнім шығаруға тез бейімделе алуы, нарыққа қызмет ету, яғни нақты тапсырыстармен сатуға, сондай – ақ шағын кәсіпорындарды басқару және меншікті біріктіру дәрежесі болып табылады. Кез келген процесс сияқты шағын және орта бизнестің дамуы мен қолдауын басқару қажет. Кәсіпкерлік басқару объектісі ретінде өзінің ерекшеліктері бар. Егер бұл сұраққа басқару қызметі жағынан келетін болсақ, онда басқарудың келесі қызметтерін көрсетуге болады:

Информация о работе Қ Р-дағы кәсіпкерлікпен бісекелестікті дамытуға көрсетілетін мемлекеттік көмектер