Мезолит және неолит дәуіріндегі өнер

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 20:25, курсовая работа

Описание работы

Алғашқы қауымдық қоғамда рухани қызметтің барлық түрлері түгел дерлік өнермен байланысты болды және өнер арқылы көрінді. Алғашқы қауым адамының еңбек қызметі үшін үшкірленген тас – оның өміріндегі барлық жағдайда бірдей пайдаланылған осынау әмбебап құрал қандай болса, дамудың бұл сатысында өнер де рухани мәдениеттің дәл сондай аса мәнді аспабы болды.
Алғашқы қауымдығы өнерде айналадағы дүние туралы бастапқы ұғымдар дамытылды. Бұл ұғымдар алғашқы білімдер мен дағдылардың санаға сіңіп, жалғастық табуына жәрдемдеседі, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы болып табылады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
Негізгі бөлім
1. Өнер және homo sapiens................................................................................4
2. Мезолит дәуіріндегі өнер...........................................................................14
3. Неолит дәуіріндегі өнер..............................................................................17
3.1 Неолит дәуіріндегі бейнелеу өнері......................................................18
3.2 Неолит дәуіріндегі мүсін өнері............................................................23
3.3 Неолит дәуірінің архитектурасы..........................................................25
3.4 Неолит дәуірінің қыш ыдысы..............................................................26
Қорытынды............................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................29
Қосымша.................................................................................................................30

Работа содержит 1 файл

курсовая археология.docx

— 9.42 Мб (Скачать)

 

3.3 Неолит дәуіріндегі  архитектура

Мегалиттер проблемасы –  алғашқы қауымдық тарихтың түйінді  әрі өте күрделі мәселелерінің  бірі. Биіктігі бір метрге және одан жоғары, жеке немесе топтап орнатылған тас бағандар–менгирлерден басқа, мегалит ескерткіштердің тағы да екі типі бар: үлкен дөңбек тастардан құрастырылған стол тәрізді дольмендер мен долбарлап қашай салған тас блоктардан құрастырылған дөңгелек формалы күрделі ғимараттар, тас блоктар жалпақ тас тақталар–крохмельдерді астынан тіреп тұрады. Мұндай типтегі ең ірі ғимарат – Стоунхендж (Уильтшир графтығы, Англия), оның диаметрі 90 метр, әрқайсысының салмағы 25 тоннаға дейін 125 дөңбек тастан тұрады. Ғажабы сол, бұл тастар Стоунхенджжен 280 километр жердегі таудан жеткізідген. Ғимарат б.з.д. ІІ мыңжылдықтың басында жасалған деп есептелінеді. Осынау бағы замандардағы азхитектуралық ғимараттардың шамамен алғанда бір типтілігі, Еуропада болуы, олардың орасан көптігі және мейлінше кеңінен таралуы Ирландиядан Бирма мен Кореяға дейінгі, Скандинавиядан Мадагаскарға дейінгі жерлерде осынау ғаламат монументтерді жасаған әр түрлі халықтарда болған біртектес нанымдардың айғағы іспеттес. Тек Францияның өзінде ғана олардың саны 4 мыңға жуық. Мұндағы неғұрлым әйгілі ескерткіш – Ганрини аралындағы кешен; ол жиырма тоғыз бағаннан тұрады, олардың ішінен жиырма екісінің беті түгелдей ою-өрнекпен безендірілген.

Нендей бір беймәлім біртұтас мәдени дәстүр болғаны туралы болжамды сонымен бірге мына жайт та дәлелдейді: осынау ғимараттар идеясының өзі  ғана тарап қоймайды, сонымен қабат  солармен байланысты кейбір символдар  мен сән элементтері, оның ішінде күн көзінің таңбалары да тарайды.

Стоунхендж сияқты ғимараттардың  негізгі кіндігі жазғы ең ұзақ күнгі күннің көзі шығатын нүктеге  қаратылып салынғандығы да мегалиттік ғимараттардың күнге табыну салтымен байланысты болуы мүмкін деген жорпмалды  дәлелдейді.

Мобильді өнер ескерткіштерінің сан жағынан біршама  аздығы, олардың  кездейсоқтығы алғашқы қауымдық өнердің стильдік дамуы туралы толық  түсінік бере алмайды. Мұздық дәуірден кейінгі өнерде  бейнелеу формалары  туралы бізге мәлім нәрселердің  барлығы сол замандағы көркемдік  ескерткіштердің басым көпшілігі болып табылатын жартас суреттерін зерттеуге негізделген. Ол, ол ма, көп реттерде ол дәуірдегі өнердің   дамуы жайында тек осы жартас кескіндемесі мен петроглифтер бойынша ғана пайымдауға болады, өйткені адамның көркемдік қызметінің бұдан өзге егқандай ізі сақталмаған аймақтар да бар. Мұндай аймақтарға, атап айтқанда, өздерінің ғажап жартас өнерімен әйгілі Сахара мен Оңтүстік Африка жатады.

3.4 Неолит дәуірінің  қыш ыдысы

Жаңа тас дәуірінде  адамдар саз балшықты күйдіруді  үйренді. Қыш ыдыстардың пайда болуы  – қыш ыдыстар дәуірі деп те аталатын неолит дәуірінің ең маңызды  белгілерінің бірі. Бұл өнер табысы адамзат дамуындағы шыңайы революцияны  білдірді. Себебі бұған дейін адам тек қана оған  табиғаттың дайын  түріндегі сыйларын қолданды.  Балшықты күйдіру арқылы ол табиғатқа жаңа, беймәлім зат шығарды. Табиғаттың құлынан  ол оның қожайынына айналды.

Қыш ыдыс алам дамуындағы сол белгісіз сезім, кейіннен эстетикалық деп аталған үлкен мағынаға ие болды. Жасаған құмыраларын белгілі бір өрнекпен әсемдеу арқылы адам біртіндеп ою-өрнек өнерін дамытқан. Ол ою-өрнектер дамып, геометриялық әсемдікке, ритмикалық бояулар мен сызықтарға ие бола бастайды. Саз балшықты қыш ыдыс жасау үшін мареиал ретінде қолдану басқа адамзаттың ұлы ашылулары сияқты кездейсоқ болған да шығар.  Қыш барлық неолит мәдениеті тұрмысында қолдануға тез кірді, ал кейініректе ол зерттеушілерге айырым ретінде қолданылды. Себебі, қыш ыдыстардың дамуындағы әр түрлі кезеңінде әр түрлі ою-өрнек қолданылды.

Ең алғашқы қыш ыдыс саз балшықтан, қыш істейтін дөғгелексіз  жасалынды. Бұл кезеңде геометриялық сарындағы тісті, тарақты ою-өрнектер, зигзагтар, сызықтар, т.б. сияқты ою-өрнектер өз бастауларын зооморфиық суреттерден алатын схемалық суреттермен үйлесімді салынды. Басқа техника саз балшықты ойып, орнына басқа материал(мысалы, ақ паста) орналастырылды, осы арқылы әсерлі түсті эффект пайда болды.

Батыс Еуропаға тән қыш  ыдыстар б.з.д. ІІІ мыңжылдықтың ортасында  Еуропаның қиыр оңтүстігінде (Испания, Франция және Италия) шығарылды; Олар сызылған ою-өрнекпен әсемделіп, жұмсақ балшыққа салынды. Қыш ыдыстардың мұндай түрі қоңырау тәрізді салынады және мегалит мәдениетіне ара қатынаста  болады. Б.з.д. ІІІ  мыңжылдықтың ортасынан  Еуропа тұрғындары ареалы тарих табалдырығында тұрғанда, Ніл, Тигр және Евфрат өзендерінің  алқаптарында алғашқы жер өңдеушіліік  державалар пайда болды. Бұл Таяу Шығыс, Қосөзен, сонымен қатар Шығыс Жерорта теңіздік мәдениеттерінің ең гүлденген кезі еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Алыстағы «алғашқы қауымдық»  уақыттағы өнердің алғашқы түрлері  пайда болды, алайда тек кейбір бейнелеу өнерінің шығармашылығы көптеген мыңжылдықтарды артқа тастап, бізге дейін жетті. Алғашқы қауымдық бейнелеу өнері үңгірдердің қабырғалары мен күмбездеріне, жартас пен жұмыр тастарға, тас идол, мүсіндер мен рельефтық плиталарға, ірі плиталардан жасалынған мегалиттік құрылыстағы, сүйек пен мүйіздегі ою-өрнектелген бұйымдарда, әртүрлі тәсілмен әшекейленген ыдыстардағы суреттер  барельефтік, нобайлық (сұлбалық) және түрлі түсті болып бөлінеді.

Ең алғашқыда белгілік суреттер пайда болды, мысалы алақан ізі және «макарондар тәрізді», яғни бір-бірімен өоілген әр түрлі  сызықтар. Ол сызықтар саз балшыққа сулы саусақпен басу прқылы немесе тасқа үшкір қырғышпен ою арқылы белгіленді.  Адам өз қолы қалдырған ізден жан-жануарлар тұяғы, аяғы мен тырнақтарының іздерінін сұлбасын көруі де мүмкін еді және  өз ізі арқылы символикалық түрде өзінің аңды жеңгендігін, жеңе алатындығын сурет арқылы бекіткісі келді. Сондықтан да адам жануар бейнелерін салуды үйренген кезде  де қол ізін салуды тоқтатпай, жалғастырғын. Аңшылықтың дамуымен жануар мен адамдардың аңшылық сәттері бейнелене басталды. Неолитте жер өңдеудің пайда болуымен жартасқа ойып салу өнері құлдырай бастады, өйткені сурет салу жазбасы дами бастады. Ою-өрнек салу өнері де гүлденді. Ол дәстүрлі-магиялық сипатқа ие болды және заттарды әшекейлеу үшін одан да көбірек қолданыла бастады.

Жартас өнерінде бес негізгі  бейнені көоуге болады. Олар адам бейнелері, жан-жануар бейнелері,  еңбек құрал  мен қару-жарақ бейнелері, айналадағы жер бейнелері, символдар мен  идеограмма – қайталанып келетін  белгілер: жебелер, таяқшалар, дөңгелектер, крестер, нүктелер және т.б.  бейнелері. Бұл белгілер тек қана бояумен  салынбай, сонымен қатар қашалына бедерленді. Айта кету керек өті  сирек кездесетін белгілер, мысалы өсімдік, гүл, жеміс-жидек және пейзаж бейнелері мүлде аз немесе жоқ.  Алғашқы аңшыларда жануарлар  бейнелеуде сүйікті жануарлар жұбы бар: Еуропада– өгіз-ат; Африкада–піл-жираф.

Кейде ашық жартастарда немесе қасиетті үңгірлерде әр түрлі дәуірлерге жататын суреттерді кездестіруге болады. Кей жерлерде ежелгі суреттер әлі  күнге дейін өастерленіп, ерекше құрметке ие.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Изыскания по мезолиту и неолиту СССР/ред. крижевская Л.Я.–Л.:Наука,1983
  2. Первобытное искусство: у истоков творчества.–Новосибирск:Наука,1978
  3. Памятники первобытного искусства на территории СССР:научное издание/Формозов–2-е издан. дополн.  перераб.–М.:Наука,1980
  4. Первобытное искусство:научное издание/ред. Васильевский,Р.С.–Новосибирск:Наука,1971
  5. История цивилизаций:конспект лекций/Широкова И.Г.–М.:ПРИОР,1999
  6. Общая история европейской культуры:научное издание/под ред. И.М.Гревко.–СПб.:изд. Брокгауз–Ефрон,1913
  7. Алғашқы қауымдық және дәстүрлі өнер:ғылыми басылым/Мириманов Л.Б.–Алматы:Өнер,1989
  8. http:crossmoda.narod.ru
  9. http:demiart.ru
  10. Егоров В.К., Астафьева О.Н., Богатырева Т.Г. Культурология. М.: РАГС, 2009. – 280 с.
  11. Маркова А.Н. "Культурология: История мировой культуры". М.: Волтерс Клувер. 2008 г. – 496 с.
  12. Никитич Л.А. Культурология. М.: Юнити. 2009. – 201 с.

 

8888888http://crossmoda.ол


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша

 

                                  

Садақшы. Жартас кескіндемесі.                                Әр түрлі ракурстағы адам пішіндері.

Альблкасеро іргесіндегі Валлторта                         Петроглиф. Аддора үңгірі. Палермоға жақын

шатқалы.Кастеллон, Шығыс Испания,           Пеллегрино тауы, Сицилия

мезолит.

 

 

                       

Бұғы мен еркек пен әйел.    Қабан аулау. Жартас кескіндемесі.

Петроглиф. Аддора үңгірі.    Куэва Ремиджиа, Гасулла шатқалы.

Палермоға жақын     Кастеллон, Шығыс Испания, мезолит.

Пеллегрино тауы, Сицилия.

 

 

«Үлкен фриз»: аңшылар, бұғылар, тау  текелер. Фрагмент. Жартас кескіндемесі. Альпера. Альбасем провинциясы, Шығыс  Испания. Мезолит

 

Бұғы аулау. Жартас кескіндемесі. Альбокасероға  жақын Валлторта шатқалы. Кастеллон, Шығыс Испания, мезолит.

 

 

 

 

Бұғы, марал және жабайы ешкі. Жартас кескіндемесі. Куэва де ла Арана. Валенсия  провинциясы, Шығыс Испания. Мезолит.

 

Арқанмен жоғары өрмелеген бал  жинаушы, оны бал аралары қоршап алған. Кескіндеме. Арана. Валенсия провинциясы, Испания. Мезолит.

 

 

 Бұқалар, бұғы, маралдар және  билеп жүрген әйелдер. Жартас  кескіндемесі. Когул. Лерида провинциясы,  Испания. Мезолит.

 

Жайран, Петроглиф. Саяқ алқабы. Қазақстан. Б.з.д. VIII–I ғасырлар.

 

 

 

 

 

 

Адам пішіндерінің схемалы суреттері. Петроглиф. Ухтасар. Армения. Неолит

Зооморфтық маска киіп билеп  жүрген әйел. Петроглиф. Хантау. Қазақстан. Неолит

 

 

 

 

 

 

 

 

Адам пішінінің схемалы суреттері. Жартас

Арқарлар, ит және күн көзінің таңбасы. Петроглиф. Талдыбай өзенінің аңғары. Қазақстан. Неолит.

«Шаңғышы» деп аталған сурет. Петроглиф. Рёдёй. Нордланд провинциясы. Норвегтя. Неолит.

Аю. Петроглиф. Афьордағы Финнхаг. Нордланд провинциясы. Норвегия. Неолит.

Бұғы. Петроглиф. Бела. Солтүстік Иренделаг. Норвегия. Неолит.

Аққу. Петроглиф. Сайтан мүйіс. Онега  көлі. Неолит.

Бұғылар. Петроглиф. Арпаузень алқабы. Қазақстан. Б.з.д. VII–II ғасырлар.

 

 

Құлпытасқа салынған адамның бет  әлпетінің мәнерлі суреті.

Морбиан департаменті, Франция. Неолит.

 

 

Гранит дөңбек тасқа салынған масканың суреті. Сакачи Алян. Қиыр Шығыс. Ресей.

Бұландар мен балықтар. Петроглиф. Тас арал. Ангара өзені, Ресей.

Бұлан. Петроглиф. Сакачи Алян. Төменгі  Амур, Ресей. Неолит.

Тас мүсін. 1)  Новочеркасск, 2) казанки, Қара теңіздің солтүстік жағалауы, Украина.

«Өлі аруақтың жебеушісі»

 

       

Фаллия формалы құлпытас.    Әйелдің кеуде мүсіні.

Экои. Нигерия, Африка     Керамика. Қарадепе. Қарақұм, Қазақстан.

 

 

     

Әйелдің керамика мүсіншесі.     Күн тәңірісінің символы.

Глубоке-Мазуфки.. Чехословакия.    Петроглиф. Таңбалы алқабы. Қазақстан.

Б.з.д. ІІ мыңж. басы– І мыңж орт.

Отырған әйел.Тас мүсінше. Халь–Сафлиени. Мальта аралы. Б.з.д. ІІ мыңжылдық. Мальта мұражайында сақтаулы.

Шосылып жатқан әйел. Саз балшық мүсінше. Криничка, Ресей. Б.з.д ІІ мыңжылдық

 

   

Киклад пұты.       Гитара тәрізді жасалған Киклад пұттары.

Мәрмәр. Наксос аралы. Эгей теңізі.   Мәрмәр.

Б.з.д. ІІІ–ІІ мыңжылдықтар. Луврда, Париж  б.з.д. ІІІ–ІІ мыңжылдықтар. Ұлттық мұражайда. Афины.

 

 

 

 


 

Менек менгирлер аллеясы- Карнак мегалит  кешенінің құрамындағы көптеген мегалиттік композициялардың бірі



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кромлех. Стоунхендж. Уилшир, Англия

Неолит дәуірі өнерінің ескерткіштері

  

 

 

 

 

 

Неолит дәуірі мәдениетінің ескерткіштері

 


Информация о работе Мезолит және неолит дәуіріндегі өнер