Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 20:25, курсовая работа
Алғашқы қауымдық қоғамда рухани қызметтің барлық түрлері түгел дерлік өнермен байланысты болды және өнер арқылы көрінді. Алғашқы қауым адамының еңбек қызметі үшін үшкірленген тас – оның өміріндегі барлық жағдайда бірдей пайдаланылған осынау әмбебап құрал қандай болса, дамудың бұл сатысында өнер де рухани мәдениеттің дәл сондай аса мәнді аспабы болды.
Алғашқы қауымдығы өнерде айналадағы дүние туралы бастапқы ұғымдар дамытылды. Бұл ұғымдар алғашқы білімдер мен дағдылардың санаға сіңіп, жалғастық табуына жәрдемдеседі, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы болып табылады.
Кіріспе.......................................................................................................................3
Негізгі бөлім
1. Өнер және homo sapiens................................................................................4
2. Мезолит дәуіріндегі өнер...........................................................................14
3. Неолит дәуіріндегі өнер..............................................................................17
3.1 Неолит дәуіріндегі бейнелеу өнері......................................................18
3.2 Неолит дәуіріндегі мүсін өнері............................................................23
3.3 Неолит дәуірінің архитектурасы..........................................................25
3.4 Неолит дәуірінің қыш ыдысы..............................................................26
Қорытынды............................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................29
Қосымша.................................................................................................................30
Скандинавиядв және Еуропаның
солтүстік, солтүстік-шығыс аймақтарында
палеолиттік аңшылардың мәдениеті
соңғы мадлен суретшілері Франция
мен Испания жеріндегі
Солтүстік Еуропаның ежелгі
өнер ескерткіштері Норвегия жерінде.
Бұл негізінен алғанда ашық аспан
астындағы жартастар мен
Скандинавияда жартас өнерінің дәстүрлері викингтер заманына дейін сақталған. Осы соңғы дәуірдің петроглифтері Скандинавияның оңтүстігінде, Мальме мен Стокгольмнің арасында. Бұл металмен таныс және егіншілікпен щұғылданатын халықтардың өнері. Көптеген схемалық таңбалардың, өрнектердің, ою мотивтерінің арасында көп ескекті кемелердің, қарапайым соқалардың, күйме арбалардың суреттері кездеседі.
Скандинавияның оңттүстігінде схемалы өнер кең қанат жайып жатқанда, Еуропаның солтүстік-шығысында: Ақ теңіз аймағы мен Онега көлінің жайпақ гранит жағалауларында неолит дәуірінің аңшылары щұбатылып кетіп бара жатқан бұландардың, балықтар мен суда жүзетін құстардың нәзік сұлбаларын, адамның нобайлана салған пішіндерін тасқа қашап түсіріп жатқан. Бұлардың мәнін бағы заманнан қалған жергілікті аңыз-ертегілермен байланыстырып қана түсіндіруге болады болады деп есептейді.
Стиль жағынан алғанда негалық және ақтеңіздік петроглифтер Норвегияның анималистік өнері мен Скандинавияның оңтүстігіндегі схемалы петроглифтердің ортасындағы аралық топқа жатады.
Солтүстік жартастардағы
суреттер, басқа мақсаттармен бірге,
магиялық мақсаттарға да қызмет еткен
деп жорамалдауға болады. Норвегияның
петроглифтері арасында екі бұланның
пішініде алғашқы қауымдық еуропалық
өнер үшін мүлде жаңа, бірақ басқа
континенттердің нерінде
Сібірдің жартас суреттері арасында дде кеудесіне қайсыбір таңбалар азды-көпті анық түсірілген пішіндер бар. Кейде мүйізді ірі қара пішінінің сұдбасы ішіне дәл сондай кішкене пішіннің сұлбасы айқын салынады, бұл тегі, іштегі бұзау болуы керек. Сібірдегі бұл петроглифтер әр түрлі дәуірлерде жасалған; сұлбаның ішінде штрихтары және белгісіз сызықтары бар суреттер («қаңқа стилі» деп аталатын суреттер) металл дәуірінде салынған деп анықталғанымен, бұл дәстүр неолит дәуірінен бастау алады.
Неолит дәуіріндегі және одан да көп кейінірек уақыттағы жартас өнерінің ескерткіштері оқта-текте барлық жерден кездеседі. Неолиттің, қола дәуірінің және темір дәуірінің бас кезінің схемалық бейнелері Испания мен Португплияның жартастарына да қашап түсірілген; ондай бейнелер Англия мен Ирландиядағы, Италия мен Скандинавиядағы бейіттірдің тас блоктарын да безендіріп тұр. Ерте замандардан қалған мазарлардың тас тақталарынан шеңбер, крест, спираль, свастика, жарты ай және ай, күн тәрізді, тағы басқа символдар түріндегі мейлінше көп таралған ойып, кертіп түсірілген таңбалардан басқа, адамдар мен жануарлардың мәнерлі бейнелерін, ескекшілер отырған қайықтардың, ат жегілген күймелердің, шеру тартқан топтардың суреттерін, кіндіктес шеңберлерден, ромбылардан, спиральдардан және күрделі геометриялық пішіндерден құралған әр түрлі ою-өрнек мотивтерін кездестіруге болады. Бретаньда, Морбиан департаментінде, үш жүзден астам бейіттің тас блоктарында әр түрлі бейнелер ойып салынған, кейбір реттерде олар тұтас өрнек болып тастың бетін түгел жауып тұрады. Спираль, лента түріндегі ою-өрнектерден басқа, тас балталардың, қанжарлардың, кемелердің, адам табанының және т.б. суреттерін көреміз. Төрт бұрышты тас тақтаның бейітінен адамның бет-жүзінің өте-мөте мәнерлі бейнесін ажыратуға болады. Орындалу тәсілі, ең бастысы – мәнерлеп салынуы жағынан алғанда бұл бейнелер Амурдың және оның бір тармағы Уссуридің Хабаровскіге жақын тұсындағы гранит жартастарға ойып салынған адамның бет-жүзінің бейнелеріне ғажап ұқсас.
Ресей территориясында, скандинавиялық кешенге қосылатын Онега көлі мен Ақ теңіз аймақтарының жартас суреттерінен басқа, жартас өнерінің ескерткіштері қырым мен Кавказдан, Орал мен Сібірден, Орта Азия мен Қиыр Шығыстан табылды. Әзірге толық зерттелмеген осы материалдардың барлығы сол жерлерді бағы заманда мекендеген тайпалардың тарихымен, тұрмысымен, діни нанымдарымен, фольклорымен танысу үшін таптырмайтын материал береді.
Ангара өзеніндегі Тас аралдарының петроглифтері, көркемдік ескерткіш ретінде, өнер тарихы үшін өте бағалы. Бағы замандардағы анималистік суреттер жайында А.П.Оклавников бейнелі баяндаған. «Тас аралдардың жартас суреттері бізге құрып кеткен тайпалардың аңыз-ертегілерін ғана емес, сонымен бірге эстетикалық әлемін де жеткізген... Суретнамаларда бұлан бейнесіне негізгі роль да емес, тіпті тым басымырақ роль берілсе де, бұлан пішіндері бірінен соң бірі, ұшы-қиырсыз қайталана берсе де, оған қараудан көзіміз талмайды, зейініміз қажымайды. Жануарлардың пішіндері мейлінше дәл берілгені соншалық, оларда бейнеге жан бітіретін байқағыштық пен тапқырлықтың көртігі соншалық! Неолит дәуірінің суретшісі бір ғана айқын белгімен, сызықтарының бір өзіне ғана тән иілуімен-ақ аңның ең елеулі, еі басты сипатын көрсетіп, құлық-мінезін де бере білген... Нақ сол жануарлардың бір өзіне ған тән дөңкиген шоқтығы, сидам ұзын сирақтары, көп ретте үшкір келетін тұяқтары ерекше бадырайып көрсетіледі». Автор былай деп әділетті тап көрсеткен: «Бағы заман кескіндемешісінің суретіндегі ықшамдылық күші мен тапқырлыққа қазіргі заманның анималист-шеберлері де қызығар шығар еді. Оның шығармалары қатал эпикалық күшке толы. Олар шын мағынасында монументалды туындылар».
Бұл суреттердің реалмстік
стилі, олардың арасында көп пішінді
композициялар мен адамның
Заман өткен сайын мұнда да дүниені реалистік тұрғыдан сезінудің орнын жинақтап, жанамалап ойлау баса береді. Кейінгі қат-қабат қосымша суреттерде баз-баяғы сюжеттер басқаша беріледі. «Ерте замандардағы дөрекілеу болса да, «реалдылыққа» ұмтылатын жайдары түсіндірудің орнына жаңа, анағұрлым шартты түсіндіру әдісі келді. Тас аралдардың жартасындағы аңдардың суреттері басқа, неғұрлым жинақталған, ұстамды формаларға ие болды». Кавказ бен Орта Азияның мезолиттік және неолиттік мәдениеттері еліміздің оңтүстігінде мүлде басқаша жағдайларда қалыптасады. Алайда, мұнда да жартас өнері стильдік дамудың дәл сондай сатыларынан біртіндеп өтеді. Қобыстан тауында (Әзірбайджан) жатастағы үлкен композицияның петроглифтері осы өнердің мезолиттің бас кезінен б.з.д. ІІ мыңыншы жылдың ортасын дейінгі – он мың жылдай уақыт бойғы–даму жолына көз жүгіртіп өтуге мүмкіндік береді.
Төмен жағындағы өте көне
қабаттарда адамның сұлбасы тастың
бүкіл бетіне оймыштап түсіріліп, жылтырата
тегістелген, мұның өзінде адамның
пішіні натуралды көлемінде берілген.
Мезолиттің аяқ кезеңінде оймыштау
әдісі оңайлай түседі–
Бейнелеу формаларындағы бұл сарын-жанды, жеке, табиғи формалар мен нақты оқиғаларды дәл, әсерлі бейнелеп, олардың мәнін ұғуұп тырысудан жалпы құбылыстарға, жалпы жай схемаға, сайып келгенде, тағбаға дейін барлық жерлерде байқалады. Өнердің эстетикалық және басқа қызметі біртіндеп кейірге шегініп, коммуникативтік, мемориалдық мәніне орын береді.
Неолиттің аяғынан бастап өнер жаға сюжеттермен барған сайын байи береді, сонымен бірге оның бейнелеу тілі де барған сайын ортақ, ауқымды тілге айналып, бейнелілігін, тапқырлығын, әсерлілігін жоғалта бастайды. Қоршаған дүниені түсініп, ұғу процессінің: «рухы берілсе болды, бейненің қажеті жоқ» деген бір циклі аяқталады. Таңба, символ – бұл жанды өнер емес, оның тас болып қайтып ұалған нәтижесі.
Көркемдің формалары қатаң
ережеге бағындырудың ұзақ процесі
дамудың мүлде баяулағандығының
немесе тоқтап қалғандығының дәлелі
болды; бұл процесс әрқашан дерлік
өнердің кері кетуімен, стильдің құлдырауымен,
көркемдік және орындаушылық шеберліктің
біртіндеп жоғалуымен аяқталып отырған.
Мұның барлығы шығармашылық мақсаттың
түбегейлі өзгеруінің салдары болып
табылады. Бір замандарда рухани күш-жігер
ширыққан жағдайда туындату актісі ретінде–істелген
көркемдік процесс енді дағдылы
еңбек процесіне – белгіленген
нұсқа бойынша бұйымдар жасауға
айналды. Бұл ретте өнердің тамыры–оның
демеушісі–қоршаған дүниенің сан алуандығында
емес, өйткені енді жанды өмір
Мәнерлендіру, жұмысты оңайлату, шаблонға айналдыру сарыны ең алдымен бір типтес бұйымдарды азды-көпті жаппай өндіру қажет болғанда орын алады. Бұл мағынада алғанда бағы керамика мейлінше көрнекі мысал болып табылады; ол өзінің бір типтестігі мен сәндік элементтерінің баяу дамығандығы арқасында археологиялық бағдар беріп отып (мысалы, солтүстік неолиттің керамикасына ойлы-қырлы өрнек салу тән, сол себепті де солтүстіктегі орман неолитінің бүкіл мәдениеті «ойлы-қырлы керамика мәдениеті» деп аталған).
Қарапайым қатаң ережеге бағындырылған өнердің ертедегі ескерткіштері қатарына Еуропаның оңтүстік аймақтары мен Жерорта теңізі өңіріндегі кең тараған антропоморфтық тас мүсіндер, оның ішінде Қара теңіздің солтүстік жағалауындағы «тас мүсіндер» жатады; тік тұрған бұл тас мүсіндер басы біршама айқын нобайланып, екі қолы кеудесіне қойылып бейнеленген. Қосымша элементтердің ішінен (садақ, күрзі, асатаяқ) белбеу мен адам табанының бейнеленуі қатағ ережеге бағындырылған; соңғысы, әсіресе, қола дәуіріне тән. Тас тақталардағы адамның жынысын әрқашан ажырата беру қиын, алайда кейбір жанама деректерге қарағанда, неолиттік және одан кейінгі дәуірлердегі антропоморфтық мүсіндердің көпшілік бөлігі олардың орысша атауына–«тас қатын» деген атауға сәйкес келеді.
Францияда мұндай бейнелер тек тас тақталарда ғана емес, сонымен бірге көптеген үңгірлердің қабырғаларына оймыштап салынған бедерлі суреттер түрінде де кездеседі; олар неолиттік тәңірияның–«өлі аруақ жебеушісінің» бейнесі деп есептеледі.
Тұңғыш рет ориньяк дәуірінде жұмыр мүсін түрінде пайда болған әйел мүсіндері кейініректе (мадлен дәуірінде) геометриялық таңба ауысты–онда әйелдің жыныс мүшесі схемалы түрде ғана берілді; бұл бейнелер мезолит дәуірінде оқта-текте ғана кездесіп, неолит пен қола ғасырының өнерінде қайтадан маңызды орын алды.
Тұтас алғанда неолиттік
өнер өмір шындығынан барған сайын
алыстап, жаңа, анималистік ұғымдарды
бейнелейтін символдарды
Қарапайым тас мүсіндер дәстүрлі Киклад аралдарындағы мәрмәр тастан қашалған пұттардан бастап Қара теңіздің солтүстік жағалауындағы тас мүсіндерге дейін, одан ары бұдан да гөрі қарапайым ескерткіштерге, тас бағандарға – мүлде қарапайым мегалиттерге дейін кетеді; бұл тас бағандар б.з.д. IV–III мыңжылдықтарда Таяу Шығыста жасала бастаған.