Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 14:14, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі қазақстандық жұмысшылардың жиынтық табысының көп бөлігін осы еңбек ақы құрайды, ал жалақыдан тыс табыс түрлері соңғы жылдары біртіндеп көбейіп келе жатқанымен олардың жалпы табыс көлеміндегі алатын үлесі аз. Республикамыздағы еңбек қатынастары 2007 жылға қабылданған Кеңестік «Еңбек туралы» Заң кодексімен келді.
Курстық жұмыстың тақырыбы «Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебі және аудиті».
Еңбек ақы төлеу мәселесі тек экономикалық қана емес сонымен бірге әлеуметтік мәселе. Сондықтан да бұл курстық жұмыс тақырыбының актуальдылығы артуда.

Содержание

Кіріспе
1 Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебі
1.1 Еңбек ақы есептеудің түрлері мен жүйелері
1.2. Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытының есебі

2 Еңбек ақы есептеу және еңбек ақы міндеттемесімен есеп айырысу
2.1 Ұйымдар мен жалданушылардың арасындағы міндеттемені сипаттау
2.2 Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар мен бұларды есептеу тәртібі
2.3. Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың бухгалтерлік есебі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

айгуля курсовой.docx

— 68.84 Кб (Скачать)

Еңбек ақы  өнімнің өзіндік құнының негізгі  элементтерінің бірі болып табылады: оның есебін дұрыс ұйымдастыру еңбек  өнімділігінің өсуіне өнімнің өзіндік  құнын төмендеуіне және халықтық өмір сүру деңгейінің жоғарылауына септігін тигізеді. Әрбір қызметкердің еңбек  ақысы жұмыстың соңғы нәтижелерімен  қызметкердің жеке өзінің қосқан үлестерімен анықталуға тиіс және ең көп мөлшерімен шектелмейді.

Еңбек ақының мерзімді жүйесі қолданылады, себебі оларға бұл жүйеде еңбек ақы есептеуде ыңғайлы болып табылады.

Жалпы жұмысшы  қызметкерлерге есептелетін еңбек ақы негізгі және қосымша болып бөлінеді.

Негізгі төлем – қызметкерлерге нақты жұмыс істеген уақыты үшін істелген жұмыстардың немесе берілген баға немесе айлық еңбек ақы бойынша өндірілген өнімнің саны мен сапасы үшін есептелген еңбек ақысы жатады.

Қосымша төлем – Еңбек туралы заңға сәйкес қызметкерлерге кәсіпорында жұмыс істелген уақыты үшін есептелетін еңбек ақысы. Оған кезекті демалыстар төлемі, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді және т.б. орындалғаны үшін берілетін төлемдер, түнгі немесе мерзімінен тыс уақыттарда істегені үшін төленетін төлемдер, және т.б жатқызылады. Экономиканың барлық салаларындағы және меншіктің барлық түрлеріндегі ұйымдар еңбек төлемінің негізінен - тарифтік төлем мөлшері алынады. Олар қызметкерлердің мамандық топтары бойынша сараланған. Экономиканың барлық салаларындағы қызметкерлердің бірыңғай тарифтік кестені құруға, тарифтік төлем мөлшерін және қызмет орындарының айлық еңбек ақыларын есептеуге тұтастай республика бойынша заң жүзінде белгіленген жалақының ең аз мөлшері негіз болып табылады. Ол қазіргі кезде 7000 теңгені құрайды. Еңбек ақы төлемі ақшалай немесе заттай есептеліп төленуге мүмкін.

Тариф мөлшерлемесін  және бюджет сфераларындағы қызметкерлердің  қызмет иесінің (лауазымды адамның) айлығын белгілеген кезде жалақының  минималды деңгейін және бірыңғай тариф  сеткасын пайдаланады. Бірыңғай тариф  сеткасы еңбек ақының 21 разрядының негізінде құрылады және әрбір разряд үшін өзіндік тариф коэффициенті белгіленеді.

 

Кесте 2 - Тариф сеткасы

 

Тариф сеткасының бірыңғай разряды

Тарифтік коэффициент (1 разрядқа қатынасы)

Тариф сеткасының бірыңғай разряды

Тарифтік коэффициент 

(1 разрядқа қатынасы)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1,0

1,07

1,15

1,24

1,33

1,43

1,54

1,66

1,78

1,91

2,05

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

2,20

2,37

2,55

2,74

2,95

3,17

3,41

3,67

3,94

4,24


 

Жұмыс мамандығы  негізінен біріншіден сегізінші  разрядқа дейін жіктеледі, ал маман-қызметкерлердікі екіншіден жиырма біріншіге дейін  бірыңғай тарифтік сетка бойынша  тарификацияланады. Бірыңғай тарифтік – мамандандырылған (квалификацияланған) анықтама (БТМА) және мамандандырылған анықтама (МА) бойынша еңбеккерлердің тарификациясын жасайды.

Ақшалай еңбек ақы – еңбек ақысының қолданыстағы жүйесіне сәйкес есептелген сомалар.

Заттай еңбек ақы - төлем ретінде заттай берілген өнімнің құны, тегін немесе төмендетілген бағамен тамақтандыру, қызметкерлерге берілетін немесе қоғамдық жолаушылар тасымалы үшін қосалқы шаруашылықтардан бөлінетін өнімнің жұмыстың және көрсетілген қызметтің баға айырмашылығының орнын толтыру және т.б.

Еңбек ақының құрамына қызметкерлердің дивиденттер  мен проценттер түріндегі табыстары  енгізілмейді. ҚР-сының 2007 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңы (өзгерістер мен толықтырулармен) азаматтардың ҚР-дағы еңбек бостандығына Конституциялық құқығын іске асыру процесіндегі туындайтын еңбек қатынастарын реттейді. Сондай-ақ ҚР-сының «Еңбек туралы» заңдары конституцияға негізделеді және осы Заң мен қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттейтін нормалары осы Заңның нормаларынан кем бола алмайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер конституцияда, заңда және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше  көзделмесе осы Заңның күші ҚР-сының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады. Және де әркімнің де өзінің еңбек құқықтарын іске асыруға тең мүмкіндіктері бар. Егер де шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар өздерінің еңбек қатынастарын ҚР-сының аумағында жүзеге асырса және заңда, конституцияда, ҚР бекіткен халықаралық шарттарда басқаша көзделмесе еңбек қатынасына қатысушыларға мемлекеттің араласуын шектеп көптеген бостандықтар беріледі.

Ондағы  тағы бір басты орын алатын мәселе бұл жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында туындайтын еңбек қатынастарын еңбек шартпен реттелетіндігі. Яғни, еңбек қатынастары жеке еңбек  шартын жасау арқылы жүзеге асырылады. Жеке еңбек шарты бойынша қызметкер жұмыс берушінің актісін атқара отырып белгілі бір біліктілік және лауазым бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді. Жұмыс беруші қызметкерлерге жалақысын және заңдар мен тараптармен келісімінде көзделген өзге де ақшалай төлемдерін уақытында және толық көлемде төлеуге еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Сонымен қатар жеке шартты міндетті түрде жазбаша 2 данада болуы тиіс. Бұл жеке шарттың 1-ші данасы бухгалтерияда, ал 2-ші данасын қызметкердің өзіне беріледі. Ауызша жасалған шарттар жарамсыз деп табылады. Ал шарт мерзіміне келетін болсақ ол 3 түрге бөлінеді:

а) белгісіз мерзімге яғни мерзімі көрсетілмейді;

ә) белгілі бір мерзімге яғни мерзімі көрсетіледі;

б) белгілі бір жұмысты орындау уақытында немес жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытында жасалады.

Еңбекке қатысатын жас мөлшері, яғни жеке еңбек шартын он алты жасқа толған адамдармен жасауға жол беріледі. Ал  жұмысқа қабылдаудың ең төменгі  шегі ата-анасының біреуінің  келісімімен 14 жастан басталады. Сондай-ақ табиғи және климат жағдайларына байланысты бүкіл  күнтізбелік жылда емес айдан  аспайтын белгілі бір кезең (маусым) ішінде жұмыс атқаратын қызметкерлер маусымдық қызмкеткерлер болып танылады. Мұндай қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде қызметкердің оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатымен сынақ белгіленбейді. Сондай-ақ жұмыс беруші мен өзінің материалдарымен және өзіндегі немесе жұмыс беруші бөлетін немесе жұмыс берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды құрал-саймандармен тетіктерін пайдалана отырып жұмысты үйінде өз еңбегімен орындау туралы жеке шартын жасасқан адамдар үйде жұмыс істейтін қызметкерлерге жатады.

Қызметкерлердің өзге де санаттарының еңбек қатынастарын реттеуге осы заңға және қызметкерлердің  жекелеген санаттарының айқындайтын  өзге де заң актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

Кәсіпорындағы еңбек ақыны ұйымдастыру үнемі  өзара байланысты және өзара тәуелді  элементтермен атап айтқанда тарифтік жүйемен еңбекті нормалаумен  және еңбек ақы төлеудің түрлерімен анықталады. Тарифтік жүйе еңбекті  сапасына қарай бағалауға, нормалау - жұмсалған еңбек төлемін есепке алуға және тәртібін анықтауға мүмкіндік береді. Тарифтік жүйе жұмысшыларға еңбек ақыны ұйымдастырудың негізгісі ретінде қызмет етеді. Сонымен қатар жұмысшылардың біліктілігіне еңбек ақы төлеу түрлері мен маңызына тәуелді түрде құрылады.

Тарифтік  жүйеге мыналар кіреді:

  • бір күнге немесе бір сағатқа төленетін еңбек ақыны анықтайтын тарифтік ставка;
  • әртүрлі жұмыстармен біліктілігімен разрядтары арасында еңбек ақының қатынасын көрсететін тарифтік сетка;
  • тарифтік сеткаға сәйкес жұмыс пен жұмысшының разрядтарын анықтауға болатын тарифтік біліктілік анықталады.

Қарапайым жұмыстарды орындау 1-ші разрядты жұмысшының тарифтік ставкасы бойынша төленеді. Басқа разрядтағы жұмысшылардың  ставкасы бұл көлемнен, олардың еңбек біліктілігінің деңгейіне былайша айтқанда тағайындалған тарифтік разрядқа немесе белгіленген тарифтік разряд әрбір өндірістік операцияға әрбір жұмысқа тағайындалады. Сондықтан тарифтік ставканы орындау уақыт нормасын есепке ала отырып кесімді бағаларды есептеуге пайдаланады.

ҚР-сының  “Кәсіпорындар мен кәсіпкерлік қызмет туралы” Заңына сәйкес кәсіпорындар еңбек ақы төлеу түрлерімен жүйелерін тарифтік ставкалары мен окладтары жүйесін құрудың негізі болып ҚР Үкіметі белгілеген «Ең төменгі еңбек ақымен» есептеледі. Анығырақ айтқанда заң негізінде белгіленген орташа айлық жұмыс уақытының  ұзақтығы мен ең төменгі  еңбек ақыдан барып 1 разрядтың сағаттық тарифтік ставкасының ең төменгі мөлшері 7000 теңге және орташа айдағы жалақы уақыты 169,4 сағаттың тарифтік ставканың ең төменгі мөлшері (7000:169)* 21тг. тең келеді.

Тарифтік  кестеде тарифтік еңбек ақының кесімді  және мерзімді еңбек ақы деп аталатын еңбек ақының түрлері бойынша  есептелетін жұмысшы қызметкерлерге қарастырған тарифтік еңбек ақы  мөлшері 1 сағатқа  белгіленеді. Ол уақыт  мөлшеріне немесе өндірілетін өнім көлеміне және орындалатын жұмыс  көлеміне қарай бағасын анықтауға  пайдаланады.

Кесімді еңбек бағасы белгілі тарифтік баға бойынша 1 сағатқа белгіленген еңбек  ақы мөлшерін сол сағатта өндірілген өнім көлеміне немесе орындалған жұмыстың мөлшеріне бөлу арқылы табылады.

 

1.2  Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытының есебі   

 

Еңбек өнімділігінің  өсуіне және өнімнің өзіндік құнын  төмендетіп оның сапасын арттыруға, еңбек тәртібін нығайтуға еңбек ақының дұрыс ұйымдастырылуы біршама септігін тигізеді. Кәсіпорынның шаруашылық қызметі процесінде қызметкерлер жұмысқа қабылданып және жұмыстан босатылып жатады, олардың саны өзгеріп отырады, жұмыс бабына қарай ауыстырулар болып тұрады. Қызметкерлер құрамының есебін кадрлар бөлімі жүргізеді. Олар бүкіл кәсіпорындағы оның құрымдылық  бөлімшелеріндегі қызметкерлердің саны мен өзгеру себептері, жынысы, жас мөлшері категориялары, кәсіптері, қызмет орындары, мамандықтары, біліктілігі, жұмыс стажы, білім және басқа белгілері бойынша қызметкерлер құрамы туралы деректер алуды қамтамасыз етеді. Кәсіпорындағы қызмет атқаратын адамдардың жалпы саны олардың тізімдегі саны деп аталады.

Жұмысқа қандай мерзімге қабылдағанына қарай  қызметкерлер тұрақты, уақытша және маусымдық болып бөлінеді. Жұмыстың бітер мерзімі көрсетілмей  қабылданғандар тұрақты қызметкерлерге екі ай мөлшерден  белгілі бір мерзімге немесе белгісіз мерзімінен, бірақ екі айдан аспайтын уақытқа сондай-ақ (ауруына, бала тууға байланысты алған демалысқа орай) заңдарға сәйкес қызмет орны сақталатын жұмыста жоқ қызметкерлердің мерзімді жұмысқа қабылданғандар, уақытша қызметкерлерге: маусымдық жұмыстар істеу кезінде қабылданғандар маусымдық қызметкерлерге жатады.

Қызметкерлердің өндірістік шаруашылық қызметке қатысуына қарай кәсіпорындағы қызметкерлер: өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Өндірістік қызметкерлерге негізінен өндірістік қызметпен шұғылданатын қызметкерлерді жатқызады. Өндірістік емес қызметкерлерге тұрғын үй коммуналдық шаруашылықпен шұғылданатын, кәсіпорынға қатысты мәдени тұрмыстық және оқу орындарына еңбек ететін қызметкерлер, көлік саудадағы тағы басқа қызметкерлерді жатқызады.

Кәсіпорындағы қызмет істеп жүргендерді тізімдік және тізімдік емес қызметкерлер деп  бөледі. Тізімдік қызметкерлерге кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша 1 күннен артық мерзімге, ал қызметінің қалған түрлері бойынша кем дегенде 5 күн мерзімге жұмысқа қабылданған  барлық тұрақты маусымдық және уақытша  қызметкерлерді енгізеді. Кәсіпорындағы атқарған функциялары бойынша жұмыс істеп жүргендерді жұмысшылар және қызметкерлер деп 2 топқа бөледі.

Қызметкерлер  тобы мынадай категорияларға бөлінеді: басшылар мамандар және осы топқа жататын басқа да қызметкерлер. Жұмысшыларды өндіріс процесінде қатысуына қарай өнім дайындаумен, жұмыс істеумен және қызмет көрсетумен тікелей шұғылданатын негізгі жұмысшылар деп және негізгі цехтарда қосалқы жұмыстар атқаратын немесе қосалқы өндірісте жұмыс істейтін қосалқы жұмысшылар болып бөлінеді.

Әрбір қызметке алынған адамға табельдік номер беріліп жеке карточкасын ашады. Бұл жеке карточкада жұмыс істейтін қызметі, оклады, табельдік номері және жұмыстағы қозғалысы көрсетіледі. Сонымен қатар бұл карточкада еңбек ақы бойынша есеп айырысулар да көрсетіледі. Кәсіпорындағы орташа қызметкерлердің орташа санын анықтау үшін олардың күнделікті сандық есебін жүргізеді. Ол үшін қызметкерлердің тізімдік санын жұмысшылардың жұмысқа алынғаны басқа жұмысқы ауысқандығы, жұмыстан шығарылғаны бұйрықтар негізінде дәлелденіп отырады.

Есеп  беретін айдағы кәсіпорынның жұмысшы қызметкерлердің орташа саны сол айдағы әрбір календарлық күндегі жұмысшы қызметкерлердің тізімдегі санын қосып (1-31 күн аралығындағы)  мейрам немесе жұмыс істемейтін демалыс күндерін қоса алғандағы қосынды санды календарлық күн санына бөлу арқылы алынады. Сондай-ақ басқа жұмыс істемейтін күндердегі қызметкерлердің тізімдік саны сол күннің алдындағы жұмыс күнінің мәліметіне сәйкес алынады.

Қызметкерлер мен жұмысшыларына еңбек ақы әркімнің білім немесе мамандық дәрежесіне қарай куәландыратын алғашқы құжаттардың бірнеше үлгісі бар. Олардың қай үлгісін қандай жағдайда қолдану керектігін қолданылатын еңбек ақы төлеудің үлгісіне қарай белгіленеді.

Мысалы, жұмыс уақыты бойынша төленетін  еңбек ақыны 03 үлгідегі «Жұмыс уақытын  есептеу» табелі бойынша есептейді. Қызметкерлердің категориялар бойынша табельде алфавит бойынша реттік номерінің санына қарай жүргізіледі. Табельді есептеу бухгалтериясының бухгалтері толтырады. Онда жұмыс істеушілердің аты-жөні табельдік номері мамандық қызметі көрсетіледі.

 Бұл  табельдерде кәсіпорындағы әрбір  құрылымның өкілдері бойынша  қызметкерлердің жұмысқа келмегені,  жұмыстың тоқтап қалғаны және т.б жағдайларға сәйкес тиісті шартты белгілерді қою арқылы толтырады. Жұмысшы қызметкерлердің уақытша жұмысқа жарамай қалғандығына берілген құжаттар осы табельге қосымша тіркеледі. Қызметкерлердің демалысқа шығуы, уақытша жұмысқа жарамай қалғандығы жұмысқа себепсіз кешігуі және т.б жағдайлар табельде тиісті белгілермен көрсетіледі. Мысалы: Демалыстағы қызметкерлер үшін – О, ауырған күндері – Б, іс-сапарда болған күндері – К, себепсіз жұмысқа келмеген күндері – П, т.с. сияқты (кесте 3)

Информация о работе Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебі