Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 00:04, курсовая работа
Кәсіпкерліктің пайда болуы мен дамуы экономиканың өркендей түсуіне әсер ететін бірден - бір факторлардың бірі. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 наурыздағы: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс.
КІРІСПЕ.......................................................................................................................... 1 БӨЛІМ КӘСІПКЕРЛІККЕ КЕҢ АУҚЫМДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ......... 1.1 КӘСІПКЕРЛІКТІ КЕҢ АУҚЫМДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫ ІСКЕ АСЫРУ, ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ТҰҒЫРЫН КЕҢЕЙТУ МЕН НЫҒАЙТУ......................................................................................................................
1.2 КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ................................................. 1.3 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ БАҒЫТТАРЫ..
1.4 ҚР-ДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ........................ 2 БӨЛІМ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДАҒЫ “БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020”............................................................................................................................... 2.1 “БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020” БАҒДАРЛАМАСЫ............................... 3 БӨЛІМ ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКПЕН БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУҒА КӨРСЕТІЛЕТІН КӨМЕКТЕР...................................................................................... 3.1 МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКПЕН БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУМЕН ҚОЛДАУ САЛАСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ................................................................................................................
3.2 ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКПЕН БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЗАҢДАРЫ......................................................................................................................
3.3 КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ..............................................
4 БӨЛІМ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ, ЭТНОМӘДЕНИ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ...........................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................................
Жоғарыдағы аталған кәсіпкерліктің дамуына мол сенім, мемлкет тарапынан кепіл, экономикалық негіз ретіндегі заңдар мен құқықтық – нормативтік құжаттар мен қатар қаржылай, салықтық, инветициялық және тағы басқадай қолдаудың түрлері бар. Ақша несие саясатын ынталандырудың кәсіпкерлік қызметінің жүзеге асуына ықпалы өте маңызды. Шағын кәсіпкерліктідамыту мен қолдау туралы мәселе қозғалғанда несие мәселесі маңызды, өйткені несие кәсіпкерлер үшін басты қаржы көзі. Республикада шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше жолдары қалыптасқан. Бұл тұрғыда кәсіпкерлік субьектілері банктердің несиелері мен халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік арнайы бағдарламаларына сүйенеді. Еліміздегі қырықтан астам банктердің несие саясаты негізінде шағын кәсіпкерлік субьектілерін несиелеу жүйесі жүзеге асырыған. Мысалы, «Казкоммерцбанк» жеке тұлғаларға 500 доллардан жоғары көлемде және мерзімі 12 айдан асатын уақытқа белігілі бір пайыз мөлшерлемесімен несие беруді жүзеге асырады. Сонымен қатар, Еуропалық Қайта құрумен Даму Банкі Қазақстан Републикасының шағын бизнесі қолдау қорымен бірлесе отырып шағын бизенсті несиелендіру бағдарламасын жүзеге асыруда. Бұл Бағдарламаның мақсаты шағын және орта кәсіпорындарға орта мерзімді несиелер беру арқылы бәсекелі жеке секторды кеңейту және жақсартуға ықпал ету. Несиелік линия көлемі 775млн. долл. Сонымен қатар, несиенің үш түрін беруді ұсынады:
1) mikro (
10 мың доллорға дейін) – бұл
теңгемен шетел валютасымен
2) large – mikro ( 10 нан 30 мың долларға дейін) – шетел валютасымен 12 айға дейін, теңгемен 18 айға дейін беріледі;
Бұл бағдарлама бойынша келесі банктер жұмыстар атқарады:
«БанкЦентрКредит», «Казкоммерцбанк», «ТуранАлемБанк», тағы басқа.
Жалпы шағын кәсіпорындарға несие берушілердің:
1998-99жж
облыс бойынша 3750 адам 119,6 млн.
теңге саласында микронесиелер
алған. Сол сияқты әр облыстар
мен қалада тиісінше кәсіпкерлерді қаржылық
қолдау жұмыстары жүзеге асырылуда.Осыған
байланысты нарықтық экономикадағы сектордың
негізгі бөлігі болып келетін жеке меншік
кәсіпкерлік қызметінің мемлекеттік тиімді
кірісуін қажет етеді. Сонымен қатар, еліміздегі
кәсіпкерлік қызметінің дамуы үшін оған
қолайлы жағдай тұғызып, ынталандыру жұмыстары
атқарылуы тиіс. Ол үшін мемлкет тарапынан
тиісті іс шаралар, әртүрлі бағдарламалар
мен реформалардың кәсіпкерлік қызметінің
бағыттарының жандануына ықпал етуі тиіс.
Соның бір дәлелінің бірі ретінде – шағын
кәсіпкерлікті дамытуға және ынталандыруға
бағытталған несиелендіру бағдарламасының
ұйымдары қалыптасуда: «Кәсіпкерлерге
қызмет ететін Қазақстандық Қор» қоғамдық
ұйым. Бұл қор 1999 жылы коммерциялық емес
ұйым ретінде және ауылшарушылығын несиелендіру
жүйесі шеңберінде пайда болған ұйым.
Қордың негізгі қызметінің мәні микронесиелер
беру арқылы фермерлік шаруашылықтарға
қаржылық қолдау көрсету болып табылады.
1.4
ҚР-да шағын кәсіпкерліктің
дамуын талдау
Қазастандағы шағын кәсіпкерлік субьектілерінің санының тұрақты өсуі және онда жұмыс істейтіндердің көлемінің артуына қарамастан шағын бизнес секторы мемлекет экономикасының мәселелерін шешуде айтарлықтай үлесі көп емес. Ол осы экономика секторының проблемаларымен түсіндіріледі: салық салу, несиелендіру, мемлекеттік органдармен өзара әрекеті және тағы басқа салалардағы мәселелер. Сондықтан кәсіпкерлер алдында несиені алу кезіндегі немесе қаржылық көмек жағдайында әртүрлі кедергілер орын алады. Сол проблеманың ең бастыларының бірі – заң шығарушылық базаның тұрақсыздығы, иә, заңдар қабылданған, мысалы: «жеке кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға байланысты заңы (04.07.92жыл); «шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы заңы» ( 19.06.97 ж); «шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» ҚР-нің Президентінің Жарлығы бойынша ( 06.03.97ж), және бүгінгі күніде қабылдануда. Бірақ бұл нормативтік құқытық актілер іс жүзінде толық жүзеге асырыл-мағандықтан кәсіпкерлер үшін біршама қиындықтар туады. Ол нормативті – құқықтық акілердің орындалмауы, шағын кәсіпорындардың ісіне араласу, көптеген тексеруші және қадағалаушы басқару органдарының тексерушілік қызметтері шағын кәсіпкерлер жұмысының тоқталуына әсерін тигізеді. Бұл кедергілермен қатар, кәсіпкерлік қызметті бақылайтын салық инспекциясы, жергілікті әкімшілік бөлімдері, санитарлық – экологиялық инспекциялар, өрттен қорғау бөлімшелері, тұтынушылардың құқығын қорғау орталықтары жән е тағы басқасы кәсіпкерлердің мүдделері мен көзқарасына кеміте отырып көп жағдайда заңдық және заң шығарушылық пен сот органдарының функциялары мен өкілеттіліктеріне иемденіп алды. Бұл өз кезегінде бюрократизмге ұштасады, яғни ол дегеніміз заңсыз ақша талап етудің тиімді құралы болып табылады. Ауыр салық екі түрде жүргілізеді: жартылай жария және жасырын. Жартылай жарияға, жергілікті үкіметтің бастамасымен жүргізілетін кәсіпорындарға заң щеңберінен шығып кететін шекте, ақшалай сомада салық салу. Екінші форма – жасырын ауыр салық, нақтылы шенеуніктердің қалтасына тікелей пара ретінде түседі. Ол өз деңгейінде кәсіпкеерлерге теріс ықпал етіп, олардың жұмысын жүзеге асыруға кедергі болады. Келесі негізгі мәселе – ол тиімді қаржылық қолдау, яғни кәсіпкерлердің инвестициялық несиелерді алуы болып табылады. кәсіпкерлер республиканың банк жүйесінен; шағын кәсіпкерлікті дамыту қорынан; Европалық Қайта құру және Дамыту банкісінің ашық несиелік тізбегінен; шағын кәсіпкерлікті қолдайтын басқа да қаржы көздерінен ала алады. Бірақ шағын бизнесті қолдау көздері анықталғанымен, оны қолдану инвестициялау механизмінің жетілдіруін қажет етеді. Бұл тұрғыда несие алу кәсіпкерлер алдында жиі кездесетін кедергілерге;
Жоғарыдағы несие алудың негізгі мәселелерін келесі факторлар да толықтырады:
Аталған
барлық факторлар кәсіпкерлік
қызмет субъектілеріне несие
алуға кедергі келтіреді.
2 БӨЛІМ КӘСІПКЕРЛІКТІ
ДАМЫТУДАҒЫ “БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020”
2.1
“Бизнестің жол картасы-2020”
бағдарламасы.
“Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасы республика Президентінің “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген. Бағдарлама 2014 жылға дейінгі Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болып табылады. Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.Бағдарлама екі кезеңмен жүзеге асырылатын болады. 1-ші кезең 2010-2014 жылдар аралығында. 2010 жыл бағдарлама міндеттемелерінің шешілуі, жаңа бизнес бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты үш бағыт бойынша іске асырылатын қанатқақты жыл болып табылады. 2011-2014 жж. міндеттемелердің шешілуі, жаңа бағдарламаларды қолдау, шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты екі бағыт бойынша іске асырылатын болады.
2-ші
кезең 2015-2020 жылдар аралығында
жаңа бағдарламаларды қолдау, шетелге
тауар шығарушыларды қолдау
Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау дегеніміз жаңа жобаларды іске асырушы немесе жаңа жобаларды іске асыруды, сонымен қатар экономиканың басым секторларындағы өндірістерді жаңартуға және ұлғайтуға бағытталған жобаларды қолдауды жоспарлап жүрген кәсіпкерлерге жеңілдік көмек көрсетілуін қарастыратын шаралар кешені. Егер кәсіпкер осы айтылғандарға сай келетін болса, онда ол кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, кредит бойынша ішінара кепілдік беру, өндірістік инфрақұрылымды дамыту, бизнес жүргізуге сервистік қолдау көрсетілу, кадр дайындауға, жастар тәжірибесі мен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру сияқты көмек түрлеріне қол жеткізе алады. “Жол картасы” аясындағы субсидия дегеніміз бұл бюджеттен өтеусіз негізде берілетін несие бойынша сыйақының бөлігі. Субсидиялау банктердің жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру үшін берілген жаңа кредиттері бойынша, сонымен қатар экономиканың басым секторларындағы өндірістерді жаңартуға және ұлғайтуға бағытталған қолданыстағы жобалар бойынша жүзеге асырылатын болады. Жаңа кредиттерге банктерден жаңа инвестициялық жобаларды, сонымен қатар экономиканың басым секторларындағы өндірістерді жаңартуға және ұлғайтуға бағытталған жобаларды іске асыру үшін 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген кредиттер де жатады. Жаңа жобалар бойынша субсидиялау мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейін, кейіннен 10 жылға дейін ұзартылуы мүмкін. Бір кәсіпкер үшін субсидияланатын кредит сомасы 3 млрд. теңгеден аспауы тиіс. Сонымен кредит сомасы, кәсіпкермен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті бойынша берешегін есепке алмағанда, әр кәсіпкерге жеке есептелінеді. 2010 жылы 12%-дан аспайтын номиналды мөлшерлемесі бар кредиттерге субсидия бөлінеді, оның 7% -дан аспайтындай мөлшерін кәсіпкер төлейді, ал 5%-ын мемлекет жабады. Кредит бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесі 12%-дан төмен болған жағдайда, онда 5%-дың орнын мемлекет толтырады, ал айырмашылығын кәсіпкер төлейді.Егер кәсіпкер сыйақының номиналды мөлшерлемесін жылдығы 12%-ға дейін төмендету жөнінде банкпен келіскен жағдайда ғана 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 12%-дан жоғары мөлшерлеме бойынша берілген қолданыстағы кредиттер үшін субсидия алуға мүмкіндік болады.Банк субсидиялау кезінде кредитке байланысты ешқандай комиссия, алым және/немесе өзге төлемдер өндіріп алмайды. Тек кредиттеу шарттарының кәсіпкердің бастамашылығымен өзгеруіне байланысты, кәсіпкердің кредит міндеттемелерін бұзу себебіне байланысты өндіріліп алынатын комиссия, алымдар және/немесе өзге төлемдерден басқа.
Кәсіпкер жобаның жалпы іске асырылу құнының 15%-ынан төмен болмайтын деңгейде өз қаражатымен (ақшалай) немесе 25%-ынан кем болмайтын мөлшерде мүлік түрінде жобаның іске асырылуына қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.