Мезолит және неолит дәуіріндегі өнер

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 20:25, курсовая работа

Описание работы

Алғашқы қауымдық қоғамда рухани қызметтің барлық түрлері түгел дерлік өнермен байланысты болды және өнер арқылы көрінді. Алғашқы қауым адамының еңбек қызметі үшін үшкірленген тас – оның өміріндегі барлық жағдайда бірдей пайдаланылған осынау әмбебап құрал қандай болса, дамудың бұл сатысында өнер де рухани мәдениеттің дәл сондай аса мәнді аспабы болды.
Алғашқы қауымдығы өнерде айналадағы дүние туралы бастапқы ұғымдар дамытылды. Бұл ұғымдар алғашқы білімдер мен дағдылардың санаға сіңіп, жалғастық табуына жәрдемдеседі, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы болып табылады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
Негізгі бөлім
1. Өнер және homo sapiens................................................................................4
2. Мезолит дәуіріндегі өнер...........................................................................14
3. Неолит дәуіріндегі өнер..............................................................................17
3.1 Неолит дәуіріндегі бейнелеу өнері......................................................18
3.2 Неолит дәуіріндегі мүсін өнері............................................................23
3.3 Неолит дәуірінің архитектурасы..........................................................25
3.4 Неолит дәуірінің қыш ыдысы..............................................................26
Қорытынды............................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................29
Қосымша.................................................................................................................30

Работа содержит 1 файл

курсовая археология.docx

— 9.42 Мб (Скачать)

«...Қоғамдық адамның сезімдері  – қоғмдық емес адамның сезімдерініен  басқаша сезімдер. Тек адамның  ішкі мәнінің нақты өрістелген байлығы арқасында ғана адамның субъективті сезім қабілетінің бар байлығы мейлінше дамыды және ішінара алғаш рет туады: құлақтың музыканы нәзік сезінуі, көздің форма сұлулығының байқағыштығы,–қысқасы, адамның ләззат алуын білдіре алатын және өзән адамның ішкі мәнінің күшті ретінде танытатын сезімдер дамиды және ішінара алғаш рет пайда болады. Өйткені бес сыртқы сезім ғана емес, сонымен бірге рухани сезімдер, практикалық сезімдер деп аталатындар да (ерік, махаббат және т.т.) – бір сөзбен айтқанда, адамға тән сезім атаулы, сезімнің адамға тәндігі – тек нақты бір заттың табиғатта бар болуы, табиғаттың адамға тәуелденуі арқасында пайда болады. Бес сыртқы сезімнің пайда болуы – бұл осыған дейін өткен бүкілдүниежүзілік тарихтың жұмысы. Дөрекі практикалық қажеттің бұғауындағы сезімнің мағынасы шектеулі болмақ.

Маркстің бұл ескертпесі өнердің адамды адам ету (сапиенстену) процесінде: сезім мүшелерін адамға лайықиап жетілдіруде және рухани негіздердің  тууында елеулі роль атқарған факторлардың бірі ретіндегі маңызы турасындағы  қорытындыларды толық дәлелдейді, өйткені адамның ішкі мәнінің нақты өрістетіле неғұрлым толық көрінуі нақ өнерде ғана бейнеленеді.

Даму дәрежесі алғашқы  қауымдық қоғамдағымен ұқсас деп  есептелетін осы замандағы халықтардың  мәдениетін, сондай-ақ кейбір археологиялық  материалдарды зерттеу адамның утилитарлық және ойын қызметінің арасында тығыз байланыс бар екені туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, аңшылықпен күнелтетін халықтардың түрлі ойындары, билері және театрға ұқсас ойын-сауықтары олардың еңбек қызметінің негізгі түрі – аңшылықпен тікелей байланысты. Бұлар, атап айтқанда,  түрлі аңдардың терісін киіп алып, солардың даусына, жүріс-тұрысына салып, найза лақтырып, садақ тартып, театрға ұқсас ерекше ойын-сауық қою, би билеу және т.б. Көркемдің және еңбек қызметінің сан алуан түрлері арасындағы мұндай  байланыс жер шарының барлық бөдіктерінлегі егінші және малшы халықтарда да байқалады.  Г.В.Плехановтың атап көрсеткеніндей, «алғашқы қауым аңшысының көркемдік қызметінің сипаты тіршілікке керек заттарды өндіру және жалпы алғанда шаруашылық қызметті ол өнер тумастан бұрын басталғанын, мұның өзі өнерде өте айқын із қалдырғанын ешбір күмәнсіз дәлелдейді». Жеке алынған әрбір ретінле көркемдік қызметтің нақты бір формаларының соған сәйкес өндірістік процесстермен белгілі бір байланысы бар екендігі жөнінде толып жатқан мысалдар келтіруге болады.

К.Маркс еңбекті: «Адам  мен табиғат арасында болып жататын процесс, адам өзінің қызметі арқылы өзі мен табиғат арсындағы зат алмасуды жүзеге асырып, реттеп және бақылап отыратын процесс»,–деп сипаттады. Адамдардың еңбек қызметі әрқашан тарихи нақты бір заманда өтіп жатады; бұл заманның өзіне лайықты өндіргіш күштерінің белгілі бір дәрежесі мен осы дәрежеге сәйкес өндірістік қатынастарлы болады.

Жануарлардан өзгеше, адам әрқашан бірдеңені жасағанда, оны саналы мақсатты түрде, өзінің қажеттерін өтеу үшін жасайды. «Тоқымашының қолынан келетін операцияға ұқсас операцияны өрмекші де істей алады, ал бал арасы өзінің балауыз ұяларын жасағанда кейбір архитектор-адамдаран да асып түседі, – деп жазды К.Маркс,–бірақ ең жаман архитектордың ең жақсы бал арасынан айырмашылығы ең алдымен мынада: ол балауыздан ұялар жасамастан бұрын, оларды әуелі өзінің басында оймен жасап алады... Адам табиғат берген нәрсенің формасын өзгертіп қана қоймайды; табиғат берген нәрседе адам сонымен бірге  өзінің саналы мақсатын да жүзеге жүзеге асырады, ал бұл мақсат заң ретінде оның іс-әрекетінің әдісі мен сипатын белгілейді,  бұл мақсатқа ол өзінің еркін бағындыруға тиіс». Материалдық өндіріс қоғам тіршілігінің негізі және оны одан әрі дамытудың өмірлік қажеті болып табылады. Материалдық өндіріс негізінде адамзат қызметінің басқа негізінде адамзат қызметінің басқа формалары тарихи пайда болып, қалыптасты. Еңбек етудің ой еңбегі иен дене еңбегі болып қоғамдық бөлінісі нәтижесінде рухани өндірістік материалдық өндірістен оқшауланып шықты.

Өндірістің материалдық  саласында да, рухани саласында да еңбектің затқа айналу «саналы мақұлық түрі ретінде адамның өзін-өзі таныту... «процессі өтіп жатады, онда «адам өзін...интеллект жағынан ғана емес..сонымен бірге реалды түрде де, қызмет тұрғысынан да екі есе өсіреді, сөйтіп өзі жасаған дүниеде өзін өзі пайымдаумен болады». Рухани өндірістегі өнімнің қаттылық сипаты материалдық өндірістегіге қарағанда мүлде басқаша болады. Материалдық өндірісте заттар олардың қандай практикалық мақсаттарға арналғанына қарай «бөлініп» жатады; ал рухани өндірісте шыңдық қайта жаңғыртылады, сөйтіп рухани-практикалық қызметтің нәтижесінде не заттардың көмегімен, не сол заттардың өзінде бейнеленіп отырады.

Рухани өндірістің өзінде сананың шындықты бейнелей алуы жатады; ал бұл бейнелеу әрі таным процессі, әрі игеру процесі болып табылады. Рухани өндіріс процесінде идеалдық қызметтің әрбір түрі дүниені  өз әдісімен игереді. Саясаттың, құқықтың, моральдың, діннің – бұлар да рухани қызмет түрлері болып табылады –  өз бейнелеу әдісі бар. Өнер дүниені  бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге, белгілі бір мағынада алғанда, өзінің заңдары бойынша оны жасайды да.

Қоғамның  таптарға бөлінуі  және еңбек бөлінісі нәтижесінде  рухани өндіріс үстем таптардың  еншісіне айналды; рухани өндіріс қызметтің  кәсіби формасына ие болды.

К.Маркс былай деп көрсеткен  болатын: еңбек процесінде ой еңбегі мен дене еңбегі бірігіп кетеді, бірақ кейіннен, еңбек бөлінісі нәтижесінде, олар «адырасып, бір-біріне дұшпан, қарама-қарсылыққа дейін жетеді». Бұл «ажырасу»  қоғам дамуының белгілі бір сатысында  туды, сондықтан, ой еңбегі мен дене еңбегін туғызған әлеуметтік өмір жағдайлары сияқты, оның да өткінші сипатты бар.

Жай еңбек ету емес, жай  еңбек құралдарын жасау емес, тек  ерекше құралдар жасай білу ғана адамның  шығармашылығымен шұғылдануына: кескіндеме өнерімен айналасуына, тасты қашап, сүйекті оймыштап сурет салуына мүмкіндік берді.

Алғашқы қауымдық адамының дөрекі қашаудан бастап тас бетіне бедерлеп алғашқы суреттерді түсіруге пайдаланылған үшкір нәзік кескішке дейінгі жолдан өтуіне жүздеген мың  жыл қажет болды. Адамның екі қолының епсектілігін жетілдіріп, көркем шығармашылыққа қабілетті еткен де сол қызмет. «Сонымен, қол адамның еңбек ететін мүшесі ғана емес, сонымен бірге қолдың өзі де еңбектің жемісі болып табылады. Тек еңбектің арқасында, жаңа операцияларға барған сайын икемделудің арқасында, бұлшық еттердің, сіңірлердің және өте ұзақ уақыт бойы сүйектердің де осылай үнемі жетілуінің тұқым қуалай отырып,  жаңа ұрпақтарға берілуі және ұрпақтан ұрпаққа ауысқан осы жетілудің нәтижесін анағұрлым  қиын даңа операцияларды атқаруға одан сайын көп пайдаланудың арқасында – тек осның бәрінің арқасында ғана адамның  қолы барынша  жетіліп, ол бейне бір смқырлы күшпен істегендей, Рафаэль картиналарын, Торвальдсен мүсіндерін, Паганинидің музыкасын дүниеге келтірді».

Сонымен бірге, әрине, адам қолының  жетілуі және тас пен сүйектен жасалған біршама тәуірлеу құралдардың  болуы бейнелеу өнері  туыдыларын жасау үшін, әсіресе, бейнелеу идеясының  тууы үшін жеткілікті еді деп ойлау  дұрыс та болмас еді.

Көп ретте өнердің тууы проблемасын шешкен кезде, бейнелеу қызметінің басталуына ненің түрткі болғанын, алғашқы қауым адамының белгілі бір заттарды әсемдеп  бейнелеу мүмкіндігін алғаш рет  қалай пайымдағанын анықтауға тырысады. Адамды бейнелеу туралы ойға нақты  итермелеген не нәрсе, аңызға айтылғандай, бүкіл әлемдік тартылыс заңын  ашуға себепкер дейтін кәдімгі алма не болғаны?

Қызғылықты сауал, бірақ  оған жауап табуға тырысқанмен, біз  істің мәнін анықтауда ілгері баса алар ма екенбіз. Бейнелеу ұызметіне  адамның өз денесін бояуы түрткі салды ма екен, әлде денені әшекейлеу  мен нақыштау пайда болардан бұрын  адам тастың әлдеқалай көзге шалынған нобайын қайсыбір хайуанның таныс  сұлбасына ұқсатып, соған өзінің түзетулерін енгізді ме екен, мұны кім білсін?! Немесе, мүмкін, адам саусағымен құмды немесе саз балшықты жайдан-жай  шимайлап отырып, кенет тек өзіне  ғана түсінікті бір контурларды  байқаған шығар? Әлде сұлбалы кескіндеменің  негізі–кәдімгі көлеңке, ал дененің  кәдімгі ізі мүсіндеудің түпнегізі  болды ма? Бұл сауалға айқын жауап беру, тегінде, мүмкін емес. Әрине, біздің өз тағамымызға қарай белгілі болжамды өзгелерінен арттырақ санауымызға болады, бірақ бұл дұрыс емес секілді, өйткені адам баласы бейнелеу идеясына жалғыз ғана жолмен емес, толып жатқан жолдармен келуі де мүмкін, олардың ішінде біздің қаперімізге де кірмейтін жолдар болуы да ықтимал. Қалай дегенмен де, бұл арада, Ньютон  тап болған оқиғадағы сияқты, істің  мәні, тегінде, алманың піскендігінде емес, ойдың пісіп жетілгендігіне болса керек, сезімдік тәжірибені жинақтауда белгілі бір дәрежеге жетуде, жалпы ойлаудың дамуында, осылай ойлау арқылы алғашқы қауым адамының заттардың өзін ғана түйсініп қабылдап, танып біліп қоймай, сонымен бірге соларға ұқсас нәрселерді де, олардан бөлекше форманы да зерттеп қабылдап, танып білуінде болса керек.

Ең алғашқы   түсініксіз шимай-шатпақтардан бастап бірдеңені  азды-көпті ұқсайтын нобайға дейінгі  бала салған суреттің біртіндеп жетілуін байқап қарайтын болсақ, балаға таза әдісқойлық дағдылардан басқа, тағы да зер сала көрңп алудын, ішкі тәртіптің,–ал мұнсыз бірде-бір сызықты қажетті бағытта сыза алмайсыз,–жетпей жататынын  көруге болады. Алғашқы қауым адамында икемді қолмен, жақсы құралмен және жетік ойлаумен бірше  бірдеңеге азды-көпті ұзақ зер салып қарауға, іштей тәртіптілікке, өзін  өзі шектеуге қабілеттілік, яки әлеуметтік адамның қасиеттері болуға тиісті еді.

Бұдан басқа, бейнелеу қызметінің пайда болып, алғашқы кезде дамуы  шарттарының бірі адамның бос  уақытының барлығы және отырықшылыққа  көшуі болып табылады деп есептеу керек. Бқл екеуінің тіршілік үшін күресте күштердіңң белгілі бір тепе-теңдігіне жетуден бұрын пайда бола алмағанын түсіну қиын емес. Сүйектің бетіне оймыштап өрнек түсіру немесе тасты қашап бедерлі сурет салу сияқты  еңбекті көп тілейтін, машаұатты жұмыста ұзақ күндерді өткізу үшін алғашқы қауым адамының кейбір қажетті жағдайлары болуы керек еді, оның ішінде өзінің қауіпсіздігін түсінуі, сонан соң тіршілікке қажетті заттармен ішінара болса да қамтамасыз қажет еді. Мұндай жағдайға табиғатпен күресте адамның қажетті құралдармен жарақтануының өсуі біршама тұрақты шаруашылық ұжымдарының қөмір сүруіне мүмкіндік берген кезде, аң аулаудың жаңа әдістері азықтың мол қорын жасауға жағдай туғызған кезде ғана қол жететін еді. Бұл қорлардың қандай болуы  ықтимал екенін соңғы палеолит адамының мекен-жайы орнынан табылған әр түрлі жануарлар сүйектеріне қарап мөлшерлеуге болады. Пржемост (Моравия) өңіріндегі сондай бір жерден тоғыз жүзден астам мамонттың сүйектері, Солютреде–он мыңдай бизонның сүйектері табылды.

Үңгір өнерінің дамуы мен  ірі жануарларды аулауға көшудің  арасындағы байланысты алғашқы қауымдық өнер жөніндегі белгілі маман  Арни Брейль атап көрсеткен болатын. Брейль бұны кездейсоқ байланыс емес деп есептеп, оның себебін ірі жануарларды аулауға көшу адамның қиялы мен малшылығын жетілдіргендігімен, «адамның жадын пішінлік өнердің ғажап бейнелерін жасауға қажетті жанды, терең әрі ұмытылмас әсерлермен байытқандығымен» түсіндірді. Алайда, жабайы жануарлады аулаумен байланысты жоғарыда айтылған жайттардың барлығы, аңшылықтың өзі сияқты, үңгір өнері тумастан көп бұрын болған. Тек жоғарғы палеолит дәуірінде өжымдық аңшылықтың тың әдістері жаңа, аса елеулі факторларды туғызды–азықтың артылып қалуына жеткізді, сөйтіп адамды тіршілік қажеттері туралы мазасызданудан босатты.

Бейнелеу өнерінің тууынан  жасампаздық қызметті жалғастыру, жұмыстың өзге формасына көшу байқалады.

Бос уақыт проблемасы тұрғысынан ал,анда, тікелей практикалық мақсатқа арналмаған бұл қызметті кейбір зерттеушілер артылып қалған энергияны жұмсау деп санайды. Бұл, атап айтқанда,  оларға өнердің «бастауы ойын ойнауға  итермелейтін импульстерде» деп  есептеуге негіз береді. Әйтсе  де, ойын мен өнерде ортақ элементтердің  болуы өнерді «ынтасыз ойнаған ойын» (Шиллер, Спенсер және басқалары) немесе бұл қызмет «адамдардың екінші біреулердің  сезімдеріне еліктеу қабілетіне «негізделген деп санаған. Л.Толстойдың өнер жөнінде жиі қолданған сөзімен  айтсақ–«ермек» деп жалпы анықтама беруге жеткілікті негіз бола алмайды. Бірақ, Выготскийдің әділетті айтқанындай, «Өнер...әуел баста тіршілік үшін күресте  аса қуатты құрал ретінде туады, ендеше, әрине, өнердің ролі тек сезім  коммуникциясына әкеліп сайылады деген  ойға, өнер ол сезімге ешқандай өктемдік жүрізбейді деген ойға жол беруге болмайды. Егер де өнер...бізді тек көңілдендіре алса немесе жабырқата алса, онда ол ешқашан да сақталмас еді, ол біз мойындауға тиісті қазіргі маңызына ие бола алмаған болар еді». Бұл арада біз ең күрделі сауалдардың біріне келіп тіреліп отырмыз: өнер дегеніміз не?  Оның міндеті неде?

Өнердің талдауды көтермейтін  таха метафизикалық түсіндірулерін былай қоя тұрып , тарихи материалдарды  талдауға негізделген және огы генезис  проблемасымен байланыстыра алып қарастыратын анықтамаларға зер салып көрелік.

Мысалы, «имитация теориясы»  деп аталатын теория өнерге еліктеу  инстинктінің көрінуі деген анықтама береді. Өнерде еліктеу элемменті, шынында  да, бар жыне ол алғашқы қауым  өнерінде ерекше айқын сезіледі. Жоғарыда айтылғандай, бидің әр түрлі формалары:аңшылық, әскери және басқа билер – жануарлардың қимыл-дағдыларына және соғыспен, аңшылықпен және т.б. байланысты іс-әрекеттерге еліктеуге негізделген. Алғашқы қауымдық өнерді де, әсіресе, оның ертеректегі натуралистік сатысын, белгілі бір мағынада, осы тұрғыдан алып қарауға болады.

Екінші бұл теория бойынша  өнер «әсемдік инстинктінің» бейнесі, нәпсіні сездіру құралы деп есептеледі. Денені әшекейлеу – бояу, нақыштау және т.б. – дамудың алғашқы қауымдық сатысындағы халықтардың басым көпшілігінде болған. Бұлар өте көне замандарда туған деп есептеуге барлық негіз бар. Ал тағып жүретін түрлі әшекейлерге: моншаққа, алқаға, сақинаға. Салтыншаққа және т.б. келетін болсақ–олар, жұртқа мәлім, «жабайы» халықтар деп аталатындарда ғана кең таралмаған, сонымен бірге дамыған осы замандағы қоғамда да толық сақталып келеді. Денені түрлі түске бояу дәстүрінен өзгеше, әшекейлерді тағудың көнелігі жоғарғытпалеолит дәуіріне жататын көптеген археологиялық материалдарымен тікелей дәлелденеді. Құралдар мен тұрмыс заттарын оюлар, пішіндеп безендіру де сондай көне дәстүр болып табылады. 

Информация о работе Мезолит және неолит дәуіріндегі өнер