Мезолит және неолит дәуіріндегі өнер

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 20:25, курсовая работа

Описание работы

Алғашқы қауымдық қоғамда рухани қызметтің барлық түрлері түгел дерлік өнермен байланысты болды және өнер арқылы көрінді. Алғашқы қауым адамының еңбек қызметі үшін үшкірленген тас – оның өміріндегі барлық жағдайда бірдей пайдаланылған осынау әмбебап құрал қандай болса, дамудың бұл сатысында өнер де рухани мәдениеттің дәл сондай аса мәнді аспабы болды.
Алғашқы қауымдығы өнерде айналадағы дүние туралы бастапқы ұғымдар дамытылды. Бұл ұғымдар алғашқы білімдер мен дағдылардың санаға сіңіп, жалғастық табуына жәрдемдеседі, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы болып табылады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
Негізгі бөлім
1. Өнер және homo sapiens................................................................................4
2. Мезолит дәуіріндегі өнер...........................................................................14
3. Неолит дәуіріндегі өнер..............................................................................17
3.1 Неолит дәуіріндегі бейнелеу өнері......................................................18
3.2 Неолит дәуіріндегі мүсін өнері............................................................23
3.3 Неолит дәуірінің архитектурасы..........................................................25
3.4 Неолит дәуірінің қыш ыдысы..............................................................26
Қорытынды............................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................29
Қосымша.................................................................................................................30

Работа содержит 1 файл

курсовая археология.docx

— 9.42 Мб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігі

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды  мемлекеттік университеті

Тарих факультеті

 

Археология, этнология және Отан тарихы кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мезолит және неолит дәуіріндегі өнер

 

 

 

 

Орындаған: ИО-11 тобының студенті

Нурмангалиев Е.У.

Тексерген: АЭжәнеОТ кафедрасының оқытушысы

Шохатаев О.С.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2012

Мазмұны:

Кіріспе.......................................................................................................................3

Негізгі бөлім

  1. Өнер және homo sapiens................................................................................4
  2. Мезолит дәуіріндегі өнер...........................................................................14
  3. Неолит дәуіріндегі өнер..............................................................................17
    1. Неолит дәуіріндегі бейнелеу өнері......................................................18
    2. Неолит дәуіріндегі мүсін өнері............................................................23
    3. Неолит дәуірінің архитектурасы..........................................................25
    4. Неолит дәуірінің қыш ыдысы..............................................................26

Қорытынды............................................................................................................28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................29

Қосымша.................................................................................................................30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Алғашқы қауымдық және кейбір халықтарда осы уақытқа дейін  сақталған «жабайы», немесе дәстүрлі өнер деп аталатын өнер территория жағынан барлық континенттерді, ал хронологиялық жағынан – homo sapiens өмір сүріп келек жатқан заманды түгел қамтыды. Алғашқы қауымдық өнер тарихы өнердің туу проблемасын қамтиды және палеолит дәуірінің бізге мәлім көркем туындыларының ішінен ең көнелерінен бастап оның осы таяу уақытқа дейін мәдени және әсеуметтік-экономикалық дамудың алғашқы қауымдық сатысында болып келген осы замандағы кейбір халықтардың өнер ескерткіштеріне дейінгі бірнеше ондаған мың жыл бойғы дамуының кезеңдерін алып қарастырады. Басқаша айтқанда, бұл өнердің дамуындағы иаптар пайда болғанға дейінгі кезеңнің тарихы; бұл кезеңде біздің көркем шығармашылық деп атайтынымыз әлі кәсіби еңбек қызметінің дербес түріне айнала қойған жоқ-ты.

Өркениет заманындағы  өнерден өзгешелігі, алғашқы қауымдық өнер мәдениеттің бөлек бір дербес саласын құрамайды. Алғашқы қауымдық қоғамда көркемдік қызмет мідениеттің сол кезде бар формаларының бәрімен: мифологиямен, дінмен тығыз байланысып, қат-қабат келіп жаталы. Көркемдік қызмет бұлармен ажырағысыз бірлікте болады да, алғашқы қауымдық біртұтас мәдени кешен деп аталатында құрайды.

Алғашқы қауымдық қоғамда  рухани қызметтің барлық түрлері  түгел дерлік өнермен байланысты болды және өнер арқылы көрінді. Алғашқы  қауым адамының еңбек қызметі  үшін үшкірленген тас – оның өміріндегі барлық жағдайда бірдей пайдаланылған  осынау әмбебап құрал қандай болса, дамудың бұл сатысында өнер де рухани мәдениеттің дәл сондай аса мәнді аспабы болды.

Алғашқы қауымдығы өнерде айналадағы дүние туралы бастапқы ұғымдар  дамытылды. Бұл ұғымдар алғашқы  білімдер мен дағдылардың санаға сіңіп, жалғастық табуына жәрдемдеседі, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы болып табылады. Материалдық дүниені қайта өзгертетін еңбек адамның қаз-қалпы табиғатпен мақсатты күрес жүрзізуінің құралына айналды. Айналадағы дүние туралы ұғымдар жүйесін тәртіппен, әлеуметтік және психикалық процестерді реттеп, бағыттап отыратын өнер адамның қоғамыындағы хаоспен күресу құралы ретінде қызмет етті.

Осы курстық жұмыста өнер мен homo sapiens арасындағы байланыс, өнердің пайда болу проблемасы мен себебі, Мезолит пен неолит дәуірлерінің өнері мен оның дамуы туралы жазылмақ.

 

1.1 Өнер және homo sapiens

Адамды адам еткен –  еңбек. Еңбек адамға жер бетіндегі  барлық басқа мақұлықтардан даусыз басымдылық әперді – бұл басымдылық қисапсыз көп жүздеген мыңжылдықтар бойына адамзат баласының тіршілік етіп, түр ретінде сақталуының  кепілі болды. Соңғы деректер бойынша, адамзат ұрпағы екі миллион жылға жуық өмір сүруде, ал адамның қазіргі түрі (homo sapiens) не бары қырық мың жылдай деп есептелінеді. Адам баласының қазіргі түрі жаратылғаннан кейін өндіргіш күштер мен қоғамдық қатынастар үрдіс дамыды, мұның алдындағы кезеңмен салыстырғанда бұл даму оңдаған, жүздеген есе жеделдеді. Әлбетте, бұл бірден бола қалған жоқ.  Нomo sapiens-тің тастан жасап алған алғашқы құралдарын оның алдында өмір сүрген неандертальдықтардың жасаған құралдарынан тек маман адам ғана ажырата алады. Нomo sapiens тасты өңдеу әдісін жетілдіреді, жаңа материалдарды – сүйек пен мүйізді көбірек пайдаланылады. Өндірісті дамытудағы бұл елеулі түрде ілгері басушылықтың барлығы, археологиялық материалдар дәлелдеп отырғанындай, рухани және материалдық мәдениет саласында нендей бір елеулі сапалық өзгерістер болғанын – оның алдындағы кезеңмен салыстырғанда кейінгі кезеңдердегі  орасан зор секіріс үшін траплин боларлық өзгерістер жасалғанын әсте көрсетпейді.

Адам баласының жаңа биологиялық  түрімен бірге пайда болатын  бірден-бір сапалық жағынан жаңа археологиялық материал – мүсінделген графикалық бейнелер, кескіндеме іспеттес геометриялық  таңбалар, сондай-ақ табиғатта бар заттарға ұқсатып жасалған суреттер болып  табылады.

Адам баласының біз  шартты түрде көркем шығармашылығын деп атай алатын қызметтің осы  жаңа түрімен шұғылдануын өзінің мүмкіндіктері жағынан алғанда тарихта, бәлкім, теңдесі жоқ асқан ұлы жағалық болды деп бағалау керек. Әлбетте, бұл мүмкіндіктердің өзінен-өзі дереу жүзеге асуы оп-оңай (қалай дегенмен де, белгілі бір тарихи мерзімде) емес-ті. Бұны жазудың даму тарихы бәрінен де гөрі айқын дәлелдейді. Жазудың қазіргі фонетикалық әріптік-дыбыстық жүйелерінен бұрын әр түрлі арағұрлым икемсіздеу формалары болғаны мәлім; оның бер жағында, жазудың бастапқы типі жекелеген нақты суреттерден құралатын пиктографиялық жазу еді. Жазудың бұл типі алғашқы қауымдық бейнелеу өнерімен тығыз байланысты болды, шамамен алғанда, мезолиттің бас кезінде ғана бұл жазу алғашқы қауымдық өнерден біртіндер бөліне бастайды. Таза күйінде әріп-дыбыстық жазу б.з.б. ІІ мыңжылдықта Мысырда пайда болды, ал шумер жазуы б.з.б.ІІІ мыңжылдықта өзінің бейнелік сипатынан айырылып, тік және көлбеу сына тәрізді сызықтардан құралатын абстрактілі таңба формасына көшті. Бірақ, жұртқа  мәлім, жазудың нақты суреттен жеке бір дыбысты білдіретін шартты таңбаға қарай бұлайша дамуы барлық жерде бірдей орын алған жоқ. Қиыр Солтүстіктегі кейбір халықтар мен американ үндістерінде пиктограмма күні бүгінге дейін бұрынғысынша жазу орнына жүреді.

Пиктограмманың, бір жағынан, алғашқы қауымдық өнермен, яки суретпен байланысы, екіншіі жағынан, сөйлеудің дамуымен – сөзбен байланысы алғашқы қауымның біртұтас кешенінде жинақталған түрде жалпы ойлаудың негізін құрайтын әр түрлі элементтердің қаншалықты қат-қабат тығыз байланысып жататынын тағы да дәлелдейді. Мұның өзінде мынаған ерекше назар аудару керек: ең қарапайым формадағы суреттің өзі шынайы бір затты нақты қалпында тұтас күйі алмай, жинақталған түрде бейнелеу болып табылады. Бұлайша бейнелеу,сөз сияқты, «Дүниені танудың жағдайларын принципті түрде өзгертіп, кеңейтеді, жаңа, жануарларда болмайтын жинақтап жалпы ойлау мүмкіндіктерін туғызады, сөйтіп бұл арқылы адамды ерекше биологиялық түр ететін оның өзгешеліктерінің біріне айналады». Сонымен бірге сурет салу алғашқы қауымдық нақты-бейнелі ойлаумен мейлінше тығыз  байланысты және сөзден, тілден өзгеше – жалпы нәрсені ғана емес, жеке нәрсені де қамтиды. Адам өзі үшін сурет салуды ашып, «уақытты бір сәтке тоқтатты», сөйтіп бұл арқылы уақытқа белгілі бір өктемдік көрсете алатын болды; ол болмыстың жаңа формасын – көркемдік форма болмысын бастағандай еді; бұл көркемдік форманың қалай дамығанын бейнелей өнерінің тарихы көрсетіп отыр. Бұл жаңалық қалай ашылды?

Өнердің пайда болуы туралы мәселе – белгілі бір мөлшеде  оның мәнісі, мәні мен мақсаты мәселелерімен  байланысты – ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғана археология табыстары арқасында ғылыми негіізге қойылды. Сонымен бірге, археолоштардың баға жеткісіз материал берген жаңалықтарымен байланыты, жаңа мәселелер да туды; алғашқы күмәнсіз өнер туындыларының homo sapiens өмір сүре бастаған кезеңге жататын қабаттардан ғана табылғандығы заңдылық па, әлде кездейсоқтық па? Ойлауға қабілетті адамның жаратылуы мен көркемдік қызметтің пайда болуы арасында тікелей байланыс бар ма?

Бұл сауалға жауап берместен  бұрын, ең әуелі nomo sapiens-ті оның алдында болған адам түрлерін ажырататын белгілерді осы күнгі антропологтардың қалай сипаттайтындығымен танысып көрелік. «Homo-неандерталь адамында интенсивті еңбек қызметіне қажетті органдардың барлығы болды – денесін тік ұстап, аяғын нық басып жүре алғанын айтпағанның өзінле, оның аумақты миы, шапшаң қимылдайтын қолы бар-ды. Бәрақ... неандерталь адамының морфологиялық ерекшеліктері, атап айтқанда, оның миының құрылымы өзінің тентектігі және тежелудегі басқарушы орталықтардың нашар жетілуі себепті ұжымдық қоғамдық өмір жағдайларына жеткіліксіз бейімделген мақлұқат  болғанын көрсетеді. Неандерталь адамының ми қабы қызметіндегі қозу тежелуден едәуір басым болған, сондықтан неандертальдар табанында сұмдық ашу-ызаға берілушілік өте жиі туып отырған, бұл қақтығыстарға әкеп соқтырған...Осы себепті неандертальдар ұжымында өмірдің қоғамдық формаларының дамуы үшін потенциалды мүмкінідтер аз болды.

Адам баласының осы  күнгі түрінің пайда болуы  жөніндегі неғұрлым иланымды теорияның  кеңес антропологы Я.Я.Рогинский  талдап жааған,-міне бұл теория осы  күнгі адамның неандертальдан артықшылығы... оның әлеуметтік мақлұқат екендігін  негізге алады. Я.Я.Рогинскийдің пікірі бойынша, неандертальмен салыстырғанда, осы күнгі адам миының алдыңғы  бөліктерінің интенсивті дамуы өндіргіш күштер күрт өрге басқан және рулық  ұйымның алғашқы формалары қалыптасқан  заманда, яки кейінгі палеолит заманында  әлеуметтік сапаның орасан зор  роль атқаруынан болды.

Сонымен, ойлауға қабілетті  адамның неғұрлым өзгешелік белгісі  – оның  әлеуметтік сапасы болып  табылады. Әйтсе де, дәл осы сапалар  көркемдік практиканың, археологиялық  деректеріне қарағанда, «қоғамдық  адам»–homo sapiens жаратылған заманда пайда болған өнердің ең елеулі ерекшелігі саналады. Өнер тарихы мен оның пайда болу мәселелеріне зор көңіл бөлген, марксизмнің Ресейдегі аса көрнекті насихатшысы Г.В.Плеханов адамның көркемдік қызметінің басталуы мен дамуында әлеуметтік факторлар шешуші роль атқарғандығын атап көрсетеді. «Өнер – адамдар арсындағы қарым-қатынас құралдарының бірі...–дейді ол.– Ол не тікелей экономикамен жіне өндіріс техникасымен, не осының негізінде өсіп шығатын қоғамдық қажеттермен және қатынастармен белгіленеді».

Кеңес психологы Л.С.Выготский  де өзінің «Өнер псизологиясы» деп  аталаиын белгілі еңбегінде осындай  қорытындыға келеді. «Өнер біздегі...әлеуметтік нәрсе. Жануарлардан өзгеше, адамның  аса елелі ерекшелігі мынада: ол техника аппараты мен ғылыми аппаратын  енгізіп, өзінен бөлектеп шығарыды, сөйтіп бұлар қоғамның құралдары болып  шығады. Дәл осы сияқты, өнерде сезімнің қоғамдық  техникасы, қоғамның іспеттес; қоғам осы құралдың көмегімен  біздің тіршілігіміздің ең интимдік және ең жеке басқа тән жақтарын әлеуметтік өмір шеңберінде тартады».

Өнердің әлеуметтк маңызы туралы Платон мен Аристотель заманынан  бері мейлінше іждағатты айтылып келеді. Өнердің қоғамдық қызметін түрлерінің бірі ретіндегі маңызы әбден айқын. Мұның өзінде өнердің әлеуметтік аспап рөлін атқаратындағын ғана емес, сонымен бірге оның өзі, мәнісі жағынан алғанда, біздің өзімізден сезім болып табылатындығында.

Сонымен,  homo sapiens-тің пайда болуы мен көркемдік қызметтің басталуы арасындағы тікелей байланысты мойындау керек. Саналы түрде істелетін өызметтің біз өнер деп атайтын айрықша түрін қоғамдық адамның пацда болуы ғана тудыруы мүмнін еді. Ал адам баласының пайда болуы және даму процесінде нақ еңбек шешуші роль атқарғандықтан, өнердің тууы– қызметтің осынау сапалық жағынан жаңа қоғамдық түрінің тууы – адам эыолюциясына елеулі ықпал тигізуге тиісті болғанын да мойындаған жөн. Әлеуметтік адам қызметінің ерекше түрі ретінде өнер сонымен бірге homo sapiens-тің осы замандағы түрінің қалыптасуына зор роль атқарды. Мұның барлығы еңбек ету, сөйлеу және ойлау сияқты факторлардың маңызын кемітпейтіні былай тұрсын, қайта, олардың маңызын ерекше өсіре түседі, өйткені өнер дегеніміз адамның ең басты ерекшелігін құрайтын осы факторлардың барынша толық және жемісті түрде өзара әрекет жасайтын қызметі болып табылады. Өнерде бұл факторлар сапа жағынан жаңа сатыға көтеріледі: еңбек шығармашылығына айналады, сөз уақыт шеңберінде өмір сүре бастады. Ой сөзге қосымша шыңдықты пайымдау формасына ие болды.

Қызметтің материалдық қажеттерді өтеуге тікелей бағытталмаған бұл  жаңа түрінің тууы рухани қажеттердің  дамуымен байланысты. Бірақ бұл «жаңа  қажеттер осы замандағы адамда бар  және «эстетикалық» сезім деп  аталатын шын мәніндегі жаңа сезім  болып тек талай уақыт өткен  соң ғана біртіндеп қалыптасады. Алғашқы кезде бұл сезім сананың  жаңа формасының белгілері практикалық  мұқтаждар мен қажеттерді  эмоция арқылы білдірумен әлі тығыз қабаттасып жататын алғашқы қауымдық біртұтас кешеннің күрделілігінен  мүлде  байқалмай кетеді. Бұл айтылған жайттар  біз көркемдік қызмет деп атап отырған, бірақ бұл ұғым кейіннен ие болған мағынадағы өнер болып саналмайтын  қызметке де қатысты. Бл қызметте енді көркем шығармашылықтың – өнедің негізін құрайтын компоненттердің алғашқы ұрығы болады, бұған қоса келешектегі мәдени, ғылыми, идеологиялық, діни қызметпен бацланыста болатын нәрсенің бәрінің алғашқы ұрығы да болады.

Информация о работе Мезолит және неолит дәуіріндегі өнер