Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 14:14, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі қазақстандық жұмысшылардың жиынтық табысының көп бөлігін осы еңбек ақы құрайды, ал жалақыдан тыс табыс түрлері соңғы жылдары біртіндеп көбейіп келе жатқанымен олардың жалпы табыс көлеміндегі алатын үлесі аз. Республикамыздағы еңбек қатынастары 2007 жылға қабылданған Кеңестік «Еңбек туралы» Заң кодексімен келді.
Курстық жұмыстың тақырыбы «Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебі және аудиті».
Еңбек ақы төлеу мәселесі тек экономикалық қана емес сонымен бірге әлеуметтік мәселе. Сондықтан да бұл курстық жұмыс тақырыбының актуальдылығы артуда.

Содержание

Кіріспе
1 Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебі
1.1 Еңбек ақы есептеудің түрлері мен жүйелері
1.2. Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытының есебі

2 Еңбек ақы есептеу және еңбек ақы міндеттемесімен есеп айырысу
2.1 Ұйымдар мен жалданушылардың арасындағы міндеттемені сипаттау
2.2 Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар мен бұларды есептеу тәртібі
2.3. Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың бухгалтерлік есебі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

айгуля курсовой.docx

— 68.84 Кб (Скачать)
tify">Жалданушылар  және жеке тұлғалармен жасалынған келісім-шартқа сай тек орындалған жұмыстар көлемі мен сапасына және еңбек уақытына жалақы төлеу ғана емес, сонымен  қатар жалданушылардың еңбекке  жарамай қалған күндері үшін және демалыс уақыты үшін, сондай-ақ әлеуметтік шаралар орындағаны үшін де жалақы есептелінеді.

Жалақы  төлеу жөніндегі ұйымның қабылдаған міндеттемесінің құрамында жеке тұлғаның табыс салығын төлеу, әлеуметтік салық төлеу, сақтандыру шығындарын, сондай-ақ үшінші тұлғаның пайдасына (сот  шешіміне сай) қаражат төлеу жөніндегі  міндеттемелер туындайды.

Қазақстан Республикасы еңбек Кодексіне сай  жұмыс беруші мен жалданушылар арасында жасалынған келісім-шарт талабына сәйкес жұмыс беруші ұйымдар жалданушыларды еңбекпен қамтамасыз ету, еңбек етудің жақсы жағдайын жасау, өз уақытында  және толық мөлшерде жалақы төлеуді  өз міндетіне алуға тиісті. Ал жалданушылар келісім-шартта қаралған міндеттемелерді  орындауға, ішкі еңбек ережелерін толығымен  сақтауға және белгілі мамандықтағы жұмыстар атқаруға міндетті болады.

Атқарылған  еңбекке қарай ақы төлеу негізгі  және қосымша еңбек ақы төлеу  болып бөлінеді.

Негізгі еңбек ақы жалданушының кәсіби мамандығына, атқарылатын жұмыстың күрделілігіне, өндірілген өнімдердің санына, сапасына және атқарылатын жұмыстарды орындау  жағдайларына қарай есептелініп  төленеді.

Қосымша еңбек ақы тиісті заңнамаларға сай  жұмысқа қатыспаған күндер үшін төленуі  мүмкін. Бұларға еңбеккерлердің кезекті  демалысқа шыққан күндеріне, басқа  жақтарда кәсіби мамандығын жетілдіру  күндері үшін есептелінген еңбек  ақы және жас бөбектерді тамақтандыру үзілісі уақытына аналарға төленетін  еңбек ақылар жатады.

Негізгі және қосымқа еңбекақы төлеу сомаларының  барлық жинағы ұйымның еңбек ақы  қорын құрайды. Бұларға ынталандыру  сыйлықтары, бір мәрте төленетін  мараптау сомалары және заңнамалармен  бекітілген тегін тамақтандыру, тұрғын үй пайдалану т.б. төленетін төлемдер де жатады.

 

 

2.2 Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар мен бұларды есептеу тәртібі

 

Есептелінген  еңбек ақыдан ұсталынатын ұсталымдар сомасын анықтау арқылы жеке тұлғалардың  және жұмысшылар мен қызметкерлердің  тиісті заң актілеріне байланысты мемлекет алдында және үшінші жақ алдында (сот шешіміне сай) қабылдаған міндеттемесі  туындайды. Міндетті түрле ұсталынатын  ұсталымдар нормативтік базаға сай  жеке тұлғалардан табыс салық, жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті төленетін  зейнеткерлік жарна, сот шешімінің  негізінде жеке тұлғалар еңбек ақысынан ұсталынатын ұсталымдар есебі ұйымның  бухгалтериясында жүргізіледі. Сонымен  қатар еңбеккерлердің жазба түрде  берген өтініші негізінде басқалай ұсталымдар да есепке алынып отырады.

Жеке тұлғалардан ұсталынатын  табыс салығы. Салықтық бұл түрі жеке тұлғалардың алатын еңбек ақысынан, сыйақыландыру сомасынан, сыйақы беруден, көрсетілген материалдық жәрдем сомасынан және әлеуметтік көмек көрсету сомасынан ҚР Салық кодексінің 145 бабындағы мөлшермен (ставка) есептелінген еңбек ақыдан ұсталынады.

Салық кодексінің 145 бабында жеке тұлғалардың тапқан табысынан ұсталынатын табыс  салығының мөлшері 10% пайыздық мөлшерде бекітілген. Мысалы, жұмысшымен жұмыс берушінің арасында жасалған келісім-шартқа сай жұмысшының (басқада осы ұйымда қызмет атқарушыларға тән) айлық табысы 27 000 теңге болып бекітілген жағдайда, қаңтар айында осы жұмысшыдан ұсталынатын табыс салығының және жинақтаушы зейнетақы қорына аударылатын жарна сомасы төмендегі сабақтастықпен анықталады.

Есептелінген  айлық еңбек ақы 27 000 теңге.

Жинақтаушы  зейнетақы қорына айдарылатын 10%-дық жарна сомасы 2 700 теңге.

Алынған табыс сомасы 24 300 теңге.

12 айлық  есепті көрсеткіш сомасын (1030х23) шегеру 12 360 теңге

Салық салынатын  базалық сома 11 940 теңге

Бюджетке  төленетін табыс салығының сомасы 10%-дық өлшеммен 1 194 теңге.

Жұмысшыға төленетін қаңтар айындағы нақтылы  жалақының сомасы (24 300 – 1 194) 23 106 теңге.

Қазақстан Республикасында ресми қабылданған  айлық есепті көрсеткіштің ең төменгі  дәрежесі – 1 030 теңге болып белгіленген. Бұл шектеу дәрежесі немесе ресми қабылданған осы сома әлеуметтік төлемдер төлеу, сондай-ақ айып-пұл, салық т.б. төлемдер төлеу үшін қолданылады. Айлық есепті көрсеткіш көлемі әр жылдары жоғарылап отыруы мүмкін.

Жеке  тұлғалардан ұсталынған табыс салығының  сомасы әр айдың 20 нан кеш емес уақытта  бюджетке аудыралуы керек. Табыс  салығын және жинақтаушы зейнетақы  қорына аударылатын сомалар есебі  «Есептелінген еңбек ақы жөніндегі  кітапта» жүргізіледі.

Жеке  тұлғалардан ұсталынған табыс салығы

Дт «Еңбек ақы бойынша есеп айырысу»

Кт «Бюджетпен есеп айырысу» счеттары бойынша корреспонденцияланады. Жеке тұлғалардан ұсталынған жинақтаушы зейнетақы қорына аударылатын зейнетақы  жарнасының сомасы

Дт «Еңбек ақы бойынша есеп айырысу»

Кт «Жинақтаушы  зейнетақы қорымен есеп айырысу» счеттары бойынша жазылады.

Орындаушы құжаттар негізінде үшінші жақтың пайдасына  еңбек ақы сомасынан ұсталынатын  ұсталымдар (алимент), сондай-ақ атқарушы әкімшілік органдарынан түскен міндетті түрде орындауға жататын құжаттарда көрсетілген сомалар есептелінген еңбек ақыдан ұсталынады. Кәмілетке  толмаған балаларға алимент төлеу, балалардың ата-анасының тапқан айлық  жалақысынан – бір бала үгін 25%, екі бала үшін 33%, үш және оданда көп балалар үшін 50% ұсталынады.

Сот үкіміне  қарай, кейбір жағдайларда ұйымның  материалды жауапты тұлғаның кінәсінен  шеккен зиян сомасы жауапты тұлғаның еңбек ақысынан ұсталынуы мүмкін.

Еңбек ақыдан, басқалай табыстар сомасынан ұсталынған ұсталымдар сомасын есептеу арқылы ұйымның жеке тұлғалар алдында қабылдаған міндеттемелерінің белгілі бір мөлшері Дт «Еңбек ақы бойынша есеп айырысу», Кт «Бюджетпен есеп айырысу» счеттарын қолдану арқылы жабылады. Жеке тұлғаларға есептелінген еңбек ақы сомасынан ұсталынатын ұсталымдардың барлығы қабылданған заң актілерінің негізінде ғана орындалатындығын естен шығармау керек.

 

2.3. Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың бухгалтерлік есебі

 

Еңбек ақы  есебін ұйымдастыру және операциялар  мазмұнын бухгалтерлік есеп счеттарында  көрсету барысында өндірілген өнімдердің (жұмыстар, қызметтер) өзіндік құнына қосылатын еңбек шығындары мен  басқа да тиісті көздерден төленетін  төлемдер арасын ажырата білу керек.

Өнімнің өзіндік құнына – тікелей өндірістік салада жұмыс атқарушылардың, өнім өндірушілер мен дайындаушылардың, жұмыстар және қызмет көрсетушілердің, өндірістік процесс үшін қызмет атқарушылардың еңбек ақы шығындары өндірілген өнімдердің, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құнын есептеудегі ең маңызды жұмсалған шығындардың  номенклатуралық бабына жатады. Ұйым қызметі өрісінде өндірілген өнімдердің өзіндік құнына қосылмайтын, бөлінбеген табыс және басқадай мақсатты қаржыландыру есебінен төленетін төлемдер ғана болуы  мүмкін. Мұндай көздерден төленетін  төлемдер ынталандыру және орнына келтіру  жөніндегі сапада танылады. Бұларға: еңбек ету қабілетінен уақытша  айырылғандығы үшін әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдер, сыйақылар, материалдық көмек беру т.с.с. жатады.

Еңбек ақы  бойынша есеп айырысу операциялары «Еңбек ақы бойынша есеп айырысу» счеттарының кредитінде және осы  счет бойынша жүргізілетін операциялар  мазмұнын жіктеп көрсету мақсатында ашылған жекелеген аналитикалық счеттарда жүргізіледі. Аталмыш  счеттың кредитіне есептелінген еңбек ақының сомасы, сыйақы, еңбек  ету қабілетінен уақытша айырылғандығы  үшін төленетін төлемдер сомасы жазылады. Еңбек ақы есептеудің негізгі  құжаттарына: жұмыс атқару уақытының  табелі; кесімді жұмысқа жазылған наряд; орындалған жұмыстар жөніндегі  хабарлама, еңбек қабілетінің уақытша  жоғарылауы жөніндегі құжат т.б. жатады. Еңбек ақы есептеудің бастапқы құжаттар үлгісі – бастапқы құжаттар үлгісі жинақталған альбомда берілгендігін ұмытпаған жөн.

Еңбеккерлерге немесе жалданушыларға есептелінген еңбек  ақы сомасы «Еңбек ақы бойынша  есеп айырысу» счеттарының кредитінен мына төмендегі счеттардың дебетіне:

  • «Аяқталмаған құрылыс» - күрделі құрылыс салушыларға және құрылысқа қызмет көрсетушілерге есептелінген еңбек ақы;
  • «Негізгі өндіріс» - негізгі өндірістегі жұмыс істеушілерге есептелінген еңбек ақы;
  • «Дайын өнімдерді (тауарлар, жұмыстар және қызметтерді) сату шығындары» - тауарларды, жұмыстар және қызметтерді сатумен тікелей айналысушыларға есептелінген еңбек ақы;
  • «Көмекші өндіріс» - көмекші өндіріс саласындағы еңбеккерлерге есептелінген еңбек ақы сомалары жоғарыда көрсетілген тиісті счеттар бойынша жазылады.
  • Ұйымның еңбеккерлер алдында қабылдаған міндеттемесі «Еңбек ақы бойынша есеп айырысу» счетының дебетіне мына төмендегі счеттардың кредиті бойынша жазылып өтелінеді:
  • «Ақша қаражаттары-касса» - қолма-қол нақты ақшаны және сыйақыларды т.с.с. ұйым кассасынан төлеу;
  • «Ақша қаражаттары – есеп айырысу счеты» - жеке тұлғаның банктегі жеке счетына аударылған еңбек ақының сомасы;
  • «Салықтар бойынша есеп айырысу» - жеке тұлғалардың тапқан табысынан ұсталынған салық сомасы;
  • «Жауапты тұлғалармен есеп айырысу» - жауапты тұлғаның жауапкершілігіне бұрын берілген соманың қайтарылмаған дәрежесіндегі сомаға;
  • «Жауапты тұлғалардың басқадай қарыздары» - материалды шеккен зиянның орнын жабу, кем шыққан материалды құндылықтар мен ақшаның орнын жабу, кінәлі тұлғаның кінәсінен жіберілген өндірістік ақау сомасын ұстап қалу сомалары.

Кезекті демалыс уақытын төлеу  резервінің есебі. Ұйым еңбеккерлері кезекті демалысқа бірқалыпты шыға бермейді. Кезекті демалыс уақытына есептелінетін еңбек ақы шығындарын өндірілген өнімдер құрамына бірқалыпты жазып отыру және алдағы уақытта демалыс уақыты үшін төленетін төлемдер сомасы бойынша ұйымның демалыс уақытын төлеу жөнінде резервтік қор құруына болады. Резерв құру үшін өндірістік шығындар құрамына қосылған сомалар ай сайын резерв счетына аударылып отырады.

Резервтік қор құру мақсатында жылдық еңбек  ақы қоры жөніндегі және жоспарланған демалыс уақының сомасы жөніндегі  мәліметтер қолданылады.

Резервке  аудары есептелінген еңбек ақы сомасының  пайыздық мөлшеріне қарай аударылады. Әр ай сайын резервтелетін сома есептелінген еңбек ақы сомасын арнайы қойылған резервтік пайызбен көбейту арқылы анықталады.

Демалыс уақытына есептелінген еңбек аұы  сомасын осы мақсат үшін құрылған резервтік қор сомасы арқылы төлеудің жағдайы есеп саясатын қалыптастыру барысындағы ұйымның шығарған бұйрығында қаралуы керек.

Бет есебі кітабы ұйымның әрбір жеке тұлғалары бойынша аналитикалық жіктеу есебінің тіркеуші құжаты сапсында жүргізіледі. Бұл ведомостыда еңбеккерлер пайдасына сепетелінген еңбек ақы және басқада есептелінген есептеулер есебі жүргізіледі. Бет есебі кітабы жұмысқа қабылдау жөніндегі ұйым басшысының бұйрығы немесе шешімі негізінде ашылады. Мұнда – жұмысқа қабылданған адамның аты-жөні, құрылымдық бөлімше, табель номері, балаларының саны және басқала мәліметтер жазылады. Әрбір айдың аяғында еңбек ақы төлеудің түрлері бойынша есептелінген еңбек ақы, ұсталынған ұсталымдар, шегерімдер, қолға берілген еңбек ақының ақшасы немесе жеке тұлғаның ұйым алдындағы берешегі сияқты мәліметтер жазылып отырады. Бет есебі кітабы бір жылға ашылады. Есепті жыл аяқталғанда бет есебі кітабы жабылып, келесі жылға жаңа кітап ашылады.

Бет есебі  кітабын жүргізу бастапқы құжаттар негізінде: орындалған жұмыстарға жазылған наряд, еңбек ақыны жинақтау карточкасы, жұмыс уақыты есебінің табелі, еңбек  ету мүмкіндігінің болмауы жөніндегі  құжат, жеке тұлғалардың берген арыздары, төлеу ведомостылары, салық карточкалары т.б. қажетті құжаттар бойынша жүргізіледі.

Бет есебі  кітабының негізінде есеп айырысу  немесе есеп айырысу – төлеу ведомостысы  толтырылып, бұл құжат ұйым кассасына  еңбеккерлерге ақша төлеу үшін тапсырылады.

Есептеу ведомостысы цех, бөлімше немесе бүтіндей ұйым бойынша еңбек ақы есептеу мәліметтері жүргізіледі. Есептеу ведомостысына әрбір жеке тұлғалардың аты-жөні, қай категорияға жатқызылғандығы, кәсібі және атқаратын міндеті, тарифтік кәсібі, айлық жалақысы, осы айдағы жұмысқа қатысқан күн саны, демалыс және мейрам күндері, сондай-ақ еңбек ақы қорынан және басқалай көздерден есептелінген еңбек ақы, уақытша еңбекке қатысу қабілетінен айырылған күндерге төленген жәрдем ақы, есептелінген еңбек ақы жинағы, жеке тұлғаларға салынған табыс салығы, үшінші жақтың пайдасына ұсталынған ұсталымдар, қолға берілетін ақшаның сомасы немесе еңбеккерлердің ұйым алдындағы қарызы жазылады. Бұл ведомост бет есебі кітабындағы жинақталған мәліметтер негізінде толтырылады.

Есептеу ведомостысының негізінде төлеу  ведомостысы толтырылып, бүтіндей ұйым бойынша еңбек ақы қоры жөніндегі  жинақталған мәліметтер бірден қалыптасады.

Төлеу ведомостысы есептеу ведомостысы негізінде толтырылып, есептелінген еңбек ақыны төлеу үшін қолданылады. Мұнда еңбеккерлердің табельдік нөмері, аты-жөні және еңбеккердің қолына берілетін ақшаның сомасы жазылады. Төлеу немесе ақша беру мерзімі аяқталғаннан соң берілген және берілмей қалған (депонент) еңбек ақы сомасы көрсетіледі.

Информация о работе Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебі