Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 20:25, курсовая работа
Алғашқы қауымдық қоғамда рухани қызметтің барлық түрлері түгел дерлік өнермен байланысты болды және өнер арқылы көрінді. Алғашқы қауым адамының еңбек қызметі үшін үшкірленген тас – оның өміріндегі барлық жағдайда бірдей пайдаланылған осынау әмбебап құрал қандай болса, дамудың бұл сатысында өнер де рухани мәдениеттің дәл сондай аса мәнді аспабы болды.
Алғашқы қауымдығы өнерде айналадағы дүние туралы бастапқы ұғымдар дамытылды. Бұл ұғымдар алғашқы білімдер мен дағдылардың санаға сіңіп, жалғастық табуына жәрдемдеседі, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы болып табылады.
Кіріспе.......................................................................................................................3
Негізгі бөлім
1. Өнер және homo sapiens................................................................................4
2. Мезолит дәуіріндегі өнер...........................................................................14
3. Неолит дәуіріндегі өнер..............................................................................17
3.1 Неолит дәуіріндегі бейнелеу өнері......................................................18
3.2 Неолит дәуіріндегі мүсін өнері............................................................23
3.3 Неолит дәуірінің архитектурасы..........................................................25
3.4 Неолит дәуірінің қыш ыдысы..............................................................26
Қорытынды............................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................29
Қосымша.................................................................................................................30
Сонымен, археологиялық материалдар
және өнердің пайда болу проблемасымен
байланысты археологиялық зерттеулер
«ойын», «еліктеу», «әсемдеу» инстинкті
деп аталатын нәрсенің көркемдік
қызметтің биопсихологиялық түпнегіздерімен
белгілі бір байланысы бар
екенін көрсетеді. Бірақ өнердің
пайда болуын тек ерекше инстинктке
сілтеумен түсіндіруді
Көркемдік қызметтің
дамуына тікелей ықпалын
Соңғы мұздық дәуірден кейіні
дәуірдің бас кезінде Еуропаның
өсімдік және жануарлар дүниесінде
елеулі өзгерістер болды. Мадлендік
аңшылардың күнкөрісіне қорек
болған солтүстік бұғысы Оңтүстік және
Орталық Еуропада біржолата құрып
бітті. Аңшылар енді бұлан, марал, зубр,
жабайы шошқа, ұсақ жануарлар, суда жүзетін
құс аулайтын болды. Балық аулау
тез дамыды; бұған негізінен устрица
қауашақтары мен балық
Адамдар теңіз жағалауына жақын жерлерге, өзендер мен көлдердің жағалауларына мекендейді. Еңбек құралдарының жаңа түрлері жасалады, аңшының садағы пайда болады, ит қолға үйретіледі, кейбір басқа жануарлар да қолға үйретілуі мүмкін. Бұл өзгерістердің барлығы, алғашқы қауымдық адамның дүниетанымына әсерін тигізіп, оны жаңа тәжірибемен байытқаны күмәнсіз. Мұндай елеулі техникалық жетістік – садақтың ойлап шығарылып, онын барлық жерде таратылуы адамды аңшылықтың кездейсоқ сәтіне тәуелсіз етті, оның бойындағы өз күшіне сенімді нығайтты, өзінің кім екендігін түсінушілікті арттырады, оның айналадағы дүние туралы ұғымын өзгертті.
Бұл өзгерістер өнерде де, ең алдымен, Шығыс Испанияның жағалаудағы таулы аймақтарында сақталған жартас кескіндемесінде бейнесін тапқан. Шығыс Испанияның, немесе Испан Леванты деп аталатын аймақтың жартас кескіндемесі онымен жақын орналасқан француз-кантабриялық үңгір кескіндемесінен мүлде өзгеше. Онда негізгі назар жануарларға аударылса, мұнда басты тұлға – адам. Огда бәрінен гөрі зат, оның салмақтылығы, материалдығы – оның түсі мен аумағы басым болып жатса, мұнда барлық назар іс-әрекетке, қимылға аударылған, ал әрекет жасаушы персонаждар кейде, шапшаң қозғалған затты фотосуретке түсіргендей, көмескіленіп кетіп жатады. Егер палеолиттік дәуірден қалған үңгірлердегі суреттер бір-бірімен байланысы жоқ, жеке пішіндер болса, жартастардағы суреттер мезолиттік аңшылардың өмірінен алынған әр түрлі эпизодтарды бейнелейтін көп пішінді композициялар басым. Кейбір стильдік және басқа ерекшеліктері оны біршама ертеректегі жерортатіңіздік мәдениетпен көркем туындыларының ескерткіштері Италияда Аппенин түбегінің оңтүстігінде, Сицилияда (Аддорда және Леванзода) сақталған мәдениетпен байланыстыруға мүмкінлік берсе де, бұл өнердің бастаулары жайында ештеңе мәлім емес. Егер Шығыс Италия кескіндемесі француз-кантабрия өнерінің жалғасы болса, онда бұл ретте бірден-бір байланыстырушы буын Оңтүстік Италияның өзіндік ерекшелігі бар өнері болуы мүмкін; Оңтүстік Италия өңірінде екі стильдік сипат бір-бірімен табиғи ұштасып жатады. Жануарлардың бейнелерін, атап айтқанда, Леванзо және Аддора үңгірлерінің қабырғаларындағы бұғының оймышталған пішіндерін мадлен өнерінің ең таңдаулы туындыларымен қатар қоюға болады. Сонымен бірге Аддордағы жұмбақ композицияны оннан астам адамның қимыл үстіндегі пішіндері бейнеленген стилі, динамикасы мен сюжеті жағынан Шығыс Испанияның жартастарында жиі кездесетін ұқсас композициялармен ғана салыстыруға болады. Екі суреттің де анықталған кақыты (рас, әзірше өте-мөте шамалап алынған) мұндай жорамалға қайшы келмейді. (Аддора үшін–б.з.д. Х мыңжылдық. Шығыс Испания үшін–б.з.д. VIII мыңжылдық)
Шығыс Испанияда жартастардағы суреттер алғаш рет 1908 жылы табылып, 1910 жылы оларды археологтар зерттеді, алайда жергілікті халық олардың бар екендігін ежелден білген. Суреттер шөл дала аймағында, Валенсия мен Барселонаның арасындағы аңғарлар мен тау шатқалдарының жиегіндегі кұз жартастардың етек жағында, одан кейін оңтүстікке қарай келе береді. Қызыл минерал бояудың әр түрлі реңктері, одан басқа қара, кейде ақ бояу пайдаланылған, ал ұстастырғыш зат есебінде жұмыртқаның белогы, қан. Бәлкім, бал пайдаланылған. Бітпей қалған нұсқаулар суреттің салыну әдісін рет-ретімен байқап көруге мүмкіндік береді. Әуелі қарапайым жыққышпен немесе қаламұшпен суреттің нобайы сызылған, сонан соң іші боялған. Кейде бояу бірнеше қабат етіп түсірілген. Пішіннің сұлбасы кейде ойма сызықпен ерекшелеп көрсетіледі, бірақ жалпы алғанда мұнда петроглифтер өте сирек кездеседі. Мұның себебі, тегі, мынада болса керек: суреттің бұл әдісі шығысиспандық өнердің ширақтық, динамикалық сипатына сәйкес келмеген. Тегі, осы себептен суреттердің мқлшері де біршама шағын болған: жануарлардың пішіндері оқта-текте ғана 75 сантиметрге жетеді, ал адамдар–одан да кіші. Оның есесіне композициялардың жалпы аумағы үлкен, пішіндердің саны әлдеқайда көп болуы мүмкін. Мысалы, Альперде жүздеген адмдар мен ондаған жануарлардың пішіндерінен құралатын фриз де бар. Бір тізесін бүге қалып, бұғыны нысанаға алып жатқан садақшылардың нәзік сұлбалары, қашып бара жатқан бөкендер, бұқалардың және тауды мекендейтіін арқарлардың пішіндері, салт-жоралық билердің көріністері және көптеген басқалары–осынау үлкен әсерлі панорама жартастың сұрғылт бетін жауып тұрады. Неғұрлым қызғылықты деген суреттердің арасында билеп жүрген «сиқыршының» пішіні мен бал жинаушының – тартып байланған арқанның үстіндегі адамның нәзік пішіні бар. (Бұл сюжет Арандағы фризде ұсақ деталіне дейін берілген, онда арқанмен араның ұясына жетіп, оған қолын сұғып жатқан адамды талаған бал аралары да көрінеді.)
Суреттердің саны мен сапасы жағынан аңшылық көріністері негізгі орын алады. Бұл композицияларда аңшылар мен жануарлар қызу қимыл-әрекет үстінде, мейлінще әр түрлі жағдайда біртұтас көрініс етіп біріктіріліп бейнеленген. Аңшылар із кесіп немесе қашқан аңды ұуып келе жатады, жүгірген бойда садақ тартады, шоқпармен соңғы рет өлтіре соғып немесе ызалынып аласұрған жаралы аңнан қашып келе жатады.
Валлтортта тұтас бір «галереялар» сериясы бар, ол он бес сурет ансамбльнен құралған. Мұнда Дель Севильде, Лос Кабалоста және таяу жердегі Куэва Ремиджиада, ең әсерлі суреттер, олардың ішінде бұғыларды тұйыққа қамап аулау, тауды мекендейтін арқарларды, жабайы шошқаларды аулау көріністері бар.
Күрес пен соғыс ұрыстарының
қайғылы оқиғалары жиі
Әйел суреттері біршама сирек кездеседі, әдетте, олар қимылсыз, ешбір тіршілік белгісінсіз салынады; бұған тек «Серуен» атты суретті ғана қосуға болмас–онда баланы қолынан ұстап жетектеп келе жатқан әйел бейнеленген, әйел делеңдеген ұзын юбка киген, кеуде жағы жалағаш; Когулдағы фрескада бейнеленген әйелдер де дәл осындай киінген. Крит пен Солтүстік Африканың ежелгі өнерінде осындай киімдегі әйелдердің кездесетіндігі кейбір зерттеушілерді бұл өнердің Жерорта теңіздің, атап айтқанда, Солтүстің Африканың ежелгі мәдениетімен байланысы болуы мүмкін деген ойға қалдырады.
Осы уақытқа дейін шамамен,
елу шақты пунктте табылған жартастардағы
кескіндемені мұқият зерттеудің нәтижесінде
суреттердің бірнеше бар
Бұл эволюция адам суреттерінде бастан-аяқ байқалады, анықталып отырғанындай, бұл суреттер сабақтас төрт дәуірге сәйкес келетін төрт типке жатады.
Жануарлардың суреттері мәнерлеу процесіне едәуір кем ұшыраған. Бұл былай деген сөз: мәнерлеу әрқашан бақылаусыз процесс бола бермейді және оған «үлгінің нашарлауы» ретінде, шеберліктен, пропорцияны сезуде және т.б. жұрдай болудан тұп-тура құлдырау ретінде қарауға болмайды. Бұл ретінде адам пішіндерін мәнерлеушілік негізгі мақсатқа – іс-әрекетті, қимылды, көпшілік көріністерді бейнелеуге сай келеді. Суретші өщі салған пішіндерді, өзінің көзқарасы тұрғысынан алғанда, екінші дәрежелі мәнісі бар нәрседен, күрделі кейіпкердің, динамиканың, болып жатқан оқиғаның мәнін ашуды және оны түсінуді қиындататын нәрсенің бәрінен юосататын секілді. Ол үшін адам–ең алдымен қимыл-әрекет. Ал жануарлардың жөні бір басқа–мұнда: қабанның дөңбектей денесі, бұғының терісі, енеке мен арқардың үлкен мүйіздері бәрі де маңызды. Тіпті әйелдердің бейнелері де еркек бейнелерінен едәуір өзгеше. Олар натурализмнен онша алыс кетпеген, бірақ сонымен бірге болбыр, ешбір қимыл жоқ. Бұл өнердің айқын көріністілігі оның жан-жақты сипатына күмән қалдырмайды.
Суреттердің бірінің үстіне бірі қабаттастырылып салынуы кейбір зерттеушілерді олардың көбінесе салт-жоралық мәні болуға тиіс деген ойға қалдырады; бұлайша қабаттастырып салудың себебі–бір-бірімен жауласқан әр түрлі тайпалардың белгілі бір аймақтарды алма-кезек басып алғанда өздерінің жеңісі мен нақ сол жерге өздерінің құқығын баянды етуге тырысушылығында болуға тиіс.
Мезолиттен кейін неолит-жаңа
тас дәуірі келді. Мұз дәуірі және
онымен бірге мегафауна артта
қалды. Неандертальдықтар тарих
сахнасынан кетіп, біздің ата-бабаларымыз
– кроманьондықтар жеңіске
Осы кездегі тас өңдеу, аралау және оны тесу – еңбек құралдарының сапасын арттырды. Азық-түлік қорларының молаюы адамның үлкен территорияларға қоныстануына жағдай жасады. Қыш өндірісі мен құрылыс салу ісінің дамуынан адамдардың мықты отырықшы болғанын аңғаруға болады. Тоқымашылық және терінің өңделуінің жетілуі адамның өскен материалдық сұраныстары туралы хабарлайды.
Неолит дәуірінің тез орнауы қолайлы климаттың жағдайдағы мемлекеттерде: Алдыңғы және Орталық Азияда, Египетте, Үндістанда, кейіннен Оңтүстік-Шығыс Еуропада көрінеді. Еуропаның солтүстік-батысысында, Оралда және Сібірде бұл процесс ақырын жүрді, себебі табиғи жағдайлар қорек табудың жаңа түріне көшуге кедергі жасады. Бұл аймақтарда неолит тіпті б.з.д. 2 мыңжылдыққа дейін жалғасты.
Қолайлы климат болған жерде адам терімшіліктен жер өңдеу мен мал өсіруге көшеді. Қарапайым терімшілік пен аңшылық қорек табудың негізгі көзі ретінде жер өңдеу мен мал өсіруге ауысады. Бұл өте маңызды кез. Неолит дәуірінде әлемді танудың адамның табиғаттағы орны туралы жаңа ойлары пайда болады. Жер өңдеушідегі басты назар табиғат күштеріне: жаңбырға, күнге, желге, жерге түседі, себебі бұдан ол өте тәуелді болды. Сол уақытта аңшы-балықшылар руларында сияқты патриархалды құрылыс сақталынады, ал мал өңдірушілерде патриархалды құрылыстың алғашқы белгілері көріне бастайды. Неолит дәуірінің соңғы кезеңінде кей жерлерде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы мен қоғамның жаңа таптық формациясы көріне басталады.
Мұздықтар ерігеннен кейін адам баласының есінде топан су басқаны жайында таңғажайып ертегі-аңыз қалғаны белгілі. Осыдан кейін халықтар орнынан қозғалып, жаңа жерлерге үдере қоныс ауыстыра бастайды. Аңшылық кәсіпке неғұрлым қолайлы өңірлерді иелену, жаңа жерлерді басып алу үшін тайпалардың арасында күрес күшейе түседі. Енді адамға қауіп-қатердің ішінен ең жаманы–екінші адам төндіретін болады. Тұтқыиыл шабуылдардан қорғайтын жерлерде – аралдарда, өзендердің иіпімдерінде, төбешіктердің басында жаңа мекендер пайда болады. Біраз уақыт бойы адам үңгірлерге ішінара қайта қоныстанады. Үңгір өнерінің бесінші, соңғы тобын құрайтын схемалық суреттердің көпшілік бөлігі, сондай-ақ қатар-қатар нүктелер, құстаңдайлар, крестер, қосарланған сызықтар және кейде адам пішінінің схемасына, кейде күн көзінің таңбаларына ұқсайтын жұмбақ белгілер түсірілген шағын жұмыр тастар осы дәуірге жатады. Францияның оңтүстік-батысында таралған, бірақ ол Швейцария мен Германияның жерінде де кездеседі; оның қабаттарынан сурет салынған жұмыр тастармен бірге кремний мен сүйектен жасалған мезолиттік кішігірім құралдар да табылған. Азиль мәдениеті территориялық жақындық, азильдік дәне ибериялық схемалық өнердің стиль жағынан белгілі бір дәрежеде ұқсастығы олардың арасында қандай да бір байланыс бар деп жорамалдауға негіз бола алады. Сьерра-Меренада және Гренада аймағында жартастардағы суреттерде азильдік өнерге өте жақын схемалық бейнелер кездеседі. Алайда, мұндай таңбалардың өте көп таралғандығын атап көрсету керек. Олардың әр түрлі нұсқалары барлық жерде: бретондық дольдерден сібірлік суретнамаларға дейін және Мароккодан Мозамбикке дейін кездеседі. Азильдік жұмыр тастарға ұқсас әр түрлі символдық таңбалар салынғантастар австралиялықтардың табыну заттарының арасынан да табылды. Олардың ішінен көп таралғандардың бірі–адам пішінің тік сызыққа екі немесе үш сызықты ұшын имектеп қайырып әкеп көлденең тарта салынған схемалық бейнесі. Бұл таңба бағзы заманнан бері, ол палеолит дәуірінде пайда болып, ибериялық схемалық өнерде кең тараған африкалық әйгілі «канага» маскасының формасы да осындай. Бұл таңба Сахараның және жер шарының басқа да аймақтарының жартас өнерінде жиі кездеседі. Бір қызықтысы, дәл сондай таңбаныы вепс тайпасы (Вологда облысының солтүстігі, Ресей) қолданатын осы күнгі ұршықтан да көруге болады.
Оңтүстік облыстарда кеңінен
дамыған схемашылдық кейіннен солтүстікке
қарай жылжып Скандинавияға дейін
жетеді. Солтүстікке бұған дейін
үңгір кескіндемесінің